Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет302/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   963
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

180


Технологиялар жетістігі тым көп болған соң олардың терминдік қолданысы да басым қолданысқа 

ие  болатыны  бар.  «ASTEX-2014»  көрме-конференциясы  аясында  электрондық  коммерция 

және  логистика,  электрондық  бизнес  салаларындағы  инновациялық  өнімдер,  оған  қоса  соңғы 

технологиялар мен жетістіктер көпшіліктің назарына ұсынылды. Ал енді мұндай жетістіктер сөз 

жоқ жаңа терминдер мен жаңа тіркестерді айналымға ендіруге септігін тигізеді. Мұнда кездесетін 

электрондық коммерция, электрондық бизнес, логистика, инновация, т.б. сөздер мен сөз тіркестерін 

атауға болады. 

Демек, бір smart сөзі тілімізде ақылды ұғымында тек қана қала атауына ғана емес, сонымен 

бірге технология сөзімен де тіркесіп қолданыс тапқандығын көреміз. Олай болса сөзді пайдалану 

өрісі кеңейген сайын, оның қолданысы да артпақ. Бұл тілімізде терминдер қолданысының еркін 

жүзеге асатындығын көрсетеді. Алайда «ақылды» сөзі адамға тиесілі болатынын білетінбіз, ал енді 

қалаға, технологияға тіркесіп, олардың ақылдылығын тану қаншалықты шындыққа жанасар екен. 

Жалпы, «ақылды қала», «ақылды технология» тіркестерінің қалыптасуы орынды ма?  

Сондай мысалдардың тағы бірі «вирус қарақшылығы» тіркесі. Мұндай тіркес те осы сөз еткен 

технологиялармен байланысты. Мысалы, «Егемен Қазақстан» газетінің 22 мамыр № 131 санында 

«Вирус қарақшылық тұтынушылар мен бизнеске миллиардтаған шығын келтіруде» деген сөйлем 

бар («Егемен Қазақстан» газеті. 22 мамыр № 131, 2013. 7-бет).

 

Әдетте қарақшы сөзі 1. Жол торып, ел тонаушы; 2. Ұры, сұғанақ, суынқол; 3. Елді ойрандаушы, 



талаушы, қаныпезер, жауыз мағыналарында қолданылып, тіркес ретінде осы ұғымдағы сөздермен 

тіркесетін [6,334]. 

Ал  бүгінде  бұл  сөз  компьютер  қолданушыларда  кездеседі.  Ондағы  ұғым  компьютерлік 

бағдарламаларға қол сұғып, ұрлық немесе тонаушы, сұғанақтық жасайтындар үшін қарақшылық 

мағынасында келеді. 

Кейде  кез  келген  жаңа  бастамалардың  белгілі  бір  салада  қолданылатын  сөздердің  қайта 

жаңғырып  кетуіне  септігін  тигізеді.  Айталық  кезінде  заманға  сай  кеңірек  қолданыс  тапқан 

«қарақшы»  сөзі  бүгінде  бейбітшілік  туған  күнде  өте  сирек  қолданылатын,  алайда  мағыналық 

жағынан  технологияның  дамуы  оны  қайта  пайдалануға  жол  ашты.  Яғни  бұл  сөзді  мағыналық 

жағынан тиімді пайдаланудың тәсілі.   

Тілдік  қолданыстағы  кәсіби  терминдер  қолданысын  осылай  сараласақ,  одан  басқа  заманға 

сай жаңа қолданыстар да кездесетіні бар. «Астана ақшамы» газетінің 30 қазан 2014 жылғы №123 

санында  «Балалықтың  бақытты  какофониясы»  деген  атпен  Астана  қаласындағы  «Оқушылар 

сарайы» өмірін бейнелеген мақалада «какофония» сөзі қолданылыпты. Ол мәтінде былай да келеді: 

«Иә, дүниедегі ең әдемі какофония Оқушылар сарайында деген ой келеді». Сөздің мағынасы нақты 

берілмеген. Алайда қолданылған сөздің мағынасын берілген материалды оқығанда түсінеді деген 

ұстаным мақсат етілген. 

Какофония  (книж.).  Лишенное  всякого  благозвучия  сочетание  звуков  (в  музыке,  стихах)  – 

жағымды  әуендерден  арылған  әуенді  дыбыстардың  (әнде,  өлеңдерде)  тіркесі  деп  түсінік  береді 

С.И.Ожегов [7,213]. 

Д.Н.Ушаков  сөздігінде  какофония  ж.  (греч.  kakos  -  дурной  и  phone  -  звучу)  (книжн.). 

Негармоническое,  режущее  слух  сочетание  звуков,  неблагозвучие  (в  музыке,  в  стихах),  -деп 

берілген де мысал ретінде: «К кому был Феб из русских ласков» - неожиданная рифма «Херасков» 

не примиряет меня с этой какофонией» деген А.С.Пушкиннің қолданысы келтірілген 

[8,1289].

 

Яғни 



какофония гректің kakos – жаман және phone – гармониялық емес дыбыс, есту қабылетін кесетін 

дыбыстар тіркесі, жағымсыз дыбыс (музыкалық) деп берілген.     

Ұсынылған материалда автор «какофония» сөзін жақсы мағынада, яғни балалардың жағымды 

дауыстарын меңзеген ұғымда қолданыс табуды көздеген. Алайда осы сөздің түп-төркінін саралап, 

мағыналық  ұғымдарын  қарасақ  басқа  мағынаны  түсінеміз.  Көріп  тұрғаныңыздай  келтірілген 

сөздіктер какофония сөзінің «жағымсыз дауыс» екендігін алға тартатын сияқты. Тіпті бұл сөздің 

аудармасы да тіліміздегі сөздіктерде солай берілген. 

2005 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты 

ұсынысымен жарық көрген  орысша-қазақша сөздікте «какофония – құлаққа жағымсыз үн, дауыс» 

деп берілген [9,338].

 

Біздің  тілдік  ұғымда  бала  күлкісін  әлемнің  көркімен  теңестіріп,  сол  балғын  балалар  үшін 



әртүрлі  көңілді  ойындар  ұйымдастырамыз.  Тіпті  «

1  маусым  –  халықаралық  балаларды  қорғау 

күні»  деп  бірнеше  мәдени  шараларды  жандандыратынымыз  тағы  бар.  Ал  жоғарыда  келтірілген 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет