Литература:
1. Конституция Республики Казахстан от 30 августа 1995 года
2. Конституционный закон Республики Казахстан от 16 декабря 1991 года № 1007-XII «О
государственной независимости Республики Казахстан»
3. Постановление Конституционного Совета Республики Казахстан от 1 июля 2005 года № 4 «Об
официальном толковании пункта 3 статьи 26 Конституции Республики Казахстан»
133
ƏОЖ 811.512.122:37.013.43:008
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ - КОНСТИТУЦИЯ ТАЛАБЫ
Жумаханова Н.К.
(М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті)
Елімізде патриотизмді дамыту мəселесі күн тəртібінде тұрған мəселелердің бірі.
Себебі кез келген адамның бойынан патриоттық рухты қалыптастыра алмасақ,
мемлекетке, оның құрылымына жəне құқықтық жүйесіне деген бейберекеттік немесе
құқықтық нигилизм қалыптасады. Сондықтан бұл мəселеге жан-жақты ғылыми
тұрғыда баға беріп зерттеу қажет. Бұл мəселе ата заңымыздың 1-бабында республика
қызметінің түбегейлі принциптері ретінде айқындалды. Қазақстан Республикасы
Конституциясының «адам жəне азамат» бөлімінде көрсетілген міндеттер жүйесінде де
түбегейлі бағыттарды белгілеп берді. Конституцияның 34-36-баптарында «Əркім
Қазақстан Республикасы Конституциясын жəне заңдарын сақтауға, басқа адамдардың
құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын, мемлекеттік рəміздерін
құрметтеуге міндетті, Қазақстан Республикасын қорғау əрбір азаматтың қасиетті
борышы жəне парызы» деп көрсетілген [1].
Патриотизм – ол əрбір азаматтың бойында туа біткен сезім емес. Патриотизм ол
Отанына деген сүйіспеншілік, өз халқына берілгендік оның мүддесі үшін кез-келген
құрбандық пен ерлік жасауға дайын тұрушылық. Туған халқымыздын өткен тарихына
көз жіберсек,. бүгінгі күні егемен ел болып, қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі
ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы. Тарихқа үңілсек, Райымбек,
Қабанбай, Наурызбай, Əлия мен Мəншүк сынды батырлардың елі, жері үшін аянбай
күрескенін, кешегі Желтоқсан құрбандары - Лəззат Асанова, Қайрат Рысқұлбеков,
Ербол Сыпатаевтың ерлігін көреміз. Ендеше өсіп келе жатқан жас буынның бойында
отансүйгіштік сезімінің қалыптасуына отбасындағы тəрбиенің ықпалын елемей қоюға
болмайды.
Қазіргі жағдайда патриотизм жаңа сипатқа ие болды, өйткені Қазақстанда
бірнеше ұлт өкілдері өмір сүріп, «Қазақстан» деген мемлекетке бірікті. Міне, осы
барлық ұлт өкілдерінде қазақстандық отансүйгіштік сезімді қалыптастыру қазіргі
таңдағы өзекті мəселелердің бірі. Кез келген дамыған мемлекеттердің бұл мəселеге
мемлекеттік деңгейде аса жоғары мəн берілетінін көреміз. Демек, əрбір адамның еліне
деген мақтаныш сезімі орнауы қажет. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін отбасы, білім
ошақтарынан бастап, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдар деңгейіне дейін
жоспарлы
түрде
ұйымдастырылған
идеологиялық
бағдарлама
болуы
тиіс.
Ə. Қалмырзаевтың сөзімен айтсақ: «Патриоттық сезім əркімде əр кезеңде оянып, кейін
кəмелетке келгенде біржолата буыны қатып, тəжірибемен, жаспен, уақытпен, біліммен,
қоршаған ортаның ықпалымен, мемлекеттік жəне қоғамдық социологиялық
институттардың əсерімен қалыптасады» [2]. Сондықтан да, жас ұрпақты Отанды
қастерлеу мен ардақтауға, халқының мүдде-мақсатын қорғай білуге тəрбиелеу - басты
мақсат. Елбасымыз Н.Ə. Назарбаевтың бүкіл күш-жігері елде саяси тұрақтылық пен
ұлтаралық татулықты сақтай отырып, əлеуметтік-саяси мəселелерді байыппен шешуге
бағытталған. Мұның көптеген нəтижелерін көріп те отырмыз.
Дегенмен
Қазақстан
Республикасының
тəуелсіздігі
жағдайында
барлық
ұлттардың сана-сезімін қалтқысыз қамтитын патриотизм, ел бірлігі, мемлекеттік тілді
құрметтеу идеясы қалыптасуы қажет. Ол үшін Қазақстандағы барлық ұлт Отанды
134
сезінуі керек. Құқықтық нигилизмге жəне өз Отанына деген бейберекеттілікке жол
бермеу үшін ұлт өзінің құндылықтарын, адамгершілік қағидаларын сақтауға тиіс.
Белгілі бір ұлттың ғасырлардан бері қалыптасқан өмір қағидаларынан тыс, өз бетімше
жол табамын деу орынсыз.
Бұл мəселе бойынша Б. Момышұлы: «Патриотизм- Отанға деген сүйіспеншілік,
жеке
адамның
аман-саулығы,
қоғамдық,
мемлекеттік
қауіпсіздікке
тікелей
байланыстылығын сезіну, өзінің мемлекетке тəуелді екендігі мемлекетті нығайту
дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм
дегеніміз мемлекет деген ұғымды, жеке адамның өткенімен, бүгінгі күнімен жəне
болашағымен қарым-қатынасын барлық жағынан біріктіреді» деп терең əрі жан-жақты
анықтама береді [3]. Б.Момышұлы айтып отырған белгілердің педагогикалық негізі-
тұлғаның патриоттық сана – сезімін қалыптастыру; патриоттық іс-əрекетін
ұйымдастыру; мінез-құлқына патриоттық сипат беру оқу-тəрбие ісінің өзегі болуы
керек. Тəрбиедегі басты бағыт делінген тəлім-тəрбие тұжырымдамасында: «Əрбір адам
ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болуы керек екенін, ұлттық
болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай
тұжырымға ұлттық əдет-ғұрыптар мен дəстүрлер көмектеседі, сол арқылы ол жалпы
азаматтық мəдениетке аяқ басып, өз халқының мəдени игілігін басқа халықтарға
түсінікті ете алады. Сондықтан əрбір ұрпақ өз кезімен өткенін тағдыры мен
талаптарын, объективті факторлар ретінде ұсынып, сол арқылы ұрпақты өмірге
даярлап, оларды жинақталған бай тəжірибе негізінде тəрбиелей отырып, өзінің ата-
аналарының рухани мұрасын игере түсінуі керек» екені айтылған [4].
ХХ ғасырдың басында ұлттық патриотизмнің негізін салушы ғалым-
ағартушылардың бірі М.Жұмабаев «Тəрбиеден мақсұт адамды һəм сол адамның, ұлтын
аса, барлық адамзат дүниесін бақытты қылу. Ұлт мүшесі - əрбір адам бақытты болса,
ұлт бақытты, адамзат дүниесінің мүшесі - əрбір ұлт бақытты болса, адамзат дүниесі
бақытты», - қоғам мүшелерінің бақытты болуы ұлт бақытының негізі екеніне
тоқталады
Осыдан бір ғасыр бұрын жазылған тұжырым ХХI ғасыр қоғамын қалыптастыруда
негізгі мұрат болып табылады. «… əрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты
үшін қызмет қылатын болғандықтан, тəрбиеші баланы сол ұлт тəрбиесімен тəрбие
қылуға міндетті», - деп ұлттық тəрбиеге аса мəн береді . Расында да, ХХ ғасырдың аяғы
мен ХХI ғасыр басында тəуелсіз елімізде қоғамдық даму үрдісінде ұлттық салт-
дəстүрге, халықтық тəрбиеге деген бетбұрыс айқын байқалады.
ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында, қазақстандық патриотизм маңызды
бағыт ретінде атап көрсетілген. Онда «Жалпы, барлық құнды еңбектер, жаңалық
атаулы тек отансүйгіштіктің арқасында дүниеге келеді. Қоғамның қай саласына
болмасын, ең алдымен патриотизм керек. Қазақстандық ұмтылыс, толыққанды білім
мен сапалы өнімнің түкпірінде Отанға деген үлкен сүйіспеншілік пен құрмет, намыс
жатыр.Біздің болашағымыз – жастар. Біз жастарды жаңа өмірге бейімдей білуіміз
керек» деген болатын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Əрбір жас қазақстандық қыз-
жігіттердің ой-санасында: «Мен – қазақстандықпын! Мен – елімнің патриотымын!
Өзімнің бар білімімді, еңбегімді, тəжірибемді осы мемлекеттің бүгіні мен болашағына
арнауым керек!» деген ой болуы керек. Сондықтан жас ұрпақты Отанын сүюге, ол үшін
аянбай қызмет етуге, елжандылық пен ерлікке тəрбиелеу – біздің басты міндетіміз
болмақ. Көне заманнан келе жатқан таным-түсінік, əдеп-тағылымдарын ұғыну, білу
жəне өмірге үйлесімдерін қажетке жарату жастардың туған халқына деген құрметінің
артып жəне өнегенің рухани түлей түсуіне ықпал етеді. Былайша айтқанда, елінің
тарихи өткен жолы мен бұран бұлтарысы көп болмыс-білімін ұғыну халқына деген
135
сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімінің қарқынды түрде жетіле түсуіне əсерлі ықпал
етуімен қатар, бұл сапалы нəтижеге айналады [5].
Ал қазақстандық патриотизм – Қазақстанда мекендейтін барлық ұлт пен
ұлыстардың, халықтардың Қазақстан мемлекетінің əлемдік биіктен көрінуі үшін білім,
мəдениет, экономика, əлеуметтік тұрғыда дамуына жағдай жасай отырып, еліміздегі
бейбітшілік, бірлік пен тəуелсіздікті сақтау үшін барлық күш-жігерін жұмсауы.
Қазақстандық патриотизм – бүкіл қазақстандықтарды жасампаз еңбекке шақыру,
береке-бірлікті, баянды ынтымақты орнықтыру. Отансүйгіштік рух — тəуелсіз
еліміздің əлемдік өркениет көшіне қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты
орнын алуына мүмкіндік беретін бірден-бір күш. Төл тарихы, мəдениеті мен өнері,
экономикалық қуаты жоқ ел басқаларға да қызықсыз. Ал оларды кең таныту үшін
алдымен өз қадір-қасиетіңді өзің жақсы білуің, мақтаныш ете алуың керек. Əр адам ата-
бабаларымыз негізін салып кеткен игі дəстүрлерді мақтан ете отырып, өз ұлтын терең
сүю арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеуге тиіс.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына əр
жылғы жолдауларын зерделей келе Қазақстандағы əлеуметтік жағдайлар жылдан –
жылға дамып отырғанын көреміз: ұлттық білім беру жүйесінің əлемдік білім жүйесімен
кіріктірілуі, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету, денсаулық мəселесі, Қазақстанның
əлемдегі бəсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы, қазақ
халқының моральдық жəне рухани құндылықтарын одан əрі дамытуға септігін тигізіп,
Отанға деген мақтаныш сезімін жандандыра түсетіні сөзсіз.
Қорыта келгенде, патриотизмді елдіктің, бірліктің ошағына айналдыру қажет. Бұл
- Конституция талабы. Осы тұрғыда тəуелсіздік алғалы бері жасалған шаралар ауқымы
кең. Алайда патриотизмді бүкіл Қазақстан азаматтары арасында кеңінен дəріптеу үшін
мемлекеттік идеология мен арнайы бағдарлама қажет. Мұндай консепция мемлекеттің
бүгінгі таңдағы экономикалық, мəдени, жəне т.б. саладағы жетістіктерін дəріптеумен
ғана шектелмей, ұлттық, рухани игіліктерді бойына сіңіруі шарт. Ұлттық рухани
игіліктерді – отансүйгіштікке тəрбиелеп келген тарихымызбен, əдеби мол мұрамызбен,
тіл мен дінімізбен, əдет-ғұрып жəне салт-дəстүрімізбен байланыстырып қарастыру
абзал. Сонда ғана патриотизм түсінігі анағұрлым толықталып, көздеген мақсатқа
жетуге септігін тигізеді.
Əдебиет:
1. ҚР Конституциясы. 1995 жыл 30 тамыз
2. Қазақстан тарихы // əдістемелік журнал, №5, 2005 ж.
3. «Қазақ» газеті, № 14-15 (279-280), 23.06.2006 ж.
4. Қазақстан мектебі, № 10, 2001 ж.
5. ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаев. Қазақстан - 2050. Мəңгілік ел. 29 Қаңтар 2013 ж.
136
ƏОЖ 342.(574)
КОНСТИТУЦИЯ – ЭКОНОМИКАНЫҢ БАСТЫ ТІРЕГІ
Жүсіпбек Р.Р., Аймукашева Ш.С.
(Жəңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті)
Жер жаһанды жаулаған бүгінгі жаһандану дəуірінде өзгенің емес өзінің əлеуетіне,
экономикасына толық сенген ел ғана тұрақты ғұмыр кеше алатынын əрбір саналы
азамат түсінді. Түсініп қана қоймай ісін қамдап, етек-жеңін жинауға кірісті. Өзгеге
телміріп жалтаңдауға емес, өзінің табан ет маңдай терімен күн көрудің қажеттілігін
ұқты. Осыншама орасан еңбектің, тамшылап аққан тердің арқасында бүгінгі Қазақстан
болашаққа нық қадаммен адымдап келеді. Əлемде шаңырағы шайқалып, жастары
ертеңіне үмітсіздікпен көз тастап отырған, əрбір азаматы борыштар, оны санамағанның
өзінде мемлекеттің өзі қарызға белшесінен батып жыларман күйге түскен мемлекеттер
өмір сүріп жатыр. Əлем мойындаған саясаттанушылар мен экономистердің зерттеулері
бойынша қазір жер жүзінде нарықтық экономикаға бет бұрып келе жатқан мемлекеттер
терең дағдарыстан əлі де болса шыға алмай келеді. Ал енді Тəуелсіздігін алып, бұрын
соңды əлемдік аренада бағын сынап көрмеген Қазақстанның бас аяғы жиырма жылдың
ішінде осынша қарқынмен тұрақты дамуының кілті неде деген сауалға жауап іздеген.
Зерттеушілердің басым бөлігі Қазақстан экономикасының тұрақты дамуын құқық, заң
саласындағы жетістіктермен байланыстырғандығы анықталып отыр. Заң саласындағы
қажырлы еңбектің жемісі, бүгінгі жарқын өмірдің, əрбір тұрғылықты халықтың басқа
елдермен салыстырғанда əлеуетті өмір сүруінің басты кепілі болған Ата Заңының
қуаттылығында. Конституция құдды бір аяқ шалынып, сүрінгенде тірек болар алып
бағанаға ұқсайды. Экономикасы құлдыраған мемлекеттерді көріп отырғанда олардың
қайсысының болса да ең бірінші əрекеті елінің заңын реттеуге кірісетіні белгілі.
«Құрғақ қасық ауыз жыртады» демекші əрбір сөзіміздің дəлелі ретінде төменде
көрсетілген дерек пен дəйектерді атап көрсетер болсақ жұмысымыз нақтылана түсер
еді.
Конституцияда жалпы адамзатқа, түгел ұлтқа ортақ құндылықтар жарасым тауып,
бүкіл халықтың ортақ тілегінен туындаған еркіндіктің əсері, оның интеллектуалдық
əлеуеті мен халықаралық қоғамдастықтың негізгі стандарттары паш етілген.
Конституция нормаларының халықаралық құқық нормаларымен, əсіресе, гуманитарлық
құқық саласындағы нормаларымен өзара сəйкес болуы Қазақстанды құқықтық жүйесі
дамыған
мемлекеттер
деңгейіне
шығарды.
Біріккен
Ұлттар
Ұйымы
Бас
Ассамблеясының Қазақстанды БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің мүшесі етіп
сайлау туралы 2012 жылы 12 қарашадағы шешімі елімізді құқық үстемдігін қамтамасыз
етудегі жетістігін айқындайды. Конституцияның 1-бабының 1-тармағында «Қазақстан
Республикасы өзiн əлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады» деп жария етеді.
Конституциялық кеңес өзінің 2001 жылғы 21 желтоқсандағы № 18/2 нормативтік
қаулысында, бұл жалпы ереже Қазақстанның өз азаматтарының лайықты өмір сүруі,
тұлғаның еркін дамуы үшін мемлекеттің мүмкіншілігіне қарай жағдай жасау арқылы
əлеуметтік теңсіздікті жұмсартуға міндеттеме алатын мемлекет ретінде дамуға ниетін
білдіреді, деп түсіндірген болатын.
Қазір елімізде жаппай жүзеге асып жатқан Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының
мəніне келер болсақ, оның астарында Негізгі Заңда баянды етілген əркімнің еңбек ету
бостандығына, қызмет пен кəсіп түрін еркін таңдауына, кəсіпкерлік қызмет еркіндігіне,
137
өз мүлкін кез келген заңды кəсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға жəне т.б.
құқықтары жатыр. Бұл ретте Конституция, адамдардың əл-ауқатын арттырудың бірден
бір көзі жасампаздық еңбек деген қағиданы ұстанады. Мемлекет əркімге қауіпсіздік пен
тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін ешқандай кемсітусіз
сыйақы алуына, сондай-ақ, жұмыссыздықтан əлеуметтік қорғауына кепілдік береді.
Осының бəрі біз дəлелдегендей жан-жақты өлшенген əлеуметтік, экономиканың
дамуына тың серпін беретін сындарлы саясаттың жемісі деп қарауға болады.
Еліміздің экономикалық саясаты ІЖӨ жан басына шаққандағы көлемі 13 мың
доллардан 60 мыңға дейін ұлғайтуды, қазақстандықтардың өмір жасын 80-ге дейін
ұзартуды жəне одан да асыруды, еңбекақының, əлеуметтік төлемдер мен шəкіртақыны
көбейтуді мақсат тұтып отыр.
Реформаның бастапқы жылдарында-ақ Конституция Республиканың əлеуметтік-
экономикалық дамуының құқықтық негіздерін - əлеуметтік бағытталған нарықтық
экономиканы, кəсіпкерлік қызмет еркіндігін, меншіктің саналуандылығы мен барлық
нысанының теңдігін баянды етті. Осы қағидаларды дəйектілікпен жүзеге асыра
отырып, Қазақстан бүгінде өз дамуының инновациялық өсу стратегиясына негізделген
жаңа сатыға көтерілуде. Экономикада жаңа салалар, бірінші кезекте, мобильді жəне
мултимедиялық салалар, нано жəне космостық технологиялар, робот техникасын,
гендік инженерия құру сонымен қатар ең басты деп саналатын Экономикалық
ынтымақтастық жəне даму ұйымының бірқатар стандарттарын енгізу көзделініп отыр.
Елбасы өзінің жыл сайынғы халқына жолдауында соның ішінде ең əсерлісі болған
«Қазақстан - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында Қазақстанның
əлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруді мақсат етіп қойған болатын.
Сонымен қатар ҚР 2015-2019 жылдарға арналған Индустриялық - инновациялық
дамуының мемлекеттік бағдарламасын бекіткен болатын. Жобаны жүзеге асыру
барысында жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту, шикізаттық емес өнім экспортының
көлемін арттыру, өңдеу өнеркəсібінің шығынын азайту мен өндіріс секторының
көлемін одан əрі ұлғайтуға басымдық берілген.
Əлемдік аренада Қазақстанның тепе теңдікті сақтай отырып өз дамуының барлық
мүмкіндіктерін пайдалана бүлуге жол ашып бағдар беріп отырған Конституцияның
айқындылығы, құқықтық саланың жоғарғы жетістіктерімен байланыстыруға болады.
Өзге елдердің тəжірибесі көрсеткендей Қазақстан бұл үрдісті оң нəтежиелермен бастап
келеді.
Тəуелсіздік таңы атқан шақтан бастап қолға алына бастаған тұрақты
экономикалық даму жобасы əр кезең сайын жаңғырып, мазмұнын сақтай отырып
түрленіп келеді. «Қазақстан - 2030» стратегиясында басымдық берілген ең алдымен
ұлттық қауіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық, шетел инвестицияларын тарту, ұдайы
экономикалық өсу, азаматтардың денсаулын сақтау, білім беру саласын одан əрі
дамыту, энергетика, жер ресурстарын тиімді пайдалану, инфрақұрылымды жақсарту
бағыттарды жүзеге асыру Конституциялық талаптарды өмірде жүзеге асыруға
айтарлықтай септігін тигізді. Стратегияның əрбір бағыты Конституциядан қисынды
түрде бастау алып, оның нормаларына толықтай сай келгендігін ерекше атап көрсетуге
болады.
Құжатта паш етілген бюджет, салық, ақша-несие, жəне индустриялдық саясатты
жаңартуды көздейтін жаңа бағыттың экономикалық саясат Қазақстанның бүкіл
халықтың
игілігін
көздейтін
жаңа
бағыттың
экономикалық
даму
туралы
конституциялық принциптерге негізделеді.
Экономикалық дамуда интеграцияның рөлін терең түсінген Елбасы Тəуелсіздіктің
алғашқы жылдарынан бастап тілі, діні һəм мəдениеті ұқсас Орта Азия мемлекеттерімен
байланыс жасауға ұмтылды. Өз кезегінде бауырлас халықтар да қолдарынан келген
көмектерін аянып қалған жоқ. Осындай тиімді экономикалық байланыс жасаудың
138
арқасында бүгінгі Қазақстан үшін əлемде болып жатқан дағдарысты еңсеруге септігін
тигізіп отыр. Еліміздің экономика саласындағы жүргізіп отырған саясатын мынадай
түйінді сөздермен айтып беруге болады: «Алдымен - экономика, сосын - саясат». Біздің
еліміздің басты ұстанымы осыған дəлел. Қазақстан келешегін баянды етуі үшін
Революциял жолын емес эволюция жолын таңдады, əрі осы қадамының дұрыстығына
күн өткен сайын өз азаматтарымыз бен жалпы əлем жұртшылығының көзі жетіп келе
жатыр.
Тəуелсіз Қазақстан Ата Заңда айшықталып жазылған əлеуметтік мемлекет
екенінің əрі бұл қағаз беттерінде айтылып қан қоятын сөз емес нақты жүзеге
асатынының дəлелі ретінде 1995 жылы ТМД елдерінің арасында бірінші болып
зейнетақы реформасын жүргізді. Жұмыссыз азаматтар мен азаматшаларға əлеуметтік
төлемдер тағайындады. Жеке кəсібін ашамын деушілерге ауылшаруашылық жəне
өндіріс саласында толып жатқан жеңілдіктер қарастырды. Арнайы жобалар
ұйымдасытырып отандық өнімдердің үлесінің жоғарылауына барынша жағдай жасады.
Ел экономикасының шикізаттық емес дайын өнім жəне жартылай өңделген өнім
шығару ісін қажырлы түрде қолға алған болатын. Себебі еліміздегі əрбір азамат қол
қусырып үйінде отырмауы керек,барлығы бірдей Қазақстанның Мəңгілік Ел болуына
өз үлестерін қосуы керек болатын. Қазақстан үшін əрбір адамның өмірі мен
денсаулығы алтыннан қымбат екені осының дəлелі болмақ.
Қазақстан үшін басқа да ТМД елдері мен Кавказ халықтары секілді социолистік
жүйеден
нарықтық
экономикаға
өту
оңайға
соқпады.
Алғашқы
жылдары
ауылшаруашылығының құлдырауы, түрлі өнеркəсіп орындарының жабылуы ел
экономикасын тұралатып тастады. Айналымға Ұлттық валютаның шығарылуы,
экономикалық жүйенің қайта қолға алынып қаржылық институттарды құру мен
инвестиция мəселелеріне белсене кірісудің нəтежиесінде ғана ел экономикасы
жандануға бет алды.
Еліміздің Ата Заңы - əлемдегі ең жас Конституциялардың бірі. Зерттеушілердің
пікіріне сүйенсек Қазақстанның Конституциясы əлемдегі жалпы адамзаттық
құндылықтарды дəріптейтін ең үздік 50 Конституцияның қатарында. Конституцияға
өзгерістер мен толықтырулар енгізуде əлемнің дамыған мемлекеттерінің тəжірибесін
негізге алынып отырғанын баршамыз білеміз. Сол елдердің ішінде ғасырлар бойы
демократия үшін аянбай күресіп келген, мəдениеті мен байлығының шашауын
шығармай үйлестіре білген Еуропаның жүрегі десе болғандай Францияның құқық
саласындағы жетістіктерін өз Ата Заңымызға кереметтей үйлесімділікпен бейімдеп
жазып шыққан едік. Себебі Қазақстан үшін алғашқы кезеңдерде құқық саласы етене
жақын емес еді. Себебі қылышынан қан тамған тоталитарлық жүйенің уысынан кеше
шыққан уақыттары халық санасына сіңген идеологиядан алшақ кету үшін жасалған бұл
əрекет бүгінгі күннің жарқын бейнесін көрсетіп тұр.
Соңғы уақыттарды саралайтын болсақ еліміздегі экономикалық тұрақтылықты
мынадай нақты фактілермен айқындауға болады. Сөзімнің дəлелі ретінде алысқа
бармай-ақ соңғы үш жылдағы елімізде болған аса маңызды экономикалық жағдайларға
көз жүгіртсек. 2012 жылы Үкімет пен Ұлттық Банктің бағаны тұрақтандыру бойынша
тиімді əрекетінің нəтежиесінде жылдық инфляция деңгейін жоспарланған 6-8% дəлізде
ұстап тұруға мүмкіндік ке қол жеткізілді.
Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы төмендеді жəне ЖІӨ-ге 2,2%-ды құрады. Ал
тиісінше 2014 жылы бұл көрсеткіштердің анағұрлым жақсарғанын көруге болады.
Мысалы, инфляция 4,8%-ды құрады, бұл 2012 жылғы деңгейден 1,2%-ға төмен.
Сонымен қатар жедел деректер бойынша елдің жалпы ішкі өнімі 6,0%-ға өскен.
Экономиканың өсуі ішкі өсу көздері есебінен қамтамасыз етілді. Мəселен, негізгі
капиталға салынған инвестициялар көлемі 6,5%-ға өсті, бұл дағдарыстан кейінгі
кезеңдегі ең жоғары көрсеткіш болып есептеледі.
139
Даламыздың данышпаны болған Ұлы Абай «өз бетіңмен түзелмейсің, күшті
тəртіп керек» деген екен. Тіл жаңылып, сөз шатасқан мына заманда бабамыздың осы
бір ұшқыр ойы еріксіз еске оралады. Тумысынан көсемдік етуге жаралған
даналарымыздың сары майдай сақталған қасиетті ойлары бүгінгі күнге нарқын
жоғалтпай жетті. Айбары асқан сонау ғасырлардың өзінде түгел жұртқа əмірін
жүргізген Қасым хан, бір қазақты емес қырғыз бен башқұртқа төрелік айтқан Хақназар,
қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманда өмір сүрген əз Тəукелер сондай дəуренді
қалай кешті деген ой туады. Себебі сол хандардың жасаған заңдарын, шығарған
жарлықтарын халқы Құрандай қадірлеп, бастарына көтерді. Халқымыз «Тəртіпсіз ел
болмайтынын, тəртіпке бас иген құл болмайтынын» атам заманнан түсінген. Келешегі
кемел ел бабалардың басына қойып дəріптеген заңдарын орындау парызым деп білсе,
һəм ұрпақтарына қастерлеп аманат етсе ғана ұлтымыздың шаңырағы берік болары
сөзсіз. Ата Заңын асқақтатқан елдің ғана жұлдызы көкте жарқырайды.
Достарыңызбен бөлісу: |