278
іс-əрекеті болып табылады. Оны автоматтандыруға бірқатар
программалық жүйелер жəне шаблондар, сондай-ақ білімді жо-
спарлаушы, бухгалтерлік есеп жүйелері, оқу жүктемесін жəне та-
рификацияны есептеу құралдары, мұғалімдер, оқушылар, оқыту
құралдары жəне т.б. туралы электронды мəліметтер қоры пайдала-
нылады. Модельдеуде, жобалауда жəне ақпараттық білім ортасын
құрастыруда ақпараттық ресурстарды кіріктіретін оқу мекемесінің
ұйымдастырушылық-басқару іс-əрекеті аясында ақпаратты өңдеу
мен тасымалдауды автоматтандырылған арнайы компоненттерді
ерекшелеу маңызды.
Ақпараттық-білім ортасын қалыптастыру оқу мекемесінің
барлық саласын қамтиды, білім беру үрдісінің көрсеткіштерін жан-
жақты талдау үшін қосымша жағдайлар жасайды, жалпы орта білім
беру жүйесінің жағдайы туралы, ондағы сандық жəне сапалық
өзгерістер туралы біртұтас түсінікті қалыптастыруға мүмкіндік
береді.
Ортаны құруда мамандармен ақпараттық ресурстарды
біріктіру үшін арнайы ерекшелену жүйесі дайындалуда. Мұндай
ерекшелену ақпараттандыру-білім беру ортасында қамтылатын
барлық Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын
практикалық дайындауда есепке алынуы тиіс. Мұндай ерекшеле-
ну ақпараттық ресурс басқа да жалпы қабылданған талаптармен
бірге меңгеруге тиісті оқу мекемесінің ақпараттық білім ортасы-
на толықтай енуіне арналған талаптар жүйесі болып табылады.
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының осындай
талаптарға сəйкес келмеуі оның сапасыздығының куəлігі болып та-
былмайды, оның орта аясындағы толыққанды қолданысқа енгендігін
қиындатады.
Достарыңызбен бөлісу: