Байланысты: Дипломды ж мыс Та ырыбы Delphi программалау ортасында график
Фреймдер Фрейм (TFrame) - бетіне басқа компоненттерді орналастыруға болатын контейнер ретінде қолданылады. Фреймді қолданудың айырмашылығы - оның өзінің басқа бір контейнерде орналасуының мүмкіндігі, мысалы формада немесе тақташада (Panel). Фреймді қолданудың негізгі мақсаты - программаның терезесін әдемі және көрнекі түрде шығару.
Фрейммен жұмыс атқару келесі екі кезеңнен тұрады:
Фреймді құрастыру;
Фреймді формаға немесе Panel - ге орналастыру.
Фреймді құрастыру үшін File=> New Frame опцияларын таңдау керек, сол сәтте экран бетіне фреймнің бос терезесі шығады және жобаның құрамына жаңа фрейм қосылып тұрады. Енді фреймнің бетіне қажетті басқару элементттерін орналастыруға және оқиғаларға сезіндіру үзінділерін құрастыруға болады. Фрейм және формамен жұмыс атқару ұқсас болып келеді.
Формаға фреймді орналастырғанда жобаның Uses бөлімінде автоматты түрде фрейм модулінің сілтемесі көрсетіледі, ал форма класының анықтамасына (Type сөзімен басталған бөлімінде ) фрейм элементттерінің оқиғаларын өңдеуші үзінділеріне сілтемелер қосылып отырады.
Қорытынды Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың қарқынмен дамып, күнделікті тұрмысқа енуіне байланысты соңғы кездері программалауға деген қызығушылықтың арта түскені белгілі. Қазіргі уақытта компьютерсіз қандай да бір жұмыс орындауды көз алдымызға елестету қиын. Бұл компьютермен жұмыс істейтін адамға қандай да бір ұмтылысты тудыруы мүмкін.
Есептеуіш техниканың қарқынмен дамуы тиімді программалық құралдарды жасау – объектілі бағдарланған программалау жүйелерінің жасалуына әкелді. Жылдам құру жүйесінің негізіне (RAD – Rapid Application Development – қосымшаларды жылдам құру ортасы) визуалды жобалау мен оқиғалы объектілі бағдарланған программалау технологиясы алынған. Мұндай программалаудың мәні – программа жасаушы құрал жұмыстың көп бөлігін өзі атқарып, программистке диалог терезелерін құрастыру мен оқиға өңдеушіні құру жұмыстарын қалдырды. RAD жүйелерінің ішінде Borland Delphi және Visual Basic орталары әртүрлі программалар құруға мүмкіндік береді: қарапайым бір терезелік қосымшалардан бастап, үлестірілген мәліметтер қорын басқару программаларына дейін. Borland Delphi ортасындағы программалау тілі Object Pascal тілі.
Программалау іскерлігін үйрену үшін нақты есептер шығарып, программасын жаза білу қажет. Ол үшін программалау тілі мен оны құру ортасын меңгеру керек. Объектілі бағдарланған программалау жүйелерінде программалаудағы негізгі ерекшелік алдымен программалау синтаксисі мен компоненттерді пайдалануды үйренуде болып табылады.
Бұл ұсынылып отырған дипломдық жұмыстың объектілі бағдарланған программалау жүйелерінің графикалық және мультимедиялық мүмкіндіктері берілген. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қосымшалардан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.