Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы



Pdf көрінісі
бет619/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   615   616   617   618   619   620   621   622   ...   963
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы

376


1954 жылы 24 сәуірде КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының «18 - жасқа дейінгі жасқа дейін 

жасаған қылмыстары үшін сотталғандарды жазалаудан алдын - ала босату тәртібі туралы» указы, ал 

13 мамырда КСРО ІІМ, КСРО Әділет министрі, КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Мемлекеттік 

қауіпсіздік комитеті төрағасы, КСРО Бас Прокурорының «Психикалық ауру немесе ауыр жазыл-

майтын сырқатпен ауыратын тұтқындарды босату тәртібі туралы» бұйрығы жарық көрді [17]. 1954-

1955  жылдардағы  Лагерлер  Бас  Басқармасындағы  саяси  тұтқындардың  санының  қысқаруы  көп 

жағдайда, олардың жазалау мерзімінің аяқталуы бойынша босатылуынан және аз жағдайда, істерді 

қайта қарау негізінде, сонымен қатар амнистия бойынша алдын ала босатылулар есебінен болды. 

1954-1955 жылдарда лагерлер мен колониялардан алдын - ала 88278 саяси тұтқын босатылды [18].

Кеңес азаматтарын сталиндік террордан толық құтқарған 1956 жылғы 14-25 ақпанда болған 

КОКП ХХ сиезі болып табылады. Онда 25 ақпанда КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы 

Н.С. Хрущевтің «Жеке басқа табынушылық және оның зардаптары» деген тақырыпта баяндамасы 

тыңдалды. Бұл баяндама – тұтас халықтар өкілдерінің, жеке тұлғалардың тағдырын анықтаған еді. 

Сондықтан да бұл баяндаманы тарихи дерек ретінде зерттеу саяси репрессиялар тарихын ашуға 

көмектеседі.  ХХ  сиездің  материалдары  –  кеңес  тоталитаризмінің  тарихи  дерегі,  адам  құқығын 

төмендетуді ашып беретін құжат.

Н.С.  Хрущев  баяндамасында  [19]  сталинизмнің  қылмысын  жан  -  жақты  ашып  берді.  Ол 

комиссияның ІІХК мұрағаттарындағы үлкен көлемдегі материалдармен және басқа құжаттармен 

танысып, қорытындысында кінәсіз адамдар қаза тапқан коммунистерге қарсы қолдан жасалған істер 

мен жалған айыптаулардың көптеген фактілерін анықтағанын айтты. 1937-1938 жылдарда көптеген 

партиялық,  кеңестік,  шаруашылықтық  қызметкерлерді  «жау»  деп  анықтады,  шын  мәнінде  олар 

ешқашан жау, тыңшы, бүлдіруші болып табылмады, әрқашан адал коммунист болып қалғандарын, 

ал оларға адам сенгісіз ауыр айыптарды тергеушілердің мойындатқанын жайып салды. 

ХХ  сиезден  кейін  саяси  репрессия  құрбандарын  ақтау  және  құқықтарын  қалпына  келтіру 

туралы  мемлекет  тарапынан  шаралар  қабылдана  бастады.  10  наурызда  КСРО  Жоғары  Кеңесі 

Президиумының указы 1948 жылдың 21 ақпанында Жоғары Кеңестің Президиумы указымен жер 

аударылған барлық адамдарды босатты [18, 121 б.]. Мемлекеттік қылмыс бойынша сотталғандар 

туралы осы жылы қарала бастады. 24 наурызда КСРО Жоғары Кеңесінің Президиумының «Саяси, 

лауазымдық  және  шаруашылық  қылмыстары  үшін  жазаларын  өтеп  жатқан  тұлғалар  істерін 

қарастыру туралы» указы [18, 80 б.] шықты. Указ бойынша Жоғары Кеңес Президиумы комиссиясы 

қамау орындарындағы саяси сипаттағы қылмыс жасап, айыпталған әрбір адамның сотталуының 

дәйектілігін  тексере  бастады.  Комиссия  қамау  орындарындағы  сотталғандар  істерін  қарап,  сол 

жерде - ақ ақтады. 29 маусымда КОКП Орталық Комитеті және Министрлер Кеңесінің «Бұрынғы 

әскери тұтқындар және олардың отбасы мүшелеріне қатысты заңдардың дөрекі бұзылу салдарын 

жою туралы» қаулысында [18, 139 б.] бұрынғы кеңес армиясының қоршауда қалған немесе тұтқынға 

түскен  әскери  қызметкерлері  туралы  айтылды.  28  шілдеде  КСРО  Жоғары  Кеңесі  Президиумы 

«Мемлекеттік  қылмыстар  туралы  істер  соттауға  жататыны  туралы»  указы  [18,  76  б.]  шықты. 

Тыңшылық туралы істерден басқа, барлық мемлекеттік қылмыс туралы барлық істер жергілікті, 

облыстық, республикалық, Жоғары сотының қылмыстық істер бойынша Сот Коллегиясында қарала 

бастады. Тыңшылық туралы істер Әскери Коллегияға жіберілді. 1934 жылғы 10 шілдедегі КСРО 

Орталық Атқару комитетінің ІІХК және оның органдарының тергейтін қылмыстарға байланысты 

істерді қарастыруы туралы қаулысы күшін жойды. 4 қазанда қылмыстық істерді қайта қарау кезінде 

жазалауды төмендетілген азаматтардың еңбек өтілі туралы Министрлер Кеңесі қаулысы [18, 171 

б.]  жарық  көрді.  12  қарашада  Мемлекеттік  қауіпсіздік  комитетінің  және  Қаржы  министрлігінің 

ақталған  азаматтарға  тартылып  алынған  мүліктерін  орнын  толтыруды  есептеу  тәртібі  туралы 

түсіндірмесі [18, 172 б.] жарияланды.

Соғыстан кейінгі жүргізілген мемлекеттік саясат репрессиялардан зардап шеккен адамдардың 

тағдырын анықтауға әсер етті. Жазалаушы заңдық актілердің өзгертіліп барып, мүлдем жойылуы 

да бірнеше жылдарға созылды. Осылайша, Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі алғашқы қырық жылға 

жуық уақыттағы кеңес азаматтарына қарсы ашық саяси репрессиялар аяқталды.

Қазақ  атауымен  тарих  сахнасына  шыққан  Қазақ  хандығынан  бастап  ұлт  тарихына  шолу 

жасасақ, аңғаратын мынадай ақиқат бар. Ж.Тәшеневтен бақа ешқандай тарихи тұлға – батыр да, би 

де қазақ жерінің бестен біріндей аумағын сыртқы күштерден қорғап қалған жоқ. Басқа еңбектерін 

айтпағанда, теңдесіз осы ерлігінің өзі – ақ Жұмабек Ахметұлы есімін Қазақ тарихына мәңгілікке 

қалдырды [20]. Сөз жоқ, Ж.А.Тәшенев қазақ жерін сақтап қалу жолындағы, тарихи қызметі ерекше. 

Оның бұл қызметі халық жүрегінен терең орын алды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   615   616   617   618   619   620   621   622   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет