Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың


 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАНЫҢ СЕЗІМДЕРІН



Pdf көрінісі
бет32/66
Дата07.01.2022
өлшемі2,36 Mb.
#17339
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   66
4.3 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАНЫҢ СЕЗІМДЕРІН 
ДАМЫТУ 
 
Ерте  сәбилік  шақтағы  секілді  мектепке  дейінгі  шақта  да  сезім  балалар 
өмірінің  барлық  жағында  үстем  болады,  оған  реңк  және  мәнерлілік  береді. 
Кішкене бала өзінің толғаныстарын меңгеруді әлі білмейді, ол үнемі дерлік өзін 
тартып әкеткен сезімдердің шырмауында қалып отырады. 
Үлкен  адаммен  салыстырғанда  бала  сезімінің  сыртқы  бейнесі  неғұрлым 
қызу, тікелей әрі еріксіз сипатта. Баланың сезімі жылдам әрі айқын тұтанады да 
сонша тез сөнеді, қызу шаттық артынша–ақ жылаумен алмасады. 
Бала  толғаныстарының  ең  күшті  және  басты  көзі  –  баланың  басқа 
адамдармен үлкендермен, балалармен өзара қарым-қатынастары. Төңірегіндегі 
адамдар  балаға  еркелете  қараса,  оның  праволарын  танып,  оған  назар  аударса, 
бала  эмоциялық  рақаттылықты,  сенімділікті,  қамқорлықты  сезінеді,  әдетте 
мұндай  жағдайларда  балада  сергек,  шат  көңіл,  көңіл  күй  басым  болады. 
Эмоциялық рақаттылық баланың жеке басының әдетегінше дамуына, жағымды 
қасиеттерінің,  басқа  адамдарға  тілектестік  қарым-қатынастарының  төселуіне 
себепші болады.  
Маңайдағы  адамдардың  балаға  қатысты  мінез-құлқы  балада  түрліше 
сезімдер – қуаныш, реніш т.б. тудырады. Бала бір жағынан еркелетуге, мақтауға, 
екінші  жағынан  өзіне  жасалған  ренішке,  көрсетілген  әділетсіздікке  қатты 
толғанады.  Мектепке  дейінгі  балаларды  жақын  адамдарына  алдымен  ата-
аналарына,  аға-інілеріне,  апа-қарындастарына  деген  махаббат,  мейірімділік 
сезімі болады, оларға көбіне қамқорлық аяушылық білдіреді.  
Мектепке дейінгі балаларды басқа балаларды ұнату мен есіркеу оңай пайда 
болады және айқын байқалады 
Өзге адамдарға деген сүйіспеншілік пен мейірімділік баланың көз қарасы 
бойынша  олар  ренжітушілерге  қарсы  тұратын  қаһармен  және  ызамен 
байланысты. Бала түсінбестен жақсы көрген адамның орнына өзін қояды, осы 
адамның  басынан  кешірген  қайғыға  немесе  әдетсіздікке  өз  басына  түскен 
ауыртпалықтай  толғанады.  
Сонымен бірге басқа балаға (тіпті жақсы көрінетін аға-інісі, апа-қарындасы 
болса да), мектеп жасына дейінгі баланың шамалауынша, баса назар аударылса, 
бұл оның қызғаныш сезімін тудырады.  
Басқа  адамдарға  қатысты  пайда  болатын  сезімді  бала  көркем 
шығармалардың,  оның  ішінде  ертегілердің,  әңгімелердің  кейпкерлеріне  де 
аударады:  қызыл  телпектің  душар  боған  бақытсыздығына  жаны  ашығанда 
шынында  болған  оқиғаға  қайғырып  тебіренгендей  болады.  Бір  оқиғаның  өзін 


 
94 
бірнеше  рет  тыңдауы  мүмкін,  алайда  одан  туатын  сезімі  солғындамайды, 
керісіенше  күшейе  түседі:  баланың  ертегі  үйреніп  кететіні соншалық,  ол  тіпті 
ондағы  кейіпкерлерді  өзінің  жақын  адамдары  мен  туыстарындай  қабылдайды. 
Әңгімелер  мен  ертегілерді  тыңдағанды  мектеп  жасына  дейінгі  балаларда  ең 
айқын байқалатын сезім – бақытсыздыққа тап болғандардың бәрін есіркейді. 
Жағымды  кейіпкерлерге  бала  ерекше  аяушылық  білдіреді,  бірақ  ол  кейде 
тым  ауыр  жағдайға  ұшыраған  жауызды  да  аяйды.  Бала  көбіне  жағымсыз 
кейіпкерлердің  қылықтарына  қатты  ашуланады,  өзінің  сүйікті  кейіпкерлерін 
одан қорғауға тырысады.  
Ертегіні  тыңдаған  кездегі  балада  пайда  болатын  сезімдер  оны  жалаң 
тыңдаушыдан оқиғаның белсенді қатысушысына айналдырады. Болғалы тұрған 
оқиғалардан  жаны  түршіккен  бала  қорыққанынан  кітапты  жабуды  және  әрі 
қарай  оқымауды  немесе  кітаптың  қорқынышты  жерін,  өз  түсінігі  бойынша 
жарамды  әңгімемен  алмастыруды  талап  етеді.  Мұнда  көбіне  бала  өзін 
қаһармандардың  орнына  қойды.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалар  ертегілерге 
берілген  суреттерді  қарай  отырып  көбіне  оқиғалардың  барысына  тікелей 
араласуға  тырысады.  Жағымсыз  іс-әрекеттер  істейтін  адамдар  немесе  сүйікті 
кейіпкерге  қатер  төндіруші  жағдайлар  бейнеленген  суреттерді  бояп  немесе 
тырнап  өшіріп  қойды.  Бір  төрт  жасар  қыз  Прометей  бейнеленген  суреттен 
бұғауға салған шынжырды өшіріп оны «азат етті».  
Өзге  адамдармен  қарым-қатынас,  олардың  қылықтары  –  мектепке  дейінгі 
бала  сезімждерінің,  әрине  бірден-бір  емес,  бірақ  басты  көзі.  Баланың, 
мейірімділік,  есіркеу,  таңдану,  ашулану  т.б.  жан  толғаныстары  жануарларға, 
өсімдіктерге,  ойыншықтарға  және  табиғат  құбылыстарына,байланысты  да 
пайда  болу  мүмкін.  Адамзат  іс-әрекеттерімен  және  толғаныстарымен  таныса 
отырып,мектепке  дейінгі  бала  заттарды  тануға  бейім  келеді.  Ол  үзілген  гүлді, 
сынған ағашты аяйды, серуендеуге кедергі істеген жағбырға қатты ашуланады 
өзіне тиеп кеткен тасқа ызаланады.  
Бала сезімдерінің ішінде қатты қорқыныш толғанысы ерекше орын алады. 
Қорқыныштың тууы көбінесе үлкендердің теріс тәрбиесі мен қисынсыз мінез–
қылықтарының  салдарына  байланысты.  Өз  түсініктері  тұрғысынан  алғанда 
балаға  қатер  төндіреді  деп  есептелетін  болмашы  себептен  үлкендердің  торға 
бастауы  тым  әдеттегі  жағдайлардан  саналады.  Үлкендердің  мұндай  мінез-
құлқы  баланы  қатты  қобалжу  міне  қорқыныш  күйіне  әкеледі.  Мысалы,  дұрыс 
сөз  көзқарас  нәтижесінде  іс-түссіз  өте  шығуы  мүмкін  өмірдің  бір  көрінісін 
үлкендер қорқынышты оқиғаға айналдырса мұның салдары ауыр блуға мүмкін 
балаға  қорқыныш  үлкендердің  қорыққанынан  көруден  де  ұялады.  Міне, 
осылайша  бала  күннің  күркіреуінен,  тышқаннан,  қараңғылықтан  қорқа 
бастайды.  Кейбір  адамдар  балалардың  айтқанды  тыңдауы  үшін  оларды 
қорқытуды  жөн  деп  санайды.  («Бері  кел,  келмесең,  өзіңді  анау  апай  жетектеп 
әкетеді», «Тыңдамайтын болсаң, анау отырған ағай портфеліне салып әкетеді»).  
Қорқыныш толғанысы кейде үлкендердің ықпалынсыз пайда болады. Бала 
өзгеше нәрсеге кезіккенде оның таңдану мен әуестенуден басқа қатты қобалжу 
күйі де пайда болады. Қорқынышты туғызатын себептердің біріне таныс адам 
жүзінің кереметтей өзгеріп кетуі жатады: бетіне перде жабу, басына тымақ кию 


 
95 
т.б.  Өзгеше,  белгісіз  жағдайлар  баланы  жиі  өте  қатты  қобалжытады.  Бұл 
жөнінен  алғанда  қараңғылықтан  қорқу  әдеттегі  жағдай.  Қараңғылықтан 
қорқуды  көбінесе  оның  таныс  дүниелерді  көрсетпей  қоюымен  түсіндіруге 
болады,  бұл  кезд  шамалы  ғана  шуыл  өзгеше  болып  есептеледі.  Егер  бала 
қараңғыда  бір  рет  қорықса  кейін  қараңғылықтың  өзі  баланы  қорқытатын 
болады.  Қорқынышты  басынан  жиі  кешіру  баланың  жалпы  бой  қуаты  мен 
психикалық  күйіне  ықпалын  тигізеді,  сондықтан  үлкендердің  баланы  еркіндік 
пен батырлық сезімінде тәрбиелеп, оны қолдап отыруы қажет. 
Қорқыныштың бұл түрінен басқалар үшін қорқу түбіндей өзгеше болады. 
Мұнда  баланың  өзіне  келетін  ешбір  қауіп  жоқ  бірақ  өзіне  сүйікті  адамдар 
қорқынышын  басынан  өткізеді.  Қорқыныштың  мұндай  түрі  есіркеудің  ерекше 
формасы  болып  саналады.  Балада  есіреудің  пайда  болуы  ренішке  ортақтасу 
қабілетінің дами бастағанын көрсетеді. 
Сезімдерді  дамытудың  негізгі  бағыттары.  Үш  төрт  жастағы  баланың 
сезімдері айқын болғанынмен әлі тым өткінші және тұрақсыз болады. Мысалы, 
анда-санда  лап  ете  қалатын  баланың  анасына  деген  махаббаты,  оны  анасын 
құшақтап  бетінен  сүюге  жетелейді,  бірақ  бұл  әлі  анасын  қуандырып  оған 
сезімін  беретін  қылықтардың  тұрақты  көзі  бола  алмайды.  Баланың  басқа  тіпті 
өте  сүйкімді  көретін  адамдарға  қатысты,  ұзақ  уақыт  есіркеу  мен  қамқорлық 
білдіруге әлі де қабілеті жетпейді. 
Ересек адамның рөлін орындау, ауру адамды күту мүмкіндігі ауру анасына 
деген мейірімділіктің орнын алды.  
Мектепке  дейінгі  кішкентайлар  мен  естиярлардың  өз  үй  ішінен  тысқары 
құрдастарына  қатысты  сезімі  бүтіндей  алғанда  әдетте  онша  ұзақ  болмайды. 
Балабақшасындағы балалардың достық белгілерін байқау көбінесе бір баланың 
өзі  жағдайларға  байланысты  кезекпе-кезек  бірнеше  баламен  достасатынын 
көрсетті. Мұндай достық құрдасына деген берік қарым-қатынасқа емес, онымен 
бірге ойнайтындыққа немесе үстел жанында бірге отыратындыққа негізделген. 
Мектепке дейінгі балалық шақта баланың сезімі едәуір дәрежеде тереңдей 
және  нығайа  түседі.  Мектепке  дейінгі  ересектердің  жақын  адамдарын 
мазасыздық  пен  күйініштен  қорғауға  бағытталған  шынайы  қамқорлықтың 
белгілерін бақылауға болады.  
Мектепке  дейінгі  ересектерге  тән  жағдай  оның  құрдастарының  тұрақты 
достығы,  алайда  ауыспалы  достасудығ  да  көптеген  жағдайлары  сақталады. 
Балалар  арасында  достықта  негізгі  мән  сыртқы  жағдайға  берілмейді,  олардың 
бірін-бірі    ұнатуына,  құрдастарының  қандайбір  қасиеттеріне,  оның  білімі  мен 
іскерлігі жағымды көзқарас алады. («Назарбек көп ойындар біледі...», «Онымен 
бірге болу көңілді», «Ол қыз мейірімді».)  
Мектепке  дейінгі  балалақ  шақта  сезімдердің  дамуындағы  басты 
бағыттардың  бірі  –  баланың  ақыл-ойын  дамуына  байланысты  келетін 
саналылығының  арта  түсуі.  Бала  қоршаған  дүниені  танып,  өз  қылықтарының 
салдерымен танысып , ненің жақсы, ненің жаман екенін түсіне бастайды.  
Кішкентайлар  жануарларға  көбіне  сезімсіз,  тіпті  қатал  келеді  деп 
саналатын  кең  тараған  пікір  бар.  Шынында,  кейде  баланың  жануарға  селсоқ 
қарауы  біздерді  жанға  батарлықтай  таңырқатады.  Баланың  шыбынды  соғып 


 
96 
өлтіргенін,  қоңызды  аяғымен  таптағанын,  көбелектің  қанаттарын  жұлғанын, 
бала мысықтың тамағын қысқанын көреміз. Бұл кейбір жағдайларда  көрінетін 
жануарларға  деген  жан  ашуға,  қайғыруға  бүтіндей  қарама-қарсы  әсер 
қалдырады.  Әйтсе  де  көпеген  жағдайлардығы  селсоқтық,  қаталдық  сияқты 
көріністердің  бәрі  баланың  түсінбеушілігін  көрсетеді.  Барлық  зат  атаулының 
ішіне үңілуді тілейтін баланың әуесқойлығы, ақыры немен тынарын білмейтін 
нағыз  бейқамсыздығымен  ұштаса  отырып,  біздер  мейірімсіздік,  қаталдық 
ретінде бағалайтын көріністерге әкеліп соғады. 
Жағдайды  түсінуге  байланысты  бала  сезімдерінің  өзгеруін  мектепке 
дейінгі  жастағы  күлдіргі  сезімнің  даму  мысалынан  жақсы  көруге  болады. 
Баланың  бұл  сезімін  өмірдегі  үйреншікті  жағдайлардың  барысын  бұзушы, 
күтпеген  жағдайларға  тап  келгенде  пайда  болады.  Мектепке  дейінгі 
кішкентайлардың  күлу  сезімі  көңілді  күлкіден  пайда  болады.  Бұл  сезім 
сайқымазақтардың  күлкілі  қимылдарын  көруден,  керісінше  айтылған  сөздерді 
естуден,  адамның  сырт  көрінісі  мен  киімдегі  үйлесімсіздікті  (мысалы,  ересек 
адамның басындағы баланың бас киімі) табудан пайда болады. Балалар өздері 
әзілдейді,  заттарға  басқаша  ат  береді,  бет-әлпетін  қисаңдатады,  сөздерді  теріс 
қарата  сөйлейді.  Мектепке  дейінгі  ересек  жастағылар  күлу  сезімін  анағұрлым 
күрделі  жағдайлардан  табады,  адамдардың  мінез-құлқындағы  сәйкессіздікті, 
олардың  білімі  мен  шеберлігінлегі  олқылықтарды  байқайды.  Олар  түлкінің 
алдауына  түскен  қасқырдың  ақымақтығына,  аңғырт  Дымбілмеске,  оқытушы-
қорқытушыға  тағы-тағы  осындайларға  күледі.  Балалардың  әзілдерінде 
астыртын мән пайда бола бастайды, әңгімелесушінінң шындыққа сәйкеспейтін 
жауабын  «ұстап  алуға»  тырысады.  Алты  жасар  «Әрине»,  -  «Ал  ағаш  қасық 
ше?» 
Мектепке дейінгі балалық шақта заттардан, табиғат құбылыстарынан, өнер 
шығармаларынан  балада  пайда  болатын  әдемілік  сезімнің  дамуы  да  осыған 
ұқсас жолдан өтеді. Үш–төрттегі мектепке дейінгі жастағы балалар үшін әдемі 
зат болып ашық бояулы жалтыраған ойыншық бойға қонымды костюмше тағы 
басқалар  саналады.  Мектепке  дейінгі  үлкен  жасқа  жеткенде  бала  әдемілікті 
ырғақтылықтан, бояулармен жүргізілген сызықтардың үйлесімділігінен,музыка 
әуенінің  дамуынан,  бидің  мәнерлілігінен  таба  бастайды.  Мектепке  дейінгі 
ересек  жастағылар  да  әсерлі  толғанысты  табиғат  құбылыстарының, 
көріністерінің  мерекелік  шерулердің  әдемілігі  тудырады.  Бала  неғұрлым 
төңіректегіні  жақсы  бағдарлай  білсе,  соғұрлым  көркемдік  сезімін  туғызушы 
себептер де жан-жақты және күрделі бола бастайды. 
Сезімнің,  «ақылға  қонымдылығының»  дамуы  адамдарға,  заттарға, 
оқиғаларға  қатысты  сезімдерді  ғана  емес,  баланың  өз  мінез-құлқымен 
байланысты  сезімдерді  де  қамтыйды.  Үш  жастағы  баланың  өзіне  үлкендердің 
мақтағаны  сүйкімді,  ал  ұялтқаны  ренішті.  Мінез-құлқына  үлкендердің  берген 
бағасына байланысты баланың мақтаныш және ұялу сезімдері пайда болатынын 
біз  білеміз.  Бірақ  бұл  толғаныстар  әлі  қылықтардың  өзіне  емес,  оларға 
үлкендердің берген бағасына қатысты. Мектепке дейінгі балалық шақта пайда 
болатын  мінез-құлық  қағидалары  мен  ережелерін  меңгеру,  бала  да  қзіне  баға 
берудің  қалыптасуы  осы  қағидаларды  орындау  мен  орындамаудың  өзі  баланы 


 
97 
толғандыра  бастауға  қуаныш  пен  мақтаныш  немесе  керісінше  бала  оңаша 
болып,  оның  қылығы  жөнінде  ешкім  ештеңе  білмейтін  жағдайларда  да  оның 
өзінде күйініш пен ұяттың тууына әкеп соғады. 
Мектепке дейінгі балалық шақта сезімнің сыртқы белгілері де айтарлықтай 
өзгереді.  Біріншіден  бала  біртіндеп  белгілі  дәрежеге  дейін  қызу  батыл 
сезімдерді тексертуді тежей білуге үйренеді. Үш жастағылар қарағанда мектеп 
жасына  дейінгі  бес-алты  жасар  бала  көз  жасын  тия  біледі, қорыққандық  белгі 
білдірмейді,  тағы  басқа  осындайлар,  екіншіден,  ол  көз  тастау,  күлімсіреу, 
ымдау, ишарат, кейін қозғалыс, дауыс ырғағының көмегі арқылы толғаныстың 
жұрт  арасында  қабылданған  аса  нәзік  нышандарын  бейнелеу  үшін  сезімдер 
«тілін» меңгереді. 
Сезімдерді  батылырақ  көрсету  (жылау,  күлкі,  айғай)  мидың  тума 
әрекеттерінің жұмысымен байланысты болғаныменғ олар тек нәрестелік шақта 
ғана  ырықсыз  сипатта  болады.  Кейінірек  келе  оларды  басқара  біледі,  қажет 
болған жағдайда оларды тежеп, қана қоймай төңіректегілерді өз толғаныстары 
жөнінде  хабарлап  оларға  ықпал  ету  үшін  саналы  түрле  де  қолдана  біледі. 
Адамдар  сезімдерін  көрсету  үшін  қолданатын  нәзігірек  мәнерлі  сезімдердің 
барлық байлығына келер болсақ, олардың шығу тегі қоғамдық сипатта болады 
және балаларды еліктеу арқылы меңгереді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет