Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың



Pdf көрінісі
бет41/66
Дата07.01.2022
өлшемі2,36 Mb.
#17339
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   66
Сенсорлық даму. Бала заттардың түсін, пішінін, мөлшерін және олардың 
кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай, оған ұсынылған заттардың да 
түрін,  пішінін  дұрыс  атай  алады,  заттарды  мөлшеріне  қарай  сәйкестендіріп 
(үлкен,  кіші,  аз,  көп)  анықтай  алады.  Және  ол  қарапайым  пішіндерді 
бейнелеп, оларды берілген түске бояй алады. Бұл жастағы балалар заттардың 
белгілі  бір  эталондарға  сәйкестігін  көрсете  алады.  (эталондар  -  бұл 
адамзаттың  ойлап  шығарған  заттардың  негізгі  қасиеттер  мен  сапаларының 
үлгісі).  
Әсерленушілік пен білуге қумарлық қашналықты басым болғанмен, бұл 
жаста  қабылдау  әлі  ұйымдаспаған.  Әлі  де  мақсатты  түрде қарау  және  көру, 
тыңдау және есту, т.б. қажетті біліктіліктері қалыптаспаған.  


145 
 
Зейін  тікелей  қызығушылықпен  байланысты  (ырықсыз  зейін),  өйткені 
қызықты іске бала көңілі тез ауады. Ерік күшін талап ететін ырықты зейін әлі 
де болса нашар дамыған.  
Айналаны  зерттеуге  бағытталған  баланың  танымдық белсенділігі,  оның 
зейінін  зерттеу  объектілеріне  қызығушылығы  жоғалғанша  аударады.  Егер  6 
жасар бала өзіне маңызды ойынмен айналысқан болса, ол алаңдамай 2 тіпті 3 
сағат  ойнай  береді.  Осылайша  ол  ұзақ  бар  ықыласын  аударып  өнімді  іс-
әрекетпен айналыса алады.  
Алайда  бұлай  зейінді  шоғырландыру  -  баланың  айналысқан  нәрсесіне 
қызығушылықтың салдары. Егер оған ұнамайтын іс-әрекетте ықыласты болу 
керек болса, ол қажып, алаңдап, тіпті өзін өте бақытсыз сезінеді.  
Балаға  зейінін  тәрбиелеуде  көмектесу  қажет.  Үлкендер  сөз  нускаулары 
арқылы  баланың  зейінін  ұйымдастыра  алады.  Дегенмен  де,  бұл  жастағы 
балалар өз тәртіптерін еркін реттей алса да, ырықсыз зейін басым болады.  
Балаларға  біркелкі  жалықтыратын  және  тартымдылығы  аз  іс-әрекетпен 
айналысу  өте  қиын.  Зейіннің  бұл  ерекшелігі  сабақтарда  ойын  элементтерін 
енгізуге және іс-әрекет түрлерін жеткілікті ауыстырып өтыруға негізгі себеп 
болып табылады.  
Ес.  Мектепке  дейінгі  жас  -  естің  қарқынды  даму  жасы.  Ес  жетекші 
танымдық  процесс  болып  саналады.  Ес  процестерінсіз  адам  баласы 
мәдениеттің  қандай  саласы  болмасын,  қалағанынша  меңгере  де,  жан-жақты 
жетіле  де  алмас  еді.  Шын  мәнінде  мектепке  дейінгі  жаста  баланың  тілді 
меңгеруі соншалықты ол нағыз ана тілін иеленуші (таратушы,  ор. носитель) 
болады.  Ес  бала  үшін  маңызды  оқиғалар  мен  мәліметтерді  жадында 
қалдырады  және  сақтайды.  Мектепке  дейінгі  балалық  шақ  адамның  барлық 
қалған өміріне көп естелік қалдырады.  
6  жасар  бала  енді  еркін  есте  сақтай  алады,  еске  сақтау  тәсілдерімен 
саналы қолдана алады. Бірақта ырықсыз еске сақтау жемісті бола бермек.  
Ойлау  тіл  дамуы  және  ғылыми  ұғымдарды  меңгеру  бірлігінде  дамиды. 
Баланың сау психикасының ерекшелігі - танымдың белсенділігі.  
Ойлау  -  сыртқы  дүние  заттары  мен  құбылыстарының  байланыс  - 
қатынастарының  адам  миында  жалпылай  және  жанама  түрде  сөз  арқылы 
бейнеленуі.  
Баланың  білуге  құмарлығы  үнемі  айналадағы  әлемді  танып  білуге 
бағытталған. Бала ойын барысында эксперимент жүргізеді, себеп - салдарлық 
байланысты  және  тәуелділікті  анықтауға  тырысады.  Онда  айналадағы  өмір 
қубылыстары  бойынша  көптеген  сурақтар  туындайды.  Ақыл-ой  жағынан 
бала қаншылықты пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және оның 
сұрақтары соншалықты алуан түрлі болады.  
Бала  заттың  бейнесін  ғана  емес  оның  қимыл-қозғалыстары  туралы  да 
ойлайды.  Бейнелі  ойлау  -  6  жасар  бала  ойлауының  негізгі  түрі.  Әрине  ол 
жекелеген  жағдайларда  логикалық  ойлауды  да  орындай  алады,  бірақ  та  бұл 
жаста көрнектілікке сүйенген оқыту басымдырақ болады.  


146 
 
Қиял. 6 жасар бала өз қиялында алуан түрлі жағдайлар құра алады, және 
баланың өзі сонда әртүрлі жағынан көрінеді.  
Ойын  барысында  қалыптаса  отырып,  қиял  басқа  да  іс-әрекет  түрлеріне 
өте  алады.  Тілі  және  қиялы  жақсы  дамыған  бала  қызықты  сюжет  ойлап 
шығарып  айтып  бере  алады,  тез  арада  жанынан  ойлап  шығара  алады 
(импровизация),  өз  шығармасына  рахаттанып  оған  басқа  адамдарды  да 
қатыстыра  алады:  қиял  бала  өмірінде  (үлкендерге  қарағанда)  үлкен  роль 
атқарады, анағұрлым жиі байқалады.  
Қиялдың  үздіксіз  жұмысы  -  баланың  айналадағы  әлемді  танып  білуінің 
және игеруінің маңызды жолы, бұл жеке тәжірибе аумағынан шығудың әдісі.  
Кейінгі жылдардағы зерттеулер нәтижесі бойынша жас бала өте икемді 
және  женіл  оқытылады,  ол  бұрынғы  есептегеннен  гөрі  әлдеқайда  көбірек 
меңгере  алады.  Ал  бұл  мектепке  дейінгі  оқыту  және  тәрбиелеу 
бағдарламаның  танымдық  мазмұнын  мағыналы  байытуға  жаңа  бағыттар 
береді.  Дегенмен  баланың  мүмкіндіктері  шексіз  емес,  оның  жасының 
психофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты олар шектеулі.  
Белгілі  психолог  Л.С.Выготский  айтқан:  "Қандай  да  бір  оқыту  үшін 
тиімді,  яғни  өте  бір  қолайлы  мерзімдер  болады.  Олардан  жоғары  немесе 
төмен ауытқу, яғни тым ерте және тым кеш оқыту мерзімдері даму жағынан 
алғанда  әрқашан  зиянды  болып  саналады,  баланың  ақыл-ой  даму  барысына 
қолайсыз әсерін тигізеді".  
Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  үлкен  мүмкіндіктерін  жүзеге 
асыруда  қолданылатын  тәрбиелеу  әдістері  мен  түрлері,  мектепке  дейінгі 
жастың  психофизиологиялық  ерекшеліктері  ескеріле  отырып  құрылған 
жағдайда  ғана  ең  жоғары  нәтижеге  жетуге  болады.  Мектеп  жасына  дейінгі 
балаларды  оқытуды  тек  дидактикалық  ойындар,  тікелей  бақылаулар  және 
пәндік  сабақтар  әртүрлі  практикалық  және  бейнелеу  іс-әрекеттері  түрінде 
жүргізуге  болады,  бірақ  ешқашанда  дәстүрлі  мектеп  сабағы  түрінде 
жүргізуге болмайды.  
Мектеп  жасына  дейінгі  балалармен  ұйымдастырылатын  және 
жүргізілетін ойын-сабақтарының негізгі түрі ойын - осы жастағы іс-әрекеттің 
жетекші-негізгі түрі болып табылады.  
Мектепте жүйелі түрде оқуға психологиялық даярлық - мектепке дейінгі 
балалық  шақтағы  бала  дамуының  қорытынды  нәтижесі.  Ол  бірте-бірте 
қалыптасады және ағзаның даму жағдайларына байланысты. Мектепте окуға 
даярлық  ақыл-ой  дамуының  белгілі  бір  деңгейін,  сонымен  қатар  қажетті 
тұғалық сапалардың қалыптасуын ескереді.  
Сонымен,  мектепте  оқуға  психологиялық  даярлық  баланың  негізгі 
психокалық 
сфераларының 
қалыптасқандығынан 
көрінеді: 
ықыластанушылық  (мотивациялық),  адамгершілік,  еріктік,  ақыл-ой.  Және 
бұлар  оқу  материалын  табысты  меңгеруді  қамтамасыз  етеді.  Сонымен  бірге 
мынаны есте ұстау қажет: баланың мектепте оқуға психологиялық даярлығы 
оның  мектепке  түсу  мезетінде  мектеп  оқушысына  сай  психологиялық 


147 
 
белгілер  құрылатындығында  емес.  Олар  тек  мектепте  оқу  барысында 
қалыптасады.  
Мектепке дейінгі балалық шақта бала дамуының қорытындысы тек осы 
белгілердің  алғы  шарттары  болып  табылады.  Олар  баланың  мектеп 
жағдайына бейімделуіне, жүйелі оқуға кірісуіне жеткілікті болуы қажет.  
Мұндай  алғы  шарттарға  ең  алдымен  оқушы  болғысы  келу,  маңызді  іс-
әрекетті  орындау,  оқығысы  келу  талап  -  тілегі  жатады.  Мұндай  тілек 
мектепте  дейінгі  шақтың  соңында  көптеген  балаларда  болады.  Ол  даму 
дағдарысына  байланысты.  Бала  өзінін  мектепке  дейінгі  жағдайының  оның 
жетілген  мүмкіндіктеріне  сәйкес  еместігін  сезіне  бастайды.  Үлкендердің 
өміріне  бұлдыр,  сағым  тәрізді  әдіспен  -  ойын  түрінде  араласу  жалықтыра 
бастайды.  Ол  психологиялық  жағынан  ойыннан  "өсіп  кетеді",  және  мектеп 
оқушысы жағдайы ол үшін "есеюге" баспалдақ, ал мектептегі оқу  - барлығы 
да құрметпен қарайтын жауапты іс.  
Мектепке  психологиялық  дайындықтың  маңызды  жағы,  жоғарыда 
айтылғандай  баланың  еркінің  дамуының  жеткілікті  денгейі.  Әртүрлі 
балаларда бұл денгей әркилы болады.  
Бұл  балаларға  өзінің  тәртібін  басқаруға  мүмкіндік  береді  және  1 
сыныпқа  келгенде  бала  бірден  жалпы  іс-әрекетке  кірісіп,  мектеп  және 
мұғалімдер қойған талаптар жүйесін қабылдауы үшін қажет.  
Танымдық  іс-әрекеттің  еркіндігіне  келетін  болсақ,  ол  мектепке  дейінгі 
ересек  жаста  қалыптасса  да,  бірақ  мектепке  түсу  кезінде  әлі  де  толық  даму 
денгейіне жетпейді.  
Балаға  ұзақ  уақыт  бойы  тұрақты  ырықты  зейінді  сақтау  қиын,  көлемі 
бойынша  бірталай  материалды  жаттау,  т.б.  Бастауыш  сыныпта  оқыту 
балалардың  осы  ерекшеліктерін  ескереді.  Олардың  танымдық  іс-әрекетінің 
еркіндігіне қойылатын талаптар, оқу процессінің өзінде оны жетілдіру қалай 
орындалатынына қарай, бірте-бірте өседі.  
Баланың  мектепке  даярлығының  ақыл-ой  дамуы  саласында  бірнеше 
өзара  байланысты  жағдайларды  қамтиды.  Бірінші  сыныпқа  түскен  балаға 
айналадағы  әлем  туралы  белгілі  білім  қоры  қажет  -  заттар  мен  олардың 
қасиеттері  туралы,  өлі  және  тірі  табиғат  құбылыстары  туралы,  адамдар, 
олардың  еңбектері  және  қоғамдық  өмірдің  басқа  да  құбылыстары  туралы 
"жақсы деген немене, жаман деген немене", яғни әдептілік туралы және т.б. 
Бірақ бұл білімдердің қаншалықты көлемі емес, соншалықты олардың сапасы 
- мектеп жасына дейінгі шақта қалыптасқан түсінігінің дұрыстық, нақтылық 
және жинақтау денгейі өте маңызды.  
Мектепке  психологиялық  даярлықта  дәстүрлі  түрде  "мектептік"  болып 
саналатын  арнайы  білім  мен  дағдыны  игеруі  -  сауаттылығы,  санай  білуі, 
арифметикалық есептер шығара алуы, ерекше орын алады.  
Алайда,  бастауыш  мектеп  ешқандай  арнайы  дайындық  алмаған 
балаларға  арналған  да,  сауат  ашу  мен  математикаға  басынан  бастап  үйрете 
бастайды.  Сондықтан  да  осыған  сәйкес  білім  және  дағдыларды  баланы 


148 
 
мектепке  оқытуға  даярлықтың  міндетті  құрамдас  бөлігі  деп  есептеуге 
болмайды.  
Сонымен қатар 1-сыныпка түскен балалардың анағурлым көп бөлігі оқи 
алады, ал санауды бәрі де біледі. Мектепке түскенге дейінгі сауат ашу және 
математика  элементтерін  меңгеруінің  маңызы,  баланы  мектепте  оқыту 
табыстылығы, басқа білім салаларында да осы меңгерудің  өзінің сапасымен 
анықталады.  
Дыбыстар  туралы  жалпы  түсінік  және  оның  мазмұндық  жағынан 
айырмашылығы, заттардың сандық және сапалық қасиеттерін айыра алатын 
балалар  оқытуда  оң  нәтиже  берері  даусыз.  Баланың  мектепте  оқуына  сан 
ұғымын  және  басқа  да  алғашқы  математикалық  ұғымдарды  игеруі 
көмектесетіні еш күмән келтірмейді.  
Оқу, санау, есеп шығару дағдыларына тоқталсақ, олардың пайдалылығы, 
қандай  негізде  құрылғанына,  қаншалықты  дұрыс  қалыптасқанына 
байланысты.  
Оқу  дағдысы  баланың  мектепке  даярлық  деңгейін,  тек  қана  егер  ол 
фонематикалық  есту  және  сөздің  дыбыстың  құрамын  сезіну  негізінде 
құрылып, ал оқудың өзі тұтас немесе буындап болса ғана, көтереді.  
Санау  да  дәл  осы  сияқты  -  егер  ол  математикалық  қатынастарды,  сан 
мәндерін түсінуге сүйенсе пайдалы, егер тек жай (механически) жаттап алған 
болса, пайдасыз, тіпті зиянды деуге болады.  
Мектеп  бағдарламасын  меңгеруге  дайындықта  тек  білім  және  дағдыны 
игеріп  алуы  емес,  баланың  танымдық  қызығушылығы  мен  танымдық  іс-
әрекетінің даму деңгейінің де шешуші маңызы бар.  
Егер  баланы  мектепте  алатын  білімнің  мазмұны  тартымды  болмаса, 
сабақта  танысқан  жаңалық  қызықтырмаса,  жалпы  мектепке,  оқуға,  оқушы 
жағдайына,  оның  құқықтары  мен  міндеттеріне  деген  оң  көзқарас,  турақты, 
табысты оқуды қамтамасыз етуге жеткіліксіз.  
Сонымен  бірге,  танымдық  белгілер  ұзақ  уақыт  ішінде  бірте-бірте 
құрылады, жиналады. Және ол, егер мектепке дейінгі жаста оны тәрбиелеуге 
жеткілікті көңіл бөлінбесе, мектепке түсісімен бірден пайда болмайды.  
Бастауыш  мектепте  көптеген  қиындықты  көретін  мектепке  дейінгі 
шақтың  соңында  білім  және  дағдысы  жеткіліксіз  балалар  емес,  баланы 
қызыктыратын  ойын  немесе  күнделікті  жағдайға  байланысты  емес  есепті 
шығаруға, ойлауға ықыласы және дағдысы жоқ балалар екендігін зерттеулер 
көрсеткен.  
Мектепке  дейінгі  шақтың  соңында  балалардың  қолы  жеткен  және 
бастауыш  мектепте  табысты  оқуға  жеткілікті  танымдық  іс-әрекеттің  даму 
деңгейі,  осы  әрекетті  еркін  баскарудан  басқа,  бұрын  айтылғандай  баланың 
қабылдауы мен ойлауының белгілі бір сапаларын қамтиды.  
Мектепке  түскен  бала,  заттарды  зерттей  білуі,  олардың  әртүрлі 
қасиеттерін  бөліп  көрсете  алуы  керек.  Оған  жеткілікті  түрде  толық,  анық 
және  таңдамалы  (бөлшектенген)  қабылдауды  меңгеруі  қажет.  Өйткені, 
бастауыш  сыныпта  оқу  мұғалімнің  жетекшілігі  мен  балалардың  әртүрлі 


149 
 
материалдармен  жұмыстар  орындауына  негізделген.  Мұндай  процестерде 
әлем  туралы  ғылыми  түсініктер  алуы  үшін  маңызы  бар  заттардың 
қасиеттерін ашып, бөліп алуы жүріп отырады.  
Мектепке келген бірінші күннен бастап, бала заттың кеңістік белгілерін, 
кеңістік  бағаттары  туралы  білімді  ескермей  оындауға  болмайтын  нұсқаулар 
алады.  Уақыт  туралы  түсінік  және  "уақытты  сезу",  оның  қаншасы  өткенін 
анықтай білу - оқушының сыныптағы ұйымдасқан жұмысының, тапсырманы 
мұғалімнің көрсетен мерзімінде орындауының маңызды шарты.  
Мектепте оқу, білімді жүйелі меңгеру баланың ойлауына ерекше жоғары 
талаптар  қояды.  Бала  ойналадағы  қубылыстардан  ең  маңыздысын  бөліп  ала 
білуі  керек,  оларды  салыстыра  білуі,  ұқсастығы  мен  айырмашылығын  көре 
білуі,  дұрыс  ойлай  білуді  үйренуі,  қубылыстардың  себебін  таба  білуі, 
қортынды  жасай  алуы  қажет.  Сабақта  ол  мұғалімнің  пікірін  байқап, 
қадағалап  отыруы  және  ізінше  сәйкес  қорытынды  жасай  білуі  қажет.  Егер 
балада қубылыстардың байланыстары мен қатыныстарын жалпыланған түрде 
анықтай  алатын  ойлау  іс-әрекеті  қалыптасса,  осылардың  бәрі  қамтамасыз 
етіледі.  Ал  мұндай  әрекеттер  мектепке  дейінгі  шақта  көбінесе  бейнелі 
ойлаудың  көрнекі-схематикалық  түрінде  қалыптасады.  Ойлаудың  бұл 
түрлерінің  жеткілікті  дамуы,  бала  мектептегі  оқуға  көшкенде  тек  қана  1 
сынып  бағдарламасын  табысты  меңгеруіне  ғана  емес,  оқушыға  логикалық 
ойлаудың  тәсілдерін  игеруіне  де  септігін  тигізеді. Жекелеген  ұғымдар  және 
логикалық  ойлаудың  тәсілдері,  ұғымдарды  меңгеруге  және  қолдануға 
негізделген ойлаудың логикалық түрлері мектепке дейінгі шақта меңгерілсе 
де, мектептегі оқудың алғышарты емес салдары болып табылады.  
Баланың  мектепке  даярлығын  анықтайтын  психикалық  дамуының  тағы 
бір  жағы  оның  тілінің  дамуы-  айналасындағыларға  затты,  суретті,  оқиғаны 
байланыстыра, жүйелі, түсінікті түрде сипаттап бере алу, өз ойының желісін 
жеткізе білу, белгілі бір құбылысты, ережені түсіндіре алуы.  
Қорыта  айтқанда,  мектепке  психологиялық  даярлық  балаға  сынып 
ұжымына  енуге,ондағы  өз  орнын  табуға,  ортақ  іс-әрекетке  қосылуға 
көмектесетін оның тұлғалық сапаларын қамтиды.  
Бұлар: баланың басқа адамдармен қарым-қатынас жасаудағы меңгерген 
әдептілік ережелері, ойындарда және өзара іс-әрекеттердің  басқа түрлерінде 
қалыптасатын  өзінің  құрбы-құрдастарымен  өзара  қарым-қатынас  орнату 
және оны сақтап отыру.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 


150 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет