124
өңдеу, стратегияны өндіру болып табылады. Г. Айзенк бойынша,
интеллекттің бұл түрлері өзара байланысты.
Интеллект (лат.intellectus-түсіну,тану)
- жаңа өмірлік міндеттерді
иемдену барысында таным процестерін жүзеге асыру жəне
мəселелерді қолайлы шешу қабілеттілігі. Интеллектіні түсінумен
сипаттау барысында əртүрлі принциптер бар. Ж. Пиаже пікірінше,
интеллект субъекттің қоршаған ортамен тепе-теңдік орнатуының
жоғары тəсілі, ол адамның жан-жақтылығын (универсальный)
көрсетеді. Когнитивтік бағыт бойынша интеллект когнитивтік опе-
рация жиынтығы ретінде қарастырылады. Факторлы-аналитикалық
бағыт бойынша көптеген тестік көрсеткіштер негізінде нақты фак-
торды қарастырады ( Ч. Спирмен, Л. Терстаун, Х. Айзенк, Д. Векслер).
Қазіргі таңда интеллект психикалық қабілеттің əмбебаптылығын
білдіреді, оның негізінде жүйке жүйенің генетикалық қасиетіне
негізделген қандайда бір мəліметті өңдеу жылдамдылығымен
нақтылығы жатыр (Х. Айзенк). Əсіресе, генетикаға тəуелді вербаль-
ды интеллект табылады.
Психометриялық интеллект. Интеллект тесттермен өлшенеді.
Психометриялық интеллект түсінігі адам психикасын құраушы фак-
тор, ол адамның мəліметті өңдеу тиімділігі үшін жауап береді.
Биологиялық интеллект. Ф. Гальтонның пікірінше, табиғи,
физиологиялық дамуында басымдылық бар адамдардың интелектісі
басқа адамдарға қарағанда жоғары.
Психометриялық интеллект. Биологиялық интеллектке тура
тəуелді болмағанымен, олардың арасындағы корреляциялық бай-
ланыс анықталған. Психометриялық интеллект стандартты те-
стермен өлшеніп анықталады, яғни адамның есту қабілеттілігі,
қабылдауы мен реакция уақытының деңгейі сияқты физиологиялық
көрсеткіштер тесті орындау барысында маңызды орынға ие.
Г. Айзенк пікірінше, əлеуметтік жəне психометриялық интелек-
ттер биологиялық интелекттің сыртқы көрінісі болып табылады.
Əлеуметтік интеллект. В. Штерн бойынша интеллект адамның
жаңа өмір жағдайына бейімделу қабілеттілігі «Бейімделу актісі»,
интеллект көмегімен өмірлік міндеттерді шешу, ол ойлау іс-əрекеті
арқылы жүзеге асырылады.
Отандық психологияда Б. Ф. Теплов практикалық ойлауды аб-
страктілі ойдан практикаға өту іс-əрекеті ретінде анықтады.
Интелект зерттеу барысында психикалық жүйемен оның қызмет
ерекшелігіне назар аудару керек.