Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы



Pdf көрінісі
бет266/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#131172
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   285
Қорытынды. Логикалық есептер.
1.Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы біреуін атып тастады.Нешеуі қалды?(түйеқұс ұшпайды)
2. 5жұмыртқа 7 минутта піседі,10 жұмыртқа неше минутта піседі?(7 минутта)
Бағалау. Үйге тапсырма. П3,2 №450 №451
* * * * *
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:ТІРШІЛІК ҮШІН КҮРЕС ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Кинорежиссер А.Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебінің
биология пәнінің мұғалімі Таирова Алтынгүл Хамитқызы, бірінші санаты ұстаз
Сабақтың тақырыбы
:Тіршілік үшін күрес және оның түрлері. 
9-сынып
Сабақтың мақсаты
: білімділік
: оқушылардың сұрыптау түрлерін және тіршілік үшін күрес туралы алған білімдерін
жетілдіру; күрестің рөлі мен оның себептерін анықтау арқылы талдап түсіндіру; 
дамытушылық:
шығармашылық ізденістерін арттыру,бірлесіп жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру;өзінің және 
жолдастарының білімін бағалай алу.
тәрбиелік
: түсініктер бойынша жергілікті жануарларды мысалға ала отырып, қазақ халқының салт-дәстүрін,ұлттық 
өнерін насихаттау,Отанын сүюге,табиғатты қорғауға тәрбиелеу;
Көрнекілігі
: сызба-кестелер,суреттер,Флипчарт,сұрақтар жазылған парақтар
Түрі
: аралас сабақ
199


Әдіс-тәсілі
: топтық жұмыс
Пәнаралық байланыс
: әдебиет
Сабақтың барысы
:
 І
.Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа даярлықтарын тексеру
ІІ
.Үй тапсырмасын тексеру
1.Шығармашылық тапсырма
Үйге берілген тапсырма бойынша сұрыптау түрлерін сипаттап салыстыру
«Табиғи сұрыпталу» «Қолдан сұрыптау»
2.Ізденген жетер мұратқа.
Топ мүшелеріне сызба – кестелер таратылады.Онда тақырыпқа сәйкес суреттер мен сөздер берілген. Топпен ойлана
отырып, белгілі бір қорытындыға келіп мәтін құрастырып баяндайды. Ұнаған топтың жауаптарын өзара бағалайды.
1-топ-«Тіршілік үшін күрес» 2 топ- «Табиғи сұрыпталу 3-топ- «Қолдан сұрыптау»
Балалар айтып болған соң мұғалім өзі қорытындылайды.
1- кестеге қарасақ шегіртке саны артса ел экономикасының проблемасы болады. Күрт артуы қолайлы жағдайлардың 
туындауы:қоректің молдығы және жауынның аздығы.Шегірткені құрту үшін көптеген шаралар жүргізіледі.Көктем 
айларында қоймақалтаны бұзу,күзде жер аудару сөйтіп шегірткенінің санын азайту.
2- Ақбөкен жүйріктігінің арқасында жауынан қашып құтылады,алыс суатқа да әлділер жетеді,әлсіздері жыртқыштарға жем 
болады.Сөйтіп табиғаттың өзі сұрыптау жүргізеді. Бұл жерде сұрыптаушылар –жыртқыштар.Бұл қолайсыз табиғат 
жағдайлары болып табылса,ал сұлулық жыршысы Сәкен Сейфулиннің «Ақсақ киік» өлеңін байқап отырсақ тіршілік 
иелеріне деген аяушылықтың белгісі,яғни адамның табиғаттың сұлу еркесіне жасаған жауыздығы бейнеленген.
3- Қазақтың құмай тазысы адамның мыңдаған жылдарға созылған сұрыптау нәтижесі. Қазақ халқының саятшылық өнерін 
насихаттай отырып,көшпелі өмір салтын басынан кешкен халқымыз табиғатпен мейілінше жақын болған.Табиғатты өз 
өмірінің бөлінбес сыңырына балап,табиғат тылысымын тереңірек таныса,өмірдің соғұрлым мәнді де, қызықты болатынын 
түсінген.Қолтұқымдарды алуға тазы итті,иттің басқа қолтұқым дарымен будандастырмаған.Тек таза тазы ит шығарып 
отырған.Бұл адамның жүргізген қолдан сұрыптауына байланысты.
ІІІ
.Жаңа сабақ -«Тіршілік үшін күрес» - тірек сызбасымен жұмыс
Тіршілік үшін күрес Түраралық Түрішілік Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынмен
(Мысалдар келтіру)
2. «Жабайы табиғат» Суреттермен жұмыс.Күрес түрлері бойынша анықтау,түсіндіру.
ІV.
Сабақты пысықтау. А) Блиц турнир
Сұрақтарға тез жауап алу.Жасырылған сұрақтарды әр топ түстер бойынша таңдайды.
Қызыл түс:
1.Топтағы біріншілікке жататын тіршілік үшін күрес.
2.Алғашқы эволюциялық теорияның авторы
3.Жыртқыш пен құрбандық арасындағы күрес түрі.
4. Бір түр дарақтарын алуан түрлі етіп өзгертуі. 
Көк түс
1.Тірі ағзалардың өлі табиғатпен күрес түрі.
2.Эволюция себептерін дұрыс көрсеткен ғалым.
3.Ұзақ уақыт бойы тірі ағзалардың біртіндеп жетілу үдерісі.
4.Дарақтар,түрлер санының кемуі,таралу аймағының тарылуы

Жасыл түс
1.Тірі ағзалардың өлі табиғатпен күрес түрі.
2.Эволюция себептерін дұрыс көрсеткен ғалым.
3.Ұзақ уақыт бойы тірі ағзалардың біртіндеп жетілу үдерісі.
4.Дарақтар,түрлер санының кемуі,таралу аймағының тарылуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет