Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет73/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
165 
есім сөздерден жасалған сөзжасамдық ұялар қамтылған. 
Сөзжасамдық ұялар бойынша тұңғыш шағын сөздікті 
сөзжасамдық ұялар сөздігінің алғашқы нұсқасы, үлгісі деп қарау 
керек. Кейін сөзжасамдық ұялар сөздігінің көлемі ұлғаяр, үлгісі де 
жетілер, алайда, бұл кішігірім сөздік өзінің жол ашуымен, із 
салуымен, үлгі көрсетуімен құнды. 
Осыдан бастап сөзжасамдық ұялар туралы Т.Тоқтарова, 
Н.Қоқышева, Б.Есімсейітов сияқты жас ғалымдар зерттеулер 
жүргізіп, мақалалар жариялағанын айтуымыз керек. Т.Тоқтарова 
1996 жылдан бастап бір буынды салт етістіктерден жасалған 
сөзжасамдық ұялар туралы мақаласы «Қазақ тілі мен әдебиеті» 
журналында жарияланды /45/. «Бір буынды салт етістіктен 
жасаған етістік негізді сөзжасамдық ұядағы туынды түбірлер» деп 
аталатын еңбегі «Профессор С.Аманжолов тағылымы» ғылыми – 
әдістемелік конференцияның жинағында 1999 жылы жарияланды. 
Профессор Н.Оралбаева өзінің «Сөзжасамдық саты» атты 
1999 жылғы мақаласында сөзжасамдық сатыға төмендегідей 
анықтама берген: «Сөзжасамдық саты деп негіз сөз бен туынды 
сөзді жасаушы жұрнақтан құралатын сөзжасамдық бірлік 
аталады» /151/. Ғалым сөзжасамдық сатыны сөзжасамдық ұяның 
бір мүшесі деп есептейді. Оны өз сөзімен айтқанда: «Сөзжасамдық 
саты – сөзжасамдық ұяның құрамына кіретін оның мүшесі болып 
табылады.
Н.Оралбаева осы мақалада ұядағы туынды сөздердің түрлі 
сатыларға қатысты деп санап, туынды сөздердің қай сатыда 
орналасуы 
оның 
түп 
негіз 
сөзден 
туындау 
ретімен 
байланыстырады: «Тізбекте бірінен – бірі тікелей жасалатын 
туындылар жасалу ретін сақтайды. 1 сатыдағы туындыдан 
жасалған келесі туынды сөз өзінің негіз сөзінен кейінгі сатыда 
тұруға тиісті яғни ол 2 – сатыдан орын алады. 2 – сатыдағы туынды 
түбір келесі туынды түбірдің жасалуына негіз болса, одан 
жасалған туынды түбір 3 – сатыда тұруға тиісті... Ол әрі қарай 
келесі сатыны жасайтыны сияқты саты саны өсіп отырады» /46/. 
Бұдан автор түп негіз сөзден жасалған туындыдан бастап 
туындылардың бірінен – бірі жасалу реті сатының ретін 
белгілейтінін байқауға болады. 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
166 
Б.Есімсеитов мақалаларына қарап, оның бір буынды салт 
етістіктердің қимыл қозғалыс мағыналық тобынан жасалған 
сөзжасамдық ұялардағы сөзжасамдық тізбектер мәселесін зерттеп 
жүргені байқаймыз. Автор бұл бойынша бірнеше мақала 
жариялаған. Оларда сөзжасамдық тізбек мәселелері әр қырынан 
сипатталғаны анықталды. Мәселен «Ақ етістігінен жасалған 
сөзжасамдық ұядағы сөзжасамдық тізбектердің құрамы» деген 
мақаласында ғалым Б.Есімсейітовтов бір ұядағы тізбектерге 
талдау жасаған /47/. «Сөзжасамдық тізбектердің зерттелуі» деген 
мақаласында ғалым қазақ тілшілерінің еңбегімен қоса әлемдік тіл 
білімінде осы мәселенің зерттелуіне шолу жасаған. «Сөзжасамдық 
тізбек мүшелерінің негіз сөз мағынасымен байланысты» деген 
мақалада автор ұядағы туынды сөздердің мағыналық байланысын 
дәлелдеген. 
«Сөзжасамдық 
тізбектің 
құрылымы» 
деген 
мақаласында ол өзі зерттеген ұялардағы тізбектердің құрылымына 
талдау жасаған. «Сөзжасамдық тізбектің мағыналық құрылымы 
туралы түсінік» деген мақаласында тізбектегі туындылардың 
мағыналық ерекшеліктерін көрсеткен. «Сөзжасамдық тізбек – 
сөзжасамдық ұяның күрделі құрылымдық бірлігі» деген 
мақаласында автор тізбек құрамына кіретін сөзжасамдық 
бірліктерге талдау жасаған. 
Қазақ тілінің сөзжасамдық ұялары туралы Н.Қоқышева «Қазақ 
тіліндегі дене мүшелері атаулары негіздегі сөзжасамдық ұялардың 
сөзжасамдық сатыларындағы туынды сөздер» атты кандидаттық 
диссертациясын қорғады. Ол дене мүше атауларына негізделген 
ұялардағы сөзжасамдық сатылар, ондағы туынды сөздерді 
зерттеді. Жалпы бұл зерттеу жұмысы сөзжасамдық ұя жөніндегі 
тұңғыш диссертация, оның ішінде сөзжасамдық мәселесі алғаш 
рет зерттелген. Диссертация сөзжасам мәселесінен тұңғыш еңбек 
болғандықтан автор сөзжасамдық ұя мәселесіне ғылыми 
сипаттама жасаған. Онда сөзжасам анықтамасы сөз болған, 
сөзжасамдық ұядағы сөзжасамдық типтер мәселесі, туынды 
сөздер, сөзжасамдық тізбек, тарам сөз болған. Сондай – ақ 
сөзжасамдық ұядағы туынды сөздердің синтагматикалық, 
парадигматикалық байланыстары сияқты сөзжасамдық ұяға 
қатысты негізгі мәселелерге түсінік берілген. Сөзжасамдық ұяның 
құрамы туралы толық мағлұмат берген. Ғалымның зерттеуі 
сөзжасамдық сатыларға байланысты болғандықтан, автор 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет