Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Ахмет Байтұрсыноватындағы


АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ



Pdf көрінісі
бет31/75
Дата21.02.2017
өлшемі39,72 Mb.
#4618
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   75

АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
 
 
160
стороны,  многие  неформальные  движения,  возникшие  как  протестные,  имеют  асоциальную 
направленность и приводят собственных сторонников и адептов к дезадаптации в обществе. Время, 
потраченное  в  подобных  субкультурах,  –  это  скорее  всего  бессмысленно  потерянное  время,  не 
использованное на профессиональное образование и нахождение своего места в социуме. К тому же, 
способ  идентификации  в  таких  субкультурах,  как  «хиппи»,  «панки»,  «растманы»,  «гранжеры», 
«рейверы»,  таит  угрозу  для  физического  и  духовного  здоровья  приобщающихся  к  ним  молодых 
людей,  поскольку  употребление  психоактивных  веществ  является  значимым  элементом  данных 
культур, компонентом их символического мира.  
Негативистски сориентированный спектр субкультуры, безусловно, требует к себе пристального 
внимания  в  плане  коррекции  поведения  его  приверженцев.  Важно  при  этом  не  прибегать  к  какому-
либо,  пусть  и  не  озвученному  официально  на  государственном  уровне,  реестру  «угодных»  и 
«неугодных» субкультур, а, опираясь на знание их специфики, организовывать молодежный межсуб-
культурный полилог, основываясь на том, что, по крайней мере, не разъединяет их носителей – воз-
растной  максимализм,  неформализованный  активизм,  неприятие  излишне  навязчивого  патернализ-
ма,  культурной  архаики  и  шаблонов  зачастую  уже  официализированной  массовой  культуры,  рядя-
щейся порой даже в национальные «одежды», акцентуация на досуговых занятиях. В этом контексте 
нам  представляется  уместным  использовать  наработки  политики  мультикультурализма  для  налажи-
вания коммуникативного взаимопонимания и продуктивного полилога между приверженцами различ-
ных  субкультур  и  представителями  культуры  официальной,  в  которой  на  нынешнем  этапе  ее  функ-
ционирования  определенная,  хоть  и  различная  по  статусу,  ниша  отдана  народной,  элитарной  и 
массовой культуре.                                  
  
Литература: 
1. Борисов, А. А. Мультикультурализм: Американский опыт и Россия / А. А. Борисов // Мульти-
культурализм и этнокультурные процессы в меняющемся мире. – М.: Аспект-пресс, 2003.– С. 118-146.  
2. Четверикова, О. Стратегия «балканизации» Европы / О. Четверикова // Россия ХХI. – 2007. – 
№6. – С. 46-79. 
 
 
ӘОЖ: 910.2 
 
ӘЛІБИ ЖАНГЕЛЬДИН– ТҰҢҒЫШ  ҚАЗАҚ САЯХАТШЫЛАРЫНЫҢ БІРІ 
 
Иманқұлов  К.  Е.  -  география  магистрі,  аға  оқытушы,  Ы.  Алтынсарин  атындағы  Арқалық 
мемлекеттік педагогикалық институты  
Кабденов  Е.Г.  –  студент,  Ы.  Алтынсарин  атындағы  Арқалық  мемлекеттік  педагогикалық 
институты 
 
Қазақ  халқынанда  талай  зерттеуші-саяхатшылар  шыққаны  анық.  Солардың  бірі  –  Әліби 
Жангельдин.  Ол  өзінің  көптеген  экспедициялары,  еңбектері  арқасында  қазақтың  Марко  Полосы 
деген атқа ие болды. 
Негізгі ұғымдар: саяхатшы, экспедиция, жиһанкез, турист, 12 мың километр. 
   
Тарихта әр халықтың өзіндік орны, даму ерекшелігі бар. Солардың бірі  –  қазақ халқы сан қилы 
жағдайларды  бастарынан  өткізіп,  өздерінің  ұлттық  бірлігін,  туған  жер  алтын  бесігін  қорғап,  азаттық 
туын  жоғары  көтерді.  Қазақ  даласындағы,  оның  тарихындағы  ерекше  орын  алатын  тұлғалардың  бірі 
Әліби  Жангелдин.  Әліби  Жангелдиннің  балалық  шағына,  білім  жолы  мен  сіңірген  еңбектеріне, 
елімізде совет үкіметі орнау кезінде қосқан үлесіне шолу жасай отырып, Әліби Жангельдин Тоғжанұлы  
-  XX ғасырдың басынан бастап Орталық және Шығыс Еуропаны, Африка, Азия және Жапония елдерін 
аралап  өткен  қазақ  халқының  алғашқы  туристі  болған.  Сонымен  бірге,  тек  турист  емес,  журналист-
фотограф  ретінде,  көптеген  репортаждары  мен  еңбектерін  Санкт-Петербург,  Варшава,  Будапешт 
сынды қалалардың баспаларына жіберіп, газет беттерінде жарық көрген. 
Бұл тұлға, саяхат тарихына венеция  –  көпесі Марко Полоның (1254-1324 ж.) ерлігіндей еңбек 
сіңірген.  Бірақ,  Марко  Полоның  саяхаты  жайлы  мыңдаған  кітаптар  жазылған,  ал  Афанасия 
Никитинаның (1474) «за четыре моря» атты сапары Ресей мен бұрынғы КСРО-ның барлық география 
және  тарих  оқулықтарында  жазылса,  Әліби  Жангелдиннің  саяхаттары  жайлы  бірде  бір  оқулықта 
жазылмаған.  Тіпті,  «История  Казахстана  с  древнейших  времен  до  наших  дней.  Очерк»  «Дәуір» 
баспасы, Алматы 1993 ж., сынды Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиясы, Шоқан Уәлиханов 
атындағы  тарих  және  этнология  институты,  А.Х.Марғұлан  атындағы  археологиялық  институт, 
Қазақстанның  «Даму  Фонды»,  осы  жоғарыда  аталған  оқу  орындарынан  шыққан  баспаларда  Әліби 
Жангелдиннің есімі 1916 жылғы көтеріліс басшыларымен бірге, бірнеше жерде ғана аталады.  
Ә. Жангелдин 1910-1912 жылдары темір жол мен су жолын санамағанда, жер шарының 12 мың 

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
 
161
километр жерін жаяу жүріп өткен. Әліби Жангелдин тұңғыш қазақтан шыққан саяхатшы. Оның дәлелі 
«Саяхатшыларға берілетін жол бағдар қағазы» болған. Әліби Жангелдин жайлы «Қазақстан тарихы» 
кітабында  екі-үш  жерде  ғана  аты  аталады.  Ал  Қазақстанның  физикалық-географиясында  Әліби 
Жангелдин  саяхаты  жайлы  еш дерек  жоқ.  Әліби  Жангелдин  өмір  баянын  жан-жақты  зерттеуді  қажет 
ететін, ұрпаққа үлгі боларлық қазақтың бір туар азаматы. Әліби Жангелдин 1884 жылы Торғай уезіне 
қарасты  Қайдауыл  елді-мекенінде  кедей  шаруаның  отбасында  дүниеге  келген.  Ол  отбасында  үлкені 
болып,  әкесіне  байдың  қойын  бағуға  көмектесті.  Қайдауыл  елді  мекені  өзінің  табиғатымен 
ерекшеленетін.  Ауылдың  маңында  сылдырап  аққан  өзен,  жағалай  бұталы  шілікті  болып  келетін. 
Көктемде  су  жағасында  құс  базары  басталып,  суатта  ақбөкендер  көбейетін.  Әкесі  аңға  шыққанда 
Әлібиді бірге алатын. Туған жердің табиғатын танып білуге  және оқуға деген құштарлығы жас кезінен 
бастап  оянған.  Бірде  ауылға  қазақ  мұғалімі  келген  еді.  Оның  келуі  Әлібиге  үлкен  әсер,  өшірілмес  із 
қалдырды.  Жас  бала  әкесіне  оқытушы  болғысы  келетін  арманын  айтқанда,  әкесі  тыңдағысы  да 
келмейді. Бірақ Әліби бала кезінен бастап өзінің жігерлілігімен көзге түсуші еді. Оқытушыдан бірнеше 
рет  мектеп  жайлы  сұрап,  біраз  уақыт  өткен  соң  әкесінің  еркіне  қарсы,  білім  іздеп  ауылдан  қашып, 
Торғай  қаласындағы  мектепке  оқуға  түседі.  Сонымен  жас  баланың  ойлағаны  орындалып,  оқи 
бастайды. Мектепте сабақ орыс тілінде жүргізіліп, жас Әліби бұл тілді аз уақыт ішінде меңгеріп кетті. 
Әлібидің бұл қуанышы көпке созылмады. Біраз уақыт өткен соң, әкесі іздеп тауып, үйге қайтып алып 
кетеді. Содан бері, екі жылдай өткен соң 12 жасар Әліби қайтадан қалаға қашып, Қостанайдағы қазақ-
орыс  мектебінің  екінші  сыныбына  түседі.  Патшалық  Ресей  кезінде,  екі  жылдық  мектептер,  қазақ 
балалары  үшін,  білім  алуға  ашылған  жалғыз  оқу  орны  болушы  еді.  Бұл  жылдары,  қазақ  халқының 
өзінің  зайырлы  мектептері  болмаушы  еді.  Сондақтан  қазақ  балалары  үшін  білім  алудың  екі  жолы 
болатын.  Олар  діни  мектеп  және  екіншісі  орыс-қырғыз  мектептері  еді.  Екінші  мектептің  қазақ 
даласында негізін салған атақты ағартушы Ыбырай Алтынсарин болатын. Бұл ағартушының еңбектері 
мен ойлары  жас Әлібиге әсері өте зор болды. Сонымен бірге Абайдың поэзияларын, Уәлихановтың 
кітаптарын сүйіп оқитын. 
Мектеп  қабырғасында  жүріп  жас  Әліби  орыс  әдебиетімен  танысып,  орыс  тілін  жетік  меңгере 
бастайды.  Орынборға  сонау  алыс  жерден  білім  іздеп  келіп,  бұл  өңірде  тек  Православ  рухани 
училищесінің  барын  ғана  біліп  қатты  өкінеді.  Ал  бұл  оқу  орнына  түсу  үшін  ең  бірінші  талап  шоқыну 
керек  еді.  Жас  баланың  білім  мен  оқуға  деген  ынтасының  зор  болғандығы  сонша,  Әліби  бұған  да 
барады. Сөйтіп, оған Николай Степнов деген жаңа ат беріп, оқу орнында оқи бастайды. Өкінішке орай, 
бұл  мекемеде  көбіне  діни  білімдер  беріліп,  негізі  сабақтар  соңғы  орында  болатын.  1903  жылы 
Оренбургтің  рухани  училищесін  бітірген  Әлібиді,  аса  дарынды  оқушы  деп,  Қазан  қаласына 
оқытушылық семинарияға жібереді. Қазан қаласындағы мұғалімдер семинариясында оқып жүріп, 1905 
жылғы  студенттер  қозғалысына  белсене  қатысады.  Сонысы  үшін  оқудан шығарылады.  1905  жылдың 
желтоқсанында  Әліби  оқуға  түспекші  болып  Мәскеуге  келеді.  Бірақ  бұл  ойы  бірден  орындалмайды. 
Сөйтіп,  өзінің  күнкөрісі  үшін  ақша  табуға  тура  келеді.  Әліби  Жангелдин  Мәскеуде  жүріп  кім  болып 
жұмыс жасамады, жерді де қазды, газет сатты, кейін фотографтың көмекшісі болды және бұл жұмысы 
кейін өзінің қажетіне жарады. 
Әлібидің қалтасында Қазан  оқытушылар семинариясының мұғалімі Ашмариннің Мәскеу рухани 
академиясының  оқытушысы  Покровскиға  арналған  хаты  бар  еді.  Ашмарин  өз хатында Покровскиден 
өзі  үлкен  үміт  күтетін  қазақтың  баласы  Әліби  Жангелдинді  оқуға  түсіруге  көмек  сұрайды.  Бұл 
Академияда  Әліби  бір  жылдай  оқып,  оқудан  шығарылады.  Оның  себебі үкіметке  қарсы  іс  шараларға 
қатысты деген айып тағылды.  
Оқудан  шығарылғаннан  кейін  Әліби  Жангелдин  сол  кездегі  әйгілі  газет  «Утро  России» 
редакциясына  жұмысқа  орналасады.  Бұл  газет  тек  Рессейде  ғана  емес,  сонымен  бірге  Еуропаға  да 
белгілі  болатын.  Баспа  үшін  Әліби  бір  үлкен  олжа  сияқты  болды.  Жасы  24  жастағы  баланың  есте 
сақтау қабілеті мен көп тіл білетіндігі таңғалдырды. Осылайша Әліби Жангелдин өзінің кітапта оқыған 
қалалары мен елдер жайлы өз көзімен көргісі келді. Осы мақсатты іске асыру үшін газет бетіне өзінің 
алға  қойған  жоспары  мен  мақсат-  мүдделері  жайлы  жариялайды.  Бұл  хабарландыруға  Самараның 
табиғаттану мұғалімі Евгений Викторович Планецкий мен Ресейдің Мәскеудегі оқытушыларды ағарту 
коммерциялық училищесінің мүшесі Егор Феофилактович Коровин үн қатады. Сонымен 1908 жылы үш 
жас жігіттің әлем елдерін жаяу аралаған бақандай бес жылға созылған жиһангерлік өмірі басталады. 
Сол бес жылдың әр күні, әр апта, әр айы қиындықтар мен қауіп қатерге толы болғаны анық-[1-2].  
1918  жылы  Әліби  Жанкелдин  Каспий  теңізінен,  Каспий  маңындағы  шөлдерден  өтіп  Ақтөбе 
майданына  Кеңес  Түркістан  қорғаушыларына  қару-жарақ  жеткізгені  баршаға  мәлім.  Бірақ  1910-1912 
жж.  Әліби  жаяу  «Жер  айналған»  саяхат  жасағанын  көпшілік  жұрт  біле  қоймайды.  Осы  саяхаттың 
мақсаты  өз  еркімен  білім  алу,  басқа  елдерді,  онда  тұрған  халықтарының  өмірі  мен  салттарын  білу 
ынтасы болған.  1-10 жылы 9 маусым күні (ескі стиль бойынша) үш серіктерімен бірге (Пламеневский, 
Полевой,  Коровин)  Мәскеуден  жолға  шығыпты.  Жер  айналатын  саяхатшының  кітапшасы  Николай 
Степанов  (оның  революционерлік  құпия  аты)  атына  берілген.  Онда  «Н.Степанов,  немесе  Али-Бей 
Джангильдин,  қаржысыз  Жер  айналатын  саяхатқа  қатысушысы»,  деп  жазылған  (басқа  мәліметтер 
бойынша  Степнов).  Осы  кітапша  мен фотоаппарат  арқасында  Әліби  жол шығындарына  ақша  табуға 

АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
 
 
162
мүмкіндік  алған.  Осы  жылдың  тамыз  айында  Петербург,  Псков,  Варшава  мен  бүкіл  Польшадан  өтіп, 
Жанкелдин Австро-Венгрияның шекарасына жетті. Варшавада серіктері одан бөлініп кетті, бірақ жаңа 
жолдас  табылды  да,  Степанов-Жанкелдин  Львов  үстімен  Венаға  бағытталды.  Венаға  жетпей  оның 
соңғы серігі одан кетіп қалады да бұдан әрі Әліби саяхатын жалғыз өзі жалғастырады. Оның осыдан 
әрі  жүрген  жолы  мынадай:  Вена  –  София,  Белград,  Мұстафа-Паша,  Андрианополь,  Киркенес, 
Константинополь, одан кейін Кіші Азиядан өтіп, Палестина, Египет, Судан, Абиссиния – барлығы, теңіз 
бен  темір  жолды  есептемегенде,  он  екі  мың  шақырым.  Қайтарда  –  Аравия  түбегі,  Мадагаскар, 
Месопотамия,  Персия,  Үндістан,  Цейлон,  Малай  архипелагы,  Зонд  аралдары,  Үндіқытай  (Сиам 
корольдігі  мен  Аннам),  Қытайдың  оңтүстігі,  Формоза  (Тайвань)  аралы,  Жапония,  Сібір,  Еуропалық 
Ресей
.
 
Сөйтіп Әліби Жангелдин қазақ тарихында дүние жүзін жаяу шарлап аралаған жалғыз саяхатшы-
жиһангер қазақ болып, өз атын мәңгілікке қалдырды. Бұл саяхаттан Әліби революционер  – демократ 
болып  қайтады.  Швейцарияда,  Женевада  В.И.Ленинмен  кездесіп,  пікірлесіп  жақсы  танысады.  Енді 
Әліби  Жангелдиннің  ұрпаққа  үлгі  боларлық  азаматтық  істеріне  келсек,  онымен  қызметтес,  аралас 
болған  адамдардың  айтып  кеткен  жазуларына  қарағанда,  адамгершілігі  аса  жоғары  кісі  болған. 
Әділдік  үшін  күресте  басына  қауіп  төніп  тұрса  да  ешкімнен  тайсалмаған,  тартынып  бұғып  қалмаған. 
Қазақстанда «Кіші октябрь» жасаймын деп халықты қан қақсатып ашаршылыққа ұшыратқан қанды қол 
жендет  И.Голощекин  Торғайға  барған  сапарында  өз  жұмысымен  барған  Әлібиге  жолығып  қалады. 
Торғай  тұрғындары  ашығып  жатсада  Голощекин  «астық  үнемдеп  жұмсалсын»  деп  қоймадағы  бар 
астықты  елге  бергізбей  қояды.  Сонда  Әліби  «Қазақстанда  Совет  өкіметін  құрған  сен  емес,  мен. 
Халықты  қырайын  деп  пе  едің?!»  деп  қатты  ашынып  ашумен  Голощекинді  салып  қалып,  қамбаны 
аштыртып  аштарға  астық  бергізеді.  Алашордашыларды  алғашқы  қудалау  басталғанда  Әліби 
Жангелдин Ленинге бір емес екі рет кіріп: «Әлихан Бөкейханов патшаға қызмет істеген адам, бізге де 
қызмет  істей  алады.  Бұл  өте  білімді,  пайдалы  кісі.  Қазақ  халқы  оны  қадірлейді»,-    деп  аман 
қалдырады.  Ахмет  Байтұрсыновты  да  қорғап  Ленинге  тағы  да  барып:  «Байтұрсынов  грамматика 
жазған,  басқа  да  еңбектері  көп  үлкен  ғалым,  жазушы  бізге  керек»-деп  сақтап  қалады. 
Алашордашыларды  алғашқы  қудалаудан  құтқарып  кешірім  беруде  Әлібидің  қызметі  зор.  Ал  оларды 
екінші рет жазалау басталғанда Жангелдин үкіметтегі жауапты басшылық жұмыстарынан шеттетілген 
болатын. Мемлекеттің, ұлттың, жекелеген адамдардың тағдыры шешіліп жатқан кезде, жасқаншақтап 
үндемей  қалуды  Әліби  Тоғжанұлы  адамгершілікке  жат  қылық  деп  білген.  Атақты  тарихшы 
Е.Бекмаханов  Кенесары жайында кітап жазғаны үшін қызметінен қуылып, сотталғалы жатады. Әліби 
дереу  бас  хатшы  Ж.Шаяхметовке  телефонмен  қоңрау  соғып  «кітабы  ұнамағандарды  шетінен  жаба 
берсек,  ақын  да,  жазушы  да,  ғалым  да  қалмас.  Жаратпасаңдар  кітабын  шығармай  тастаңдар.    Сол 
үшін  соттағандарың  жөн  болмас»  деп  ара  түскен.  Бірақ  бас  хатшы  да,  басқа  да  әпербақандар  оны 
тыңдамай тарихшыны 25 жылға соттатып жіберді. Кремель көсемдері Ленин, Сталин, Молотовтар бір 
өтінішін  жерге  тастамаған  Ә.Жангелдиннің  сөзін  өзіміздің  басшыларымыз  аяқсыз  қалдырады.  Әліби 
Жангелдиннің жасы ұлғайып, денсаулығы да сыр бере бастаған. Жазықсыз Бекмахановты қорғап қала 
алмағанына қатты күйінеді, қапа болады-[3,4,5]. 
Ел  мен  жерді  көріп,  мәдениеті  мен  тарихын  танып,  білуге,  дүниенің  сырын  ашып,  терең 
бойлауға деген, құштарлық, адам баласының ерекше бір ізгі қасиеті ғой. Осындай ерекше қасиеті мен 
аты  аңызға  айналған  тұлға  -  Әліби  Жангелдин.  Әліби    –    қадір-қасиеті  қанша  жыл  ғұмыр  кешкен  де 
емес,  артында  қандай  із  қалдырғанында.  Әліби  Жангелдиннің  саяхаты  жайлы  картаны  шығарып, 
Арқалық,  Торғай  мектептеріне  және  Республика  көлеміне  тарату.  Сонымен,  «Әліби  ізімен»  атты 
өлкетану  экспедициясын  ұйымдастыру.  Өскелең  ұрпақ-болашақ  Қазақстан  азаматтары,  өзімізді 
қоршаған ірі өркениет орталықтарын, түрлі мәдениетті меңгеріп, өзін сыйлата алатын, рухани дүниесі 
бай,  интелект  деңгейі  жоғары,  білімді  де  білікті,  жаһандану  заманына  сай  болуы  шарт.  Әліби 
Жангелдин  Қазақстан  тарихында  мәңгі  қалмақ.  Саяхатшы  Әліби  Жангелдин  салған  жол  Қазақстан 
елінде  туризмді  өркендетудің  бастауы  болып  табылады.  Ұрпақ  жиһангез  өнерін  мұра  етіп  қабылдап, 
жақсы игі ісін дамытпақ-[6].  
 
Әдебиеттер: 
1.  Габдуллина  М.Х.  Саяхатшы-қайраткер.  «Қазақстандағы  туризмнің  даму  болашағы»  атты 
ЖОО аралық ғылыми-тәжірбиелік конференция материалдары. 1-том. Астана – 2011 жыл. 
2.  Қазақстан ұлттық энцеклопедиясы. Алматы, 2001 жыл. 3-том. 
3.  Ягнинский    А.М.  «Алиби  Джангильдин    –    казахский  Марко  Поло.  Научно-методический 
журнал. Соқпақ-Тропинка. ғ1-Уральск, 2005. 
4.  Доскач А.Г. Основные черты строения Северного Казахстана //Природное  
районирование Северного Казахстана, М.-Л., 1960. 
5.  Филонец П.П., Омаров Т.Р. Озера Центрального и Южного Казахстана Алма-Ата, 2002г. 
6.  Исаченко А..Г. Основы ландшафтоведения и физико-географическое рацонирование 
 
 

ӘЛЕУМЕТТІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ МЕН ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
 
163
АӨЖ 821.512.122 
 
АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ СИПАТЫ 
 
Кайыпбаева  А.  К.  -  ф.ғ.к,  Ахмет  Байтұрсынов  атындағы  Қостанай  мемлекеттік  универ-
ситеті 
Толеуова  А.К.  -  аға  оқытушы,  Қостанай  әлеуметтік  -  техникалық  университеті,  Қостанай 
мемлекеттік университетінің 2 курс магистранты  
 
Абай  өлеңдерінде  ұлтымызға  жақын  этно  мәдени  бірліктер  арқылы  суреттелетін  қазақ 
халқының тұрмыс – тіршілігінде орын алған салт – дәстүрлер кездеседі. Этностың материалдық 
мәдениетімен  бірге  қалыптасқан  мәдени  мәнділікке  ие  тілдік    бірліктер  ақын  өлеңдерінен  орын 
алған.  Халықтың  дүниетанымы  мен  болмысынан  рухани  мәдениетінен  хабар  беретін  ұлттық 
құбылыстың мәні Абай шығармаларында ашыла түседі. 
Негізгі ұғымдар: этнос ,мәдениет, салт-дәстүр, саятшылық, ұлттық болмыс,рухани байлық. 
 
Абай қазақ әдебиетін жанрлық, мазмұндық, формалық жағынан жаңа деңгейге көтерумен қатар 
ұлттық сөз өнерінде бұрын-соңды кездеспеген құбылыстардың да бастамашысы болғаны белгілі. Ол 
қазақ  топырағындағы  тұңғыш  ақындық  мектептің  іргетасын  қалады.Абай  өлеңдерінде    суреттеп 
отырған затты не құбылысты қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде ертеден орын алған салт-дәстүрлер 
кездесіп  отырады.  Абайдың  бұл  бағыттағы  тәлімгерлік  жолы  жүйелілігімен,  нақтылығымен, 
мақсаттылығымен, тағылымдық тереңдігімен ерекшеленеді.  
Абай қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысын этнографиялық тұрғыда зерттеген арнайы еңбек 
қалдырмаса да ақынның өлеңдері мен ғақлияларынан өз заманындағы қазақ халқының күнделікті тұр-
мысы, оның рухани байлығы, әдет – ғұрпы мен аңыз - әңгімелері, кәсіби және заттай мәдениеті, қазақ 
аулының жыл мезгілдеріне байланысты көрінісі мен болмысы жайында ой толғаулары ұштасады. 
 Қар – аппақ, бүркіт – қара,   түлкі – қызыл 
Ұқсайды  қаса  сұлу  шомылғанға  деп  «Қан  сонарда  бүркітші  шығады  аңға»[7,245]  өлеңінде 
саяткерліктің  қыры  мен  сырын,  сорғалаған  қыран  мен  қашқан  түлкінің,  бүркітші  мен  қағушының  іс  -
әрекетін,  ой  –  пиғылын  дөп  басып,  табиғи  кейпінде  суреттейді.  Қыран  алған  түлкінің  байлану  ғұрпы, 
аңшылардың  сәл  кідіріп  әңгімелесу,  насыбай  ату  сәттері  де  ақынның  назарынан  тыс  қалмаған. 
Бүркітшінің құсты баптау өнерінің шығар шыңы, сыналар кезін Абай: «Біреуі – көк, біреуі – жер тағысы, 
Адам үшін батысып қызыл қанға», - деп түйеді. Кемеңгер ақын жалпы өнер атаулыны жанымен түсініп, 
оның қамқоршысы бола білді. 
Сонар  деп  толассыз  жауған  қардың  таң  біліне  тоқтап,  күннің  шайдай  ашылып  кетуін  айтады. 
Жаңа жауған қарға түскен із тайға таңба басқандай сайрап жатады. Сонар үшке бөлінеді: ұзақ сонар, 
келте  сонар  және  қан  сонар.  Мұның  ішінде  ең  қызығы  қан  сонар.  Бүл  күні  шыққан  аңшының  жолы 
болатыны айдан анық. Саятшылық қазақ халқының табиғаттың тыныс – тіршілігін, құпия сырын терең 
меңгергендігінің  айғағы.  Бұл  зор  өнердің  қызығын  саятшылардың  өздері,  ал  игілігін  халық  көрген. 
Сөйтіп саятшылық – халықтың мұрат тұтқан арманы әрі өнері болып саналған. Бұрын ел жақсылары 
мен бай, би, серілер бүркіт ұстаған. Әлібек батырдың қыраны бір жылда 60 түлкі, 10 қарсақ, 12 қасқыр 
алған. Ұлы Абайдың Көкшегір, Қарашолақ деген бүркіттері болған. Сол Қарашолақты ұлы ақын Тулақ 
деген кісіден 10 шақты ірі қараға сатып алған.  
 Қазақ  халқының  күнделікті  өмірі,  табиғатта  заңды  түрде  болып  жататын  құбылыстар  мен 
өзгерістердің  барысы  ақынның  «Жаз»,  «Жазғытұрым»,  «Күз»  және  «Қыс»[2,45]  өлеңдерінде  көрініс 
тапқан. «Жаз» өлеңдерінде Абай өзі өмір сүрген кезеңдегі халық тұрмысын, салт – санасын, табиғат 
көріністерін  сол  қалпында  көркем  бере  білген.  Қыстың  ызғары  қайтып,  көктем  басталғанда  күннің 
жерге  мол  шашатын  жылуын  ата  –  ананың  балаға  деген  ыстық  мейірімін,  ал  күн  мен  жерді  – 
сағынысқан күйеу мен қалыңдықтың бір – біріне деген ынтық көңілімен теңейді. Күлімдеген күн қызуы 
жердің  тоңын  жібітіп,  табиғатты  оятатыны,  жер  бетіне  көк  шығып,  жыл  құсы  келіп,  көл  жағалай 
мамырлаған аққу мен қаз, жұмыртқа іздеп зыр жүгірген бала – шаға, қыстаудан көктеуге көшіп, у –шу 
болып  жатқан  ел  көрінісі,  жүйрік  аттармен  ұрымтал  жерден  қаршыға  салып,  үйрек  ілдіріп  жүрген 
сауықшыл бозбалалар, оларға наздана күлімдеп үн қатқан бойжеткендердің күміс күлкісі шеберлікпен 
суреттелген. Көшпелі қазақ аулының күнделікті өмірі төрт түлік малмен тығыз байланысты болғандығы 
белгілі.  Ақынның  бұл  өлеңінде  малды  ауылдың  жазғы  жайлаудағы  көрінісі  шынайы,  өте  нанымды 
берілген. Оты  жетілген,  шапқынды  өзен  –  көлдің  жағасында  қонып  жатқан  малды  ауылдың  тұрмысы 
бейнеленген. Тойынған жылқының суда тұрып шыбындайтыны, тай – құлындардың ойнақтап, айнала 
шауып,  бұлтылдап  жүретіні,  бұрала  басып  үй  тіккен  қыз  –  келіншектер,  мал  арасынан  ризашылық 
көңілмен атының басын шұлғыта аяңдатып ақбоз үйдің сыртына келіп түсетін бай салтанаты тамаша 
сипатталады. Ауыл ақсақалдарының қымызға жиналып әңгіме - дүкен құруы, сөзуар көсем қарттардың 
тыңдаушыларына  еліте  айтқан  әңгімелері,  жалшы,  малшы  және  жылқышылардың  малды 
жайластырып,  ауылға  келіп  бай  ордасынан  қымыз  дәметуі  сенімді  айтылған.  Күз  түсе  ел  өмірінде 

АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ СОЦИАЛЬНО-ГУМАНИТАРНОГО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ 
 
 
164
ойын  –сауық  азайып,  жұртшылық  қысқы  шаруа  қамына  кірісе  бастайды.  Күзгі  қара  суық  түсіп, 
табиғаттың өзгеруіне байланысты ауыл іреңінен кете бастауын, кедей – кепшіктің киімі мен киіз үйінің 
жыртығын  жамап  –  жасқап,  келе  жатқан  қаһарлы  қысқа  дайындығын,  күзеудің  тозып,  шаңы  шығып, 
бұрқырап  жататын  сүреңсіз  ажарын  ақынның  «Күз»[2,45]  аты  өлеңінен  айқын  көреміз.  «Қараша, 
желтоқсанмен сол бір он екі ай, Қыстың басы бірі ерте, біреуі жәй, Ерте барсам, жерімді жеп қоям деп, 
Ықтырмамен  күзеуде  отырар  бай»,  -  деп,  ақын  қысқы  жайылымның  отын  үнемдеу  үшін  күзеуде 
отырған  бай  аулын,  бай  мен  кедейдің  үй  -  жайының  айырмашылығын  суреттейді.  Бай  үйінің  іргесіне 
қалың киіз тұтып, маздата от жағып, қарға салуға жарамайтын қартаң қойларын сойып жеп, сорпалап 
отырса,  жалшы  малшылар  мен  кедей  –  қоңсылардың  шұрық  –  тесік  қараша  үйінде  оттың  да  жөндеп 
жағылмайтынын,  ертелі  –кеш  тойып  ішер  ас  –  суының  жөнді  болмайтынын  айтады.  «Қыс»  өлеңінде 
ақын:  «Борандай  бұрқ  –  сарқ  етіп долданғанда, Алты  қанат  ақ  орда  үй  шайқалады»,  - деп,  киіз  үйде 
қыстап  шығатындардың  қиын  жағдайын  сипаттайды.  Қысқы  жайылымдағы  малдың  қауіпті  жауы 
ашыққан  қасқыр  екенін  айта  келіп,  жалшы  –  бақташылапды  сергек  күзетіп,  ит  –  құсқа  мал  бермеуге 
шақырады.  Көшпелі  қазақ  аулы  үшін  жыл  мезгілдеріне  байланысты  соны  жайылым  мен  жайлы 
қоныстың  маңызы зор. «Жетіліп жаз жайлауға қона алмай жүр, Күз күзеу де жанжалсыз бола алмай 
жүр,  Қыс  қыстаудың    қып  –  қызыл  ол  бір  пәле,  Оралып  ешбір  шаруа  оңалмай  жүр»,  -  деп,  Абай 
жайылымға байланысты малды ауылдар арасында дау – жанжалдың болып тұратындығына тоқталып 
кетеді.  Көшпенділік  жағдайда  қазақ  халқы  жылқы  малын  өсіруге,  оның  күтіміне  ерекше  көңіл  бөлген. 
Мүмкіндігі  бар  малды  адамдар  жақсы  аттарын  жаз  бойы  құр  жіберіп,  күзде  баптап  мініп,  ойын  – 
тойларда  бәйгеге  өосатын  болған.  Қазақтың  көреген  сыншылары  жақсы  аттардың  сан  –  алуан 
қасиеттерін  оның  сыртқы  пішінінен  айтқызбай  –ақ  бір  көргеннен  танып  білетін.  Ақынның 
шығармаларында  атбегілік,  аттың  сыны  туралы  келелі  пікірлер  айтылады.  «Шоқпардай  кекілі  бар, 
қамыс құлақ» өлеңінде Абай жақсы аттың кекілінен бастап тұяғына дейінгі барлық мүшесінің, жүріс – 
тұрысының қандай болатынын сипаттап, жақсы атқа берген сынын: «Аяңы тымақты алшы кигізгендей, 
Кісіні  бол-бол  қағып  жүргізгендей,  Шапқан  атқа  жеткізбес  бөкен  желіс,  Ыза  қылдың  қолыма  бір 
тигізбей»,  -  деген  тұжырыммен  түйіндейді.  Ақын  халықтың  қыран  баптап  құс  салу,  саяткерлік  өнерін 
«Ешкімге зияны жоқ, өзім көрген, Бір қызық ісім екен сұм жалғанда» деп жоғары бағалаған.  
«Ескілік  киімі»  өлеңінде  ақын  ісмер  тігіншілер  әзірлеген  өнер  туындылары  –  қазақтың  ұлттық 
киім  үлгілерінің  бірқатарын  айтып  өтеді.  Одан  ақынның  өмір  сүрген  заманында  қой  терісінен  илеп, 
томар  бояумен  бояп  тігілетін  тон,  астарына  жабағы  ұсталатын  шидем  шекпен,  ақ  саңнан  (матадан) 
тігілетін  жейде  –  дамбал,  кестеленген  жырық  балақ  жарғақ  шалбар,  мықшима  былғары  етік,  киіз 
байпақ,  күміспен  безендірілген  кісе,  басқа  киетін  пұшпақ  тымақ,  оның  сыртынан  жауын  –  шашында 
киетін  күләпара  сияқты  ұлттық  киім  түрлерінің  болғанын  көреміз.  «Адасқанның  алды  жөн,  арты 
соқпақ...»  өлеңінде  сәнқой  жігіттердің  ақ  елтіріден тымақ,  бөрік  тіктіріп  киетіндіктері де  айтылады.  Ақ 
тымақтың құлағын жымырайта қайырып киген жігіттердің тымағы кірлеп, салтақ – салтақ болатыны да 
ақынның қырағы көзінен таса қалмаған. 
        Қобыз бен домбыра алып топта сарнап, 
       Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап. 
       Әр елден өлеңменен қайыр тілеп, 
       Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап. 
Абай осы өлеңдерінде қазақтың ұлттық аспаптары домбыра мен қобызды тілге тиек етіп, ұлттық 
тілдің  таңбасын  көрсетеді.  Этностың  материалдық  мәдениетімен  бірге  қалыптасқан  атаулар  болып 
табылады. Домбыра мен қобыз қазақтың кейінгі ұрпаққа қалған аманаты, мәдениетіміздің ерекше бір 
бөлшегі болып табылады.  
Ұлы Абайдың «Мәз болады болысың, Арқаға ұлық қаққанға. Шелтірейтіп орысың, Шенді шекпен 
жапқанға»[7.132]  деген  өлең  жолдарында  Шекпен  –  тек  қана  түйе  жүнінен  тоқылатын  жаздық  сырт 
киім.  Шекпендік  матаны  иіріп,  оны  өрмекпен  тоқып,  шапан  үлгісінде  пішеді.  Оған  мақпалдан  немесе 
басқа  қалың  матадан  қайырма  жаға,  тік  жаға  салады.  Шекпеннен  су  да,  жел  де  өтпейді.  Су  тигенде 
түйе  жүні  ширығып,  тығыздала  түседі.  Ол  матаадй  емес,  өте  берік  әрі  жеңіл  болады,  тез  тозбайды. 
Ботаның  немесе  тайлақтың  жүнінен  тоқылған  шекпен  өте  әдемі  болады.  Оны  шидем  шекпен,  кей 
өңірде  боз  шекпен  дейді.  Жастар  мұны  сәндікке  киген.  Қазақта  шен  –  шекпен  деген  сөз  бар.  Оның 
мағынасы  тереңде  жатыр.  Өткен  ғасырларда  Ресей  отаршылдары  елді,  жерді  бөліп,  болыстар 
тағайындап, оларға шен тағайындап, белгі беріп, шекпен кигізген. Осыдан барып шен – шекпен киген 
деген теріс ұғым пайда болған.  
          Күлпәрә бастырған пұшпақ тымақ, 
          Ішкі бауын өткізген тесік құлақ. 
 Күлпәрә    -  су  немесе  қар  түспес  үшін  бас  киімнің сыртынан  қаптай  киетін,  брезенттен  тігілген 
бас киім. Тымақ – ерлердің қысқы бас киімі. Оны аңның, малдың терісінен тігеді. Тымақ – қасиетті бас 
киім. Оны айырбастауға болмайды, оған аяқ тигізбейді. Жақсы кісілердің тымағы атадан балаға мұра 
есебінде қалып отырған. Бұрынғы кезде қазақтар шала туған баланы неше күні кем болса, сонша күн 
тымаққа салып, кереге басына іліп қойған. Бұл – тымақтың қадірі мен қасиетін бейнелейтін көрініс. 
Ақын  қолданған  этномәдени  бірліктер  қазақтың  ұлттық  мәдени  тұрмысында  қолданылған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет