ҚазаҚстан мұсылмандары діни басҚармасы АллАғА мАдАқ (таңдаулы діни өлеңдер) алматы, 2010



Pdf көрінісі
бет73/124
Дата13.05.2022
өлшемі2,13 Mb.
#34309
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   124
 Бақтияр Есқараев.  
Жамбыл облысы, 
Талас ауданы Ақкөл ауылы.
ШЕбЕРді ШЕбЕР дЕмЕгін, 
АллАнЫ ШЕбЕР дЕсЕңШі.
Он сегіз мың ғаламды,
Жаратқан кім десеңші.
Жүз жиырма мың пайғамбар,
Таратқан кім десеңші.
Ақыл, сана, ой беріп
Бар ғаламды танытқан
Ерекше етіп адамды
Танытқан кім десеңші
Жаңалық ашқан адамды
Жай ғана өнер десеңші.
Шеберді шебер дегенше,
Алланы шебер десеңші.
Алланың өзі біледі
Жауынның қайда жауарын.
Алланың өзі біледі
Екі қабат әйелдің,
Ішіндегі шарана
Ұл ма, қыз ба боларын
Алланың өзі біледі
Кімді қашан аларын.
Алланың өзі біледі


165
Таңдаулы діни өлеңдер
Ақыр заман қай күні,
Қай уақытта боларын.
Осындай бар Алланың
Өзіне тән сипаты.
Құлшылық ет, ертерек
Келмей  тұрып ажалың.
Білер ме екен осыны,
Шебер деген адамың?
Алланың ғана қолында
Осының бәрі , қарағым.
Алладан басқа шебер жоқ
Бар құдырет қолында
«Бол!»- десе, бәрі болады
Қас қағым сәтте орындап.
Раббым АЛЛА, дінім-ИСЛАМ
Пайғамбарым Мұхаммед.
Кітабым- Құран, қыблам- қағба
Уа, АЛЛА, өзің рахым ет.
Пайғамбардан шапағат
Алладан болсын қанағат
Адамды шебер демесін
Алла-шебер, жамағат.


166
Бақытбек Бәмішұлы,
Алматы қаласы.
АллАнЫ ТАнУ 
Бисмилләәһир-рахмәәнир-рахиим
Қу дүние
нарттай жанып 
қуған күндер ұлар шу.
Аппақ дәурен артта қалып,
арзандады құнар-су!
Жеткізбейді
жұлдыз –
арман,
Жеткен соған жан бар ма?! 
Арман деген:
АЛЛА, 
сосын,
Аман атқан таңдар ма?...
Шығар бір күн
шығатын жан,
Сөз ақыры –
кіл нүкте...
Алланы тану –
Шын,
Шын Арман!
Жалған мынау тірлікте!
Амин!


167
Бекетаева Лаура Кадырбековна,
Алматы қаласы,
Алатау ауданы.
бЕсцЕннЫЙ дАР
Из глубины столетий давних,
Великой Милостыо Творца.
Достался нам бесценный дар
Прекрасный нрав Пророка!
Равняться на Него - не каждому дано
А те, кому дана такая честь
Избранники Аллаха!
Несут они собою свет, творя добро
Тепло несут, а узнаём мы их,
По искренним речам и праведным поступкам,
Пророка след не запятнать стремятся
Избранники Аллаха!
Смотря на иих, стремимся лучше стать,
Быть благородным, жить по чести
Не нарушан прав ни чьих!
Не обижая никого и всей душой
Благодарить Аллаха!
За дар бесценный, за милость без границ
Быть из наследников любимого Наби!
Ведь что сказал Наби
Нет лучше ничего, что может
Дать отец ребёнку, а это воспитание
И дай Аллах нам всем
Равняться на Пророка.
Чтоб вырастить достойных и праведных детей!
Чтоб дети наши,
Своим хорошим нравом и доблестью своей
Хранили свет Ислама
Жемчужину наших дней!


168
Бөрібай  Оразымбет,
Қазақстан және Өзбекстан Жазушылар 
одақтарының мүшесі.
моЙЫндАУ
Өмір-көште  қайнаған  базарымның,
Жүрегімнің  ұстандым тазалығын.
Бірақ, талай  намазды қаза қылдым,
Ақиретте  АЛЛАға  жазалымын. 
Ләззатына  мас  етіп  бұла  күнім,
Әз  басымнан  өткердім  күнәні мың.
Майтабаннан  махаббатқа  машық  болсам,
Бір  АЛЛАның  алдында  кінәлімін.
Айтшы достым, болжаған  ғайыпты кім?
Күйін  шерттім  сан  ірет  аиыптының.
Мұзбалағы  Музаның  атандырған,
Тек  АЛЛАның  алдында  айыптымын.
Дінім, ділім  дән  теріп  талғамменен,
Жүргеніме  себепкер  АЛЛА дер ем.
Азабы  мен  ғажабына  сабыр  сепкен,
Екі дүние біргемін  АЛЛА менен. 
Айыпты  да, кінәлі, жазалымын,
Ойым, санам, жүрегім- тазалығым.
Үндес,  мұңдас  ақындар  талдайды  әлі,
Өлеңдерін  Мырзашөл  қазағының ...
Р.S:  Белбеуіндей   бабамның  ширатылған,
 
Оймақ  ойлар  жыр  болды  мыйда тұрған.
 
Жүрегімнің  төріне  жыйған   Иман,
 
О  дүние  мен  бұ  дүниелік  Пирамидам !!!
                                          


169


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет