Бекіту тапсырмалары: 1-тапсырма. Сөйлемдердегі шылауларды түрлеріне топтап, мағынасына қарай жазыңыз. Ел үшін аянба – ерлігіңе сын, жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын.
(Б.Момышұлы.) Өмір де мысал өлең секілді: ұзақтығымен
өлшенбейді, мазмұнымен өлшенеді. (Сенека.) Адамдардың бір—
бірінен айырмашылығы мынада: біреулері нені айтуға, не істеуге
әуелі ойлап алады, енді біреулері айтарын айтып, істерін істеп
алғаннан кейні барып ойланады. (Горький.) Адамда екі түрлі
қылықтың жолы бар: бірі - тіршілік қамы, бірі - адамшылық қамы.
(М.Әуезов.) Жалған намыс қасиет емес, ар сақтаған қасиет (М
Әуезов.) Ерлік әдетте жұмсақ мінезді серік етеді, сондықтан ер жүрек
адам қайырымдылық жасауға басқадан гөрі қабілетті келеді.
(Н.В.Шелгунов.)