Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет52/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
119 
мағынасындағы ақ түбіртегі мен етістіктен есім жасайтын ын 
түбіртегі бірігіп, ағын сын есімі жасалған. «Сабау, соғу, 
тоқпақтау» мағынасындағы ұр етістігіне етістіктен есім жасайтын 
ыс түбіртегі қосылып, ұрыс зат есімін тудырып тұр. Бұларға 
көненің көзі ретінде қарауға болады. 
2. Кез келген сөзде қанша дауыссыз болса, сонша түбіртек болады. 
Сондықтан сөз құрамын түбіртекке бөліп анықтағанда, 
дауыссыздарға арқа сүйеу қажет. Мысалға ұшқыр (жүрдек, ұшпа, 
жүйрік) сын есімі қазіргі тіл білімі тұрғысынан екі буынға 
(ұш+қыр), түбір морфема мен қосымша морфемаға бөлінеді. Ұш 
тура мағынасында «көкке көтерілу, әуелеу» ұғымын беретін 
етістік болса, ауыспалы мағынасында «жүрдек, ұшпа, жүйрік» 
ұғымын беретін сын есім, қыр – сын есім жасайтын көне жұрнақ. 
Түбіртек теориясы тұрғысынан бұл сөзде үш дауыссыз бар. Демек, 
сын есім жасайтын көне жұрнақ қ+ыр болып екіге бөлінеді. Сөз 
соңындағы –ыр – бас ұр, қадам ұр, алас ұр, құрақ ұр, құлаш ұр 
сияқты фразеологизмдердің құрамында кездесетін ұр көмекші 
етістігінен пайда болған көне жұрнақ. Үнемі түбірге сіңіскен 
күйінде кездеседі. Ал қ – өлі түбіртектің сарқыншағы. Ол тарихи 
даму барысында өзінің дауысты сыңарын жоғалтып алған. Өлі 
болғанымен, сөз ортасында қ дыбысы жиі кездесетіндіктен, оның 
дауысты дыбысын табу оншалықты қиынға түспейді. Ол – ежелгі 
дәуірлерде қимыл есімін жасаған *уқ/ұқ/ық жұрнағының 
(түбіртегінің) дауыссыз сыңары. Бұл жұрнақ қазіргі тілімізде у 
формасында қалыптасқан. Яғни бұрын баруқ болса, қазір бару, 
айтуқ>айту, тануқ>тану, жануқ>жану, жағуқ>жағу, т.б. *уқ/ұқ/ық 
түбіртегінің ыдырап, элизияға ұшырауы, қ қатаңының тағдырын 
түбегейлі шешкен. Ол дауыстыдан басталатын қосымшалардың 
құрамына жылысып кеткен. Нақтырақ айтқанда, тұйық буын –ыр-
ды, бітеу буын –қыр еткен. Ұшқыр сын есімін бұрынғы қалпына 
келтірсек, *уш+ұқ+ұр. Негізгі екпін ұш түбіртегіне, көмекші екпін 
ұр түбіртегіне түскендіктен ұқ түбіртегінің ұ дауыстысы өз-өзінен 
жойылған. Ұшқыр сын есімі өте ерте дәуірлерде пайда болған 
туынды сөз болғандықтан, қимыл есімінің толық формасының 
сарқыншағын сақтап қалып отыр.
Ұшқыр сын есімінің алғашқы екі түбіртегі ұш+ұқ>ұш+ық 
болғандығына, оның дербес қолданылғандығына, қосымша дәлел 
де бар. Ұшық зат есімі қазір дәнді дақылды қырманда ұшырғанда 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
120 
шығатын жартыкеш жеңіл дән ұғымын береді. Өте тарихи 
мағыналары ұсынылған. Олай болса, бұл сөзде «ұшу» семасы бар. 
Ұшқыр да, ұшық та, ұшқын (оттан бөлініп, жалын шашқан ұсақ 
шоқ) да бағзы заманда пайда болған туынды сөздер. 
3. «Кез келген сөзде қанша дауыссыз болса, сонша түбіртек 
болады» деген қағидаға бағынбайтын, түбіртек жасауға 
қатыспайтын, сөздерді түбіртекке айырып-ажыратуда көп 
қиындық келтіретін бір алуан дыбыстар бар. Олар – сөздің 
басында протезалық, сөздің ортасында эпентезалық, сөздің 
соңында эпитезалық қызмет атқаратын й, қ, к, ғ, г, п, б, м сына 
дыбыстары. Бұлар әрқашан дауыстыдан аяқталатын, дауыстыдан 
басталатын түбіртектердің арасына қыстырылып, дауыстылардың 
фонологиялық міндетін ойдағыдай атқаруына үлес қосады. 
Бұлардың арасында қ, к, ғ, г, м дауыссыздары бірде фонологиялық 
жүк арқалап, түбіртек жасауға араласса, бірде бірыңғай сыналық 
қызмет атқарады. Алайда түбіртек тілдік бірлігінің табиғатын 
толық түсінген зерттеуші бұл қиыншылықты тез меңгеріп алады. 
Сөз құрамындағы сына дыбыстарды қалай анықтауға болады? 
Егер сөз басында жоғарыда санамаланған сына дыбыстардың бірі 
кездессе, оны сөздің қалған құрамынан бөлектеп тастау керек. 
Мысалы, бұршақ – кішкене-кішкене домалақ мұз күйінде түсетін 
атмосфералық жауын-шашын. Сөз құрамынан протезалық б 
дыбысын бөлек ажыратқанда, қалған бөліктері түбіртек ретінде 
мағына бере бастайды: б+ұршақ>б+ұр+ш+ақ. Ұр – сабау, соғу, 
тоқпақтау ұғымдарын берсе, ақ – жоғарыдан төмен қарай жылжу 
ұғымында жұмсалған. Ал ш түбіртек сарқыншағы процестің 
дүркінділігін білдіріп тұр. Талдау барысында «не ұрғылап тұр» 
деген сұрақ туындайды. Құрамында б немесе п дыбысы бар, 
«домалақ» ұғымын беретін морфеманы іздестіре бастаймыз. 
Себебі, бұршақ сөзінің «домалақтан» басқа семалары ұр+ш+ақ 
бөлегінде қамтылған. Құрамында п дыбысы бар, «домалақ» 
ұғымын беретін сөз – доп~топ. Бұрынғы формасын қалпына 
келтірсек: до+б+ұр+ш+ақ. Тілімізде осы үлгіде жасалған сөздер 
бар ма? Су тиген соң ұн топаршақтанып қалыпты. Домаланып, 
түйір-түйір болып қалды деген мағынада. Топаршақ диалектілік 
сөз болғанымен, добуршақ үлгісінде тұр. Осындай жолмен бұрын 
жарияланған мақалаларымызда балшық, бүлдіргі сөздерінің де 
түп-төркінін ашып берген болатынбыз (2, 109 б.). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет