162
үшін предикаттық қатынас қажет. Мысалы,
ауылдан келе, -іп, -гелі
тіркесімдері сөйлем үшін тек материал болып табылады. Бірақ
ауылдан келді тіркесімінің хабарлы мақсатта жұмсалып сөйлем болып
та ұра алады. Ондайда предикаттық қатынастан гөрі, сөйлемге тән
негізгі белгі предикаттылықтың болатынын ескерген жөн.
Предикаттылық – сөйлемдік модальдылық пен сөйлем бойындағы
шақтық белгілермен қатар жүретін белгі.
Ендеше, бастауыш-баяндауыштық құрылымдағы предикаттық
қатынас ішкі түрлерге жіктелмейді, себебі ол бір ғана сөйлемді
айқындайды. Предикаттық қатынас сөйлемнің түрлерін сандық
жағынан көрсетеді, екіншісі – бастауыш-баяндауыштық құрылымды
елемейтін – предикаттық емес қатынас, ол сөз тіркесінің ішкі
құрылымдық жүйесін аңғартады, ішкі түрлерге сараланады, себебі зат
пен заттың, іс-сапаның, іс-әрекеттің объектіге қатысы әр түрлі
деңгейде болады. Ол бірде соңғы заттың, қимылдың сапасын,
сипатын, басқа да түрлі қаситтерін білдірсе, енді бірде іс-қимылдың
мезгілін, мекенін, басқа да белгілерін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: