Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі тараз мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет19/135
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#17695
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   135
Сүндетке отырғызу ғұрыптары. 
Ер  баланы  сүндетке  отырғызып,  мұсылмандық  парызын  өтеу  әрбір 
ата-ананың  парызы.  Қазақтарда  жеті  жас  пен  он  екі  жасқа  дейінгі 
балалар  сүндетке  отырғызады,  бұл  міндет  арнайы  тәжірибесі  бар 
молдаға  жүктеледі.  Ол  ұстарамен  шеткі  терісін  тіліп  алып,  киіз  үйдің 
сыртқы  тұсына  іліп  қояды  және  ол  сонда  кеуіп  кетеді.  Баланың 
мұсылман  болғандығына  байланысты  да  жасалатын  көптеген  жөн-
жоралғылар  бар.  Мәселен,  ұлы  жүздерде  сүндетке  отырғызылатын 
баланың басына әйелдерді кіргізбеу, баланың мүшесінен кесіп алынған 
етті  тумайтын  әйелдерге  жегізу.  Сүндет  той  Орта  Азия  халықтарында 
баланың  мұсылман  болғандығын  көрсететін  қадірлі  той  саналады. 
Балаға  арналған  сый-сияпат  көбінесе  нағашы  жақтан  болады.  Кей 
жағдайда балаға мінгізетін жылқыдан басқа көрпе төсек, киім-кешек те 
әкелінеді. Сүндеттелген балаға көрімдігі деп ақша ұстатады. Ел алдынан 
баланы  өткізу  біздіңше  елді  ерте  тойға  шақыру  үшін  сүндеттелген 
баланы  сүндет    қоржын  салынған  атқа  мінгізіп  елді  шақыртқызатын 
ғұрыптан  қалған  сияқты,  нағашы  жақтан  әкелетін  жылқыға  да  үстіне 
жабу, басына үкі қадап қоржын салып әкеледі. Оны «тай жасау» деп те 
атайды.  Қоржынның  бір  басына  бір  киімдік  мата,  ішімдік  салынады. 
Оны тайдың алдынан шыққан адам бөліп алады. Қазақтарда ертеде елді 
тойға шақыру үшін сүндеттелген баланы сүндет қоржын салынған атқа 
мінгізіп, елді шақыртқызған. Тойға шақырып келген баланы құрметтеп, 
қарсы  алып,  үйге  кіргізеді.  Ауыл  әйелдері  сүндет  қоржындағы 
тәттілерді  ырым  қылып  бөліп  алатын  болған.  Ал  қазіргі  кезеңде  кешкі 
тойда  әкелінген  тайлардың    біріне  отырып    бала  келген  кісілердің 
алдынан  өтіп  шығады.  Олар  балаға  ақша  қыстырады.  Тойда  ауыл 


41 
 
ақсақалдарына  шапан  кигізіледі.  Ол  әр  ру  ақсақалдарына  беріледі. 
Мұны  киіт  деп  атайды.  Киіт  алған  адам  тон  бау  береді.  Тойда  көкпар, 
күрес, бәйге, т.б. қазақтың ертеден келе жатқан ойындары жасалынады. 
Осылардың  ішінде  көкпар  көп  беріледі.  Көкпарға  келген  кісілерді  
алдын-ала дайындалған үйлерге түсіріп, оларды сол үйлер күтіп алады. 
Қандай    той  болмасын  ертеректе  күннің  сәтті  күні  сәрсенбіге 
қойылатын.  Сол  күні  ақ  бата  оқылып,  мал  сойылады.  Қандай  той 
өтпесін  той  өткеннен  соң  қызмет  еткендерге,  құдайға  шүкір  не  той 
мақтар жиынын өткізеді. 
Қазақтардың  бала  туу,  оны  тәрбиелеуге  байланысты  жиналған 
деректеріне  қарағанда,  жалпы  қазақтар  мен  Орта  Азия  халықтарының 
бала  туу  және  оны  тәрбиелеуге  байланысты  ұстайтын  салт-дәстүрлері 
мен наным-сенімдері, ырымдардың ұқсастығы байқалады. Бүгінде қазақ 
халқында  бала  туу,  өсіруге  байланысты  жасалатын  дәтүрлерді  
жалғастырып  отырғанымен  де  өмір  сүрген  ортасына,  заманның 
жаңғыруына  байланысты  ұлттық  дәстүрлердің  кейбір  элементеріне 
өзгеше  түр,  мән  бергендігін  байқауға  болады.  Халық  арасындағы 
мұндай ерекшеліктер мен өзгерістер зерттеуді қажет етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет