Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі мардан сапарбаев институты мунашова Жамиля Балқыбекқызы


Қарым-қатынас стилі және педагогикалық жетекші стиль



бет43/91
Дата21.02.2023
өлшемі0,6 Mb.
#69755
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   91
Байланысты:
пед

4. Қарым-қатынас стилі және педагогикалық жетекші стиль
Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас - бұл педагогтар мен тәрбиеленушілердің әлеуметтік психологиялық өзара әрекеттесу жүйесі, оның мазмұны ақпарат алмасу, тәрбиелеуші әсер жасау, коммуникативті құралдар көмегімен өзара қарым-қатынасты орнатуға бағытталады.
Педагогикалық іс-әрекеттегі қарым-қатынас – бұл оқу міндеттерін шешу құралы, оқу процесін әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз ету; оқыту мен тәрбиенің тиімділігіне әсер ететін педагог пен балалардың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру.
Педагогикалық қарым-қатынасты құрайтын іскерліктер:

  • Ақпаратты беру іскерлігі;

  • Оқушы жағдайын түсіну;

  • Балалармен өзара қарым-қатынас орнату;

  • Қарым-қатынастағы серіктесіне әсер ете алу іскерлігі; - Өзінің психологиялық жағдайын басқара алу және т.б.

Авторитарлық стильдеоқушы тең дәрежелі емес, педагогикалық әсердің обьектісі ретінде қарастырады. Мұғалім шешімді өзі қабылдайды, жағдайды және оқушылардың пікірін ескермей талап қояды. Авторитарлы стильді ұстанатын мұғалім өте қатал, өз айтқанын екі етпей орындағанын қалайды, оқушылар өз ойын, пікірін ашық айта алмайды. Олар қорқақ, пассивті рөл атқарады. Қоғамдық жұмысты, сабақты мұғалімнен қорыққанынан орындайды. Оқушы мұғалімнің алдында тәртіпті бола қалады да, мектептен тыс жерлерде түрлі тәртіпсіздік көрсетеді.

    1. Өзара қарым-қатынастардың және коммуникативті әрекеттердің жалпы сипаттамасының ерекшеліктері.

Жаттығушылармен өзара қарым-қатынас өзіндік жауапкершілік пен өзіндік бастаманы басып тастау негізінде құрылды. Тапсырмалар мен бұйрықтарды еркін талдауға жол берілмейді. Топтың пікіріне көп көңіл бөлмейді. Көбіне іскерлік белсенділікке салынады, кейде жеке тұлғалыққа да салынады. Жаттығушылардың өзара қатынасына көп көңіл “бөлмей олардың іскерлік қарым-қатынасын белсенді түрде ұйымдастырады. Оқушыларын түсіне білетіндігіне сенімді, бірақ топ ішіндегі құрылымды адекватты түрде қарастырмайды. Күрделі проблемалы жағдайлар көп туындайды.

    1. Тіл табысу мәнерінің ерекшеліктері. Көбіне топқа емес, жекелеген оқушыларға көңіл аударады. Жаттығушылардың техникалық тұрғыдан әлсіздерін бөліп қарайды. Өткір жэне ирониялық дауыс ырғағын жиі қолданады.

    2. Тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері. Өзіне сенімді, принципшіл, адамдарға талап қойғыш, ұстамсыз, қайырымдылығы аз, шулы.

Авторитарлы стильдің нақты жаттықтырушысының сипаттамасы.
Өз-өзін сенімді ұстайды, оқушыларға біршама биік көзқараспен қарайды. Барлық топты көз алдында ұстайды, барлық қателіктерді көріп, сәтті жэне сәтсіз әрекеттерді қадағалап отырады.
Жаттығушыларды ескертулер жалықтырып жібереді. Бірақ олар жаттықтырушыны ауыстыруды ойламайды. Бұлай ойлайтындар негізінен топтағы құндылықты, жаттықтырушымен келіспеушілікті ойламайтын, топтан шығып қалғысы келмейтін, жолдастарының қолдауын байқамайтын әлсіз ойыншылар.
Жаттығушылар жаттықтырушының кәсіптік сапалы қасиеттерін, түсіндіру дағдысын, қозғалысын бағалай біледі. Жаттықтырушы үздік физикалық ақпараттары бар спорт шебері болып табылады. Жаттығушылар шынығу кезі жақсы ұйымдастырылғандықтан, I санат алатындықтарына сенеді де, жаттықтырушының қойған талаптарын үздіксіз орындап отырады.
Кейде жаттықтырушының жеке тұлғалық қасиеттерін жаттығушылар төмен бағалайды. Сауалнамалардағы сұрақтарға жартысынан көбі былай жауап береді: «Сіз өзге жаттықтырушыға ауысқыңыз келе ме?» деген сұраққа: «Жоқ, себебі мен келесі жаттықтырушының қандай болатындығын білмеймін». Ал «сіз үздік жаттықтырушыны осылай болады деп ойлайсыз ба?» деген сұраққа көпшілігі мынадай жауап берді: «Жоқ, мұндай емес».
Мұндай кезде жаттықтырушы да топқа сай бағаларын беріп жатады: «Жалқау, тек айқаймен ғана жұмыс жасайды». Жаттығушылар оған ешбір сұрақ бойынша жолыққылары келмейді және сабақтан тыс кезде онымен сейлеспеуге тырысады.
Олар өздерінің мінезі мен жұмыс стиліне қарай оқушы ұжымын басқаруда түрлі әдістер мен айла-тәсілдер қолданады. Мәселен, басқару жүйесіндегі кейбір оқытушылар жұртпен санасып жатпайды, түрлі тәрбиелік шараларды өз атынан жүргізіп, шәкірттер инициативасымен орындалған іске сенімсіздікпен қарайды, балалардың өзінше пікір айтуына шыдай алмайды. Мұндай ұстаз оқушылармен олардың ресми құқылары, міндеттері және жауапкершіліктері тұрғысынан ғана қатынас жасауға тырысады.
Осындай жетекшіліктің басты кемшілігі - маңызды шешімдер мен шаралар қабылдауда жоспар мен жүйелі жинақтылық болмауы. Мұндай жетекшінің ең осал жері - ұжым мүшелерінің бастамасын басып, шығармашылық күшті жеке пайдаланғандықтан кей жағдайда ұжымды рухани жағынан қанағаттанбаушылыққа соқтыруы мүмкін. Мұндай жерде еңбек тәртібі, жұмыстың белгілі бір жүйесі сақталмайды. Оқушылар арасында көңілсіздік, жайсыздық туады. Жетекші өз өктемдігін күшейту мақсатымен болып, оқушылардың хал-жағдайын ойлауға мұршасы да келмейді, сөйтіп ұжымнан сырт қалу пайда болады. Осындай типтегі басқарушыларды авторитарлық жетекші деп атайды.
Демократиялық стиль. Оқушылар қарым-қатынаста тең дәрежелі. Мұғалім шешімді оқушылармен бірлесіп қабылдайды, олардың ойларын, пікірлерін ескереді. Мұғалім тек үлгерімге ғана емес, оқушылардың жеке тұлғалық сапаларына мән береді. Мұндай мұғалімдерге үлкен кәсіби тұрақтылық, өз мамандығына қанағаттану тән.

  1. Өзара қарым-қатынастардың және коммуникативті әрекеттердің жалпы сипаттамасының ерекшеліктері. Өзара қарым-қатынас тұлғаның сыйластық негізінде кұрылады. Тапсырмалар мен бұйрықтарды еркін талдау жеткілікті деңгейде рұксат етіледі. Жаттығушылардың өзара тұлғалық қатынасына қарай ұйымдастырылады. Жұмыс «кім кіммен топтасқысы келеді?» сұрағы бойынша және тұлғалық пікірлерге қарай құрылады. Топтан ешкімді бөлмей, бәріне бірдей көңіл бөледі.

  2. Тіл табысу мәнерінің ерекшеліктері. Өзге стильдермен салыстырғанда, тәрбиелік ақпараттар қолданылады. Кеңес беру, өтіну, нұсқау беру түрінде жетекшілік етеді. Дауыс ырғағы түзу, нақты, бірақ тәрбиелік тұрғыдан әсер ету кезінде ирония да, әзіл де сонымен қатар достық дауыс ырғағы да араласады.

  3. Тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері. Тұлғалық қасиеттері тұтастығымен, өзіне және өзгеге талап қоя білуімен, тік мінезділігімен, тактикалығымен сипатталады.

Демократиялық стиль жаттықтырушысының сипаттамасы.
Өзін сенімді ұстайды. Барлық топты барлап отырады және әрбір жіберілген қателіктерді байқай біледі. Түзету кезінде көбіне нақты нұсқау формасын қолданады, мысалы, «Қолды көтер!». Дауыс ырғағы еркін, іскер, қайырымды.
Өз ісіне деген эмоционалдығы жаттығушымен үзіліс кезінде немесе дайындықтан кейін жүргізілетін табиғи кеңес кезінде ашылады. Егер топтық жиын кезінде бір оқушының келмей қалғандығы анықталып, келесі бір оқушы өзін ата-анасы жібермей қалғандығын жеткізсе, жаттықтырушы оларға егер баскетболды шын жүрегімен сүйсе, онда ата-ананы да оны сүйе білуге тартулары керектігін түсіндіреді.
Жаттықтырушылардың сөйлеу формалары әр түрлі болып келеді: нақты тактикалық нұсқаулар (мысалы: «Иығыңды түзе!»), қолдау көрсету (мысалы, «жарайсың!»), қолдамаушылық (мысалы, «мен бүгін сенің әрекетіңе қанағаттанбаймын») жэне т.б.
Жаттықтырушы ұстамды, тактикалы болғандықтан, окушылар оның барлық талаптарын ризалықпен орындайды. Жаттықтырушы кәсіптік қарым-қатынаста да (топ облыстық олимпиада да чемпион атағын жеңіп алды), жеке (жаттығушылар өз шаруасымен, уайымымен жаттықтырушыға жолығады) байланыста да белсенділік танытады. Ол топты жақсы бағалайды және оның болашағы оны толғандырады.
Демократиялық типтегі жетекші ұжым мүшелерінің пікірлерімен есептесіп қана шешім қабылдайды, жұрттың талаптары мен ұсыныстарын тыңдауды қалайды. Мұндай лидер - топ мүшелерінің бастамаларын мақұлдайды, сөйтіп олардың рухани қанағаттануына жағдай жасайды. Ол жиналыс үстінде сын мен өзара сын өрістеуіне мүмкіндік береді, ұжымнан ешнәрсе жасырмай, әр кез адамдардың көңіл-күйіне жақсы әсер етіп, олардың ықыласы мен сеніміне бөленеді.
Либералды стиль. Мұғалім шешім қабылдаудан бас тартады, барлығын оқушыларға, қызметтестеріне ысырады. Оқушылардың ісәрекетін ұйымдастыру және бақылау жүйесіз жүзеге асады, шешімсіздік, толғаныс байқалады. Сыныптан тұрақсыз микроклимат, жасырын келіспеушіліктер орын алады. Мұнда оқушылардың пікір бостандығының мөлшерсіздігінен аузы барғанша сөйлеп, аяғы барғанша жүреді.
1) Өзара қарым-қатынастардың және коммуникативті әрекеттердің жалпы сипаттамасының ерекшеліктері. Көптеген деңгейде жаттығулар мен жүктемелерді тандауда еркіндік беріледі. Жаттығушыларға жоғары жауапкершілікті байқатқысы келеді. Тұлғааралық қарым-қатынастарды онша ажырата алмайды. Белсенді жаттығушылардың-пікіріне көп көңіл бөледі.
Тіл табысу мәнерінің ерекшеліктері. Жаттығулар кезінде нысан ретінде жаттығушылардың ішіндегі мықтыларын таңдайды. Өзге стильдермен салыстырғанда ұйымдастыру ақпараты екі еседей көп болады. Сөйлесу формаларының колдау және ескерту түрлерін колданады. Жақсы дауыс ырғағын қолданғанды ұнатады.
Тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері. Бұл стильге мына қасиеттер тән: ұстамдылық, ренжімеушілік, тактикалық, қайырымдылық, қарапайымдылық.
Либералды стиль жаттықтырушысының сипаттамасы.
(Өзін іштей сенімді ұстайды. Топты қадағалап және қателіктерін түзетуде қарапайым, жұмсақ тілмен сөйлейді (мысалы, «Гүлім-ау, басыңды түзу ұстасаңшы» т.б.).
Коммуникацияның түрлі формаларын зерттеу, адамның қарымқатынас жайлы білімімізді кеңейтті. Сөйлеу құралымен қатар адам қарым-қатынасының сөзден тыс жолдары, келбет, ым, мимика, серіктестердің бір-біріне қатысты жағдайы, бейнелеу кең зерттеле бастады.
Жетекшіліктің үшінші бір типі либералдық деп аталады. Мұндай тип ұжым ісіне аз араласады, кейде оларды бетімен жібереді. Ол көбінде басшылықты жүрдім-бардым жасайды. Әрине мұндай жерде біркелкі жұмыс болмайды, ұйымдастыру, басқару жұмысының шырқы бұзылады. Осының салдарынан тәртіпшілік, жинақылық, ширақтық жағы кем болады. Мұндай сәтте бетімен кетушілікке, анархиялық пікірлердің ауа жайылуына да жағдай туу мүмкін .
Тұлғаның тұрақты сипаттамалары ретінде педагогикалық тіл табысу стилі, бірінші жылдары негізінен кәсіптік іс-әрекетпен ажырамастай тығыз байланыста болады. Педагогикалық тіл табысудың негізгі дағдылары болмаған жағдайда жаттықтырушы алғашқы кезден бастап-ақ спортшылармен өзара байланысты ұйымдастыруда авторитарлы тәсілдерді қолданады. Педагогикалық тіл табысудың мейлінше оптимальды стилінің құрылу үрдісін жақсы үздіксіз өткізу үшін жас маманның тап болған ұжымы шығармашыл қабілетті және оның жетекшісі де тәжірибелі мұғалім болуы тиіс. Жаттықтырушының коммуникативті дағдысының болуы, педагогикалық тіл табысу техникасын игеруі - маңызды шарт болып саналады.
Жаттықтырушының өзіндік тіл табысу стилінің жеке бейнесін анықтайтын негізгі фактор құрылым болып табылады. Құрылым деп жаттықтырушының тұтастай әрекет ету бағдарламасын, алдын ала белгілі жағдайларды қабылдай білуге даярлығын түсінеміз. Құрылым жаттықтырушының құнды бағыттарын ашып көрсетеді, оның спортшыға, ұжымға, жаттығу үрдісіне және сайыстарға деген көзқарасын анықтайды. Педагогикалық тіл табысуды зерттеп жүрген көптеген психологтар жаттықтырушының спортшыға деген қатынасында позитивті немесе негативті кұрылым жөнінде айтады.
Жетекші, басшы және оның қоғамдағы орны туралы қазақ халқының өткендегі рухани мұрасында да сындарлы пікірлер аз емес. Мәселен, Ш. Уәлиханов жақсы басшы, ақылды, жан-жақты білімді, айналасындағы адамдарды бес саусағындай білетін жұрттың жақсыжаман істерін әділ бағалайтын, табанды да қайсар, ерік-жігері күшті, ұйымдастыру іліммен қаруланған, халыққа қиянат жасамайтын, жағымпаздық пен тамыр-таныстыққа жаны қас, өзіне жақсы жәрдемші таңдап ала білетін, көрегенді басшы болуы қажет дейді.
Топтағы адамдарды танып-білу, мәселесі психологиялық үйлесім ұғымымен тығыз байланысты. Бұл- ұжымдағы ортақ істің табысты болуындағы адамдардың өз қызметінен рахат, ләззат алуын қамтамасыз етуіне мүмкіндік беретін психологиялық жағдай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет