Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет665/963
Дата06.01.2022
өлшемі11,32 Mb.
#12693
1   ...   661   662   663   664   665   666   667   668   ...   963
№ 3 (106) 2015

405


жолына түсіру, ұлт мектебі арқылы жас ұрпаққа ұлттыҚ тєрбие беру сынды маңызды міндеттер 

көтерілді.  Сондай-ақ  білім,  ғылым  жаңалықтарын  жеткізіп  насихаттап,  қазақ  ағартушыларының 

озық ойларын халық арасына насихаттап  отырды.

«Қазақ тілі» газетінде қазақ  денсаулығын қорғау тұрғысында  денсаулық сақтау мекемелерi 

көрсететiн дәрiгерлiк-санитарлық, дәрiгерлiк-әлеуметтік, дәрi-дәрмектiк көмектiң қамтамасыз етілуі, 

олардың  орындалуын  қадағалаудағы  жауапкершiлiгі,  денсаулығынан  айырылған  азаматтардың 

әлеуметтік қорғалуы, кепiлденген дәрiгерлiк жәрдем шеңберiне сәйкес дәрiгерлiк жәрдем алудың 

әлеуметтік әдiлеттiгi және теңдiгi сынды мәселелер қамтылды. Сонымен қатар, дәрігерлік кеңестер, 

ауруханалар  ашу,  дәрігерлер  мен  дәрі-дәрмектің  жетіспеуі,  оларға  қаражаттың  бөлінуі    секілді 

мәселелерге арналған мақалалар үнемі жарияланып тұрды. Әлеуметтік саланың негізі-денсаулық 

сақтау жұмысын  жетілдіруде «Қазақ тілі» газеті үлкен рөл атқарды. 

«Қазақ тілі» газетінде ХХ ғасырдың 20 жылдарындағы қазақ шаруаларын жерге орналастыру 

және  отырықшыландыру  мәселелері    қатысты  мақалалар  жарық  көрді.  Оларда  көшпелі    және 

жартылай  көшпелі  қазақ  шаруаларын  отырықшыландыру  арнайы  даярлықсыз,  материалдық-

техникалық негізіж асалмай, ауыл шаруашылығын жаппай ұйымдастыру аясында қосалқы науқан 

ретінде  іске  асырлығаны  айтылды.  Кеңес  өкіметінің  қазақ  шаруаларын  отырықшыландыруға 

байланысты  мемлекеттік  саясаты  сөз  болды.  Әсіресе,  көшпелі  және  жартылай  көшпелі  қазақ 

шаруаларын отырықшыландыру мәселесінде жер туралы кеңестік мемлекет саясаты қарастырылды. 

Сонымен жаңа экономикалық саясаттың көшпелі  және жартылай көшпелі шаруашылық пен  

ауыл шаруашылығын  қалпына келтіру және    өлкеде өріс алған тұтыну кооперациялары да газетте 

көтерілді.  Сол  кезеңде  кооператорлар  құрылысы-Қазақстан  экономикасының  барлық  саласына 

көмек берген болатын.  

 

 

 



 

 

 



«Қазақ тілі» газетінде қызмет атқарған  М.Тұрғанбаев, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Ш.Тоқжігітов, 

С.Дөнентаев,  Ә.Досов,  И.Әлімбеков,  А.Жолымбетұлы,  А.Сәуелиев  тағы  басқа    басқалары  қазақ 

халқының  әлеуметтік-экономикалық    істері  мен  өміріне  белсене  араласты.

 

«Қазақ  тілі»  газеті 



әлеуметтік  өмірдің  негізі  оқу  ағарту  ісі,  денсаулық  сақтау  мәселесі,  әлеумет  істерін,  жергілікті 

тұрғындарының тұрмыс-тіршілігі тұрақты көтерілген тақырыптардың бірі болды.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   661   662   663   664   665   666   667   668   ...   963




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет