Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті М. О.Әуезов атындағы Әдебиет және ӛнер институты Алматы қаласы Білім басқармасы



Pdf көрінісі
бет9/47
Дата01.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#54183
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47
Жанғара Дәдебаев
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
 Абай ғылыми институтының
директоры, филол.ғ.д., проф. 
 
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДЫҢ
ЗАМАНАУИ НЕГІЗДЕРІ 
 
Негізгі орта білім, жалпы орта білім беру ісінде 
міндетті түрде басшылыққа алынатын басты мемлекеттік 
нормативтік құжаттар бар. Олар – «Негізгі орта білім берудің 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» және «Жалпы орта 
білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты». 
«Қазақ әдебиеті» пәнінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік 
оқу бағдарламалары осы стандарттар негізінде жасалды. 
Аталған 
стандарттар 
Қазақстан 
Республикасы 
Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен 
бекітілген. 2018 жылы 31 қазанда Білім және ғылым 
министрінің № 604 бұйрығымен аталған стандарттардың 
жаңа буыны бекітілді, бұрынғы стандарттар Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 
895 қаулысымен күштерін жойды.
Аталған стандарттарда білім беру мақсаттары білім 
беру аяқталғанда күтілетін нәтижелер түрінде анықталған. 
Ол нәтижелер нақты құзіреттіліктер түрінде кӛрсетілген: 1) 
біледі; 2) түсінеді; 3) қолданады; 4) талдайды; 5) 
жинақтайды; 6) бағалайды.
Стандарттарда, олардың негізінде жасалған үлгілік 
оқу бағдарламаларында білім беру ісі аяқталғанда күтілетін 
нәтижелерді анықтау үшін, оны дамытуды ақпараттандыру 
үшін қолданылатын негізгі бағыт – Блумның таксономиясы 
(1956). Стандарттарда, үлгілік оқу бағдарламаларында 
белгіленген 
мақсаттар 
мен 
нәтижелер 
Блум 
таксономиясының 1956 жылғы иерархиялық жүйесіне сай 


16 
анықталған. Ол жүйе мынадай: 1) білу; 2) түсіну; 3) қолдану; 
4) талдау; 5) жинақтау; 6) бағалау. Бұлар – білім 
алушылардың танымында кезең-кезеңімен қалыптасатын 
ойлау 
дағдыларының, 
білім 
алушылардың 
оқу 
материалдарын меңгеруінің танымдық деңгейлері. Осындағы 
1) білу; 2) түсіну; 3) қолдану – үш сатыдан тұратын әуелгі 
деңгейдегі таным дағдылары. Бұл деңгейдің практикалық 
сипаты басым. Ал кейінгі 4) талдау; 5) жинақтау; 6) бағалау 
– үш сатыдан тұратын жоғары деңгейдегі ойлау дағдылары.
1995-2000 
жылдары Л.Андерсен мен Д.Кратвол 
басшылығымен жұмыс жасаған психологтардың тобы 2001 
жылы Блум таксономиясының жаңартылған нұсқасын 
ӛндіріске енгізді. Жаңартылған нұсқада білу – есте сақтау 
болып аталды, жинақтау жасау деп аталды. Танымдық 
дағды деңгейлері танымдық процесс деңгейлері ретінде 
мына жүйеде нақтыланды: 1) есте сақтау (помнить), 2) 
түсіну (понимать), 3) қолдану (применять), 4) талдау 
(анализировать), 
5) бағалау (оценивать), 6) жасау 
(создавать). 
Қазақстанның білім беру саласындағы мемлекеттік 
жалпыға міндетті стандарттарында, олардың негізінде 
жасалған оқу пәнінің үлгілік оқу бағдарламаларында, 
оқулықтарында Блум таксономиясының 1956 жылғы жүйесі 
қолданылды, 1995-2000 жылдары айналымға түскен 
жаңартылған жүйесіне білім басындағылар әзірге мән бере 
қойған жоқ.
Білім 
алушылардың 
ойлау 
құзіреттілігін 
қалыптастыру мен дамыту ісінде Блум таксономиясында 
негізделген алты танымдық құзіреттіліктің әрқайсысының 
ӛмірлік маңызы бар. Олар ӛзара сатылы түрде сабақтасқан. 
Бір деңгейге кӛтерілмейінше келесі деңгейге асу мүмкін 
емес. Мысалы, қолдану үшін түсіну шарт, түсіну үшін білу, 
білгенді есте сақтау шарт. Білу, білгенді есте сақтау 
болмаған жерде қалған танымдық дағдыларға орын жоқ. Бұл 
дағдылардың әрқайсысының қалыптасу деңгейі білім 


17 
алушының тыңдау (тыңдалым), айту (айтылым), оқу 
(оқылым), жазу (жазылым) сияқты түрлі нақты еңбек-
әрекеттерінің нәтижелері арқылы анықталады.
Білім алушылардың оқудағы жетістіктері бойынша 
күтілетін нәтижелерді оқу мақсаты түрінде тұжырымдап 
бекітуге үлкен мән берілді. Блум таксономиясының 
иерархиялық жүйесін нақты пәннің мазмұнымен, оқытудың 
мақсаттарымен, 
оқытудан 
күтілетін 
нәтижелермен, 
оқушылардың оқу жетістігі деңгейлерінің сипатымен 
үйлестіру бағдарламаны, бақылау-бағалау құралдарын 
жасаушылардан да, оқулық авторларынан да, мұғалімдерден 
де үздік кәсіби біліктілікті талап етеді. 
Білім 
беру 
ісінде 
Блум 
таксономиясының 
бұрынғы1956 жылғы үлгісін қабылдадық. Соған сәйкес білім 
алушылардың танымында кезең-кезеңімен қалыптасатын 
ойлау дағдылары, оқу материалдарын меңгеруінің танымдық 
деңгейлері 
оқу 
мақсаттары 
таксономиясы 
түрінде 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарда бекітілді. 
Ендігі тұста мемлекеттік стандарттарда бекітілген осы 
жүйенің негізінде пәннің үлгілік оқу бағдарламаларын жасау 
керек еді. Пәннің үлгілік оқу бағдарламалары жасалды, бірақ 
оларда 
(5-9, 
10-11-сыныптарға 
арналған 
оқу 
бағдарламаларында) 
мемлекеттік 
жалпыға 
міндетті 
стандарттарда 
бекітілген 
танымдық 
дағдыларды 
қалыптыстыру, дамыту мақсаттары, оқу мақсаттары 
таксономиясы бұрмаланды. Мемлекеттік стандарттардағы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет