Қазақ тілін оқыту әдістемесінен емтихан сұрақтары


Саналылық және белсенділік ұстанымын сипаттаңыз. Сын есімнің шырайларын оқытуда бұл ұстанымды қалай іске асырасыз?



бет15/38
Дата15.12.2023
өлшемі1,91 Mb.
#138231
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38
25. Саналылық және белсенділік ұстанымын сипаттаңыз. Сын есімнің шырайларын оқытуда бұл ұстанымды қалай іске асырасыз?
Жауап: Тілдік фактілерге байланысты мәліметтерді оқушылар жаттанды түрде емес, саналы түрде меңгере білуі тиіс. Қазақ тілі обьектілерін саналы түрде меңгерту үшін мынадай жұмыс түрлерін іске асырған жөн:
1. Тілден берілетін мағлұматтарды жеке түсіндіріп, ол мәліметтерді өз түсінігі бойынша айтқызып отырған мақұл. Оқушылардың мұндай түсіндірілуі кезінде обьектілердің өзіндік белгілері толық қамтылуы қажет;
2. Түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылар тапсырманы еркін орындауы керек;
3. Күнделікті, тоқсандық және жылдық қайталаулар тұсында өтке материалдарға байланысты сұрақтарға толық жауап болуы тиіс;
4. Орфография мен орфоэпияға байланысты дағдыларды шартына қарай орындай білгені дұрыс;
5. Күнделікті өмір қажетіне қарай практикалық дағдыларды саналы түрде меңгергені жөн. 
Сондай – ақ сынып және үй тапсырмасын жүйелі түрде тексеріп жүру оқушылардың белсенділік қабілеттерін арттырады. Қазақ тілі сабағында білімнің төмен берілуі, оқушының психологиясымен санаса алмаған, педагогикадан да хабары шамалы методиканы жете білмеуден болады. Ғалымдардың пікірінше, мұндайды «оқытудағы формализм» дейді. Білімді саналы да сапалы игерген оқушылар сабақта үнемі белсенділік көрсетіп отырады.
26. «Балалар оқудың басында қиналмаса, оқудан тауы шағылмай, көңілі қайтып, мұқалмайды. Оқуға ықыластанып, оқыған сайын қызығады. Үйретушінің де жігері құм болмай ісі ілгері оңай жылжыған сайын оқуға жағады, зорайып шабыттанады. Оқу барысында қиын болса балалар миға (ұйыққа) түскен мал секілді малтығып жылжи алмай қиналады. Екі жақтың да жігері кеміп, шабыты болмайды. Шабыттанып істемеген іс оңды да болмайды» (А.Байтұрсынов). Пікір оқытудың қай қағидасын меңзейді. Неліктен олай ойлайсыз?
Оқушының білімге құмарлығын арттыру, өз бетінше жұмыс істеу принипі.немесе саналық, белсенділік принципі


27. Сөз мәдениетін оқыту ұстанымдарын саралаңыз. Әдіскер-ғалымдардың пікірлерін салыстырыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет