Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі



Pdf көрінісі
бет142/199
Дата23.02.2022
өлшемі3,75 Mb.
#26194
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   199
 
 
 
 
 


178 
 
4.2.  ДИАЛЕКТИКА 
 
Философиялық  мәселелер  жиынтығында  маңызды  ролді  табиғаттың, 
қоғамның,  ойлаудың  жалпы  байланысы  мен  дамуы  туралы  ілім  –  диалектика 
алады.  
Диалектика  термині  грек  тілінен  аударғанда  «пікірлесу»,  «әңгімелесу» 
деген мағына білдіреді.  
Көне  Грек  диалектиканың  отаны  болды,  онда  Гераклит,  Зенон,  Сократ, 
Платон, Аристотель ілімдерінде бірінші түрі пайда болды.  
Диалектика бір жағынан, пікірталас әдісі, ақиқатты іздеу ретінде болды, ал 
екінші 
жағынан, 
дүниенің 
өзгермелілігін, 
аумалылығын, 
оның 
қайшылықтылығын және ішкі үйлесімділігін сипаттады.  
Орта  ғасырларда  диалектика  элементтері  А.  Блаженный,  Ф.Аквинский 
еңбектерінде кездеседі. Бұл жерде диалектика логика мектебі ретінде шығады, 
үштік,  дүниені  жарату  туралы  ілімде  жүзеге  асады.  Диалектиканың  дамыған 
түрі  болып  неміс  классикалық  философиядағы  Канттан  бастап  Гегельге  дейін 
табылады.  Идеалистік  диалектиканың  Гегельдік  жүйесі  абсолюттік  идеяның 
дамуы  ретінде  шығады  және  өз  ғасырының  барлық  білімдер  жиынтығын  өз 
бірлігінде қамтиды.  
XVIII  –  XIX  ғасырлар  жаратылыстануы  табиғаттағы  даму  идеяларын 
дамытты.  Француз  дәрігер  –  философы  Ж.О.Ламетри  «Адам  –  машина»  атты 
еңбек  авторы,  түрлердің  өзгермейтіндігі  туралы  тұжырымдамаларға  қарсы 
шықты.  Ж.Л.Бюффон  түрлердің  өзгермейтіндігі  идеясын  сынады  және  түрлер 
арасында бір түрдің басқа түрмен ауысуы болатынын айтты.  Ламарк та өзінің 
«Зоология  философиясында»  түрлердің  мәңгілігі  туралы  метафизикалық 
тезисті  қабылдамады.  Соңында,  Ч.Дарвин  «Табиғи  сұрыптау  жолымен 
түрлердің  пайда  болуы»  еңбегінде  тірі  табиғаттың  эволюциясының  қозғайтын 
күштерін  қарастырды.  Ч.  Дарвинмен  даму  секіріс  жолымен  жаңа  түрлерді 
тудырудың үздіксіз үрдісі ретінде түсіндіріледі.  
Өз  дәуірлерінің  ғылым  жетістіктеріне  сүйене  отырып  К.Маркс  пен 
Ф.Знгельс  материалистік  диалектиканы  жасады,  оның  заңдарын  табиғат  пен 
қоғамда  көрсетті,  оны  таным  методологиясы  және  шындықты  қайта  жасау 
ретінде қарастырды.  
Диалектика  жоғарғы  даму  деңгейін  орыс  революционер  демократтары 
А.И.Герцен,  Н.Г.Чернышевский  еңбектерінде  жетті.  Ойлаудың  диалектикалық 
әдісінің дамуына Ресейдің дәрігер-философтары өз үлестерін қосты. К.Ф.Вольф 
түрлердің  тұрақтылық  теориясынан  бас  тартты  және  эволюция  туралы  ілімді 
жасап шығарды; С.Г.Зыбелин адам ағзасын бүтіндік позициясынан қарастырды; 
И.В.Давыдовский медицинадағы себептілік мәселесіне көп көңіл бөлді.  
Диалектика  ғылым  үшін  ойлаудың  маңызды  түрі  болып  табылады,  ол 
дүниеде болып жатқан үрдістерді түсіндіру әдісі мен үйлестігі болып табылады. 
Диалектика дамудың жалпы заңдары туралы ілім ретінде болашақта табиғатта 
қолданылды,  табиғаттың  диалектикасы  ретінде  шығады;  болашақта  қоғамда 
қолданылып,  қоғамдық  даму  диалектикасы  ретінде  шығады;  диалектика 


179 
 
ойлаудың  заңдары  мен  түрлері  туралы  ғылым  ретінде  алынып,  ойлаудың 
диалектикасы ретінде шығады.  
Диалектика  –  ол  ғылым,  жүйеленген,  үйлесімді  білім,  оның  барлық 
бөліктері бір бірімен байланысты және қағидалар, заңдар, категориялардың бай 
арсеналын ұсынады.  
Диалектиканың  қағидалары  –  ол  оның  ғылым  ретінде  негізінде  жататын, 
негіз болатын бастама. Диалектиканың көптеген қағидалары бар. Бұл қатардағы 
қағидалар  субординациясы  шындықты  бейнелеуі  керек,  қағидалар  бір  бірімен 
байланыста болуы  керек,  дәйектілікпен  бір бірінен  шығады және  келесі  түрде 
көрсетілгендей  бүтін,  ашық,  динамикалық  жүйені  ұсынады:  болмыстың 
объективтілігі  қағидасы,  дүниенің  материалдық  бірлігі  қағидасы,  материяның 
сарқылмайтындығы  қағидасы,  жалпы  байланыс  қағидасы,  даму  қағидасы, 
детерминизм қағидасы, жүйелілік қағидасы, жұмыс істеу қағидасы.  
Диалектиканың  екінші жүйелі элементтері болып заңдар табылады. Заң  – 
ол  құбылыстардың  өзара  тәуелділігін,  олардың  құрылысы  мен  жұмыс  істеуін, 
пайда  болуы  мен  даму  беталысын  сипаттайтын  қажетті,  маңызды,  тұрақты 
қайталанатын байланыс-қатынас.  
Дүниенің  көптүрлілігі  оның  заңдарының  көп  түрлерін  тудырады,  оларды 
ортақ  деңгейіне  байланысты  былай  жіктеуге  болады:  жалпыға  бірдей,  жалпы 
және жеке. Диалектиканың заңдары табиғатта да, қоғамда да, ойлауда да әрекет 
ететін жалпыға бірдей заңдар қатарына жатады.  
Қарама  –  қарсылықтардың  бірлігі  мен  күресі  туралы  заң  –  материалдық 
әлемнің дамуының негізін түсіндіреді. Даму процесі ішкі де, сыртқы да қарама 
– қарсылықтардың қақтығысы арқылы іске асады. Диалектика сыртқы қарама – 
қарсылықтардың бірегейліктің екіге бөлінуінің нәтижесі, түптеп келгенде ішкі 
қарама – қарсылықтар туындысы деп қарайды.  
Сандық  және  сапалық  өзгерістердің  өзара  өту  заңы  –  дамудың  нақты 
тетігін, сипатын ашады.  
Терістеуді терістеу заңы – даму процесінің түрі мен жалпы бағытын, ескі 
мен жаңаның байланысын көрсетеді.  
Категориялар – диалектиканың үшінші элементі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   199




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет