Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


 Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы



Pdf көрінісі
бет47/49
Дата16.02.2017
өлшемі2,81 Mb.
#4223
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49

                       4. Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы                        353
руханияты дамуының мәдени-философиялық қырлары                           
сы  деп  аталды.  Әдетте  жаңарту  (модерндеу)  ұғымына  бірқатар  елдерде 
капиталистік даму басталған әлемдік тарихта «Жаңа заман» деп аталатын 
дәуірге  енуді  және  буржуазиялық  қайта  құруларға  сәйкес  өзгерістерді 
білдіретіндей мағына беріледі. 
Қазірде  дамыған  деп  атау  қабылданған  елдердің  көпшілігі  жаңарту 
кезеңін  Жаңа  заман  дәуірінде,  XVII–XIX  ғасырларда  бастан  өткізді.  Дәл 
осы уақытта Англияда, Америкада, сондай-ақ Батыс Еуропаның көптеген 
елдерінде  шаруашылық  жүргізудің  жүйесі  ретіндегі  капитализмнің, 
сондай-ақ  оны  негіздеуші  идеология  мен  этиканың  қалыптасуы  жүзеге 
асты.  Дамушы  елдер  деп  қабылданған  қалған  елдер  қатынастардың 
капиталистік  жүйесінің  қалыптасу  кезеңін  сәл  кейінірек  бастан  кешірді 
және еліктеудің үлгісі ретінде дамыған елдерді алып, олардың қоғамдық 
практикасының тәжірибелерін сіңіріп алды.
Сонымен,  біз  ХХ  ғасырда  бақылап  отырған  модерндеу,  әдетте, 
«соңынан қуушы» сипатқа ие болады. Буржуазиялық төңкерістердің ота-
ны  Батыс  Еуропа  болғандықтан,  модерндеу  көбіне  «вестерндеу»  (батыс-
тандыру),  яғни  Батыстың  тәжірибесін  қарапайым  қабылдап  алу  ретінде 
ұғынылады.  ХХ  ғасырда  модерндеу  өзінің  құбылысты  географиялық 
қамтуы  мен  уақыттық  сипаты  бойынша  әмбебаптық  сипатқа  ие  бола-
ды, өйткені батыстық қоғамдардың ұсынатын даму үлгісі мейлінше оңай 
өндірілетін және сондықтан жалпыға ортақ болып шығады. 
Модерндеудің  мақсаты  modernity  жағдайы  немесе  қазіргі  заман 
деп  белгілеуге  болатын  белгілі  бір  жағдайға  жету  болып  табылады. 
Бұл  жағдайдың  дамыған  формасы  ретінде  азаматтық  қоғам  мен  нарық 
принциптеріне негізделген әлемдік экономика, басқаша айтқанда, қаты-
настардың  капиталистік  жүйесі  көрінеді.  Капитализмнің  өзі  нарықтық 
экономика  аясында  табиғи  түрде  пайда  болған  тиімді  шаруашылық 
әрекеттің жай формасы ғана емес, бұл per se нарығы ғана емес, оның өзге-
ше ұйымдасуы. Басқаша айтқанда, капитализм қайратты әлеуметтік стра-
тегия, тұтас идеология және сонымен бір мезгілде, мәні өндірістің немесе 
сауда  операциясының  өзі  емес,  жүйелі  табысты  перманентті  түрде  алу 
болып табылатын арнайы әлемдік құрылыстың, ақша құрылысының алыс-
ты  орайтын  схемасы.  Бұл  жағдайда  нарық  (рынок)  капитализм  мәнінің 
көрінісі ретінде байқалады. 
Қоғам мен экономиканы капиталистік ұйымдастыруға сәйкес келетін 
қатынастардың  нарықтық  экономикалық  үлгісінің  таралуының  жаhан-
дану үдерісінің де, жаңарту үдерісінің де жалпы негізі болатыны даусыз. 
Осылайша,  нарықтық  экономика  қазіргі  заманғы  моноформациялық 
жаhандануды  және  жаңартуды  батыстандыру  формасымен  (соғыстан 
кейінгі дәуірдегі Үшінші әлем елдерінің даму практикасында ең кеңінен 
таралған) байланыстырады.
Қатынастардың  капиталистік  жүйесі  осы  жаhандану  және  жаңарту 
үдерістерінің  негізінде  жатыр.  Бірақ,  егер  жаңартуды  дәстүрден  қазіргі 
заманға өту қозғалысы үдерісіндегі капитализмнің бастапқы қалыптасуы 

354                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
ретінде  түсіндіруге  болса,  ал  жаhандану  үдерістері  –  бұл  қазіргі  заман 
жағдайынан (modernity) кейінгі қазіргі заман жағдайына (postmodernity) 
өту  бағытындағы  қатынастардың  капиталистік  жүйесінің  онан  арғы 
сандық,  ал  кейінірек  сапалық  дамуы.  Осындай  түсіндірмеде  жаhандану 
қоғамдардың прогресс жолындағы модерндеудің табиғи жалғасы түрінде 
көрінеді, ал модерндеу, өз кезегінде, ғаламдық өзгерістердің бір нұсқасы 
ретінде қарастырыла алады. 
Модерндеу теориясының терминологиясында да, жаhандану теория-
сының терминдеріндегі сияқты әлемдік дамуды түсіндірудің, шын мәнінде, 
нақты  өмірде  болып  жатқан  үдерістерді  сипаттауға  және  түсіндіруге 
қабілетті  жүйені  құрастырудың  ұмтылыс  екендігін  ұмытпаған  жөн.  Бұл 
жүйелердің әрқайсысының өз ұғымдық және категориалдық аппараттары 
бар және олар қоғамдық үдерістерді зерттеу үшін әдістемелік схема ұсына 
алады. Бірақ, мұның үстіне, олар тек теориялық жүйелер ғана болып қал-
ғандықтан,  бұл  теорияларды  түпкілікті  түсіндіріп  беруші  құрылымдар 
ретінде бұл теорияларды қолдануға шектеу қояды. 
Жаңарту  теориясы  салынған  іргетастың  негізі  ретінде  әлеуметтану-
дың  барлық  дерлік  классиктерінің  жұмыстарын  көрсетуге  болады,  өйт-
кені олар қандай да бір деңгейде мына мәселелерді қозғайды: О. Конттың 
адамзат дамуының үш кезеңі идеясы, К. Маркстің тарихи материализмі,  
М. Вебердің «рационалдандыруы», Г. Зиммельдің абстракциясы, Ф. Теннис-
тің  «қауымы»  мен  «қоғамы»,  Э.  Дюркгеймнің  «механикалық  ынтымақ-
тастықтан» «органикалық ынтымақтастыққа» өту идеясы, Т. Парсонстың 
«әлеуметтік дифференциация» рөлін талқылауы және басқалары. 
«Модернделу» деп аталатын үдерістің мәнін және оның аяқталуының 
өлшемдерін айқындайтын «модерндеу теориясының» өзінің қалыптасуы 
ХХ ғасырдың 50-жылдарының соңы мен 60-жылдарының соңында жүзеге 
асты. Жаңа теория әртүрлі  ғылымдардың түйісінде пайда болды: модерн-
деудің  төлтума  тұжырымдамасының  қалыптасуына  әлеуметтанушылар 
ғана емес, экономистер қомақты үлес қосты. 1960 жылы Ұлыбританияда 
басылып шыққан «Коммунистік емес манифест» деген өзіне тән тақырып-
шасы бар У. Ростоудың «Экономикалық өсім кезеңдері» атты еңбегі ерек-
ше маңызға ие болды. 
Жаңарту теориясындағы негізгі ұғымдар «дәстүр» мен «қазіргі заман» 
ұғымдары  болып  табылады.  Бұл  ұғымдар  тарихи  уақыттың  ерекшелік-
терімен  –  өткеннің,  қазіргінің  және  келешектің  ерекшеліктерімен 
сипатталған  әлеуметтік-мәдени  жүйелердің  жағдайымен  сипатталады. 
«Дәстүр»  –  бұл  көптеген  «қазіргі  замандардың»  жиынтығы,  бұл  тарихи 
метаморфозалардың сүзгісінен өтіп әлеуметтік жадыда жинақталған ру-
хани тәжірибе. 
«Дәстүр  мәдениетте  қоюланып  қана  қоймай,  одан  сұйылып  та  шы-
ғады,  мәдениеттің  тәнінде  бұрынғы  және  болашақ  дәстүрлердің  өзек-
тері  қиылысады,  осылайша  мазмұндардың  алмасуы  жүзеге  асады. 
Мәдениет  бұл  жерде  әр  алуан  желілер  тұтасқан  таңбалаушы  құрылғы 

                       4. Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы                        355
руханияты дамуының мәдени-философиялық қырлары                           
ретінде де, диірмен ретінде де, тоқыма өрмегі ретінде де көрінеді. Тарихи 
жағдайлардың бір келбетінде олардың кез келгені өзекті болып шыға ала-
ды» [14, 101 б.]. Бұл зерттеушінің пікірі «дәстүрдің озығы да бар, тозығы 
да бар», деген қазақтың мақалына дәл келіп тұр. Дәстүр мен қазіргі заман, 
уақыт пен кеңістіктің синхрондылығы мен диахрондылығына сәйкес, өзара 
бір-біріне өте алады. Дәстүрде қазіргі заманның бастаулары болатын бол-
са, ал қазіргінің бойында дәстүрдің де ізі бар. 
Жаңартушылық  аясындағы  дәстүр  мен  қазіргі  заманды  әлеуметтік 
жадының қалыпты және қозғалмалы бөлігі деп қарастыруға болады. Бұл 
қырынан алғанда дәстүр – бұл орныққан білімдер, тәжірибе, институттар, 
қатынастар, құндылықтар, ал қазіргі заман – бұл осы құрамдастардың жаңа 
бір нәрсеге қол жеткізуге, өзгеруге бағдарланған әлеуеті. Қоғамды жаңарту 
барысында бұлар өзгерістерге түседі, тарихи әлеуметтік жадының тұрақты 
константалары болса, жаңарту барысында да өзгеріссіз қала береді. Мы-
салы,  дәстүрлі  қазақ  қоғамы  кеңестік  дәуірдегі  жаңартушылықтан  кейін 
де  көптеген  дәстүрлі  институттары  мен  қатынас  типтерін  сақтап  қалды. 
Олар тіпті бүгінгі посткеңестік жаңартушылық барысында қайта жаңғыра 
бастағандай  көрінеді.  Бұл  Ф.  Теннистің  сөзімен  айтқанда,  әлеуметтік 
ұйымның екі типінде де – қауымда да, қоғамда да жүзеге асатын үдеріс-
терді  білдіреді.  Бұл  қарама-қайшы  екі  үрдіс:  бір  жағынан  дәстүрге 
ұялаған рушылдық, қандас-туыстық қатынастардың өзектіленуі, шежіреге 
деген  қызығушылықтың  оянуы,  екінші  жағынан,  адам  мен  қоғамды 
әлемдік экономикалық және саяси кеңістікте аман қалуға мәжбүрлейтін 
рационалдық қатаң жағдайлар Қазақстанда да байқалады. Бұл жағдайлар 
белгілі мәдениеттанушы Сәдуақас Темірбековтың еңбектерінде сөз болады 
және ол «қазақтардың басым көпшілігінде, аграрлық халық екендігімен, 
олардың рушылдық, трайбалистік қатынастарды жоюға жағдай жасайтын 
индустриалды  қалалық  мәдениеттің  қазанында  қайнаудан  өтпегенімен, 
нарықтық  өркениет  тәжірибесінің  жоқтығымен,  технологиялық  мента-
литеттің қалыптаспағанымен» [15, 84 б.] түсіндіріледі. 
Қазіргі көзқарастар бойынша, жаңартушылық дәстүршілдікті толы-
ғымен  теріске  шығармайды.  Жаңартушылық  теоретиктерінің  айтуын-
ша,  жаңартылған  дәстүршілдік  дәстүрлі  және  қазіргі  қоғамдарда  тұлға 
мен  әлеуметтік  қатынастардың,  институттар  мен  құндылықтардың  әр 
алуан  типтері  қалыптасқанына  қарамастан,  жаңартуға  игі  ықпал  ете 
алады. Өткен ғасырлардағы ахуалды сипаттай келе, Ф. Теннис қоғамдық 
прогресті қатынастардың мәдени негіздерінің жойылуымен байланысты-
рып еді. Бұл дәстүрлі байланыстардың үзілуімен, адами қатынастардағы 
туыстық  пен  жылылықтың  бәсеңдеуінен  аңғарылады,  салқын  есеп  пен 
рационализм  әлеуметтік  қатынастардың  негізгі  көрсеткішіне  айналады. 
Бүгінгі  біздің  қоғамда  «жүз  досың  болғанша,  жүз  сомың  болсын»  («жүз 
сомың болғанша, жүз досың болсын» деген мақалдың теріс айналуы) де-
ген мәтелдің алдыңғы орынға шығуының өзі тарихи сана мен әлеуметтік 
жадының бүгінгі заманға сай модернделгенін көрсетеді. 

356                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
Жаңартушылық үдерісі барысында тек саяси жүйе ғана емес, қоғам-
ның барлық тіректері де құбылады. Демек, әлеуметтік модерн тарихи сана 
мен әлеуметтік жадының да қорын қозғалтып, шайқалтады. Бүгінгі күннің 
ащы шындығына жауап беретіндей жаңа парадигмаларды іздеу барысын-
да өзіңдікін тәрк етіп, өзге халықтардың мәдени-әлеуметтік қорына көз тігу 
басталады. Мұның мысалын американдық пуританизм мен прагматизм-
ге деген қызығушылықтың өсуінен, бұрынғы қоғамдық құрылымдардың 
барысында  пайдакүнемдік  табысқа  жеткізеді  деген  үмітпен  Д.  Дьюи-
дің, Ч. Пирстің, Б. Франклиннің философиялық еңбектеріне деген қызы-
ғушылықтың  белең  алуынан  байқалады.  Тез  өзгермелі  қазіргі  әлемде 
көнерген  көшпелі  өркениеттің  дүниетанымдық  құндылықтарынан  гөрі 
ақша мен пайдаға негізделген прагматизм тиімді көрінеді. 
Жоғарыда  айтылғандай,  жаңарту  мен  жаhанданудың  тамыры  бір. 
Оның  ұлттық  тарихи  өзіндік  сана  мен  мәдениеттерге  ықпалының  сал-
дары  көз  алдымызда  өтіп  жатыр.  Жаhандану  үдерістері  барған  сайын 
үдемелі ырғақта ағып бара жатыр; сондықтан бұл үдерістерге кейіннен 
қосылған  елдерге  ерекше  қиын  болады;  барлық  қолайлы  орындар 
егеленіп қойылған және тек сол бойынша жаhандық әлемдік үдерістерге 
қатысуға  болатын  ережелердің  қалыптасу  кезеңі  аяқталып  та  үлгерді. 
Артта  қалған  елдердің  бағытын  түзеуге  уақыты  қалмады  десе  де  бола-
ды  және,  сондықтан,  «көш  барысында»  қайта  құрылуға  және  бағдар 
ұстануға тура келгендіктен, міндетті түрде қателіктерге ұрынып, одан да 
күрделі жағдайларға ұшырайды. Бұл ахуалдан оңтайлы шығудың аз ғана 
жолдарының бірі ретінде төмендегіні ұсынуға болады: елдің қолда бар 
және келешектегі мүмкіндіктерін салауатты бағалап, жаhандастырушы 
үдерістердегі  өз  орнын  анықтап  алу,  өзіне  тән  ұтымды  жолды  табу. 
Оның  үстіне,  әңгіме  тек  экономика  мен  саясат  жайлы  ғана  емес,  соны-
мен  қатар  идеология  туралы  да,  динамикалы  және  тұрақсыз  қазіргі 
әлемде ел үшін аса қажет келісім мен азаматтық әлемге кепілдік беретін 
қалың әлеуметтік қабаттардың бірігуін өз төңірегіне топтастыратындай 
құндылықтар жүйесі туралы болып отыр. 
Жаhанданудың рухани салаға жағымсыз әсеріне қалай қарсы тұруға 
болады,  мұндай  жағдайларда  ұлттық  мәдениеттер  не  істей  алады?  Бұл 
сұраққа қазақстандық философтар жауап табуға тырысады. «Мәдениетке 
лайық  келе  қоймайтын  терминдерді  пайдалана  отырып,  өздері  үшін 
ұлттық  мәдениеттер  қандай  болашақты  қалар  еді,  нені  ұнатар  еді  деген 
сұрақтарды  қоюға  болады.  Біздің  ойымызша,  ұлттық  мәдениеттер,  ең 
алдымен,  өздерінің  бірегейлігін  сақтауды  қалайды,  екіншіден,  әлемдік 
қауымдастық  үшін  тартымды  болуды  қалайды.  Бұл  екі  ниет  те  бір-
біріне қайшы келмейді және бірін-бірі теріске шығармайды. Бірақ көзге 
қарапайым көрінгенімен, оларды біріктіру де оңай емес: өйткені ұлттық 
мәдениеттердің  дәл  осы  төлтумалылығы  оларды  әлем  үшін  тартымды 
етеді. Алайда үңіле қарайтын болсақ, егер бұл мәдениеттер көп ғасырлар 
ішінде  өзін  мойындата  қоймаған  болса  және  әлемдік  мәдениеттің 

                       4. Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы                        357
руханияты дамуының мәдени-философиялық қырлары                           
«құрамына» кірмеген болса, әлемдік қауымдастық ұлттық мәдениеттердің 
төлтумалылық  мазмұнына  енжарлық  танытады.  Тек  бүгінгі  күні  ғана 
өздерін бүкіләлемдік ауқымда жариялай бастаған ұлттық мәдениеттерге 
деген қатынас, басым көпшілігінде, тек бар болғаны, ізін қалдырмай бір 
сәттік қана болатын экзотикалық қатынас болып қала береді» [16, 435 б.]. 
Бұл пікірден кеңестік жүйе ыдырағаннан кейін тәуелсіздігіне қол жеткізген 
елдердің,  оның  ішінде  Қазақстанның  да  келешек  мәдениетіне  күмәнмен 
қарайтын мысықтілеу жатқандай көрінеді. 
Дегенмен, дәстүр түптеп келгенде, адамның материалдық және руха-
ни қажеттіліктерін өтеуге негізделген, сол себепті де ол замана талаптары-
на сай, өзгеріске түсіп немесе жаңартылып отырады. Қазіргі техногендік 
өркениет «функционалды рационалдығымен, тартымдылығымен, ыңғай-
лылығымен  ерекшеленіп,  адамның  өмірқамының  жеңілдігі  мен  қолай-
лылығын қамтамасыз етеді» [17, 85 б.]. Сондай-ақ «капиталистік қоғамда 
адамды  нарыққа  тәрбиелеу,  оның  нарықтық  менталитеті  мен  санасын 
қалыптастыру  тым  жас  кезден  басталады,  жеткіншекті  икемділікке  бау-
лиды, іскерлік белсенділік пен бәсекеге үйретеді. Материалдық байлыққа, 
өмірлік  жақсы  жағдайға  деген  қажеттілік,  өзінің  тұрмыстық  жағдайын 
түзеуге деген ұмтылыс адамзаттық өркениет дамуының қуатты ынталан-
дырушы күші болып табылады» [17, 19 б.].
Тарихи  уақыт  қайтымсыз,  ол  өткеннен  болашаққа  қарай  ағады.  Сон-
дықтан  да  табысқа  жетуі  қоғамның  жинақтаған  білімі  мен  тәжірибесіне 
тәуелді болатын әлеуметтік құбылыстарда кеңістіктік-уақыттық фактор аса 
маңызды рөл ойнайды. Мұны посткеңестік кеңістікте қалыптасқан бүгінгі 
ахуалдан да аңғаруға болады. Қоғамдық санада посткеңестік қоғамдардың 
келешегіне  қатысты  қандай  да  бір  айқын  бағдар  қалыптаса  қоймағанын 
мойындау да керек. Қайта құру кезеңінен бастап кейінге лақтырылған кей-
бір  құндылықтар  мен  әлеуметтік  институттар  қоғамдық  сананың  аясына 
қайта оралып, көзқарастар қайта бағаланып жатқанын аңғару қиын емес. 
Кеңес дәуірі тұсында ұлттық мәдениет пен тарихи сана орны толмас 
шығындарға  ұшыраумен  қатар,  еуропалық  мәдениетті  игере  отырып, 
рухани мәдениет салаларында – ғылым, білім, әдебиет пен өнер салала-
рында аса ірі жетістіктерге жетті. Қазақстанның мәдени өмірінде ұлттық 
опера,  балет,  драма,  симфония,  кескіндеме,  кино  және  т.  б.  жаңа  өнер 
түрлері пайда болып, тарихи сана дамуына өзіндік ықпал етті. Кеңестік 
заманда қатардағы адамның әлеуметтік жағынан қорғалуының – адамның 
еңбекке,  демалуға,  тұрғын  үйге,  тегін  білім  мен  медициналық  қызметке 
құқылығының, мектепке қамқорлық пен жоғары білімнің бағалануының 
және т. б. жоғары деңгейде болғандығы ешкімде де күмән туғызбайды. 
Жалпы алғанда, салыстырмалы түрде, кеңестік қоғамда дәстүрлі си-
паттың белгілері де басым болды деп тұжырымдауға болады. Қауымдық 
және  ұжымдық  ұстындарындағы  коммунистік  идеология  батыстық  қо-
ғамның эгоистік идеологиясынан түбегейлі айрықшаланды. Кеңес дәуірі 
тұсында қазақтар өздерінің дәстүрлі шаруашылығымен айналысып, бел-

358                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 
                                                      және этномәдени негіздер
гілі  бір  ұлттық  құндылықтарын  сақтай  алды.  Бүгінгі  күні  болса,  қоғам-
ның  рухани  тіректері  түбірімен  шайқалып,  дәстүрлі  құндылықтарды 
либералдық құндылықтармен үйлестіру қиынның қиыны болып отыр. 
Мәдениеттердің  ұлттық  ерекшеліктерін  жонудың,  оларды  қандай 
да болмасын экзотикалық, архаикалық құбылыс ретінде «кері итерудің», 
«қырқудың» түрлі үдерістерімен сипатталатын әлемдік өркениеттің қазіргі 
дамуы барлық халықтар үшін, олардың тұрмысы, өмір сүру тәртібі, қоршаған 
ортасы үшін біркелкі болып келетін ортақтандырылған бір «бұқаралық-
техникалық»  мәдениеттің  түзілуіне  әкелетін  үрдіс  алып  отыр.  Ағын 
Қасымжановтың пікіріне сүйенер болсақ, «көбіне бұл «әлемдік өркениет-
тілік»,  қарапайым  мысал  үшін  айтар  болсақ,  кинодағы  Голливудтың 
үлгілері  сияқты,  басқа  «мәдениеттің»  үлгілерін  таңуды  ғана  білдіреді. 
Біздің  ойымызша,  жалпыадамзаттық  бұл  –  әрқайсысы  адамгершілікке 
өзінше  бір  үлесімен  үн  қосқан  барлық  халықтардың  мәдениеттерінің 
бастаулары  мен  қойнауларынан  тарихи  тұрғыда  келе  жатқан  құбылыс. 
Руханилық  халыққа  тіршілік  етуге  мүмкіндік  беретін,  өмір  сүруге  деген 
құқығын  бекітетін  өзек  болып  табылады.  Халықтың  руханилығы  тарихи 
тұрғыда сынаққа түседі, шығынға ұшырайды, тоқырауға түседі, бірақ ол 
өмір сүргендіктен, халық та өмірін жалғастырады. Руханилық – саналылық 
пен бейсаналылықтың қоспасы, халық болмысының адамгершілік қабаты. 
Әрине, руханилық халықтың жалпы санасының терең тамыры ретіндегі, 
кәдуілгі сана мен пайым ретіндегі әртүрлі  формаларда да, интеллектуал-
дар мен ақындардың абстракциялары мен арман-аңсарларының мейлін-
ше  биік  формасында  да  көрініс  табады.  Ұлы  тұлғалардың  абыройын 
түсірушіліктің  барлық  ұмтылыстарына  қарамастан,  біз  руханилық  сала-
сында, ой мен қиял саласында да шынайы және жалған ұлылық болады 
деп түйіндейміз» [18, 4 б.]. 
Посткеңестік кезеңдегі жаңартушылық пен қазіргі жаhандану жағдай-
ында ұлттық және өркениеттік бірегейлік мәселесі өткір қойылып отыр. 
Бұл мәселе сыртқы суперөркениеттердің тоғысу нүктесінде орналасқан ге-
осаяси жағдайымен ғана емес, ішкі мәдени гетерогенділігімен, яғни халқы-
ның көпэтносты және көпдінді құрамымен ерекшеленетін Қазақстан үшін 
ерекше көкейтестілікке ие болып отыр. Батысшылдық пен дәстүршілдік-
тің күресімен сипатталатын әлеуметтік-мәдени ахуал қоғамды тұтастықтан 
айырып,  ұзақ  уақыт  трансформациялық  үдерістерді  бастан  өткізген  ти-
тулды  ұлт  қазақтардың  өзіндегі  бірлік  мәселесіне  нұқсан  келтіріп  отыр. 
Мақал-мәтелдерінің  басым  тақырыбын  құрайтын,  бірі  бірінен  ажыра-
тылмай  қосақталып  айтылатын  бірлік  пен  береке,  ынтымақ  пен  ырыс 
бүгінгі қазақ халқы үшін күн тәртібінен түспей отыр. Ұлтты ұйыстырушы 
тетіктердің бірі дін десек, ислам дініне деген жаппай бет бұрушылықтан 
ынтымақтың ұйытқысын аңғаруға болады. Орталық Азия халықтарының 
әлеуметтік-мәдени  қалыптасуындағы  исламның  рөлін  ретроспективті 
бағалау  бүгінгі  күндері  өзінің  жаңа  қырларын  танытып  отыр.  Ойлау 
мен  жүріс-тұрыс  қалыбының  жүйесін  бойына  жинақтаған  ислам  діні 

                       4. Кеңестік кезең мен қазіргі замандағы қазақ халқы                        359
руханияты дамуының мәдени-философиялық қырлары                           
әлеуметтік белсенділікті жақтай отырып, қазіргі құндылықтардың көпші-
лігіне қайшы келмейтіндігімен сипатталады. 
Жалпы  алғанда,  өркениеттер  арасындағы  айырмашылықтардың  ар-
насы кең, ол әсіресе, осы тарих пен мәдениет, салт-дәстүрлер мен дін са-
ласында айқын байқалады және бұл өзгешеліктер бірден жойылып кет-
пейді.  Өркениеттерді  жіктеп,  бөлуде  діннің  рөлі  барған  сайын  күшейе 
түседі. Сананың жаhандануына қарамастан, оқшау өркениеттік сана-сезім 
«мәдени тамырларға қайта оралу» құбылысына байланысты жаңа сатыға 
көтеріледі.  Мәдени  немесе  діни  ерекшеліктер  мен  айырмашылықтар 
тұрақты болғандықтан, оларды шешу саяси және экономикалық мәселе-
лерді шешуге қарағанда әлдеқайда күрделі болып келеді.
Адамзат тарихында қашанда өзекті болып келген дін бүгінгі күні де 
көкейтестілігімен алға шығып отыр. Алдымен ол адамзаттың экзистенци-
алды  болмысымен,  руханилығымен  байланысты.  Бұл  тұрғыдан  алғанда 
дін қашанда өзекті. Екіншіден, оның өзектілігі, бүгінгі әлемде қалыптасқан 
ахуалда  діннің  саясатпен  астасуымен  байланысты  болуында.  Көпшілік 
дінді  тазалық  пен  нық  сенімнің  нәтижесінде  адам  жүрегінен  орын  ала-
тын ілім ретінде қабылдағанымен, теріс пиғылды саясатшылар оны өзге 
мақсаттағы құралға айналдырып отыр. Үшіншіден, тоталитаризм тұсында 
атеистік бағытта тәрбиеленген біз үшін діннің өзектілігі тәуелсіздік тұсын-
дағы дүниетанымдық және рухани ізденістермен байланысты.
Бүгінгі  қазақстандық  қоғамдық  санада  дінге  деген  көзқарас  өзгеріп 
келеді,  әсіресе  жастар  дінге,  имандылыққа  және  ислам  дініне  жаппай 
ден  қоюда.  Бұл  қоғамның  келешегіне  зор  үмітпен  қарауға  мүмкіндік 
береді. Шындығында,  ислам діні  бейбітшілік пен  еркіндіктің,  ізгілік  пен 
әділеттіліктің  діні  еді  және  ол  өзінің  канондарында  білім  мен  ғылымға 
құштарлықты құптайды. 
Еуропада  Ағартушылық  дәуірінен  бері,  ал  біздің  елімізде  кеңес  за-
манында атеизм үстемдік етіп, дінге деген теріс көзқарас басым болғаны 
белгілі.  Ал  қазіргі  біздің  заманымызда,  әсіресе  ХХ  ғасырдың  соңы  мен 
үшінші  мыңжылдықтың  қарсаңында  діни  сана  қайта  жаңғырып  отыр. 
Бұған, әрине, діни сипаттағы болсын, зайырлы сипаттағы болсын эсхато-
логиялық  көңіл-күйлердің,  милленаризмнің  әсері  де  көп  себеп  болғаны 
даусыз.  Адамның  өзімшілдігі  мен  тойымсыздығы  планетамыздың  өзінің 
өмірін қауіпті жағдайға қойып, діндерде айтылатын қияметтің белгілері 
мен тарихтың ақыры туралы – Мессия патшалығының (иудейлік дәстүрде), 
Парусияның (христиандықта) және ақырзаманның (исламда) келуі туралы 
ой-қиялдарды алдыңғы орынға шығарды. Өкінішке орай, материалистік 
дүниетанымның имансыздықты жайып, адамзат пен табиғат және адам-
дардың  өздерінің  арасындағы  тепе-теңдікті  бұзатынын  тарих  айқындап 
отыр, ал діннің пәни дүние мен бақи әлем, материалдылық пен руханилық, 
жан  мен  тән,  тіпті  соңғы  уақытқа  дейін  қарама  қарсы  қойылып  келген 
сенім мен білім секілді кереғарлықтарды табыстыруға тырысатыны мәлім 
болды. Сондай-ақ ахлақсыз білімнің де ақсайтыны белгілі болды.

360                                    Қазақ руханияты: тарихи-философиялық 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет