Хабаршы №3-2015ж.
196
болған башқұрт елінің игі жақсылары Әбілхайырға –
Біздің ханымыз бол-деп
шын жүректен жалынған еді…Әрине Әбілхайырды мұндай құрмет жай
қалдырмаған болуы мүмкін. Алайда ол 1709 жылдың күзінде Қазақ билерінің
шақыртуымен Түркстан жаққа кетіп қалды да, Башқұрт көтерілісі жеңіліске
ұшырады…
Қазақ билері Әбілхайырды текке шақыртпаған екен. Қазақ елі
басшыларының сол жиналысында екі үлкен мәселе қаралды. Бірі Жоңғар
шабуылына қарсы күш біріктіру болса, екіншісі Әбілхайырды Кіші жүз ханы
етіп сайлады. Бұрын Кіші жүзде хан болған жоқ еді, орталық хан билейтін
еді. Алайда, соңғы он жылда Ресей тарапынан Жайық казактарының
шабуылы қатты күшейді. І Петр Еділ қалмақтарына Аюкені хан қойып және
оларды тісіне дейін қаруландырып Кіші жүз жеріне шабуылды үдеткелі 15
жылдан асып барады…Осынау қырғын соғыста қазақ жерін қызғыштай
қорғап, батырлығымен, жанкештілігімен және ұйымдастыру қабілетімен
көзге түскен Әбілхайыр болатын… Сөйтіп Әз-Жәнібектің Сүйік деген
баласынан тараған ұрпағы Әбілхайыр алғаш рет Кіші жүздің ханы болды. Ол
енді Кіші жүз жерін хан болып басқаратын және қорғайтын болды…
Осылай башқұрттар мен қазақтар арасындағы тағдырлас достық
қатынастар жалғасып жатты. Себебі екеуінің де қарсыласы, яғни ата жауы
Ресей болатын. Сондықтан Ресей басшылары қалай болмасын екі халықтың
достығын бұзу үшін неше түрлі айла –шарғыны көп жылдар бойы жасады.
Мысалы түнде барып казачьи отрядтар башқұрт ауылын шабады, кісілерін
өлтіреді және малын айдап кетеді де жаланы қазақтарға жабады…Сонсоң
башқұрттарға көмектесіп қазақ ауылын шабады. Қысқасын айтқанда 1730
жылға дейін қазақ пен башқұрттың арасындағы достық бұзылған еді.
Әбілхайырдың жанына батқаны да сол еді. Ал, енді осы достықты қалпына
келтіру үшін патша ағзамға хат жазу керек – –деп башқұрт Алдарбай айтып
келгенде Әбілхайыр алданып қалған еді. Бұл 1730 жылдың маусым (июнь)
айы еді…Ресейге керегі де сол еді. Хат жазды деген факті бар, оның
түпнұсқасын ешкімге көрсетпей, аудармасымен келешекте Әбілхайыр өлген
соң оның балаларын және талай қазақ төресін алдауға болады…
Башқұрттармен достық қатынасты Әбілхайыр жалғастыра берді. 1736
жылы башқұрт көтерілісі бұрқ еткен кезде, патша өкіметіне қазақтар мен
башқұрттарды және бір рет жауластырмақшы болып көп ақша бөлді. 1738
жылдың ақпан айында Татищев сонда
“Әрбір башқұрттың басын әкелген
Достарыңызбен бөлісу: