Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министерлігі



Pdf көрінісі
бет33/77
Дата22.12.2023
өлшемі3,67 Mb.
#143037
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   77
Байланысты:
аза стан республикасы денсаулы са тау ж не леуметтік даму мин

 
Тимпанопластика туралы түсінік 
Дыбыс өткізу аппаратын қайта құру және жаңадан жасау мақсатында жүргізілетін 
бір топ хирургиялық әрекеттерді тимпанопластинка деп атайды. 
Зақымданған құлақтың есту қабілетін жақсарту мақсатында отохирургияда 
қолданылатын мұндай хирургияның әрекеттер мынадай жолдарды қарастырады: 1) 
дыбыс өткізу трансформациясын жақсарту; 2) лабиринттік терезелердің біреуіне (әдетте, 
ұлу терезесіне) дыбыстық қорғау (экрандау) жасау; 3) осы екі әдістің құрамасы.
Дыбыс өткізу трансформациясын күшейту төмендегі жағдайларда қолданылуы 
мүмкін: а) дабыл жарғағының құрғақ тесілуі кезінде, б) есту сүйектері тізбегінің 
бүтіндігі бұзылған жағдайда, в) дабыл қуысының құрғақ адгезиялық үдерісі кезінде. 
Есту қабілетін жақсарту мақсатында жасалатын тимпанопластика, тек естуді 
жақсарту мәселесінде айтарлықтай үміт бар деген науқастарға ғана жасау көрсетілген. 
Тимпанопластиканы жасауға болмайтын көрсетілімдерге мыналар жатады: а) 
созылмалы отиттің қайта өршуі және әсіресе лабиринттік, бассүйек іші немесе 
септикопиемиялық асқынулардың болуы; б) дыбыс қабылдағыш аппараттың едәуір 
зақымдануы; в) есту түтігінің өткізгіштік қабылетінің бұзылуы. 
Іштен туған қоянжырық және жырық таңдай – эмбриондық дамудың (іште даму) 5-
11 апталар кезеңінде жоғарғы жақсүйектік және медиалды мұрындық өсінділердің өзара 
бітіспей қалуы нәтижесінде пайда болатын жоғарғы ерін мен таңдай тіндерінің 
кемістіктері болып табылады. 
Аталған патология төмендегідей жіктеледі: 
1)
Іштен туған оқшауланған қоянжырық: 
-
біржақты; 
-
екіжақты. 
2)
Іштен туған оқшауланған жырық таңдай: 
-
бір жақты; 
-
екі жақты; 
-
ортаңғы; 
-
субмукозды. 
3)
Іштен туған екеуара толық тесіп өтетін қоянжырық пен жырық таңдай: 
-
бір жақты; 
-
екі жақты. 
4)
Атипиялы жырық 
Іштен туған қоянжырықты хирургиялық емдеудің мақсаты: 
1)
Еріннің терілік бөлігінің (ақау жағындағы) тиісті биіктігін қалпына келтіру. 
2)
Еріннің қызыл еріндік бөлігін және Купидон садағын қалпына келтіру. 


51 
3)
Миопластика – ауыздың айналмалы бұлшықеті мен мұрын негізі бұлшықеті 
талшықтарын дұрыс орнына жылжыту, олардың бүтіндігін қалпына келтіру. 
4)
Вестибулопластика – ауыздың жоғарғы кіреберісінің жеткілікті тереңдігін 
жасауды оның бүкіл көлемінде іске асыру. 
Іштен туған жырық таңдайды хирургиялық емдеудің мақсаты: 
1)
Фиссурорафия – таңдайдың кемістігін жөндеу. 
2)
Ретротранспозиция – таңдайдың жұмсақтіндік қабаттарын артқа жылжыту 
3)
Миопластика – жұмсақ таңдай бұлшықеттері талшықтарын дұрыс орнына 
жылжыту, олардың бүтіндігін қалпына келтіру. 
4)
Интраламинарлық остеотомия мен мезофарингоконстрикция сияқты аса 
жарақаттаушы элементтерден аулақ болу. 
Жоғарғы ерін немесе таңдайға жасалатын реконструкциялық (қайта құру) 
операцияларының мақсаттары: хейлопластикадан кейін жоғарғы ерін мен мұрынның 
тыртықтық өзгерістерін кетіру, эстетикалық түрді келтіру, таңдайдың ақаулары мен 
өзгерістерін келтіру, сөз сөйлеуді дұрыстау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет