Қазақстан Республикасы Білім және ғылым


КІТАПХАНА ЖӘНЕ ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК ӘУЕЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ



бет91/114
Дата05.03.2022
өлшемі0,64 Mb.
#27086
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   114

КІТАПХАНА ЖӘНЕ ЖАС ҰРПАҚТЫҢ ЗИЯТКЕРЛІК ӘУЕЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ




С. Шарбекова


11 мектеп, Екібастұз қаласы
Мектеп оқушыларының шығармашылық және зияткерлік дамуы жүйесіндегі кітапхананың алатын орны ерекше. Жалпы кітапханашы мамандығы өзінің өте қызықты да, тартымдылығымен ерекшеленеді. Себебі, күн сайынғы келіп түсіп жатқан жаңалықтар легі, яғни, жаңа мерзімді басылымдар, жаңа кітаптар және күнде келіп осы жаңалықтармен танысып, жаңа кітаптармен сусындап, өмірлеріне азық қылған оқушылар қауымы.

Өздеріңіз байқағандай кез-келген оқушы мектеп қабырғасын аттаған күннен ең алдымен мектеп кітапханасының есігін ашады. Менің ойымша әр кітапхана қызметкері оқырман қауымға қызмет көрсетумен қатар өзі де жан-жақты дамыған маман ретінде өсу мүмкіндігіне ие болады.

Қазіргі кезде жаңалықтар легі толассыз өсуде. Сондықтан, оқушы кез-келген уақытта ешкімнің көмегінсіз өзіне керекті кітапты сауаттылықпен тауып алуға шамасы жете бермейді. Яғни, кітапханаға жаңадан келген оқушы кей кезде өзіне не керек екеніне сенімді бола бермейді. Міне, осындай жағдай барысында оқушыға бағыт-бағдар беретін әрине кітапхана қызметкерлері біз боламыз.

Мен өзім кітапхана жұмысында оқушылардың кітап оқуына жетекшілік ету барысында мына үш принципті ұстанамын:



  1. Методологиялық принцип. Ол оқуға ұсынатын әдебиеттердің ғылымдылығы, оқушыларға жоғары идеялы, түсінігіне қолайлы әдебиеттерді ұсыну;

  2. Психологиялық принцип. Мұнда оқушылардың жас ерекшеліктері, білімі, оның мінезі, ұғымы, қаншалықты оқығандығын есепке алу арқылы;

  3. Педагогикалық принцип. Бұл жерде кітапты оқушыға ұсыну барысында шығарманы насихаттаудың көрнектілігі, тартымдылығы, оқушылардың қабілетіне сай болуы.

Осы принциптерді басшылыққа ала отырып орындалған жұмыс өз жемісін беретініне сенімдімін.

Әрине, кітап оқу - өте күрделі еңбек түрі. Кез-келген оқушы міндетті түрде мектеп бағдарламасына қатысты кітап оқиды, оқудың көмегімен берілген қосымша тапсырманы, болмаса көмегімен берілген қосымша тапсырманы, болмаса белгілі тақырыпқа реферат, хабарламалар жазады. Міне осы жағдайда оқушылардың шығармашылық даму мүмкіндіктері арта түседі, өз білімдерін толықтырады, өз бетімен ізденіс жұмыстарын атқаруға жағдай туады. Ал көркем әдебиет оқу арқылы өзін- өзі тәрбиелейді, күнделікті өмірде түсіне алмаған, біле алмаған мәселелерге жауап береді, түсінеді.

Балалардың жас ерекшелігіне байланысты кітап оқу ынтасы да әр түрлі болады. Тіпті жастары бірдей оқушылардың өздері де кітап оқу ісіне әртүрлі қарайды. Кітап оқуға үйретудің, дағдыландырудың негізгі шарты - қажетті кітаптардың дұрыс іріктелуі, себебі, кез келген кітап жас балалардың интелектуалды, шығармашылық дамуын қалыптастырады деп айтуға болмайды.

1-4 - сынып оқушылары негізінен ертегілерді көбірек оқиды, ұнатады. Оқыған кітаптарын жанындағы достарына, кейде кітапхана қызметкерлері мен ұстаздарына айтып беріп жататын кездері де жиі кездеседі. Заманымыздың талантты педагогы В.А. Сухомлинский

«Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі деген болмайды» деп санаған. Біз мектеп қабырғасында қандай іс-шара өткізсек те тікелей кітаптармен байланысты өткіземін.

Мысалы: «Біз қай ертегіденбіз?»-ойынын қызықты етіп ұйымдастыру үшін, «Ер төстік», «Мақта қыз бен мысық», «Қасқыр мен ешкі», «Қожанасыр», «Жиренше шешен» т.б ертегілерді пайдалануға болады. Ойынға қатысқан әрбір оқушы өзі таңдаған

кейіпкердің іс-әрекетін жасау арқылы кітаптың ойы, кейіпкері есінде сақталып қалады.

5-6 - сынып оқушылары күрделі оқырмандар тобына жатады. Бұл жастағы оқушылар үшін мектеп өмірі, мектепте оқу үйреншікті, таныс. Қоршаған ортамен қарым-қатынас тереңдей түседі. Олардың өміріне, іс- әрекетіне, мінезіне достарының әсері көбірек ықпал етеді. Төменгі сынып оқушылары ересектерге сеніммен қараса, 5-6 - сынып оқушылары үлкендер алдында өздерін ұстамды, дербес түрде көрсетуге тырысады. 5 - сыныптан бастап көп пәндердің қосылуына байланысты бар пәнге емес, нақтылы бір пәнге деген ықыласы, қызығушылығы артады. Көркем әдебиетпен қатар ғылыми-көпшілік әдебиеттерді оқуға ықыласы артады. Оқығандарын ойлап қорытуға тырысады. Танымдық талпынысы жанданып, тарихи оқиғалар, дүниетану, тұжырымдау өз пікірін ойын айтуға, ортаға салуға тырысады. Осы жағдайларды ескере отырып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне назар аудара отырып, кітап оқуға ықыласын арттырып, дамыта түсуге көмектескеніміз жөн. Ол үшін олардың назарына анықтамалық басылымдарды, ғылыми-көпшілік журналдарды ұсыну арқылы кітап оқу шеңберін кеңейтуге көмектесе аламыз.

6-9 - сынып оқушылары өте белсенді, көп оқитын оқырмандар. Бұл аралықтағы оқушылар ересектерден гөрі, достарының пікірін көбірек тыңдайды. Оқитын пәндерге деген ықыласы тереңдей түседі. Бағдарламаға қосымша материалдар іздейді.

7 - сыныптан бастап өмірбаяндық әдебиеттер, саяхаттар, жаңалықтар туралы көп оқиды. Кітаптағы кейіпкерлердің әрекетінен гөрі, автордың ойы мен шешілуі көбірек қызықтырады. Бұл жаста оқу белсенділігі төмендейді.

8-9 - сынып оқушылары поэзияны көп ұнатады, лирикалық шығармаларды оқиды. Көп білгілері келеді, пікірлері тез өзгеріп отырады. Бұдан қорқудың қажеті жоқ, керісінше әртүрлі дағдыларын қызығуларын ескере отырып, өз еркімен әдебиетті таңдауына, ойын ашық айтуына көмектесуіміз керек.

10-11 - сынып оқушылары көбіне өз болашақ мамандықтарына қатысы бар, анықтамалық әдебиеттерге көбірек көңіл бөледі. Бұл жерде де кітапхана қызметкерінің көмегі өте қажет. Қандай жағдайда болсын, қандай жас аралығы болсын оқушылардың шығармашылық, зияткерлік дамуына қосар үлесіміз ұшан-теңіз. Тек, керек уақытта, дұрыс бағыт-бағдар бере алуымыз керек.



Мектеп қабырғасында жылма - жыл өткізілетін интеллектуалды олимпиадалық жарыстарға да мектеп кітапханасы бір кісідей ат салысып, өз тарапынан көмек тигізетінін ескере отырып, өз әріптестеріме еңбекте жеміс, шығармашылық дамыған зияткер оқушыларыңыз көбейе берсін дегім келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет