Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы с. Қ. Тұртабаев



Pdf көрінісі
бет136/224
Дата31.12.2021
өлшемі1,75 Mb.
#21294
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   224
Байланысты:
биохимия

202
30-сурет. Белок синтезінің элонгация этапы
жұмыстары қайталанып, мРНҚ-да жазылынып алынған белок-
тың молекуласындағы амин қышқылдары өзінің орындарын та-
бады. Бір пептидтік байланыс түзу үшін 3 молекула ГТФ жəне 
1 молекула АТФ-тың гидролизденгендегі энергиясы жұмсалады. 


203
Белоктардың синтезі тірі ағзадағы энергияны көп қажет ететін 
процесс болғанымен, өте жылдам жүреді. 400 амин қышқыл-
дарынан тұратын белок 20 секундта синтезделіп болады.
Белоктардың синтезі бір рибосомада өтуі мүмкін немесе бір 
уақытта бірнеше рибосомада (полисомада) жүруі мүмкін. Поли-
сома - бір мРНҚ бойында бола алатын рибосомалар тобы (80-ге 
жуық рибосома). Мұндай бір мРНҚ-ның бойындағы информаци-
яны бір уақытта бірнеше рибосоманың көмегімен белок синтезіне 
қолдану синтездің тез жəне тиімді өтуіне мүмкіндік тудырады.
Бактерияларда транскрипция жəне трансляция бірімен-бірі 
ілесіп жүреді, яғни ДНҚ-на тəуелді РНҚ-полимераза мРНҚ син-
тезін жүргізіп жатқан кезде, м-РНҚ-ның бір шетінде белок синтезі 
де басталып жатады.
Бактериялардың екінші бір ерекшелігі - мРНҚ-ның тіршілік 
ету уақыты бірнеше минут қана, сонан соң олар тез нуклеаза 
ферментінің əсерімен ыдырап кетеді.
Трансляцияның төртінші кезеңі – Терминация, яғни синтездің 
бітуі, аяқталу кезеңі, оған керекті заттар:
1. АТФ;
2. Белок синтезінің біткенін білдіруші мРНҚ-дағы кодондар; 
3. Полипептидтің рибосомадан босап шығуына қажет белок-
тық факторлар. 
мРНҚ-да соңғы амин қышқылын көрсететін кодон біткен соң, 
мағынасыз, мəнсіз кодондар басталады. Олардың саны үшеу: 
УАА, УАГ, УГА. Міне осы кодондардың басталуы, полипептидтің 
синтезінің біткенін хабарлайды. Сонан соң, синтезді бітіруші 
факторлар (Ғ
1
, Ғ
2
) өздерінің əрекетін бастайды. 
Бұл факторлар: 
1) полипептидтің соңғы тРНҚ-дан гидролиздік жолмен ыды-
рап шығуын жəне тРНҚ-ның босауын; 
2) соңғы тРНҚ-ның пептидилдік бөлімнің “бос” күйінде 
бөлінуін; 
3) рибосоманың 30 S жəне 50 S суббірліктерге диссоциация-
лануын қамтамасыз етеді.
Трансляцияның 5-ші кезеңі - кеңістіктегі полипептидтік 
тізбектің орналасуы жəне процессинг. Бұл кезеңде полипептид 
өзінің кеңістіктегі екінші - , үшінші - реттік құрылысын түзіп, 


204
биологиялық активті түріне көшеді. Сонымен қатар, бұл кезеңде 
бірінші амин қышқылы метиониннен жəне кейбір керек емес 
амин қышқылдарынан ажырап, кейбір амин қышқылдарының 
қалдықтары өзіне фосфат, - метил - , карбоксил - , ацетил топ-
тарын қосып алуы мүмкін. Ал кейде белоктар өзіне олигосаха-
ридтер мен коферменттерді қосып, өзінің биологиялық қызметін 
атқаруға дайын болады.
Белоктардың синтезі көптеген антибиотиктер əсерінен тежеу-
ге ұшырауы мүмкін. Кейбір микроағзалар үшін қорғаныш анти-
биотиктер, басқа ағзалар үшін өте улы болып табылады. Мысалы: 
пурамицин - элонгация кезеңінде əсер етсе, тетрациклин аминоа-
цил - тРНҚ-ның рибосомадағы аминоацилдік центрімен байла-
нысуына кедергі жасайды; стрептомицин - рибосоманың кіші 
суббірлігімен қосылып, оның қызметін нашарлатады; дифтерия 
токсині - элонгация факторын тежейді; левомицетин - пепти-
дилтрансфераза ферментінің активтілігін нашарлатады; эритро-
мицин - үлкен суббірлікпен қосылып, транслоказа ферментінің 
жұмысын тежейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет