баевтың белгілі бір өнер иесіне арнап жазған сахналық шығармалары бар. Мәселен, «Ғашықсыз ғасыр» пьесасы КСРО халық әртісі Фарида Шәріповаға, ал «Тойдан қайтқан қазақтар» драмасы Қазақстанның ха- лық әртісі Жұмабай Медетбаевқа арналған екен.Жазушы-драматург Сұлтанәлі Балғабаев көптеген пьесалар жазды. Ол қазіргі қоғам өмірінің түрлі мәселелері – тіл, руханият, ұлттық мүдде және отбасылық-тұрмыстық өткір жайттар туралы драмалық, трагедиялық, комедиялық сипаттағы реалистік туындылар жасады. Жазушының қаламынан туған әрбір шығарма заман тынысымен үндесіп жатыр.Солардың бірі – «Тойдан қайтқан қазақтар» деп аталатын екі бөлімді комедия.Бұл – көзбояушылық, бастықтың алдында құрдай жорғалау, сыбайлас жемқорлық сияқты қоғамдағы келеңсіздікті бейнелеген сатиралық туынды. Осы комедиядағы кейіпкерлердің іс- әрекеттері, мінез құлықтарына олардың өз білімі мен талантына сенімсіз, тек жағымпаздану арқылы ғана күн көріп жүрген типтік бейнелер екені көрінеді. Өздерінің руының адамдарын «… батыр бабамыз … бес жасында шешен, он жасында қол бастаған
көсем болды…» деп дәріптеп, қазақ тарихын өрескел бұрмалаушы жалған «тарихшы-ғалымдар» Асай Мүсеевич бейнесіне жинақталған. Ал Қошқарбай секілділердің оларды: «Ұлы ғалым… Бұл кісінің ашқан жаңалықтары керемет!» деп жағымпаздана көпіртіп мақтауы – біздің қоғамда кездесіп қалатын жағдай. Пьесадағы тағы бір кейіпкер Мэлис Әлібаевич – өз қызметін асыра айдаланушы, туыстарын, жағымпаздарды маңына жинаған қуыс кеуде мансапқоршенеуніктердің жинақталған бейнесі. Жандайшаптар қалай жағынарын білмей, тіпті президент болуыңыз керек деген идея ұсынады: «Айтпақшы дейім,