9.4. Қоршаған орта факторларына әсерін сипаттайтын тұрғындар денсаулығының көрсеткіштері
Тұрғындар денсаулығын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер мен белгілерге санитарлық−демографиялық көрсеткіштерді, аурушандықты, мүгедектікті, тұрғындардың физикалық дене жетілуі және ағзаның функционалдық күйі жатады.
Зерттеулерде жиі зерттелетін қоршаған орта ластаушысына тән немесе сезімтал денсаулық белгілері алынады. Ол үшін денсаулық күйін ұдайы немесе кезенді бақылаудың, шолу немесе арнайы терең тексерудің, ортаны ластайтын зат әрекетінін (токсикалық ерекшеліктері, аз уақыттық, тез және жинақтаушы эффектімен ұзақ әрекеттері) мағынасы бар.
Дeмoгpaфиялық көрсеткіштер
Демография сөзі грек сөздерінен шығады: demos халык және grapho жазу. Осы үлгіде, демография тұрғындар туралы ғылым. Демография мәселелерінің шеңберіне тұрғындардың территориялық орналасуы, әлеуметгік-экономикалық өмір жағдайларымен, тұрмыспен, салттармен, экологиялық, медициналық, құқықтық және басқа факторлармен байланысты тұрғындарда жүріп жатқан тендециялар мен үрдістерді зерттеу кіреді. Тұрғындар (халық тұрғындар) 6ip не басқа елдін немесе оның территориялық бөлігінде (облыс, өлке, аудан, кала), елдер тобы, әлем көлемінде бірлескен тіршілік өмір сүрумен біріккен адамдар жиынтығы.
Жалпы демография мен медицина қиылысында ортақ ғылыми пән медициналық демография бөлініп шықты. Медициналық демография тұрғындар қайта өндірілуі мен әлеуметгік-гигиеналық факторлардың өзара қатынасын зерттейді және осы негізде, демографиялық үрдістер ең қолайлы дамуын және тұрғындар денсаулығы жақсаруын қамтамасыз етуде бағытталған медииналық-әлеуметтік шаралар жасап шығарады.
Түрғындарды статистикалық зерттеу екі негізгі бағытта жүргізіледі:
1. тұрғындар статикасы.
2. тұрғындар динамикасы.
Тұрғындар статикасы− белгілі (сын) уақыт лезіндегі түрғындардың сандық қүрамы. Тұрғындар құрамы негізгі белгілер катары бойынша зерттеледі: жыныс, жастық шама, әлеуметгік топтар, мамандығы мен айналысуы, жанұялык орны, тұратын жері, географиялык орналасуы, тұрғындар орналасу тығыздығы.
Достарыңызбен бөлісу: |