83
жаңадан шаңырақ көтерген жас жұбайлардың үйі деген мағынаны білдіріп, ойды жеткізуде
тіркесімен күрделі-құрама сөз болып, бірге қолданылатын болды.
Ал «отау» сөзімен келетін өзге «кіші отау, шеткі отау» сынды тіркестердегі «кіші,
шеткі» сөздері отаудың бірі сындық белгісін, бірі мекенін білдіріп, бағыныңқылы-басыңқылы
қатынаста жұмсалған еркін тіркес. Ойымызды нақтылау үшін тіркестердің қолданыстық
қызметін сөйлемдерден көрсетелік.
Алдыңғы қатардағы
ақ отаудан
бұралып бір келіншек шықты.
(Б.Майлин. «Айт күндері»)
Сөйлемде курсивпен белгіленген «ақ отау» сөзі 1-сөз тіркесінде басыңқы сыңарда, 2-
сөз тіркесінде бағыныңқы сыңарда жұмсалып, сөйлемде бір ғана сұраққа жауап беріп, бір
сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр. Алғашқыда бұл тіркесімді күрделі сөздің сыңарлары
анықтағыш пен анықталғыш қызметінде жұмсалса, қазіргі уақытта екеуі де бұл қызметтерінен
айырылып, бір бүтін күрделі сөзге айналған.
Ажар ауылдағы
ақ лақтарын
сағынғандықтан, әр күнін санаумен болды.
Келтірілген мысалдағы курсивпен берілген – сөз тіркесі. Ондағы бағыныңқы сөз
басыңқы сөздің сыртқы белгісін анықтап, анықтауыштық қатынасқа түскен. Еркін тіркестің
әрбір сыңары сөйлемнің жеке-жеке мүшесінің қызметін атқарып тұр.
Екі сөйлемдегі күрделі-құрама сөз бен сөз тіркесін салыстырсақ,
Тіркескен күрделі сөз семантикалық тұтастық белгісімен сипатталады. Себебі «ақ отау»
сөзінің әр сыңары сөйлемде әртүрлі мағынаны емес, тұтастай бір мағынаны (жас
жұбайлардың үйі) береді. Синтаксистік тіркестегі әрбір сөз жеке дара дербес мағынасын
сақтаса, күрделі сөзде сөздердің мағынасы күңгірттеніп, бір ғана ұғым атауына айналады.
Синтаксистік тіркес сөйлеу барысында құралады, оларды коммуникативтік мақсатқа,
жеткізер ойына қарай сыңарларын алмастыруға болады. Ал күрделі сөздер даяр күйінде
сөйлемде қолданылады, біртұтас күйінде өзге сөздермен тіркеседі.
Күрделі сөздер әртүрлі сөз таптарынан (ақ – сын есім, отау – зат есім) жасалғанына
қарамастан, бір сөз табының (зат есім) құрамында қарастырылады, сол сөз табына тән
категорияларды қабылдай алады. Егер келтірілген күрделі сөздің алғашқы сыңары сын
есімнің категориясын қабылдай алса, яғни «ақтау отау» (шырай категориясы) болып
тіркессе, онда ол күрделі сөз емес, сөз тіркесі болар еді. Ал сөз тіркесінің сыңарлары айтар
ойдың ыңғайына қарай өзі тиесілі сөз табының категорияларын қабылдай алады: аппақ
лақтар, ақтау лақтар т.т.
Күрделі сөздердің сыңарлары сөйлемнің жеке мүшесі ретінде жұмсалмайды, әр сыңары
басқа сөздермен жеке тұрып тіркесімдік құрамайды, тек тұтас күйінде ғана өзге сөздермен
синтаксистік қатынасқа түсе алады. Еркін тіркесте керісінше.
Күрделі сөздердің еркін тіркестерден мұндай айырмашылықтарын К.Аханов
семантикалық тұтастық белгі, морфологиялық тұтастық белгі, синтаксистік тұтастық белгі деп
көрсеткен болатын [5].
Тіл ғылымында синтаксистік сөз тіркестерге біршама ұқсас, алайда олардың қызметін
атқармайтын тілдік бірліктер жайлы жаңалықты ғалым С.Исаевтың әдеби тілдің совет
дәуірінде дамуына жасаған зерттеулерінен байқаймыз. Жаңа сөз жасау процесінің дамуында
аналитикалық тәсілмен жасалған сөздердің бір түрін
атаулық тіркестер
деп атайды да,
оларды бұрын ана тілімізде болмаған жаңа тіркестер деп көрсетеді. Атаулық тіркестердің
синтаксистік сөз тіркестерінен айырмашылығы: фразеологиялық тіркестер сияқты
грамматикалық байланысы тұрақты, көбінесе жеке сөздің эквиваленті тәрізді бір сөздің
орнына қолданылады, құрамындағы сөздердің орны тұрақты болып келеді. Алайда, бұл
Достарыңызбен бөлісу: