Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет177/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   963
Түйін сөздер: фольклор, әдебиет, халық, күй, жазушы.

Қазіргі  көркемдік  даму  үрдісінде  фольклорлық  сарын  өзінің  маңызын  барынша  бекітіп,  сан 

ғасырлық дәстүр арнасын жаңғыртуда. Терең қатпарлы әдебиет пен өнер саласы бағзы дәуірден-

ақ  фольклордан  сусындағаны,  нәр  алып  отырғаны  белгілі.  Атақты  адамзаттық  мәндегі  эллиндік 

өркениет түзген көне Грек  трагедиялары фольклорға, дәлірек айтқанда мифологияға негізделгені 

әмбеге  аян.  Көркемдік  даму  үрдісі  барынша  жаңарып  жаңғырған  бертінгі  заманда  да  әдебиет 

пен өнер фольклордан таза қол үзіп кеткені жоқ. Әлемге әйгілі классикалық туындылардың түп 

негізі фольклордан бастау алуының өзіндік заңдылықтары бар. Бұл үрдіс әдеби ертегі сынды соны 

сипаттағы тың жанрды дүниеге әкелді. 

Мысалы, француз ертекші-жазушысы Шарль Перроның (1628-1703) атақты ертегілері «Қызыл 

телпек»  («Красная  шапочка»),  «Ұйқыдағы  ару»  («Спящая  красавица»),    «Көк  сақал»  («Синяя 

борода»), «Етік киген еркек мысық» («Кот в сапогах»), «Күлше қыз»  («Золушка»)  сөз өнерінің 

көркемдік  жүйесіндегі  фольклордың  алар  орынын  жаңа  бір  қырынан  дәйектей  түседі.  Сондай-

ақ,    орыс  поэзиясының  бірегей  өкілі  А.С.Пушкиннің  ертегілік  сарындарға  құрылған  поэмалары 

фольклордан  алынып,  қайта  өңделгені  әдебиеттану  ғылымында  айқындалған  болатын.  Соның 

барысында бұл ертегілер әлем халықтарының барша балалары сүйіп оқитын асыл қазынаға айналды. 

Кез келген халықтың фольклоры сол ел кәсіби әдебиетінің көркемдік негізі, поэтикалық қайнар 

көзі, бастау бұлағы болып табылады. Фольклор адамдық ізгі қасиеттерді, парасаттылықты дәріптеп, 

барша адамзаттың бақыты мен бейбіт өмір сүруін, рух үйлесімін басты орынға қояды. Сондықтан 

фольклорлық мұра кейіпкерлері әділет үшін күреседі, зұлымдықты, небір қиыншылықты бастан 

кеше жүріп, жеңіп шығады. Ар-ұждан, парасаттылық үстемдігін паш етеді.

Жалпы өнердің халықтыкі екені туралы философиялық концепция  Дж. Вико, Жан Жак Руссо, 

И.Г.Гердердің еңбектерінде айқындалған болатын. 19 ғасырдың бас шенінде Гердер «Ән-жырлардағы 

халықтардың дауысы» («Голоса народов в песнях») атты жинақ жариялады. Бұл жинаққа халық 

әндерімен қоса авторлық жырларды енгізді.  Сол арқылы И.Г.Гердер әдебиет пен ондағы халықтық 

рухтың пайда болуының айқын бірлігін, біртұтас құбылыс екенін көрсеткісі келді. 

Неміс жазушылары мен ғалымдары Шлигель, А. фон Арним, К.Брентано, Яков пен Вильгельм 

Гримм  халық  мәдениетін  зерттеп,  оның  қас  үлгілерін  жинап,  өңдеп,  фольклорлық  шығармалар 

жариялады. Олар осы қайраткерлігімен туған халқының бағын асырып, өзге халықтардың ығында 

кетпеуіне, озық ұлттардың тасасында қалып қоймауына, кейінгі буын ауысқан сайын ұрпақ жадында 

арғы бабалары сомдаған көркем дүниелер орнығып қалуына еңбек етті. Айналып келгенде, елінің 

іргесін  мәдениет  рухымен  бекітті.  Фольклорлық  үлгілерді  жинаудың  түп  мақсаты  мен  маңызын 

ұлттық  және  адамзаттық  құндылықтарды  сақтау,  рухани  кемелдену  өзегіне  айналдыру  екенін 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет