Қазақстан республикасы білім жəне ғылым



бет6/17
Дата18.06.2022
өлшемі0,7 Mb.
#37021
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Сабырғали ДУман

HTMLДокументы










HTML Формы







өзгешеліктері
Хаттама
Басқа хаттамалар:
FTP, Gopher,
WAIS, SMTP,
NNTP и т.п.







Gif, JPEG, MPEG

және т.б.




форматтағы

файлдарды көру

бағдарламалары

Қолданушының

қолданбалы




бпғдарламаларын

жүктеуге арналған

бағдарлама








    1. сурет – “Клиент-сервер” технологиясының құрылымы

“Клиент-сервер” жүйесі деп қолданушының қарамағына өз қорларын беретін алыстағы компьютер мен осы қорларды пайдаланатын қолданушының компьютері арасындағы ақпартты беру механизмін атайды. Мұнда өзінің қорларына қосылуды ашатын компьютер – “сервер”, ал бұл қосылуды алушы “клиент” деп аталады.


“Клиент-сервер” технологиясын қысқаша келесідей түрде ұсынуға болады:

  • клиент сұранысты жасайды және серверге, басқаша айтқанда сұранысты өңдейтін бағдарламаға жібереді;

  • бұл бағдарлама сұранысқа сәйкес қорытынды жасайды және оны клиентке жібереді;

  • клиент қорытындысын алады, оны дисплейде бейнелейді және қолданушының әрі қарайғы әрекетін күтеді. Қоданушы сервердегі жұмысын аяқтағанша, цикл қайталана береді.






    1. сурет – “Клиент-сервердің” өзара қарым-қатынас тәсімі

Клиент-сервер технологиясы – бұл компьютерлердің бірінен (сервер) екінші компьютерге (клиентке) өз қорларын ұсынатын, жергілікті желідегі компьютерлердің өзара қарым-қатынасының ерекше тәсілі.


Жоғарыда ескертілгендей, Интернет қорларын тарату принциптеріне қолданылатын негізгі түсініктердің бірі, “клиент-сервер” тәсіміне сәйкес мәлімет беруді ұйымдастыру болып табылады. Технологияның өзара қарым-қатынас тәсімі 1.8-суретте көрсетілген.
Бұл технологияның қалай жұмыс істейтінін талдап көрелік.
Клиент браузеріне web-парақты жүктеу үшін сервер, серверлік компьютерде орнатылған http-сервер деп аталатын арнайы бағдарламаға сұраныс жібереді және одан алынған мәліметті өңдейді. Мұнда браузердің міндеттеріне серверден белгілі бір параққа сұраныс жасау, оны алып және қолданушының экранына бейнелеу жатады. Әрі қарайғы әрекетті сервер өзіне алады. Ол сұранысты қабылдайды, сұралған құжатты іздейді және клиентке табылған файлдың мазмұнын немесе мұндай файлдың табылмаған не оған қосылуға қандай да бір тыйым салынған қателіктер туралы хабар береді.Бұл үдерісті түсіну үшін маңызды сәт, http-серверінің берілген құжаттың мазмұнын талдамайтындығы болып табылады. Ерсі айтқанда, сұралған файлдың ішінде не бар екені http-серверге бәрібір, ол тек оны браузерге жеткізеді, алынған ақппараттың бейнеленуі мен құрылымы жөніндегі барлық жұмысты браузер өзіне алады. Бірақ, бұл ережеде де өзгешеліктер болады.
Сондай-ақ, сұрастырылған парақты іздеу, серверлік компьютердегі осы сайтқа бөлінген белгілі бір директорияда жүзеге асырылатынын атап өту керек. Бұл директорияға сілтеме қолданушының енгізген адресінде болады. Егер сұраныс нақты бір құжатқа емес, тұтастай сайтқа арналаған болса, онда http- сервері берілетін файл атауының орнына автоматты түрде «бастапқы парақ» деп
аталатын файлды береді. «Бастапқы парақ» index.html атымен аталады (кейбір жағдайларда – default.html). Бұл құжат міндетті түрде, сіздің сайтыңызды орналастыру үшін бөлінген түпкі каталогта немесе егер бұл алдын-ала айтылған болса, WWW деп аталатын директорияда орналастырылуы қажет. Қалған басқа файлдардың барлығын осы каталогта немесе салынған директорияда орналастыруға болады. Әсіресе бұл, бірнеше тақырыптық тараулардан немесе айдарлардан тұратын сайттарда өте қолайлы.
Сондай-ақ, серверлік директория құрамында сіз жасап салған папкалардан басқа, тағы да бірнеше каталогтар болады. Біріншіден, бұл CGI-BIN папкасы. Мұнда CGI-скриптері мен сіздің сайтыңызда қосылатын басқа да интерактивті қосымшалар, сондай-ақ сервердің дұрыс жұмыс істеуі үшін қажетті бірнеше қызметтік директориялар орналастырылады. Бастапқы кезде оған көңіл аударудың қажеті жоқ. Кейде index.html сақталған каталогта бірнеше қосымша файлдар болады. Олар: not_found.html – егер http-сервер қолданушы сұраған файлды таба алмаған жағдайда бейнеленетін құжат, forbidden.html – сұратылған құжатқа қосылуға тыйым салынған қателіктер туралы хабарлау ретінде бейнеленеді, robots.txt – іздестіру машинасымен сіздің сайтыңыздың индексациялау тәртібін арнайы түрде сипаттайтын файл.
Барлық айтылғандарға қарай отырып, клиент браузері, ақпаратты серверден тек ала алады және оны өңдей алады. Ал оны орналастыру мен өзгерту, егер файлдарды серверге жүктеу серверлік web-интерфейсіне қосылған арнайы CGI-скриптерінің көмегімен НТТР хаттамасының негізінде жүзеге асырылған жағдайда ғана болады [12]. Барлық басқа жағдайларда, арнайы бағдарламалық құралы арқылы қажетті файлдарды автоматты түрде оларды сізгебөлінген сайттағы директорияға бере алатын, ftp-серверін пайдалана аласыз. Бұл екі жағдайда да жүйеге қосылу үшін сізге тіркелу атыңыз бен пароліңізді білу қажет болады.

      1. Web-серверді таңдау. Web-серверді таңдау кезінде, ең негізгі критерийлер – баға мен өндірістілікті басшылыққа алу қажет. Біріншіден, Web- сервер қандай іс-әрекет орындайтынын және оған қандай типтегі мәліметтермен жұмыс істеуге тура келетінін біліп алу қажет. Осыдан соң серверге арналған қаржылық шекті анықтау керек. Жеке Web-сервері үшін кез-келген тегін немесе шартты-тегін бағдарламалар пайдаланылады және оны ДК немесе Macintosh типті арзан дербес компьютерге орналастырады. Ірі корпоративтік жүйелер үшін коммерциялық бағдарлама-сервер жұмыс істейтін, UNIX операциялық жүйесі орнатылған қуатты жұмыс станцияларына өтініш жасауға тура келеді.

Негізгі Web-серверлер:

  • Apache;

  • Microsoft US;

  • NCSA;

  • Netscape Web-сервері;

  • WebSite;

  • Webstar болып табылады.

Олардың әрқайсысына төменде тоқталып өтеміз. Бұл осы өнімді мадақтау ретінде емес, олармен байланысты танымал проблемаларды жай ғана сипаттау мен шолу ретінде қарастырылады [13].
Apache http://www.apache.org/
Apache сервері өзінің бастауын NCSA httpd-серверінен алады. Ол Интернеттегі Web-серверлер арасында өзінің танымалдылығы жағынан бірінші немесе екінші орын алады. Apache сервері тез жұмыс істейді және тегін таратылады. Бұл NSAPI/ISAPI ұқсас, HTTP 1.1, SSI хаттамасын, модульдік архитектураны қолдайтын және әртүрлі функцияларды, мысалы, Perl- сценарийлерінің интерпретациясын немесе шартты HTML-конструкциясын орындайтын көптеген тегін модульдері бар қуатты сервер. Дегенмен, Apache сервері барлығына бірдей келе бермейді. Біріншіден, ол коммерциялық пакет емес. Интернетте бұл өнімді кең көлемде қолдауы бар болғанымен де, көптеген компаниялар қолданушылардың қолдауымен өздері айналысатын өнімге маңызды жүйені ауыстыруға келгенде ауытқып отырады. Солай бола тұра, Linux тәрізді операциялық жүйеге келгенде әртүрлі үшінші компаниялар Apache серверін коммерциялық негізде қолдауды ұсынады.
Apache серверін таратуға кедергі келтіріп отырған дерек, ол шығаруға дайындалу сатысында Windows ХР, Windows 7 арналған версияда болғанымен, негізінен UNIX-жүйесі үшін іске асырылғандығы болып табылады. Осылайша, Apache серверін қолдану саласы сыртқы және коммерциялық емес Web- серверлермен шектеледі, бірақ ол интражеліге келмейді. Соңғы айтылатын жайт, орнату кезінде кей жағдайларда файлдарды күйіне келтіруді қолмен ауыстыруға, тіпті бағдарламаның өзін қайта жинақтауға тура келеді. Егер сіз қара жұмыспен айналысқыңыз келетін болса, онда UNIX-жүйесі бар, ал көп ақшаңыз жоқ болса, Apache сервер сізге арналған. Сіз жақсы компанияға тап келесіз: Интернеттегі кейбір Web-тораптаросы өнімге бас ұрады.
Microsoft Internet Information Server http://www.microsoft.com/iis/
Microsoft компаниясының Интернеттегі (IIS) ақпараттық сервері Windows NT платформасына арналған. Windows ХР үшін осыған ұқсас, «жеке Web- сервер» (PWS — Personal Web Server) деп аталатын, қуаттылығы жағынан кем түспейтін US версиясы бар. PWS серверінің танымалдығына қарамастан коптеген ұйымдар екі варианттың ішінен IIS серверін таңдайды. IIS серверінің өте маңызды аспектісі Windows ХР-мен өте жақын бірігуі болып табылады. Өкінішке орай, Windows ХР-ге жоғары дәрежеде тәуелділігі IIS серверінің кемшілігі болып табылады. Аппараттық қамту мен кластернизациялық проблемасына орай, IIS сервері, UNIX үшін жасалған кейбір серверлерінің бағыттау деңгейіне жете алмайды. Бірақ та, Microsoft компаниясының транзакцияны өңдеушілерімен серверді кластеризациялау мен біріктіру жаңа
технологиясын жасауына орай, бағыттауға байланысты бұл проблемалар шешілуі мүмкін. Егер Microsoft-тың басқа өнімдерімен, мысалы, SQL Server мәлімет базасын басқару жүйесімен оларды біріктіру жоспарланатын болса, Microsoft шешу базасында жасалған интражелілер үшін IIS серверінен басқаны табу өте қиын. IIS серверінің бағасы оның негізгі артықшылығы болып табылады: себебі ол тегін таратылады.
NCSA http://hoohoo.ncsa.uiuc.edu/
Интернеттегі Web-сервердің осы күнге дейінгі танымалы, UNIX-жүйесіне арналып жасалған NCSA сервері болып табылады. Бұл бағдарлама – Интернетте таңында пайдаланылған алғашқы екі Web-серверлердің бірі. Ол осы күнге дейін UNIX-жүйесінде қолданылады. Сервер тегін таратылатылатынына қарамастан, оны белсенді қолдау жоқтың қасы, серверді әрі қарай әзірлеу жүргізілмейді. Егер сіз Web-сервер жасауды жаңадан бастап отырсаңыз бұл сізге арналған. Сонымен қатар, жаңа функцияларды, мысалы, HTTP I.I хаттамасын жүзеге асыру болмайды. Кімде-кім аз ақшаға қуат алғысы келсе, Apache серверіне көңіл аударуы қажет.
WebSite http://website.ora.com/
O'Reily компаниясының WebSite бағдарламасы Windows ХР/Windows 7 үшін өте қарапайым Web-сервер болып табылады. Бұл Windows ХР платформасына арналған жалғыз, сенімді Web-сервер. Ол одан қуаттырақ жүйеде жұмыс істейтін, Microsoft немесе Netscape серверлерінің өндірістілігі тәрізді ерекшелене қоймайды, WebSite орнату мен басқару үдерісіне қарай өте қарапайым сервер деп саналады.
Сонымен қатар, бұл жүйеде әзірлеушілер үшін әртүрлі қызықты мүмкіндіктер, мысалы, Cold Fusion-мен біріктіру, кеңейтілген SSL және сервердің бағдарламалық интерфейсінің арнайы кеңейтуі қарастырылған. WebSite — Windows NT немесе UNIX өндірістілігі қажет етілмейтін интражелілер мен тораптарға арналған керемет таңдау.
WebStar http://www.starnine.com/
Macintosh компьютерлері үшін Web-серверлердің бірі, MacHTTPD негізінде жасалған бағдарлама болып табылады. WebStar сервері Macintosh компьютерімен жақсы бірігеді. Ол AppleScrip тілін және Macintosh-та пайдаланылатын басқа да функцияларды түсінеді, сондай-ақ бұл BinHex утилитінің көмегімен файлдарды автоматты түрде жабуға мүмкіндік береді. Жүйе UNIX стиліндегі cgi-бағдарламасын жасауды қолдайды. Ол серверлік Java-бағдарламаларын орындауға арналған вертуальды Java-машинасымен және кеңейтілген SSI нұсқасымен жабдықталған.
WebStar сервер өнімділігі одан ары жақсарта түсуді қажет етеді. Бірақ, дайындаушылар бұл проблеманы түзетуді өздеріне міндет етіп алды. WebStar сервері интражелі мен кішігірім Web-тораптарын жасауға арналған бағдарлама бола алады.
Web-сервер бағдарламаларын салыстыру кезінде, әртүрлі пакеттердің әртүрлі өндірістік сипаттары бар екендігі ескерілмей қалады. Егер бір аппарат платформасын ала беретін болсақ, бір Web-сервер екіншісін әлдеқайда басып озады. Web-серверді жоспарлау кезінде, техникалық мәселелерден бастап, ал бағдарламалық мәселелерді шешу кезінде олардан бас тарту қажет. Немесе керісінше: бәрінен де жақсы жұмыс істейтін нақты бір бағдарламаны негізге алу және аппаратура іздеу болуы тиіс. Бағдарлама мен аппараттық қамтуды дұрыс таңдау, Web-торабының өнімділігін арттырады.
Дипломдық жобаның қашықтықтан оқыту ақпараттық жүйесін жасау үшін қажет Web-сервер, Windows-қа тұспалдап таңдалған болатын.

      1. Басқа технология. CSS. Web-дизайнерде html-құжатын жасау үдерісінде қиын форматтауды – жаңа жолдан жаңа жолға дейін қаріптерді ауыстыру, мәтінді орналастыру, оның түсі, мәліметтердің әртүрлі кестесін форматтауды қолдану қажеттілігі жиі туындап отырады. Бұл проблеманы HTML стандартты құралының көмегімен шешуге болады: әрбір жаңа жолды жеке командалардың жиынтығымен сипаттау, бірақ бұл жағдайда қорытынды құжаттың көлемі үлкен болады, сондай-ақ код жасаудың өзі үлкен жұмыс істеуді талап етеді. Басқа жолмен: арнайы шағын тілдің көмегімен бір рет парақты форматтауды қатаң тапсыратын, CSS стандартында – Cascading Style Sheets (стилдердің каскадты кестесі) орындалатын сыртқы файл парағына қосу арқылы істеуге болады. Басқа сөзбен айтқанда, CSS файлы HTML құжатында мәтінді, кестені және басқа элементтерді форматтау үшін қолданылатын шаблонның рөлін атқарады. Бір CSS файлын бірнеше рет сайттың web-парағына қосу мүмкіндігі бар. CSS-ті ешбір шектеусіз кез-келген серверде қолдануға болады. Бұл технологияда қандай да бір ірі кемшіліктер болмайды.

Сондай-ақ, каскадты кестелер диплом жобасының ақпараттық жүйесін жасау кезінде қолданылды.
JAVA. Оншақты жыл бұрын Sun Microsystems компаниясы дайындаған, құрылымы мен синтаксисін еске түсіретін Java бағдарламасының тілі көптеген С бағдарламашыларына жақсы таныс. Бүгінгі таңда Интернетте екі түрлі нысаны бар: JavaScript және өзіндік Java.
Java технологиясының көмегімен, өз парағыңызда интерактивтілік бере аласыз, қалқып шығатын терезелер мен кіріктірілген фреймдерді жасау, жинақтау және толық бақылау жасай аласыз, “сағат”, “жүгіретін жол” және басқа да анимациялау тәрізді белсенді элементтерді ұйымдастыра аласыз, чат жасай аласыз. Сайтқа тірі суреттеу беретін көптеген web-камералар, Java-ның тиісті қосымшаларында жұмыс істейді.
Бұл технологияның артықшылығының бірі, Java-бағдарламасының жұмысын қамтамасыз ететін қандай да бір қосымша модульдерді орнату және күйіне келтірудің қажеттілігі жоқ екенін атап өткен жөн. Java-ның ең негізгі кемшілігі, осы тілді компиляциялауды қолдамайтын, ескі версиядағы браузерді
қолданушылар, Java және JavaScript көмегімен жасалған объектілерді қабылдай алмайды.
ASP (Active Service Pages, сервердің белсенді парағы) – JavaScript пен PHP- қа ұқсас тағы бір технология. ASP технологиясын пайдалана отырып, интерактивті web-парағын жасау үшін, оны қашықтықтан Java мен С тілі еске салатын, шағын тілде жазылған, тиісті скрипт кодына кіріктіру қажет. Скрипт тікелей серверде түсіндіріледі және орындалады, содан кейін қолданушының браузеріне ASP сценарийі жұмысының қорытындысымен дайын html-құжаты жіберіледі. Осыдан ASP бар парағы үшін қолданушының компьютерінде қандай БҚ орнатылғанының маңызы болмайтыны туралы дұрыс қорытынды жасауға болады. Бірақ та, ASP қолдануды жоспарлап отырған сервер типтінің маңызы болады, себебі, олардың барлығы бірдей осы технологияны қолдай бермейді.
DHTML (Dynamic Hyper Text Markup Language, динамикалық гипермәтінді белгілеу тілі) HTML стандартын кеңейту болып табылады және статистикалық құжат орналастырылған қозғалатын рең, жылжитын объект, түсетін меню, тышқан курсорын жылжыту кезінде жанатын түймешелер, анимация, жүгіретін титрлар және көптеген басқалар тәрізді интерактивті элементтер кіретін web- парақтарын мүмкіндік береді. DHTML HTML мен JavaScript технологияларының арасындағы “орташа арифметиканы” көрсетеді. Бұл стандарт HTML кодымен бірлесе отырып браузер өңдейтін шағын тілдерді біріктіру көмегімен дайындалатын жай сценарийлерді пайдаланады. Мұндай сценарийлер “скриплеттер” деп аталады.
Скриплеттер жасау үшін DHTML стандартты кеңейтуі мен ActiveX интерфейсінің директивалары қолдайтын, кез-келген шағын тіл пайдаланылады. DHTML 4.0 және одан жоғары версиялардан бастап, MS IE браузерімен танылады [14].
XML (Extensible Markup Language, белгілеудің кеңейтілген тілі) World Wide Web Consortium (W3C) консорциумы – HTML тілін жасаушылардың 200 жылы ұсынған жаңа стандарты болып табылады. Webпарақ жасайтын бұл жаңа технология және оның соңғы ерекшеліктері бүгінгі таңда әлі де әзірлену үстінде. XML құрылымы бойынша гипермәтін тілді емес, төменгі деңгейдегі басқа тілдерді суреттеуге арналған метатілді көрсетеді. Өз кезегінде XHTML (Extensible Hyper Text Markup Language, гипермәтінді белгілеуді кеңейту тілі) XML мен HTML 4.0 арасындағы аралық нұсқаны көрсетеді. Оның W3C кеңінен қолданылуы есебінен, бір стандарттан екіншісіне ақырындап көшіруді жүзеге асыру жоспарланады. XHTM тілін ерекшелендіруге кері сәйкестендіру принципі салынған. Басқа сөзбен айтқанда, HTML 4.0 технологиясы немесе басқа да ертеректегі версиялар бойынша орындалған парақтардың web-сайт иелері, Интернетте жарияланған құжаттардың форматына қандай да бір өзгеріс енгізбейді: себебі, жаңа тілді кеңейту мен барлық толықтырулар алдыңғы стандарттардың барлығын өзіне қосып алған.
XML мен XHTML HTML мүмкіндіктерін әлдеқайда кеңейтеді және web- мастерге қазіргі Интернеттің бар мүмкіншілігін жүз пайызға пайдалануға мүмкіндік тудырады, әсіресе, электрондық коммерция саласында. XHTML электрондық құжаттың модульдік архитектуралық құрылысын көрсететін болғандықтан, бұл стандарт Интернет үшін әдеттен тыс құрылғылармен қарым- қатынасының механизмін жасауға мүмкіндік береді. Ондай құрылғылар: факс, ұялы телефон мен телевизорлар. Талдаушылардың пікірі бойынша жақын болашақта XML әлемдік желінің негізгі стандарты болады.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет