Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың



Pdf көрінісі
бет17/66
Дата07.01.2022
өлшемі2,36 Mb.
#17339
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   66
 
ҚАБЫЛДАУ 
ЖҮЙЕЛЕНУІ 
Модальділігі 
Формасы  
Ерік   
Жеке 
айырмашылықтар  
 Көру   
 Сипап сезу  
 Иіс сезу 
 Дәм сезу 
 Есту  
Кеңістік  
Уақыт   
Қозғалыс  
Ерікті   
Еріксіз 
 Аналитикалық  
 Синтетикалық  
 Сипаттамалы  
 Түсіндірмелі  
 Объективті 
 Субъективті 


 
55 
Талдағыштардың функционалдық сызбасы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3-сурет. Талдағыштардың функционалдық сызбасы 
 
Балада түйсіктер дүниеге келген күнен бастап дамиды. Мәселен, туғаннан 
кейін бірнеше күннен соң бала қант қосқан судан сүтті айыра алады. Ол балада 
дәм  түйсігінің  ерте  көрінетіндігін  байқатады.  Баланың  есту  түйсігі  біртіндеп 
дамиды.  Алғашқы  күндері  оның  құлақ  түтігі  суға  толы  болады  да  ештеңені 
есітпейді. Бірер аптадан кейін ғана бала дыбысқа біртіндеп реакция көрсетеді. 
Егер  бала  үш  аптадан  кейін  дыбысқа  елеңдемесе  оның  саңылау  болып  қалуы 
ықтимал.  Мұндайда  анасы  баласын  дәрігерге  апарып  көрсеткені  дұрыс.  Үш 
айлық  бала  анасының  еркелеткен  даусын  естіп  көңілденеді.  2-3  айдан  былай 
қарай  бала  көзін  жарық  түсіріп  тұрған  затқа  бұра  бастайды,  қозғалмалы 
заттарға  көзін  тоқтатуға  тырысады.  Жарықты  түйсіну  тіпті  жаңа  туған 
нәрістелерден де байқалады.  
Мәселен,  шала  туған  баланың  өзі  де  бірнеше  күннен  кейін  жарық  пен 
қараңғыға  түрлеше  реакция  білдіреді.  Заттың  түсін  айыру  кейінірек  дамиды. 
Мәселен, 5айлық бала алдымен заттың түріне, біртіндеп оның көлеміне, содан 
соң барып бояуына көңіл аударатын болады.  
Мектепке  түскенге  дейін  түйсіктердің  негізгі  түрлері  (көру,  есту,  сипай 
сезу, қозғалыс т.б.) біршама қалыптасып үлгіреді. Түйсіктердің қайсысын болса 
да қалағанымызша жетілдіруге болады.  
Түйсіктердің негізгі заңдылықтары төмендегідей: 
Психологияда  адамның  түйсіне  алу  қабілетін  сезгіштік  деп  атайды. 
Сезгіштік:  абсолюттік,  айырма  сезгіштік  деп  екіге  бөлінеді.  Абсолюттік 
сезгіштік  дегеніміз  –  сезім  мүшелерінің  өте  әлсіз  тітіркендіргіштерді  түйсіне 
алуы. Сезгіштік түйсіктің табалдырығымен тығыз байланысты.  
Сезім  мүшелерінің  сезгіштігі  әсер  етуші  тітіркендіргіштерге  біртіндеп 
бейімделуге байланысты да өзгеріп отырады. Бұл құбылыста адаптация дейді.  
Афферентті жүйкелер 
Үлкен жарты 
шарлардың 
рецептивті 
аймағы 
Қоздырғыштар  
 
Сигналдарды 
қабылдау 
Сигналдарды 
кодтау 
Эфферентті 
жүйкелер  
Түйсіктерді 
сезіну 
Қозудың физикалық 
процесі 
Қозудың физиологиялық 
процесі 
Қозудың психикалық 
процесі 


 
56 
Адаптация  құбылысы  адам  сезгіштігінің  артуын  немесе  төмендеуін 
көрсетіп отырады. Түйсіктердің қай-қайсысы да адаптацияланады.  
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет