Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет21/196
Дата06.01.2022
өлшемі2,12 Mb.
#13632
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   196
қон түбірлес сөздер десек, мұнда негізгі түбірлер то, ке, қа, қо  болар 
еді.  Бұйрық  мағына  оған  қосылған  қосымшалармен  байланысты 
болып, олардың кейіннен түбірге кірігуінің нәтижесінде түбір бұйрық 
мағына беретін болған, бұйрық мағыналы қөрсеткішке айналған деген 
жорамал жасауға болатын сияқты. 
2.  А.Қ.Хасенова  оян,  оят,  жұбан,  жұбат  етістіктерін  көнеру, 
қосымшаның  түбірге  кірігуінен  қалыптасқан  туынды  түбірлер  деп 
табады,  олар  оя,  жұба  етістіктерінен  жасалған,  теория  бойынша 
бұлардың  өзі  де  алғашқы  негізгі  түбірлер  емес.  Дегенмен,  осы 
түбірлерден  бұйрық  мағына  байқалмайды.  Мұнда  да  бұйрық 
мағынаның  жасалуы  туынды  түбір  жасаушы  жұрнаққа  байланысты 
сияқты. 
3.  Есім  сөздерден  етістік  тудырушы  жұрнақтар  да  етістік 
жасаумен бірге бұйрық  мағына да қосады. Мысалы:  шегеле, әдеміле, 
тіле  т.б.  Бұл  да  әуелден  бастап,  тілде  бұйрық  мағына  сөз  жасаушы 
жұрнақтармен байланысты болған ба деген ойға әкеледі. Мұның бәрі 
өте  көне  түркі  тіліндегі  алғашқы  түбір  етістікте  бұйрық  мағына 


 
39 
болмай,  бұйрық  мағына  морфемалардың  түбірге  кірігіп,  қазір 
ажырамайтын  тұтас  бір  морфемаға  жетуі  бұйрық  райдың  нөлдік 
морфемасын туғызуы мүмкін деген жорамалға әкеледі.   
Нақ  осы  шақтың  нөлдік  морфемасы.  Шақ  мағынасы  түбір 
етістікте  берілмеген.  Қазақ  тіліндегі  шақ  атаулының  бәрі  белгілі 
морфемалар  арқылы  жасалады.  Осы  заңдылыққа  бағынбайтын  қазақ 
тілінде  3  етістік  бар.  Олар:  отыр,  тұр,  жатыр,  жүр.  Мысалы: 
Жарғақ  шалбарының  ызба  бауы  салбырап,  жүресінен  отыр  (Ғ. 
Мүсірепов).  Оң  жағымда  ер  жүрек  комиссарым  Мадияр  жатыр  (Б. 
Момышұлы). Көрінгенді қарғап, ауылға бүйідей тиіп бәйбіше жүр (Б. 
Майлин). Атап айтқанда, бұл 3 етістіктен нақ осы шақ нөлдік морфема 
арқылы  жасалады.  Мысалы:  мен  отырмын,  сен  жүрсің,  сіз  тұрсыз 
т.б.  
Бұл  үш  етістіктен  нақ  осы  шақтың  нөлдік  морфема  арқылы 
жасалуы  кейінен  фонетикалық  процестің  нәтижесінде  қалыптасқан. 
Ертедегі  түрік  тілінде  олар:  олурур,  журур,  турур  түрінде 
қолданылған.  Гаплология  процесі  бойынша  мұндағы  бір  –  ур 
морфемасы қысқарған, бірақ грамматикалық мағына (шақ мағынасы) 
сақталған,  мұндай  қысқартуда  мағына  өзгермейді.  Бұл  сөздерде 
болған  фонетикалық  процесс  түбір  мен  оның  нақ  осы  шақ 
формасының  омонимдігін  туғызған,  сондықтан  қазіргі  тілде  отыр, 
тұр,  жатыр,  жүр  етістіктерінен  нақ  осы  шақтың  нөлдік  морфема 
арқылы  жасалуы  танылады,  тарихи  тұрғыдан  алғанда,  бұл 
етістіктерде  осы  шақтың  қосымшасы  болғандықтан,  олар  осы  шақ 
мағынасын береді. Ал осы шақтағы  жатыр етістігінде қосымшаның 
қысқаруына ондай фонетикалық жағдай болмағандықтан, ол қосымша 
сақталған. 
Дербес  мағыналы  жат  етістігінен  қазір  де  нақ  осы  шақ  –ыр 
жұрнағы арқылы жасалады. Мысалы: мен жат-ыр-мын, сен жат-ыр-
сың,  сіз  жат-ыр-сыз  т.б.  Бұл  жұрнақ  жоғарыда  келтірілген 
мысалдардағыдан  –  көне  түркі  тілінде  осы  шақ  жасаған,  ол  басқа 
түркі  тілдерінде  қазір  де  қолданылады.  Біздің  тілімізде  ол  тек  осы 
жалғыз  етістікте  ғана  сақталған.  Ал  жоғарыда  аталған  үш  етістікте 
фонетикалық  процестің  нәтижесінде  оның  қысқаруы  оларда  нақ  осы 
шақтың нөлдік формасын қалыптастырған. 
Басқа  етістіктерден  нақ  осы  шақ  аталған  4  етістіктің  бірінің 
тіркесуі  арқылы  жасалатын  болғандықтан,  оның  аналитикалық 
форманттары қалыптасқан.    
Нақ  осы  шақтың  күрделі  түрі  етістіктің  –а,  -е,  -й,  -ып,  -іп,  -п  
тұлғалы  көсемше  түрі  мен  отыр,  тұр,  жатыр,  жүр  деген  қалып 
етістіктерінің көмекші етістік мәнінде тіркесінен жасалады. Мысалы: 
Ол  шыдай  алмай,  қатты  қиналып  жатыр  (  Ғ.Мүсірепов).  Нағима 


 
40 
тамақ  асып,  табаны  жерге  тимей,  жүгіріп  жүр  (Т.Ахтанов).  Қой 
боздап, қойшылар уыз ішіп жатыр (І.Жансүгіров). Қыстықтың арғы 
шеті тиісті сыбағаларын алып жатыр (Б.Момышұлы). «Большевик» 
деген сөзді Етікбай да Үміт те естіп келе жатыр (Б.Майлин).  
Күрделі нақ осы шақтың болымсыз түрі екі жолмен жасалады: 
а)  қалып  етістіктерінің  есімше  тұлғасында  келіп  –ған  /  -ген..... 
жоқ  сөзімен  тіркесуі  арқылы  жасалады.  Мысалы:  Қарынбай 
көрсеткен орынға отырған жоқ («Қазақ әдебиеті»). 
ә) күрделі етістіктің құрамындағы негізгі етістікке –ма/–ме, -ба/–
бе,  -па/–пе  жұрнақтарының  жалғануы  арқылы  жасалады.  Мысалы: 
Бұл  уағдаластықтың  орындалуы  ойдағыдай  болмай  отыр  («Егемен 
Қазақстан»).  
Етістіктің  болымды-болымсыздық  категориясының  нөлдік 
формасы.  Болымдылық  пен  болымсыздық  –  тілде  кең  қолданылатын 
өте жалпы мағына. Ол сөз таптарының көбіне қатысты.  
Етістікте  бұл  мағынаның  көрінуі  мүлдем  басқаша.  Етістікте  бұл 
қарама-қарсы  екі  мағына  бүкіл  етістік  атаулыға  қатысты.  Осы 
ерекшелігіне  байланысты  түркологтар  оны  етістіктің  болымды, 
болымсыз  аспекті  (положительный,  отрицательный  аспект)  деп 
атайды. Бұл - өз алдына қарама-қарсы мағыналық құрамнан тұратын 
жалпы абстракты мағынасы бар, олардың берілу жолы бар, формасы 
бар етістіктің үлкен категориясы. 
Бұл  категорияның  мағыналық  тармақтарының  әрқайсысының  өз 
формасы  бар  делінді,  оның  бірі  –ма,  -ме  және  аналитикалық 
форманттар  арқылы  жасалады,  екіншісі  нөлдік  морфема  арқылы 
жасалады,  нөлдік  формада  тұрады.  Ол  нөлдік  морфема  тілде  түбір 
етістік  арқылы  беріледі.  Әр  түбір  етістік  лексикалық  мағынаны 
берумен  бірге  болымдылық  мағынаны  да  білдіреді:  кел,  бар,  айт, 
көзде,  ақта,  көгер,  алып  кел  т.б.  Есім  сөзде  түбір  лексикалық 
мағынамен  бірге  жекешелік  мағынаны  білдірсе,  түбір  етістік 
болымдылық  мағына  береді.  Тілде  болымдылық  мағынаның  ешбір 
нақтылы  көрсеткішсіз  яғни  нөлдік  морфема  арқылы  берілуі 
қалыптасқан,  оның  қарама-қарсы  болымсыз  мағынасы  үшін  тілде 
арнаулы  морфемалар  калыптасқан.  Тілде  артық  еш  нәрсенің  болуы 
мүмкін емес, тіл – соншалықты ұқыпты, үнемді жүйелі құбылыс. Осы 
үнемділіктің  бір  көрінісіне  түбір  сөздің  тек  лексикалық  мағына  ғана 
білдіріп 
қоймай, 
кейде 
оның 
бірнеше 
грамматикалық 
категориялардың  формасы  қызметін  атқаруы  жатады.  Оған  мысал 
ретінде  түбір  етістіктің  түбір  қалпында  әрі  болымдылық,  әрі  бұйрық 
райдың  2-жақ  жекеше  түрінің  қызметін  атқаруын  келтіруге  болады. 
Бұл қызметтерді етістік барлық уақытта атқармайды, осы қызметтерді 
бірден  атқаруы  бұйрық  райға  байланысты.  Бұйрық  райдың  1-3-


 
41 
жақтарында, 2-жақ көпше түрінде етістік нөлдік морфемалар арқылы 
әрі бұйрық, әрі болымдылық мағыналарды білдіреді. Мысалы: келсін, 
келіңдер, дегенде 3-жақтың, 2-жақтың көпше түрінің мағынасын –сін, 
-іңдер  морфемалары  береді.  Ал  ондағы  бұйрық,  болымдылық 
мағыналары түбір арқылы яғни нөлдік морфемалар арқылы берілген. 
Бұйрық  райдың  2-жақ  жекеше  түрінде  түбірдің  атқаратын 
қызметі  одан  да  көбірек,  онда  3  нөлдік  морфеманың  қызметі  қоса 
атқарылады,  мысалы:  сен  кел,  сен  ал,  сен  бар,  сен  оқы,  сен  тыңда 
дегендерде  әрі  болымдылық,  әрі  бұйрық,  әрі  бұйрықтың  2-жақ 
жекеше  субъектіге  бағытталуы  беріледі.  Етістіктің  бұл  нөлдік 
формасының  қалыптасуы  туралы  нақтылы  пікір  айту  қиын. 
Ш.Баллидің  барлық  нөлдік  формалар  кейіннен  қалыптасқан, 
морфеманың  қысқаруынан  сөз  нөлдік  формаға  көшкен  деген  пікірі 
бар. Оны қазақ тіліндегі бірсыпыра нөлдік формалардың қалыптасуы 
растайды. Бірақ ол нөлдік форманың қалыптасуының бірден-бір жолы 
деуге  болмайды.  Оған  жекешеліктің,  болымдылықтың  нөлдік 
морфемалар  арқылы  жасалуы  дәлел  болады.  Бұл  мағыналардың 
нөлдік  морфема  арқылы  жасалуын  кейінгі  құбылысқа  жатқызуға 
ешбір  дерек  жоқ,  сондықтан  ол  тілде  тарихи  берілген  деп  танимыз. 
Бұдан  шығатын  қорытынды  тілде  нөлдік  форма  екі  түрлі  жолмен 
қалыптасқан: 1) нөлдік форма тілде тарихи берілген, 2) нөлдік форма 
нақтылы морфеманың қысқаруы, кірігуі арқылы қалыптасқан. Сөйтіп, 
етістіктің  болымдылық  мағынасының  нөлдік  формасы  тілде  тарихи 
берілген нөлдік формаға жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет