Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет4/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131
 
 
 
         


 
 

 ӘЛЕУМЕТТІК   ЭКОЛОГИЯНЫҢ   ҚАЛЫПТАСУЫ    
ЖӘНЕ  ДАМУЫ 
Әлеуметтік   экологияның  пәні  және  міндеттері, қалыптасу  тарихы 
 
Экология    жер  бетіндегі    барлық    тірі    ағзалардың    өзара  және 
табиғи  ортамен    зерттейтін    болса,  әлеуметтік    экология    тіршілік  
иелерінің    бір  түрін,  яғни  «Homo  sapiens»  -  «Саналы  адамның» 
қоғамдық  және  шаруашылық    дамуының    әртүрлі  кезеңдеріндегі 
табиғатпен жүйелі байланыстарын зерттейді.  
 XIX    ғасырдың    аяғында  әлеуметтік  экологияның  екі  түрлі 
анықтамасы  қалыптасты:  біріншісі  «адамзат  қоғамының  қоршаған 
табиғи  ортамен    әсерлесуі    туралы  ғылым»,  екіншісі  «жеке    адамның  
және  адамзат  қоғамының  табиғи,  әлеуметтік  және  мәдени  ортамен 
әсерлесуі  туралы  ғылым».  Бұл      анықтамалардың    негізгі    мақсаты  - 
адамның  қоршаған  ортамен  қарым-қатынасын  зерттеу.  Әлеуметтік 
экожүйеде  адам    динамикалық  тепе-теңдіктің  нысаны  және  субъектісі 
болып  табылады.  Әлеуметтік  экология  қоршаған  табиғи  ортамен 
әсерлеуші,  адамның  іс-әрекетінен    пайда  болған  қоғамның  
құрылымын,  ерекшеліктерін    және    қызмет    атқару    тенденцияларын  
зерттейді.  Жер    шары  халқының  шектен  тыс  көбейіп  кетуі,  табиғат  
ресурстарының  сарқылуы, адамның  тіршілік  ету ортасының өнеркәсіп 
және  ауылшаруашылық  өндірісінің  қалдықтарымен  ластануы,  табиғи  
ландшафттардың  бұзылуы, флора және фауна түрлерінің кемуі, табиғи 
тепе-теңдіктің  өзгеруі  мен  экологиялық    зардаптардың  қалыптасуы  
адамзат  қоғамының  экологиялық   сипаттағы және болашақтағы  даму  
бағыттары  туралы  нақты   мәліметтерін алуға әсер етті.  
Ғылыми-  техникалық  революцияның  дамуы    табиғи  орта  мен 
қоғам  арасындағы  байланыста    адам    мүмкіншілігінің    сапасын  
арттырды және өзгеше жетістіктерін ашты. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет