Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі


Бассүйек күмбезінің трепанациясын жасаудың жалпы ұстанымдары



Pdf көрінісі
бет28/77
Дата22.12.2023
өлшемі3,67 Mb.
#143037
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   77
Байланысты:
аза стан республикасы денсаулы са тау ж не леуметтік даму мин

Бассүйек күмбезінің трепанациясын жасаудың жалпы ұстанымдары 
Миға операциялық әрекеттер жасау үшін, оған барар жолды таңдау ми үлестерінің, 
олардың жүлгелері мен қатпарларының, қантамырларының қлиникалық-топографиялық 


45 
анатомиясын және бассүйек пен оның жұмсақ тіндік жамылғысына түсетін 
проекцияларын білу дәрежесіне тікелей байланысты. 
Бұл мақсатта қолданылатын бірқатар тәсілдер мен проекциялық сызбалар бар. 
Олардың ішіндегі ең қарапайымы, әрі қолайлысы Кренлейн-Брюсова сызбасы болып 
табылады. 
Трепанация (бассүйек қуысын ашу) – бұл миға және оның қабықтарына 
хирургиялық әрекеттер жасауға мүмкіншілік беретін операциялық барар жол. Бассүйек 
қуысын және ми жартышарларының әртүрлі бөлімдерін ашу екі тәсілмен жүргізіледі: 
сүйектік-пластикалық (остеопластикалық) және резекциялық (декомпрессиялық). 
І. Сүйектік-пластикалық трепанацияны бассүйекке екі әдіспен жасауға болады: екі 
қиындылы Оливекрон әдісі (1) және бір қиындылы Вагнер – Вольф әдісі (2). 
1) Оливекрон екі қиындылы әдісі бойынша – біріншісі тері мен апоневрозды 
қамтитын жалпақ негізбен жалғасқан, сүйектен сыдырылған тері-шандырлық қиынды, 
екіншісі сүйекті тесіп, аралап жасалатын жіңішке бөлек аяқшамен жалғасқан сүйек-
сүйекқаптық қиынды. 
2) Вагнер-Вольф әдісі бойынша – барлық қабаттарды бірден қамтитын, таға пішінді 
тері-сүйекқаптық аяқшамен жалғасқан тері-сү йекқап-сүйектік қиынды. 
ІІ. Резекциялық (декомпрессиялық) трепанация жасағанда – сүйектік қиындыны 
алып тастайды да, бассүйек күмбезіндегі тесікті (ақауды) тері –шандырлық қиындымен 
немесе синтетикалық материалдардан жасалған басқа жамаумен жабады.
Операцияға көрсетілімдер. 
Бассүйек іші қысымның жоғарылауы, бассүйек 
қуысына қан құйылуы, мидың қатты қабығы тамырларының зақымдануы, мидың ісіктері 
т.б. 
Науқастың операциялық үстелде орналасуы – арқасына, немесе бір бүйіріне 
жатқызу. Науқастың басын арнаулы және биіктігін өзгертуге ыңғайлы, басқа жастайтын 
қондырғыда орналастырған жөн. Сонымен қатар, науқастың басы мен денесі бір 
деңгейде болуы қажет. Қолдары операциялық үстелге жұмсақ таңғыштармен таңып 
бекітіледі. Науқасты операциялық үстелге орналастырғаннан кейін, операциялық шамды 
операция жасалатын алаңға өте жақсы жарық қыла алатындай етіп жақындатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет