Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі


ҚР қоршаған  ортаны  қорғаудың  проблемалары



Pdf көрінісі
бет82/131
Дата10.02.2022
өлшемі11,28 Mb.
#25177
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   131
ҚР қоршаған  ортаны  қорғаудың  проблемалары  
және оны шешу жолдары. 
Жер  шарындағы  экологиялық  проблемаларды  шешу  үшін  жер 
шарындағы  мемлекеттер  бірігіп  шаралар  жасауда. Себебі  экологиялық 
проблеманы  шешу  жеке  адамның  ғана  емес  бүкіл  адамзаттың 
проблемасы.  Елімізде  экологиялық  проблеманы  шешу  үшін,  еліміздегі 
табиғат  байлықтарын  дұрыс  пайдалану  мәселесіне  зор  көңіл  бөлініп, 
1918  жылдың  өзінде-ақ  табиғатты  қорғайтын  арнаулы  Комитет 
ұйымдастырылды.  Соның  нәтижесінде  табиғат  байлықтарын  дұрыс 
пайдалануға  және  қорғауға  бағытталған  алғашқы  заңдар  белгіленіп 
қабылданды.1962  жылы  16  маусымда  Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесі 
Президумының  «  Қазақстан  табиғатын  қорғау  »  туралы  жарлығы 
шешті. Жарлықта  пайдалы қазбаларды, суды ( жер  беті мен жер асты 


 
 
119 
сулары),  ормандар  мен  құстар,  атмосфералық  ауа,  топырақ,  сирек  
ландшафтылар және тағы басқаларды қорғау қарастырылды. Жарлықта 
қосымша арнайы нұсқау жазылып, онда әр түрлі табиғат байлықтарын  
пайдалану, орман, топырақтың құнарын сақтау, ауа мен су қоймаларын  
қорғау,  балық    аулау  мен  аңшылық  туралы  ережелер  бар.  Қазақстан 
Республикасы   Президентінің  «Қазақстан  Республикасының  2004-2005 
жылдарға  арналған  экологиялық  қауіпсіздігі  тұжырымдамасы  туралы» 
Жарлығы-2003  жылы  3  желтоқсан  күні  Астанада  қабылданды.  Осы 
жарлықта  Қазақстан  Республикасының  экологиялық  қауіпсіздігін 
қамтамасыз  ету  және  елдің  экологиялық  дамуы  жөніндегі  мемлекеттік 
шаралардың кешені айқындалды. Табиғатты қорғау мәселесіне қазір де  
зор  көңіл  бөлінуде.  Халықаралық  табиғатты  қорғау  одағының  шешімі 
бойынша әр елде табиғат қорлары мен табиғатты  қорғау  үшін  сирек 
кездесетін, құрып кету қаупіндегі жануарлар мен өсімдіктердің түрлері 
есепке  алынған.  Біздің  елде  «Қызыл  кітап»  1978  жылы 
ұйымдастырылған.  Мұнда    аңның  21  түрі  және  осы  тектес  түрдегі 
кздесетін  аңдар  мен    торғайлардың  8  түрі  көрсетілген,  оларды  сақтап 
қана  қймай,  бұлардың  санын  көбейтудің    барлық    шаралары 
қолданылды. Қалпына келтірілген жануарлар мен өсімдіктердің түрлері 
«  Қызыл  кітаптан  »  алынған.  Табитғатты  қорғау,  жастардың 
денсаулығын,  салауатты  өмірін  қалыптастыру    бағытында  көптеген 
шаралар қабылданды.  
Елбасымыз 
Н.Ә.Назарбаев 
«Қазақстан-2030» 
Даму 
бағдарламасында    еліміздегі  ең  маңызды  бағыттардың  бірі  табиғатты 
қорғау шараларын қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, халықтың 
экологиялық  білімін  дамыту,  насихаттау  жұмыстарын  жандандыру 
мәселелері  қамтылды.Осындай  проблемаларды  шешу  үшін  жергілікті 
халықтың  экологиялық  білімі  мен  сауаттылығын  арттыру  арқылы 
тәрбие  беру  жұмыстары  еліміздің  барлық  аймақтарында  даму  қажет. 
Әйтпесе  көрікті  табиғатымыздың  ерекшеліктері  келешек  ұрпаққа 
жетпей қалуы мүмкін және тартымды  туристік  аймақтарды жоғалтып 
алу  қауіпі  туындайды.  Табиғатты  қорғау  мен  табиғат  қорларын  тиімді 
пайдаланудың  екі  бағыты  бар:  мемлекеттік  және  жалпыхалықтық. 
Мемлекеттік  бағыт  тиісті  заңдармен,  әрі  үкіметтің  қарарларымен 
анықталса,  ал  жалпыхалықтық  бағыт  өзінің  тікелей  қатысуымен  және 
қоғамдық ұйымдар арқылы іске асырылады. 
     Сондықтан  еліміздегі  табиғатты  қорғау,  ұқыпты  пайдалану, 
экологиялық  тепе-теңдікті  сақтау  бағыттарын    ерекше  көңіл  бөлінуі 
қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет