Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министірлігі



бет6/70
Дата07.01.2022
өлшемі213,82 Kb.
#19729
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70

Ашық сабақ


Ашық сабақ - басқа мұғалімдер мен шақырылған адамдар қатысатын сабақ. Ашық сабақты оқу тәрбие жұмысының неғұрлым тиімді амалдарын көрсету және тарату мақсатымен, әдістемеде қиын және жеткіліксіз өңделген оқу бағдарламасының тақырыбы бойынша білікті мұғалімдер өткізеді.

Қорытынды сабақ


Қорытынды сабақ - өткен тақырып немесе оқу пәнінің тарауы бойынша алған білімдерін жүйелеу және бекіту мақсатымен жүргізілетін сабақ. Мұндай сабақ, әсіресе, қорытынды қайталау кезеңінде қажет, сонымен қатар емтиханға дайындау кезінде қажет. Қорытынды сабақтың келесі құрылысы бар: мұғалімнің сабақтың тақырыбы мен мақсаттары туралы қысқаша кіріспе сөзі, өткен материалды қайталау, мұғалімнің қорытындысы. сабақта қойылатын сұрақтарды алдын ала хабарлау керек. Қорытынды сабақ, ең бастысы, әңгімелеу түрінде өткізіледі.[2]

Сабақтың мазмұны

-Ұйымдастыру,түгендеу псих ахувл

-өткен сабакты пысыктау,білімдерн тексеру

-мақсат кою

-қорытынды



Сабақты жоспарлау - нақты оқу уақыты барысында оқытушы мен оқушы әрекеттесулерін құрастыру. Негізі оқытушының оқу-тәрбие іс-әрекетінің және оқушылардың оқу материалының мазмұнын меңгеруі, дамуы және тәрбиеленуі бойынша оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінің мақсаттары, міндеттері, принциптері, әдістері және мазмұны болып табылады. Сабақ жоспары конспект түрінде жүзеге асады. Сабақ конспектісінің құрамына тақырыптың аты, сабақтың міндеттері, кезеңдері, құрал-жабдықтар, әрбір кезеңдегі оқушыларға арналған тапсырмалар, тапсырмаларды орындау алгоритмдері, мұғалім сөзінің үзінділері немесе жаңа материалдың толық мәтіні енеді. Жоспар-конспект:

тақырып


сабақтың міндеттері

сабақ кезендері

оқушыларға арналған тапсырмалар

8-билет




  1. Тәрбие принциптеріне сипаттама.

Принцип дегеніміз - адамның нақты іс -әрекетінде өзі басшылыққа алатын алғы шарты, негізгі ережені бейнелейді. Тәрбие принциптері тәрбиеші басшылыққа алуға тиісті тәрбие процесінің жалпы заңдылықтарын бейнелейтін бастапқы ережелер.

Тәрбиенің принциптері - педагог басшылыққа алатын тәрбие процесінің мазмұны мен іске асыру жолдарын айқындайтын бастапқы ережелер, алғышарттар, талаптар мен қағидалар жиынтығы, негізгі талаптарды айғақтайтын жалпы бастау тұжырымдары.

Тәрбиеші оларды таңдамайды, басшылыққа алады, солардың талабы тұрғысынан күрделі, жалпы немесе дербес, нақты мәселелердің шешімін іздейді.

Принциптері:

1. Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылылығы принципі. Кез-келген тәрбие жұмысының құндылығы оқушылар ұжымының идеялық өмірін байытумен, оқушылар санасын ғылыми білімінің дұрыстығына берік сендірумен, қоғамдық-саяси белсенділігін, жоғары моральдық және азаматтық сапаларын қалыптастырудағы ықпалымен бағаланады

2. Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, практикамен байланыстылық принципі. Бұл принциптің мәні қоғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани қатынастарын тәрбие ісінде қолдану болып табылады.

Осы принципті жүзеге асыру оқушыларды өмірге, еңбекке, мамандықты саналы таңдауға толық дайындаудың шынайы алғышартын жасайды.

3. Тәрбиенің мұғалімнің тұлғасына қойылатын талаптарға тәуелділік принципі. Мұғалім оқушы күш-қуатына ерік беретін, орынды әрекеттеріне және қылықтарына тербеліс туғызатын, өзінің құлқын сезінуін және өз тәртібіне жауапкершілігін ұғындыратын өзіндік стилі бар қатынастарды таңдап алады.

4. Тәрбиелік ықпалдардың тізбектестігі, жүйелілігі, беріктігі және үздіксіздігі принципі. Тәрбиелік әртүрлі шаралар бір-бірімен сабақтастықта болуы шарт және өткізілген тәрбиелік шаралардың мазмұны жағынан логикалық жалғасы болуы қажет.

5. Еңбек арқылы тәрбиелеу принципі. Бұл принциптің мақсатыбаланы еңбек ете білуге, оны қадірлеп-қастерлеуге, оған деген жағымды көзқарас пен қарым-қатынас қасиеттерін орнықтырудың, сонымен қатар қарапайым еңбек құралдарын пайдалана білу қабілеттерін сіңіру қажеттіліктерінен туындайды.


  1. Зейіннің негізгі қасиеттері.

Зейіннің негізгі қасиеттері тұрақтылығы,зейіннің аударылуы,бөлінушілігі,көлемі,алаң болушылық.Зейіннің тұрақтылығы-адамның зейіні бір обьектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса,оны зейіннің тұрақтылығы дейді.Мысалы,өндіріс озатының не хирург дәрігердің жұмыс үстіндегі зейінін осыған жатқызуға болады.Зейіннің аударылуы деп бір обьектіден екінші обьектіге назарымызды көруді айтады. Зейіннің бөлінушілігі-адам санасының бір мезгілде бірнеше әрекетті атқара білу мүмкіншілігін зейіннің бөлінушілігі дейді.Адам зейінін екі не үш нәрсеге бөле алады.Зейіннің көлемі деп бір уақыттың ішінде оның қамтитын обьектілерінің санын айтады.Зейін көлемін анықтауға байланысты жасалған тәжірибелер тахистаскоп деген аспаппен тексеріледі.Алаң болушылық деп белгілі бір обьектіге саналы түрде зейінді ұйымдастыра алмаушылықты айтады.Әр нәрсеге ауып кете беретін жаңғалақ адамдардың зейіні көбінесе осындай болады


  1. Өзін-өзі тану пәнін оқытудың әдіс-тәсілдері.

Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында заманына сай адамын тәрбиелеу басты міндет.Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының президенті С.Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының алға қойған мақсатының өзі ерекше.

Себебі өзін-өзі тану баланы өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқы-талдауына тәуелді болмауға, өзін-өзі жетілдіруге, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.

Жалпыадамзаттық құндылықтар болып саналатын адамгершілік мұраларды, рухани-адамгершілік қасиеттерді бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру, жақсылыққа үйрете білу аса маңызды.

Осы орайда «Өзін-өзі тану» пәнінің басты ерекшелігі өскелең ұрпақтың тұлғалық потенциалының дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына, шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға сүйіспеншілік, мейірімділік, ақиқат, адалдық, шыншылдық, сұлулық, рақымдылық, мінез-құлық дұрыстығы арқылы үйлесімді жан-жақты дамыған адам қалыптастыруға бағдарланған.

«Өзін-өзі тану» бағдарламасында көзделетін басты мақсат - әрбір баланы өз бойындағы шығармашылық әлеуетін тани және аша білуге, өзінің эмоционалдық көңіл-күйі мен мінез-құлық ерекшеліктерін ұғына білуге, өз әдет-қылығы мен тәртібін басқара және бағалай білуге үйренуіне мүмкіндік туғызу.
«Өзін-өзі тану» пәнінің оқытудың әдіс-тәсілдері:

Бағдарламаның мазмұны төмендегідей оқытудың дәс-түрлі және дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері арқылы жүзеге асырылады: «Шаттық шеңбері», «Әңгімелесу», «Әңгіме-леу», «Дәйексөз», «Ойын», «Тыныштық сәті», «Өзіммен-өзім», «Сергіту сәті», «Дәптермен жұмыс», «Шығармашылық жұмыс», «Ғажайып сөздер», «Қорытындылау», «Жүректен жүрекке».

Сабақтарды ұйымдастырудағы ең маңызды кезеңінің бірі «Шаттық шеңбері» болып табылады.

«Шаттық шеңбері»-сабақтың бас кезінде қолданылатын әдістемелік тәсіл. Тәрбиеші балалармен бірге, барлығы бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасайтын шеңбер жасайды, әр түрлі ән айтып, өлең оқиды. «Шаттық шеңберінің» педагогикалық мәні - әрбір бала өзіне таныс үлкен достық шеңберіне қабылданғанын сезінеді, өзіне сенімі артып және өзгелердің де сеніміне ие болады.

Жұмыстың бұлайша жоспарлануы баланың зейінін белгілі бір ой жүйелілігіне тұрақтандыруға және олардың көңіл күйлерін жағымды арнаға бұруға мүмкіндік береді. Өйткені алға қойған мақсатка жету және еңбектің нәтижелі болуына қол жеткізу үшін топтағы балалардың шашыраңқы ойларын жинақтап, бір арнаға тоғыстырып жүйелеп алу аса маңызды болып табылады.

«Шаттық шеңбері» - тәрбиеші балалармен бірге амандасып, тақпақ оқып, ән айтатын, жылы сөздер сыйлайтын маңызды шеңбер болып табылады. Тәрбиеші өзінің қалауы бойынша сабақтың тақырыбына сәйкес олардың мазмұнын өзгертуге және тәжірибе барысында балалардың ойлау мүмкіндіктеріне қарай орайластыра өткізуіне де болады.

«Әңгімелесу» — бұл балалардың тақырып мазмұнын түсінуіне мүмкіндік беретін дидактикалық тәсілдің сұрақтар мен жауаптар түріндегі қарым-қатынас нысаны. Балалар әңгімелесу әдісі арқылы тақырыптың мазмұнын саналы түрде меңгереді.
• Мұғалімді және бір-бірін тыңдауға, тыңдаған шығарманы түсінуге үйренеді.
• Әр бала тақырыпқа байланысты қойылған сұраққа жауап беріп, өз ой-пікірін айтады.
• Мұғалімді балалардың ойын, пікірін мадақтап, түрлі жағдайларға баға беруге үйретеді.

«Сергіту сәті» — шаршағанды ұмыттыруға, жалығуды болдырмауға, денеге түскен күшті төмендетуге қажетті өзін-өзі тану сабақтарының компоненті.Бұл жұмыс олардың белсенділігін арттыру үшін қолданылады.Сергіту жаттығулары бір әрекеттен басқа әрекетке ауысуға бағытталған қысқа ойындар түрінде жүргізіледі. Осы тәсілді қолдану топта жақсы көңіл-күй тудырады, ұқыптылықты, ұжымға топтасуға ықпал етеді.

«Дәптермен жумыс». Дәптердегі тапсырмаларды орындаудағы негізгі мақсат -

балалардың жағдаяттарға сәйкес ойлау қабілеттерін қалыптастыру, өз іс-әрекетінің нәтижесін білуге баулу.

Сонымен қатар төмендегідей бірнеше міндеттерді шешуді көздейді:

•өзіндік талдау жасай білудің алғашқы дағдыларын қалыптастыру;

•дәл осы мерзімге сәйкес өзінің іс-әрекетін тексере білу;

Тәрбиешілер дәптердегі шығармашылық тапсырмаларды орындау үшін ата-аналарға арнайы кеңес беруі керек:

•ата-ананы сол күні өткізілген сабақ мазмұнымен таныстыру;

•дәптердегі тапсырмаларды орындаудың ретін түсіндіру және орындалу барысына бағыт беру, оны балаға қарапайым түрде түсіндіру.

«Шығармашылық жұмыс»-өзін-өзі тану сабағының маңызды бөлігі. Сурет салу, макет, коллаж жасау әртүрлі нысанда өз бетінше және ұжымдық әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Шығармашылық тапсырмаларды орындаудағы негізгі мақсат- балалардың қызығушылығын туғызу, бір-бірімен қарым-қатынас жасай білуге үйрету, ойлау қабілеттерін қалыптастыру, өз іс-әрекетінің нәтижесін білуге баулу.

«Қорытындылау»-сабақтың соңында жасалған қорытындыда тақырыпқа байланысты негізгі ой жүйеленеді.

«Журектен жүрекке» шеңбері - сабақ құрылымындағы негізгі міндетті әдістемелік тәсіл. Мұнда:

• тәрбиеші балалармен бірге көңіл-күйді көтеруге бағыттап қысқаша тақпақтар, өлеңдер айтады;

• шеңбер құра отырып, сөз алмасу арқылы өз ой-пікірлерімен бөліседі, бірінің ойын бірі жалғастыруға жаттығады;

• бет әлпеті, қимыл- қозғалыстары арқылы көңіл -күйлерін байқатуға үйренеді;

•бір-біріне жылы тілектерін шын жүректен ұсына отырып, мейірімді қарым-қатынастары орнығады.

9-билет




  1. Мектеп пен отбасы, қоғам ынтымақтастығы.

Мектеп – өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Еліміздің бүкіл жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп ешуақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, өз бетінше жеке автономиялық мекеме болаған емес. Сондықтан оның іс – әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен табиғи байланысты. Міне, мектептің үлкен тәрбиелік функциясы осында.

Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бірнеше формалары бар. Мектеп пен отбасы байланысының басты формасы ата – аналар жиналысы. Онда көптеген мәселелер, мысалы, күнделік өмір, еңбек, демалыс, оқушылардың бол уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланады, оларды одан әрі жетілдірудің нақты формалары қарастырылады.


  1. Түйсік туралы түсінік. Түйсік түрлері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет