MaskEdit компоненті енгізілетін берілгендің үлгісін анықтайды (мысалы, бүтін, нақты сандарды, датаны немесе телефон нөмірін). Үлгі компоненттің EditMask қасиеті арқылы анықталады. Сол қасиеттің оң жағын екі рет сырт еткізіп, шыққан терезеде берілгендердің үлгісін анықтауға болады.
Жалпы Edit элементті Enter және Esc басқару пернелерін басқанға сезінбейді. Enter пернесін басқандағы орындалатын әрекеттерді программалаушы әдейі көрсету керек. Әдетте бұл перненің басылуы редактордың жолындағы берілгендің соңын және басқа басқару элементтіне өту, яғни SetFocus әдісі немесе ActiveControl қасиетінің мәнін көрсету арқылы оған енгізу фокусын беру қажеттілігін анықтайды. Жиі кездесетін бір жәйт - басқару бір енгізу элементтіне берілгенін көрсеткеннен кейін басқа басқару элементтіне өткенде (табуляция орындалғанда), Enter пернесін басумен байланысты оқиғаны бөліп өңдеу тәсілі қолданылады.
Көп жолдық редактор Көп жолдық мәтінді өңдеу үшін Delphi ортасы Memo компонентін үсынады. Бұл редактордың мүмкіндіктері бір жолдық Edit элементтімен бірдей, тек Memo - де бірнеше жол орналастыруға болады. Memo - ның мазмүнына қол жеткізу үшін String түріндегі Lines қасиеті қолданылады. Бұл жәйтта терезенің мазмүны бір жолдық шама деп саналады, жолдың соңын көрсету үшін Enter пернесі басылған, яғни соңында #13#10 таңбалары түр деп саналады.
Memo - ның бөлек жолымен жұмыс атқаруда TString түрінің Lines қасиеті қолданылады. TString класы арнайы жолдық шамалармен жұмыс атқаруға негізделген және көптеген қасиеттер мен әдістерді қолдануға мүмкіндік туғызады.
WantTab қасиетінің мәні True болса, онда Tab пернесі басылғанда мәтінге табуляция белгісі орналастырылады, яғни келесі жолды енгізуге мүмкіндік туғызады. Келісімше WantTab қасиетінің мәні False, осы тәртіпте Tab пернесі басылғанда енгізу фокусы келесі терезелік басқару элементтіне беріледі.
RichEdit компоненті мәтінді редакторлау мүмкіндігімен қамтылған, ол мәтінді форматтауды және келесі әрекеттерді орындауды сүйемелдейді: тегістеу және табуляция тәртібін орнату, шегіністі қолдану, шрифты өзгерту және т.с.с. Осы редактордағы даярланған мәтін RTF (Rich Text Format) форматымен тіркеседі, яғни Windows ортасындағы барлық мәтіндік редакторлармен сүйемелденеді.