Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м.ӨТемісов атындағЫ



Pdf көрінісі
бет16/27
Дата27.02.2017
өлшемі2,12 Mb.
#5011
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27

 
3.4 Сөздердің байланысу түрі 
 
Сөздердің  байланысу  түрі  байланысу  тәсілдері  негізінде 
жасалады.  Бұл  –  сөзтұлғаларды  байланыстыруға  дәнекер  болатын 
амал-тәсілдер.  Сөздердің  байланысу  түрі  басыңқы  мүшенің 
грамматикалық  мағынасына  байланысты.  Қазақ  тілінде  байланысу 
түрі бес  байланыс формалары деген атпен таныс.    
Қиысу  –  сөйлемдегі  предикаттық  қатынасты  білдіретін  негізгі 
тұлғалардың  арасындағы  басты  байланыс  формасы.  Мұның  өзі 
орайлас байланыс пен предикаттық қатынас заңдылығына негізделеді. 
Қиысудың грамматикалық көрсеткіші – жіктік жалғау. Сондықтан да, 
сөйлемнің баяндауышы бастауыштың жақтық және жекелік не көптік 
мағынасына  үйлесе  тұлғаланады.  Ол  баяндауыштың  жіктік 
жалғауынан  көрініс  табады.  Мәселен,  Сүйіндік  Бөжей  сөзінен 
тіксініп қап еді (М.Әуезов) деген сөйлемде  Сүйіндік   тіксініп қап еді 
тіркесімінің  өзара  қиыса  байланысқа  енуі  жіктік  жалғаудың  нөлдік 
тұлғасымен  байланысып  тұр. Сондай-ақ, интонация амалы да қиысу 
байланыс формасын түзуге әкеледі: Көпшіліктің ішінде қатты өскен 
ата – Жұмық (Қ.Жұмаділов). Бірақ елге қызмет көрсетуді  бұлайша 
тым оңайлату өздері үшін тиімсіз (К.Ахметбеков). 
Матасу 
– 
анықтауыштық 
қатынастағы 
сөзтұлғалардың 
мағыналық және синтаксистік жағынан үйлесіп келуі. Бұл форманың 
грамматикалық  көрсеткіші  –  ілік  септік  пен  тәуелдік  жалғауы.  
Мейрамның көзі Ардаққа түсті. Папкасы қолында, жиынға телміре 
қарап, шеткері тұр (Ғ.Мұстафин) мысалындағы  Мейрамның көзі, ал 
екінші сөйлемдегі   папкасы сөзі ілік жалғаулы сөзтұлғаның контексте 
жоқ  екендігіне  қарамастан,  оның  ойша  табылуына  көмектеседі.    

 
182 
Матасу  формасындағы  сөз    тұлғалар    сөйлем    ішінде  орын 
талғамайды, әрі есім сөз табының кез келгенінен бола береді.   
Меңгеру – жеке сөзтұлғалардың бір-бірімен толықтауыштық және 
пысықтауыштық  қатынаста  келіп,  септік  жалғаулары  арқылы 
байланысқа  түсуі.  Демек,  меңгерудің    грамматикалық  көрсеткіші  – 
барыс, табыс, жатыс, шығыс және көмектес септігі.   
Екінші  сыңардағы  сөзтұлға  орнында  етістік,  есім  және  олардың 
кейде  бірлесе  келуі  меңгеру  қызметін  аша  түседі.  Осыдан  барып 
меңгерудің  етістікті,  есімді  және  ортақ  меңгеру  деген  түрлері 
анықталады.  Бұлардың  толықтауыштық  немесе  пысықтауыштық 
қатынасы  да  септік  жалғауларының  қызметінен  шешіледі.  Мысалы: 
Шахтаға  түскелі  келген  Жұмабай  қолындағы  тетрадына  үңіліп 
отыр  (Ғ.Мұстафин).  Мұнда  шахтаға,  тетрадына  барыс  септік 
тұлғалы  сөзтұлғалары  өзінен  кейінгі  сөзтұлғалармен  меңгеріле   
тіркескен. Сол сөздердің ерекшелігіне қарай  олар етістікті меңгеруге 
бағынған.  Екіншіден,  меңгерілген  сөзтұлғалар  табыс,  жатыс,  шығыс, 
көмектес  сияқты  септік  тұлғаларында  тұрып  дамытыла  береді: 
Екпінімен  етпенінен  түсті,  қайта  тұрып,  сыртқа  жүгіре  шықты 
(Т.Дәуренбеков). 
Есімді  және  ортақ  меңгеруде  екінші  сыңар  қызметінен 
белгіленеді. Есімді меңгеруде зат есімнің жұмсалуы жиі болса, ортақ 
меңгеруге  көбіне  зат  есім  мен  етістік  тұлғалы  сөздің  тіркесе 
жұмсалуы әсер етеді.   
Қабысу  –  өзара  анықтауыштық  қатынаста  келген  сөздер  тобы. 
Қабысудың  грамматикалық  көрсеткіші  ретінде  орын  тәртібі  амалы  
қызмет  көрсетеді.  Сондай-ақ,  қабысу  формасына  бағынған 
сөзтұлғалардың алғашқы сыңары ретінде зат есім, сын есім, сан есім, 
есімдік және есімшелі тіркестер қолданылады. Ал екінші сыңарда зат 
есім  сөздің  қызметі  басым.  Мұндай  қызметтегі  байланысу  формасы 
есімді қабысу деген атауға ие бола бастады. Төмендегі ерекшеленген 
сөзтұлғалар өзінен кейінгі сөзтұлғалармен орын тәртібі амалы арқылы 
байланысады  және  қабысу  формасына  бағынады:  Сары  топырақ, 
қара  көмір  үйінділер,  қалқайған  жер  барақ  қараша  ауылдар  көшін 
кеңейте түскен (Ғ.Мұстафин).   
Етістік  те  екінші  сыңарда  жұмсала  алады.  Мұндайда 
анықтауыштық  қатынас  түрі  пысықтауыштық  қатынасқа  өзгеріп, 
алғашқы  сыңар  мүшесі  ретінде  сын  есім  мен  сан  есім  жұмсалады. 
Сондай-ақ,  есімше  мен  модаль  мәнді  сөз  топтарының  жиі  келетіні 
байқалды. Бұларды қазір етістікті қабысу деп атау орныққан. Оларда 
орын  тәртібі  амалының  қатар  тұру  белгісі  қатаң  сақталады:  жақсы 
білді,  бірінші  рет  босағандық  көрсетті,  болар-болмас  ашық  тұр 
екен, көп жарысты.    

 
183 
Жанасу  –  синтаксистік  сөзтұлғалардың  пысықтауыштық 
қатынаста  тұрып,  орын  тәртібі  амалы  арқылы  байланысуы.  1990 
жылдарға дейін  жанасу жеке байланыс формасынан гөрі, қабысудың 
ерекше бір түрі ретінде танылды. Бірақ соңғы зерттеулерде (Аблақов 
Ә.,  Шалабай  Б.,  Сағындықұлы  Б.)  оның  өзіндік  ерекшеліктерін 
белгіледі.  Әсіресе,  бұл  байланыс  формасының  алғашқы  сыңары 
қатарында,  яғни  грамматикалық  көрсеткіштері  ретінде  үстеу, 
еліктеуіш,  көсемше  тұлғалы  сөздер,  сондай-ақ  шылау  түйдегіне 
түскен  сөзтұлғалар  жұмсалатындығы  анықталды.  Мысалы,  Ойға 
түсіп келе жатқан,  бір кезде  естіді, қозғалмай,  үн шығармай тұр  
деген  көсемше  тұлғалар  мен  бір  кезде  үстеуі  өзінен  кейінгі 
сөзтұлғалармен  орын  тәртібі  амалы  арқылы  байланысып,  синтагма 
құраған.
 
 
Сөз тіркесі және номинативті тіркестер. Сөз тіркесі де сөйлем 
сияқты синтаксистік единица екендігіне ешкім талас туғызбайды.  Бұл 
мәселе  –  тек  түркі  тіл  білімінде  ғана    емес,  тіпті  орыс  тіл  білімінің 
өзінде  де  талас  туғызып  жүрген  жайттардың  бірі.  В.В.Бабайцева, 
В.В.Виноградов,  А.С.Смирницкий,  К.Аханов,  Н.А.Баскаков  сөз 
тіркесіне  номинативті  қасиет  тән  десе,  Ю.В.Фоменко,  А.Моисеев, 
М.Балақаев сөз тіркесінің номинативтілігін жоққа шығарады.  
В.В.Виноградов:  «Сөйлем  құрамына  және  сөйлем  арқылы  сөз 
тіркестері  коммуникативті  құралдарының  жүйесіне  ене  алады. 
Сөйлемнен  тыс  тек  соған  керекті  құрылыс  материалы  ретінде 
қаралатын сөз тіркестері сөздер тәрізді болады да, тілдің номинативті 
құралдарының  саласына,  заттарды,  құбылыстарды,  процестерді 
белгілеу құралдарының қатарына ене алады» - дейді.  
К.Аханов  бұл  пікірді  қуаттайды.  «Сөз  тіркестері  номинативті 
сипатқа  бұрыннан  жасалып  қойған,  даяр  тұрған  единицалар  емес, 
сөздердің тілдік грамматикалық заңдары бойынша тіркесуі арқылы ие 
болады».  Мысалы,  екі  номинативті  сөз  алайық:  ақылды  қыз.  Осы 
екеуінің  тіркесінен  үшінші  бір  номинативті  мән  пайда  болып  тұрған 
жоқ,  анықтауыштық  қатынастағы  жаңа  грамматикалық  мағына 
жасалып тұр.   
М.Балақаев  номинативтілік  қасиет  туралы  өз  еңбегінде  анық 
көрсеткен. Ол сөз тіркесінің бәріне номинативтілік тән емес екендігін
тек  олардың  жұмсалу  орайында  атқаратын  қызметі  тұрғысынан 
номинативті  деп  тануға  болатындары  бар  деп,  оған  сөз  тіркесі 
құрылысында  пайда  болған  терминдік  тұрақты  атауларды 
жатқызады.  
 
 
 

 
184 
3.5
 
Сөз тіркесі және сөйлем 
 
Белгілі  түркітанушы  Н.К.Дмитриевтің  сөз  тіркесін  сөйлемнен 
айырып  тану  туралы  айтқан  пікірлері  тіл  білімінде  біраз  талас 
тудырды.  Әсіресе,  бастауыш-баяндауыштық  қатынаста  тұрмаған 
сөздер тобының бәрін сөз тіркесіне жатқызу, байымдауды сөйлемнің 
сөз  тіркесінен  ажыратушы  меже  деп  тануы  біраз  дәлелдеуді  қажет 
етеді. 
Байымдауды  сөйлемді  сөз  тіркесінен  ажыратушы  меже  деп  тану 
туралы  көзқарастар  Н.А.Баскаков  еңбегінде  де  кездеседі.  Ғалымның 
сонымен  бірге  аталған  екі  синтаксистік  категорияны  ажыратуда 
басыңқы сыңардың грамматикалық формасын меже етіп алу керектігі 
туралы пікірі де бар. Автордың пікірінше, атқа мінді десек – сөйлем, 
ал,  атқа  мініп,  атқа  мінген  десек  –  сөз  тіркесі,  дәлірек  айтсақ,  сөз 
тіркесі  болу  үшін  оның  басыңқы  сыңары  есімше,  көсемше 
тұлғаларынан жасалуы керек. 
Қазіргі қазақ тіл білімінде предикаттық емес қатынастарда тұрған 
тіркестердің  барлығы  бірдей  сөз  тіркесі  бола  алмайтындығы, 
байымдаудың  грамматикаға  емес,  логика  ғылымына  тән  екендігі 
туралы пікірлер орныққан. 
Сөз  тіркесін  жан-жақты  зерттеген  ғалымдардың  бірі  – 
Е.И.Убрятова якут тілі синтаксисіне қатысты еңбегінде сөз тіркесінің 
негізгі  түрлерін  синтаксистік  байланысқа  негіздей  қарастырады. 
Ғалымның  сөз  тіркесін  «предикативті»,  «предикативті  емес»  деп 
қарастыруы  және  т.б.  пікірлері,  бір  жағынан,  сөз  тіркесін 
грамматикалық  тұрғыдан  зерделеуінен  туған  болса,  екінші  жағынан, 
өзіндік  қыр-сыры  мол  тіркес  табиғатын  тануда  сол  кезде  үстемдік 
алған  көзқарастардың  ықпалынан  екені  айқын  сезіледі.  Ғалым 
ұсынған  таптастыруды  тек  синтаксистік  тіркестерге  қатысты  емес, 
жалпы  бір-бірімен  грамматикалық  байланысқа  түскен  қатысты  алсақ 
дұрыс  болар  еді.  Сөйтіп,  тіліміздегі  тіркеске  түсуші  сөздердің 
арасындағы  синтаксистік  қатынастарды  предикативті  және 
предикативті  емес  топтастырсақ,  бастауыш  пен  баяндауыштың 
қатынасы  –  сөйлем  предикативті  қатынасқа,  ал  сөз  тіркесіне  тән 
анықтауыштық,  толықтауыштық,  пысықтауыштық  қатынастар 
предикативті емес қатынасқа негіз болатынын аңғару қиын емес. 
Сөйлем,  оның  ішінде  жай  сөйлем  мен  сөз  тіркесі  өзара  ұқсас, 
бірақ  олардың  елеулі  айырмашылықтары  бар:    Сөйлем  - 
коммуникативтік  қызмет  атқарады,  яғни,  ой,  хабар,  информация  
береді (Марат келді. Ол жазды), ал сөз тіркесі номинативтік  қызмет 
атқарады (ауылдан келді, қаламмен жазды).    

 
185 
Сөйлемнің  өзіне  тән  бастауыш-баяндауыштық  құрылымдық 
үлгісі  болады.  Сөйлемнің  басты  үш  белгісі  бар:  коммуникативтілік, 
предикативтілік,  модальдық.  Сонымен,  сөйлем  сөз  тіркесінен 
коммуникативтілік 
қызметімен, 
предикативтілік 
қасиетімен, 
интонациялық–модальдық  белгілерімен  ажыратылады.  Ал  мұндай 
ерекшеліктер сөз тіркесінде болмайды.  
М.Балақаев:  жазық  дала  тіркесі  тек  сөйлем  ішінде  ғана  сөз 
тіркесі болады  да, жеке тұрған кезде атаулы сөйлем болады   дейді.  
Мысалы,    Егіс  даласы.  Жайқалған  алқап  көз  тартады.  Комбайндар 
егіс  даласында  сап  түзеп  барады  деп  алсақ,      «егіс  даласы»  атаулы 
сөйлем,  ал  екіншісі  –  сөз  тіркесі.  Себебі,  атаулы  сөйлемдердің 
мазмұны осы шақтағы болмысты, құбылысты білдірумен байланысты 
болады.  Атаулы  сөйлем  көбінесе  мезгілді,  айналамыздағы  табиғат 
құбылыстарын,  заттардың  сол  заттық  бейнелі  қалпын  айтуға 
арналады.  Ал  сөз  тіркесі  сөйлемнен  тыс  қолданылмайды,  ол  тек 
сөйлем ішінде танылады. 
Кез  келген  сөздер  тіркесі  атаулы  сөйлем  бола  алмайды.  Атаулы 
сөйлем  болу  үшін  оның  айтатын  ойға  қатысы  болу  керек.  Өзінен 
кейін келетін атаулы емес сөйлемнен мезгілдес, сабақтас болуы шарт. 
Сондықтан  газет-журналдың,  мекеменің  маңдайшасына  жазылған 
атаулар атаулы сөйлем бола алмайды. Мұндай тіркестер «атаулық 
тіркестер» деп аталады.    
Сөз  тіркесі  және  фразеологиялық  тіркестер.  Сол  сияқты 
фразеологиялық тіркестер де еркін сөз тіркесінің қатарына жатпайды, 
өйткені  фразеологиялық  тіркестер  грамматикалық  мағынаны  емес, 
басқа бір лексикалық мағынаны білдіреді, орны жағынан тұрақты, бір 
ғана  сұраққа  жауап  береді,  өзге  тілге  сөзбе-сөз  аударуға  көне 
бермейді. 
Еркін  сөз  тіркесі  құрамындағы  сөздер  бірігіп  келіп,  басқа  бір 
лексикалық  мағынаны  емес,  грамматикалық  мағынаны,  яғни 
анықтауыштық, 
пысықтауыштық, 
толықтауыштық 
қатынасты 
білдіреді. 
Сөз  тіркесінің  әрбір  сыңарларының  арасындағы  байланыс 
анағұрлым  еркіндеу  болса,  фразеологиялық  тіркестің  сыңарларының 
арасындағы байланыс бекем болады. Еркін сөз тіркесі сөйлеу кезінде 
жасалса,  фразеологиялық  тіркестер  бұрыннан  даяр  тұрған  қалпында 
қолданылады. 
Сол сияқты фразеологиялық единицалардың бір қатарының негізі 
еркін  сөз  тіркестеріне  келіп  тіреледі,  басқаша  айтқанда,  еркін 
тіркестер көптеген тұрақты тіркестердің жасалуына ұйтқы болады.   

 
186 
Күрделі  сөздер  тәрізді  тұрақты  сөз  тіркестері  де  сөйлеу  кезінде 
жасалмай,  бұрыннан  даяр  тұрған  қалпында  сөз  тіркесінің  немесе 
сөйлемнің құрамына келіп енеді.  
Тұрақты  тіркестердің  бір  ерекшелігі  –  олардың  тұтасымен  бір 
ғана  лексикалық  мағынаны  білдіретіндігі.  Ал  еркін  сөз  тіркестерінің 
әрбір сыңарлары дербес мағынаға ие. 
Тұрақты  тіркестердің  тағы  бір  ерекшелігі  –  құрамындағы 
сөздердің  орны  жағынан  тұрақты  болып  келуі.  Сондықтан  да  тіркес 
сыңарларын  басқа  бір  сөздермен  ауыстыруға  болмайды,  ауыстырған 
жағдайда олар тұрақты тіркес болудан қалады. Ал еркін сөз тіркесінің 
сыңарларын орны жағынан ауыстыруға болады, одан грамматикалық 
мағынаға  нұқсан  келмейді,  мәселен,  ақ  қағаз  тіркесін,  сары  қағаз, 
қара  қағаз,  жасыл  қағаз  т.б.  деп  алмастыра  беруге  болады,  өйткені 
бұл тіркестердің барлығы анықтауыштық қатынаста жұмсалып тұр.   
Сөз  тіркесінің  грамматикалық  бітімін  басыңқы  сөздің  сипаты 
белгілейді. Басыңқы сөздің ыңғайына қарай сөз тіркестері  етістікті 
тіркестер  және  есімді  тіркестер    болып    топталады:  зат  есімді 
тіркестер,  алыс жол, асау өзен   – зат  есімді  тіркес, өйткені басыңқы 
сөз – жол, өзен. Аспанды торлаған – етістікті тіркес, өйткені басыңқы 
сөз – торлаған.   
Синтаксистік  байланысқа  түскен  екі  сөздің  құрамы  мағына 
жағынан,  синтаксистік  қызметі  жағынан  дербес,  дара  болуы  керек. 
Осы  шартпен  құралған  тіркестер  еркін  тіркес  деп  аталады.    Өйткені 
тіркестің  құрамындағы  сөздер  еркін  синтаксистік  қатынаста  болып 
алмасып жатады: кеңседен шықты, кеңсеге жиналды, ауылға оралды, 
қаладан оралды. 
Синтаксистік  сөз  тіркесі  болу  үшін  мағына  дербестігі  міндетті 
болса,  ал  фразеологиялық  тіркес  үшін  мұның  қажеті  жоқ,  өйткені 
тұрақты  тіркес  құрамындағы  сөздер  лексикалық  мағынасы  жағынан 
не  солғындап,  не  айырылып,  сол  тобымен  өзге  бір  лексикалық 
мағынаны білдіретіндей болып қалыптасқан. Тұрақты тіркестер тұтас 
қалпымен  сөз  тіркесінің  бір  сыңарының  қызметін  атқармаса,  өзі 
дербес тұрып сөз тіркесі бола алмайды. 
Сөз  тіркесі  және  күрделі  сөздер.  Еркін  сөз  тіркестерінің 
сыңарлары  белгілі  бір  сапаны,  іс-әрекетті,  белгіні,  түрді,  түсті 
білдіреді. Егер сөз тіркестерінің сыңарларының бірі сапаны немесе іс-
әрекетті  білдіру  қасиетінен  айырылып,  лексикаланып,  мағыналық 
тұрғыдан  өзгеріске  түссе,  мұндай  тіркестер  сөз  тіркестері  болудан 
қалып,  фразеологиялық  тіркестердің  немесе  күрделі  сөздердің 
қатарына қарай көшеді. Демек, бұл тіркестердің түпкі тегі – еркін сөз 
тіркестері.  Мысалға  бозторғай,  қараторғай  деген  сөздер        тарихи 
тұрғыдан  алғанда,  еркін  сөз  тіркестері  болған  да,  тілдің  дамуы 

 
187 
барысында  лексикаланып,  белгілі  бір  заттың  атауына  көшкен.  Бірақ 
бозторғай  сөзін  боз  кілем  тіркесімен  шатастыруға  болмайды,  боз 
кілем  тіркесіндегі  боз  сөзі  заттың  түрін,  түсін  білдіру  мәнінде 
жұмсалып,  өзінің  лексикалық  мағынасын  сақтап,  соған  орай  кілем 
сөзін  анықтап,  анықтауыштық  қатынаста  жұмсалып  тұр.  Сондықтан 
да боз кілем тіркесінің құрамындағы сөздер жеке-жеке сұраққа жауап 
береді,  сөйлемнің  белгілі  бір  мүшесінің  қызметін  атқарады,  ретіне 
қарай  тіркес  құрамындағы  сөздердің  орнын  ауыстыруға  болады. 
Мәселен,  кілем  сөзін  боз  сөзімен  емес  қызыл  кілем  деп  айтсақ,  одан 
грамматикалық  мағына  өзгермейді,  сол  анықтауыштық  қатынаста 
қала  береді.  Бозторғай  тіркесінің  бойынан  мұндай  қасиетті  таба 
алмаймыз,  өйткені  боз  сөзі  лексикаланып,  анықтауыштық  қасиеттен 
айрылған.  
Сөз  тіркесі  және  сөздердің  салалас  қатарлары.  Тұрақты 
тіркестер  сияқты  салаласа  байланысқан  тіркестер  де  сөз  тіркесі  бола 
алмайды.  Салаласа  байланысқан  тіркестер  қатарына  әке  мен  бала, 
бойжеткен  мен  бозбала,  ақылды  да  айбатты  тәрізді  тіркестер 
жатады.  Осы  типтес  тіркестер  тіл  білімінде  салаласа  байланысқан 
тіркестер  немесе  сөздердің  салалас  қатарлары  деп  аталып  жүр. 
Мұндай  тіркестердің  ерекшеліктерін  сөз  тіркесінен  ажырату  үшін 
оның  құрылымдық  ерекшелігіне  назар  аударған  жөн.  Сөз  тіркесі 
өзінің 
тұйықтылық 
қасиетімен 
сипатталады, 
сөз 
тіркесі 
сыңарларының  бірінің  басыңқы,  екіншісінің  бағыныңқы  болып  келу 
қасиетінен  көрінеді.  Мысалы  биік  үй,  мектепке  келді  тәрізділердің 
бірінші сыңарлары – тәуелді, бағыныңқы мүше де, екінші сыңарлары 
– ұйтқы, басыңқы мүше. Демек, сөз тіркесін жасауда ұйтқы мүшенің 
рөлі  зор.  Сөз  тіркесі  сөйлем  құрамындағы  өзге  сөздермен  басыңқы 
сыңарлардың  тұлғалық  өзгерістерге  түсуі  арқылы  байланысады,  ал 
бағыныңқы  сыңарлар  өзінің  бастапқы  қалпын  сақтап  өзгеріске 
түспейді.  Бұл  қасиет  түркі  тілдеріне  ғана  тән,  ол  оның 
артықшылығына емес, ерекшелігіне байланысты.  
Салаласа  байланысқан  тіркестердің  бір  ерекшелігі  –  олардың 
орнын  алмастырып  айтуға  көнеді,  бірақ  бұдан  салаластық  қатар 
ыдырамайды,  жойылып  кетпейді.  Мысалы,  ұл  мен  қыз,  қыз  бен  ұл  – 
сөйтіп,  бұлар  сөйлемнің  бірыңғай  мүшелерін  құрайды.  Ал  сабақтаса 
байланысқан  сөз  тіркестерінің  сыңарларының  орнын  бұлай 
алмастыруға  болмайды,  өйткені  мұндай  жағдайда  сөз  тіркесінің 
мазмұны мен грамматикалық табиғаты өзгеріп кетеді. 
Сөз  тіркесі  және  толық  мағыналы  сөздер  мен  көмекші  сөздер 
тіркесі.  Сөз  тіркесінің  құрамындағы  сөздер  өзара  сабақтаса 
байланысуы керек, әрі дербес мағынасы болуы қажет. Осы тұрғыдан 
қарайтын  болсақ,  толық  лексикалық  мағынасы  бар  сөздер  мен 

 
188 
көмекші  сөздердің  (шылаулардың,  көмекші  етістіктердің,  көмекші 
есімдердің)  тіркесі  сөз  тіркесін  құрай  алмайды,  өйткені  көмекші 
сөздер  өзі  тіркесіп  тұрған  сөздердің  мағынасын  толықтырады, 
жетілдіреді,  бірақ  жаңа  бір  грамматикалық  мағына  тудыра  алмайды, 
яғни  толықтауыштық,  анықтауыштық,  пысықтауыштық  қатынасты 
білдірмейді,  сонымен,  сөз  тіркесінің  құрамындағы  сыңарларының 
әрқайсысының  дербес,  толық  лексикалық  мағынасының  болуы  –  сөз 
тіркесіне тән басты шарттардың бірі. 
Сонымен,  жоғарыда  айтылғандарды  тұжырымдай  келгендегі 
айтар түйін - сөз тіркесі екі сөздің арасындағы  мағыналық қатынасты 
білдіреді. Құрамы жағынан  сөзден де, сөйлемнен де бөлек, ал мағына 
жағынан  сөз тіркесі де атауыштық (номинативтік) қызмет атқарады. 
Әрқайсысы  дербес  лексикалық  мағынаға  ие  сөз  таптарының 
синтаксистік  қарым-қатынасы  негізінде  сабақтаса  байланысқан  кем 
дегенде екі сөздің тіркескен тобы – сөз тіркесі деп аталады. 
Осы анықтамаға сүйенсек, түйдекті тіркестер, фразеологиялық 
тіркестер, салаласа байланысқан тіркестер, терминдік тіркестер, 
бастауыш пен баяндауыштан тұратын тіркестер, тіркес 
ыңғайындағы атаулы сөйлемдер сөз тіркесінің қатарына жатпайды. 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Хасанова  С.,  Әбдіғалиева  Т.,  Қасабекова  Қ.,  Шалабаев  Б.  Кестелі 
грамматика. – Алматы: Ана тілі, 1996. 161-б.  
2. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. Алматы: Баспагер, 1998. 122-б.  
3.  Исаев  С.  Қазақ  әдеби  тілінің  совет  дәуірінде  дамуы.  –  Алматы, 
1979. 67-б. 
4.Аманжолов  С.  Қазақ  әдеби  тілі  синтаксисінің  қысқаша 
курсы.Алматы,1994 
5.  Балақаев  М.,  Қордабаев  Т.  Қазіргі  қазақ  тілі  (синтаксис).Алматы, 
1971. 
6.Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі (синтаксис).Алматы, 1992. 
7. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2004. 
8. Әміров Р. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1983. 
9. Әміров Р., Әмірова Г. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1997. 
10.  Сайрамбаев  Т.  Сөз  тіркесі  мен  жай  сөйлем  синтаксисі.  Алматы, 
1992. 
11.Серғалиев  М.,  АйғабыловА.,  КүлкеноваО.  Қазіргі  қазақ  әдеби 
тілі.А.,1991. 
12.  Аблақов  Ә.,  Исаев  С.,  Ағманов  Е.  Қазақ  тіліндегі  сөз  тіркесінің 
дамуы мен лексикалану процесі. Алматы, 1997. 
13. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. Алматы, 1972. 
14.  Шәкенов  Ж.Қазақ  тіліндегі  күрделі  сөздер  мен  күрделі  тұлғалар. 
А., 1991. 

 
189 
15.Қазақ тілінің грамматикасы, 2-бөлім. Алматы, 1967. 
16.Қазақ грамматикасы. Астана, 2002. 
Бекіту тапсырмалары: 
1-тапсырма
.  Сөз  тіркестерінің  байланысу  түрлері  мен 
формаларын, түрін көрсетіңіз.  
1.
  Білім  бақтың  жібермейтін  қазығы,  білімсіз  бақ  -  әлдекімнің 
азығы.  (М.Әуезов.)  2.Адамдардың    сенімі    мен  құрметінен  асқан  
ештеңе  жоқ  екенін есте сақтай отырып, халық артқан сенімді ақтау 
керек.  (Газеттен.)  3.  Қазіргі  кезде  телевизияның  міндеті-адамдардың 
өмірлік ұстанымдары мен тұрмыстағы іс-тәжірибесін насихаттап қана 
қоймай,  ұлттық  идеяларға  баулу,  мәңгілік  мұраттарға  бастайтын 
арнайы хабарлар деректі фильмдер арқылы алғашқы қадамдар жасау 
екені өзімізге мәлім. (Газеттен.) 4.Ана тілдің құдіретін қанша айтсақта 
түгесу  мүмкін  емес...  біле  білгенге  адамдағы  ұлттық  мақтаныштың 
алғашқы  ұшқындары  да  жүрекке  тіл  арқылы  ұялайды,  өмір  бойы 
адамға  ең  тамаша  эстетикалық  ләззат  беретін  де  құдіретті  тілің  ғой. 
(Р.Ғамзатов.)
  5.Ой  жетпейтін  жер  болмайды,  күлкі  жеңбейтін  жау 
болмайды.  (Б.Момышұлы.)  6.Кімде-кім  қазіргі  уақытта  ана  тілін, 
өзінің  әдебиетін  сыйламаса,  бағаламаса,  оны  сауатты,  мәдениетті 
адам деп санауға болмайды. (М.Әуезов.) 7.Аз  жұмысты қиынсынсаң- 
көп  жұмысқа  тап  боларсың,  азға  қанағат    қылмасаң-  көптен  құр  
қаларсың.  (Ы.Алтынсарин.)  8.  Дүниеде  түрлі  өнер  де  көп,  өнерді  
тапқан    шебер  де  көп.  (С.Дөнентаев.)  9.Нашар  ұстаз    шындықты 
қайталайды,  жақсы  ұстаз    сол    шындықты  іздеп  табуға  үйретеді. 
(А.Дистерверг.)
  10.Көп  білген  кісі  кемеңгер  емес,  білгені  елге  пайда 
келтірген  кісі кемеңгер. (Эсхил.)  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет