Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет82/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
192 
Жалпы лексикадағыдай арнаулы лексикада да көпмағыналық, 
омонимия, антонимия, синонимия сияқты семантикалық 
процестердің болып жататындығы жаңалық емес [10, 1991: 82]. 
Терминге қойылатын талаптар тұрғысынан қарағанда, әсіресе, 
көпмағыналылық пен синонимияның арнаулы лексика үшін 
қажетсіздігіне, тіпті зиянды екеніне қарамастан терминологиядан 
орын алып жүргендігі айтылып та жүр. Ал омонимия мен 
антонимия арнаулы лексика үшін соншалықты жат құбылыс емес. 
Олар алдыңғыларға қарағанда терминологияда жиі ұшырасады.
Ақпараттану саласындағы желі термині де жалпы қолданыстағы 
желі сөзінің бірінші мағынасымен дәл солай сәйкес келеді. Желі І. 
1. Құлындарды байлаау үшін екі қазыққа кере тартылған арқан. 
Ауысп. Бір нәрсенің бағыты, ұзын-ырғасы. 3 электр жүйесі; 
телефон торабы. 4. Негіз, арқау, өзек [6, 1989: 192]. Жалпы 
қолданыстағы сөзге қарағанда термин дефинициясының 
нақтылығына, ғылымилығына, ұғымдық белгілерінің дәлдігіне 
қарамастан, бұл жағдайда термин мен термин емес сөзді омоним 
деп қарауға негізіміз жоқ. Желі сөзінің лексикалық мағынасы мен 
терминдік мағынасы астасып, бірінен-бірі туындап тұр. Ендеше, 
жалпы қолданыстағы сөздің терминологиялық өріске енгізілуі 
арқылы (терминдік мағынаға ие болуы) жасалған терминдердің 
бәрі бірдей өзінің жасалуына негіз болған сөзбен үнемі омоним 
бола бермеуі де мүмкін. Дәлірек айтқанда, терминденген сөз өзінің 
бастапқы білдіретін ұғымынан басқа ұғымның атауы болса ғана 
жүйеаралық омоним туындайды. Көбінесе, терминдердің жалпы 
лексикадағы сөздермен омоним болуының бір себебі – белгілі бір 
тілдің арнаулы лексикасы сол тілдің жалпы лексикасының 
негізінде жасалып қалыптасады. Сөз белгілі бір ұғымға таңылып, 
нақты дефиницияға ие болып терминдік мағына жүктеуінің 
нәтижесінде омоним пайда болады. Бір ғана сөз белгілі бір 
терминологиялық өріс ішінде термин қызметін атқарса, одан тыс 
жерде сөзге тән қасиеттеріне ие болып контекске байланысты 
түрлі мағынада қолданыла алады [11, 2006: 88].
Негізінен, тілдің өміршеңдігі деген ұғым тілдің ішкі мүмкіндігінен 
гөрі сыртқы экстралингвистикалық әсерлерге байланысты болып 
келеді. Жоғарыдағы біз жазып отырған мәселелерге белгілі бір 
экстралингвистикалық факторлар әсер етуде. Ол факторлар біздің 
тілімізде сохранить, найти, скачать, копировать, добавить, 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
193 
конвертировать, выделить, удалить, вставка, главная, разметка 
страницы, параметры страницы, рецензирование, вид, формат 
страницы, заголовки, назание, переименовать... деп келетін 
компьютеріңіздің бүкіл қызмет атауларын түгелдей орысша атауға 
тура келеді. Бұл, әрине, монитор бетіндегі жазулардың орысша 
болғандығының себебі. Біздің қазақ тілінде осы атаулардың 
бәрінің де қазақшасы бар. Мысалы: сохранить – сақтау, скачать – 
көшіру, загрузить – жүктеу, выделить – белгілеу, ерекшелеу, вид – 
түрі, удалить – жою, вставка – кірістірме (кірістіру), главная – 
бас..., разметка страницы – беттерді белгілеу, параметры страницы 
– бет параметрлері, рецензирование – пікірлеме, формат страницы 
– бет пішімі, заголовки – тақырыптар, назание – атауы, 
переименовать – атын өзгерту. Бұл аудармалар 2014 жылы жарық 
көрген 452 беттен тұратын 10 000-ға жуық термин енген 
«Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздіктің» 
«Информатика және есептеуіш техника» атты 3-томында берілген 
[13, 51 б.].
Программирование деген термин – программалау деп, ал 
рецензирование – пікірлеме деп аударылған. Орыс тіліндегі -
ирова+ние – қосымшасының қазақ тіліндегі аудармасында –лау 
және –леме деген екі түрлі қосымша арқылы аударылғанын 
көреміз. Бұл әрекет түрлеріне орыс тіліндегі атауларына қатысты 
байланып қалуға болмайды. Осы бөліктерге берілген атаулардың 
ең бастысы атқаратын қызметтеріне байланысты болғаны жөн деп 
ойлаймыз. Тек осы уақытқа дейін пікірлеме деген сөздің қазақ 
тілінде жасандылық сипатқа ие болып, қолданылмайтыны, 
орнықпағандығы алаңдатады. Біздің ақпараттық технология 
саласына қазақша қызмет атаулары қосылған компьютер 
дайындау күн тәртібінде бірінші кезекте тұрған мәселе болуы 
шарт деп түйіндейміз. Себебі қоғамда орын алған пандемияға 
байланысты төтенше жағдай кезінде қазақ жұрты жаппай оқыту 
жүйесінде ақпараттық технологияларды пайдаланды. Демек, 
қазіргі кезде қазақ халқының үлкені (білім беру саласының 
қызметкерлері), кішісі (білім алушылар) қаншама орысша тілдік 
бірліктерді 
қолданып 
отырғандығын, 
санасына 
сіңіріп 
жатқандығын ойлану керек. Көз алдында орысша тұрған соң, 
міндетті түрде орысша оқып, коммуникативтік қажеттігіне 
пайдаланады. Қай тілде жазылып тұрса, сол тілде айтатынымызды, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет