170
балалардың ойын əрекетінде ересектер мен бала арасындағы
қатынасқа құрымдылық-логикалық тұрғыдан сипаттама жасалады,
ғалым оны сурет түрінде көрсетеді.
Сонымен, баланың басқа балалармен қарым-қатынас құруында
əрбір баланың ересектермен байланыс жасауындағы психологиялық
жас ерекшеліктері айқын көрінеді (М. И. Лисина ).
Олай болса, ұлттық салт-сана, біздің жағдайымызда қазақ
отбасындағы əлеуметтік рөл мен жыныстық ерекшеліктер, қазақ
халқының адамгершілік құндылықтары қарым-қатынаста ескерілуі
қажет деп пайымдаймыз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың психикасындағы жаңа
құрылым
мотивтердің
бір-біріне
бағыныштылығы,
ерікті
əрекеттерінің негізгі түрлерінің бірлесе жүзеге асуы болып та-
былады. Сондықтан, балалармен зертханалық жұмыстарда
ұйымдастырылатын психодиагностикалық əдістемелердің бірнеше
түрлерін ұсынуды жөн көрдік. Олар белгілі бір қағидаларды қатаң
сақтауды қажет ететін психодиагностикалық жұмыстар.
Достарыңызбен бөлісу: