Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» рмм



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата30.01.2017
өлшемі0,78 Mb.
#2993
1   2   3   4   5   6   7

Ғұлати шиға (ةعيشلا طلاغ):  

" Алла хазірет Әлидің бейнесіне енді. Хазіреті 

Әли – тәңір» дегендерді «ғұлат» деп атайды. Олар Алла Тағаланың адам 

формасында  болғандығын  қабылдаған.  Рухтардың  бір  денеден  екінші 

денеге өтетіндігіне сеніп, ақыретке сенбейді.  



Ғибадат  (ةدابع):құлшылық.  Алла  тағала  жақсы  көретін  барлық  сөздер 

мен жасырын істер.   



Ғибрат (ةربخ):сабақ, өнеге.  

Ғамус анты (سومغلا نيميلا): күнәға және тозаққа апаратын ант. Өткен бір 

іс немесе нәрсе үшін, біліп тұрып өтірік айту, ант ету. 



Ғиддет  (ةّدع):күйеуі  қайтыс  болып,  жесір  қалған  немесе  ажырасу 

себебімен  отбасы  бұзылған  әйелдің  қайтадан  тұрмысқа  шығуы  үшін 

күтуі міндетті болған уақыт. 

Ғиддет күтетін әйелдер бес түрге бөлінеді: 

1.

 

Екі қабат кезінде күйеуі қайтыс болған әйелдің ғиддеті – баланы 



босанғанға дейін. 

2.

 



Екі қабат болмай күйеуі қайтыс болған әйелдің ғиддеті – төрт ай 

он күн. 


3.

 

Екі  қабат  кезінде  ажырасқан  әйелдің  ғиддеті  –  бала  дүниеге 



келгенге дейін.  

4.

 



Әйел  етеккір  көріп  жүрген  әйелдердің  қатарынан  болып, 

күйеуінен  екі  қабат  болмай  ажырасқан  жағдайдағы  ғиддеті  –  үш  ай 

немесе үш рет етеккірден тазалану уақыты. 

5.

 



Етеккір  келуден  тыйылған  әйелдің  ғиддеті  –  ажырасқаннан 

бастап үш ай.  



Ғылымхал:  әр  мұсылманның  иман,  ғибадат  және  ахлаққа  (этикаға) 

байланысты білуі қажетті болған нәрселерді қамтып түсіндерген кітап. 



Ғұрып-әдет  (

ع  و  فرع

تادا

):  ислам  құқығының  қайнар  көздерінің  бірі. 

Ислам дінінің және ақыл-ойдың дұрыс деп қабылдаған нәрселері. 



 

Д 

 

Даббәтул-ард  (ضرلأا  ةّباد):  ақырзаманның  үлкен  ғаламаттарының, 

белгілерінің бірі. Қиямет қайымға жақын қалғанда шығатын хайуан.  



Далалет  (ةللاض):  адасушылық,  дұрыс  жолдан  шығу.  Мұхаммед 

пайғамбардың  және  сахабалардың  көрсеткен  дұрыс  жолынан  айрылу, 

адасу. 

Дарул-харб  (برحلا  راد):  ислам  шариғатының  орындалмаған,  жүзеге 

аспаған  мекендері.  Ислам  құқығында  ислам  дінінің  таралуына  және 

оның үкімдерінің орындалуына шектеу қойылған аймақ. 

Дарул-ислам  (ملاسلإا  راد):ислам  мемлекеті.  Ислам  заңының  орындалып, 

жүзеге асырылып жатқан мекені. 



11 

 

Дағуат (ةوعد): 

1.

 

Хақ дінге шақыру. 



2.

 

Сый құрмет көрсету үшін шақыру немесе шақырылу. 



Дағиф (әлсіз) хадис (فيعض ثيدح): сахих және хасан санатына жатпайтын 

хадистер.  Әлсіз  хадисті  жеткізгендердің  ішінде  түсіну  қабілеті  нашар, 

әділдікке жаны жақын емес немесе сенімінде күмәнді болғандар болады. 

Әлсіз хадистерден ижтиһад жасалмайды. 



Дәрет  (ةراهط):  кейбір  құлшылықты  өтеу  үшін  арнайы  тазалану. 

Шариғатта  намаз  және  басқа  да  ғибадаттардың  қабыл  болуы  үшін  таза 

сумен  ауыз-мұрынды  шаю,  бетті,  шынтақпен  қоса  екі  қолды, тобықпен 

қоса аяқты жуу және басқа мәсіх тарту «дәрет» деп аталады.   



Дәжжал  (тажал)  (لا ّجد):  қияметтің  алдында  пайда  болатын,  адамдарды 

жолдан  тайдыратын,  өзін  Құдаймын  деп  жариялайтын,  бір  көзі  жоқ 

жалғаншы.  Оны  «Мәсіх  Дәжжал»  деп  те  атайды.  Оның  пайда  болуы 

қияметтің  үлкен  белгілерінен.  Мұхаммед  пайғамбар  мұсылмандарды 

Дәжжалдың фитнасынан сақтануды ескертіп кеткен.  

Дәруіш:  тариқат  өкілдеріне  байланысты  қолданылатын  атау.  Парсыша 

«есіктен  есікке  барып  қайыр  сұраушы»  мағынасындағы  «дәруиш» 

сөзінен алынған.  

Дін  (نيد):Алла  Тағала  тарапынан  адам  баласына  дүние  және  ақыретте 

рахатқа,  тыныштыққа  және  бақыттылыққа  жеткізуі  үшін  пайғамбарлар 

арқылы білдірілген жол, бұйрықтар мен тыйымдар. 

Динар (رانيد):бір мысқал (4.8 грам) салмағындағы алтын ақша. 

Дінсіз (دحلُم):еш бір дінге сенбеген адам (атеист). 

Дираят тәпсірі (ةياردلا ريسفتلا):Мұхаммед пайғамбардан келген риуаяттар 

негізге алынып, Құран кәрімнің тілдік тұрғысын, ғылыми жағынан, ақли 

ілімдермен  түсіндіру.  Бұл  тәпсір  «рай  тәпсірі»,  «тәуил  тәпсірі»  деп  те 

атайды.  



Дирхам  (ماهرد):ислам  дінінен  бұрын  және  кейін  қолданыста  болған, 

әртүрлі салмақтағы күміс ақшалар.  



Дұға  (ءاعد):сұрау,  жалбарыну.  Адамның  өзінің  немесе  басқа  біреудің 

арман-мақсатына жетуі үшін Алла Тағалаға жалбарынуы.  



Дырар  мешіті:  мұнафықтар  тарапынан  мұсылмандар  арасына  іріткі 

салу мақсатында Мәдина қаласына жақын жердегі Құба мешітіне қарсы 

салынған мешіт. Пайғамбарымыз Табук ғазауатынан қайтқан кезінде бұл 

мешітті өртеуді бұйырған.  



 

 

Е 

 

12 

 

Екінді  намазы  (رصعلا  ةلاصلا):  ислам  діні  парыздарының  бірі  болған  бес 

уақыт  намаздың  үшіншісі,  бесін  намазы  мен  ақшам  намазы  арасында 

оқылатын намаз. 



 

Ж 

 

Жағфарийя:  Өздерін  Хазіреті  Әлидің  немерелерінің  бірі  Жағфар 

Садықтың жолымен жүрміз деп есептейтін адасқан Имамийя бағытының 

бір  тармағы.    Зерттеушілер  бұл  мәзһабты  әһли  сүннетке  жақын  бағыт 

деп атайды. 



Жаһил (لهاج): 

1.

 



Алла Тағаланы ұмытқан; ғапыл, білімсіз, мағлұматсыз адам. 

2.

 



Ілімімен амал жасамаған адам. 

Жаһилийя  кезеңі  (ةيلهاجلا):  ислам  діні  келместен  бұрын  жамандық 

атаулы  өз  үстемдігін  жүргізген,  мүсіндерге  табынған  қарабайырлық 

кезең. Бұл кезең «надандық дәуірі» деп те аталады. 

Жайыз (زئاج): 

1.

 



Рұқсат етілген, істеуге болады, күнә емес. 

2.

 



Дұрыс, жөн. 

3.

 



Тәнзих мәкруһ. 

Жәбрийя  (ةيربج):  хижраның  бірінші  ғасырының  соңымен  екінші 

ғасырдың  басында  Мабәд  ибн  Халид  әл-Жухайни  және  Жәһм  ибн 

Сафуан  тарапынан  негізі  қаланған  адасқан  ағым.  Артынан  Жәһм  инб 

Сафуан  жәбрийя  ағымынан  бөлініп  жәһмия  тармағын  құрды.  Жәбрийя 

ағымы:  «Адам  баласы  өзі  бір  іс  істей  алмайды,  жансыз  жаратылыстар 

сияқты  әрекет  етеді.  Адамның  құдіреті,  қалауы  деген  нәрсе  жоқ. 

Адамдар  ізгі  іс  жасағандарында  сауап  таппайды,  жамандық 

жасағандарында  азапқа  ұшырамайды.  Кәпірлер  мен  күнә  істегендер  – 

үзірлі, жауапкершілікке тартылмайды. Өйткені адамның әр ісін тек Алла 

істетеді.  Адам  баласы  қаласа  да,  қаламаса  да  күнә  істейді,  тіпті  күнә 

істеуге  мәжбүр.  Күнә  адамға  зиян  тигізбейді.  Бойұсынбаған  пасықтар 

азап көрмейді» деген көзқарасты ұстанады. 



Жәһаннам  (مّنهج):    тозақ  атауларының  бірі.  Кәпірлердің  үнемі,  ал  күнә 

жасаған  мұсылмандардың  істеген  күнәлары  үшін  ақыретте  азапқа 

тартылатын мекені. 

Жәһмийя  (ةيمهج):Жәбрийя  ағымының  бір  тармағы  болып  табылатын, 

хижраның  екінші  ғасырда  Жәһм  ибн  Сафуан  негізін  қалаған  адасқан 

ағым.  Жәһмийя  ағымында  болғандар  адам  баласы  өз  амалдарын 

зорлықпен,  мәжбүрлікпен  істейді  деп  есептейді,  адамның  өз  еркімен 

істеу  мүмкіндігін  мойындамайды.  Иман  –  тек  Алла  Тағаланы  тану  деп 

санайды,  күпірлік  оны  танымағандықтан  болады  деп  біледі.  Ақыретте 



13 

 

Алланың  көрінбейтіндігін  айтып,  қабір  азабын,  сират  көпірін 



мойындамайды. 

Жамарат (ةرمج):Мина үстіртінде орналасқан, қажылар құрбан шалатын 

күні  және одан кейінгі  үш күн бойына тас  ататын  бағаналар. Бұлар үш 

бағанадан  тұрады:  жамаратус-суғра  немесе  жамаратуд-дуния  (кіші 

бағана),  жамаратул-уста  (орта  бағана)  және  жамаратул-ақаба  (үлкен 

бағана). 

Жәннат  (ةّنج):Алланың  мұсылман  құлдарына  ақыретте  дайындаған 

құтты әрі мәңгілік мекені. 



Жиһад ( اهج

د

):араб тілінде белгілі бір нәтижеге, мақсатқа жету үшін яки 

бір істі істеу үшін бар қажыр-қайрат пен ынта-жігерді жұмсау, тырысу, 

күресу  деген  мағыналарды  білдіреді.  Яғни,  ең  әуелі  өзіңді  түзету.  Ішкі 

дүниеңді, 

жүрегіңді 

тазарту. 

Болмысыңды 

қызғаншақтық, 

қанағатсыздық,  сабырсыздық,  жалқаулық,  тәкаппарлық  секілді  күллі 

жаман  қасиеттерден  арылтып,  олардың  орнына  көркем  қасиеттер  егу. 

Мұсылманның өз нәпсісімен үздіксіз күресі.  

Жиһад акбар (ربكأ داهج):үлкен жиһад. Адам баласының нәпсісін, тәнінің 

барлық қалауларын ауыздықтау үшін жүргізген күресі. 



Жын (نيج):оттың жалындаған бөлімінен жаратылған, әр формаға айнала 

алатын,  үйленетін,  ішіп-жейтін,  көбейетін  және  көзге  көрінбейтін 

жаратылыстар. Парсы тілінде жынды «пері» дейді. 

Жизия  (жизья)  (ةيزيج):мұсылман  мемлекетінде  өмір  сүрген  кітап 

иелерінің  (яһуди  және  христиан)  мұсылман  үкіметіне  төлейтін  жан 

салығы.  

Жұма  (ةعمج):мұсылмандардың  қасиетті  күні.  Ислам  сенімі  бойынша 

Алла Тағала әлемді жұма күні жаратқан, осы күні жоқ етеді. 



Жұма  хұтбасы  (ةعمجلا  ةبطخ):жұма  намазының  алғашқы  төрт  ракағат 

сүннеті оқылғаннан кейін, екі ракағат парыз оқылмастан бұрын, жамағат 

алдында имамның мінберге шығып, араб тілінде оқитын құтпасы. 

Жұма намазы (ةعمجلا ةلاص): аптасына бір рет жұма күні бесін намазының 

уақытында  жамағатпен  оқылатын  намаз.  Ол  төрт  рәкағат  сүннет,  екі 

рәкағат парыз және төрт рәкағат сүннет намаздан тұрады. Көп жағдайда 

«жұма намазы» деп тек парыз намазы меңзеледі. 



Жүніп  (ةبانجلا):ғұсыл  құйынуды  міндеттейтін  жыныстық  қатынастан  не 

ұйқыда шәует бөлінгеннен кейінгі жағдай.   



Жеребе тарту:ортақ дүние-мүліктің серіктестер арасында жеребе тарту 

арқылы таратылуына берілген есім. 



Жаңбыр  тілеу  дұғасы  (ءاقستسلاا  ةلاص):  жаңбыр  жауғызуы  үшін  Алла 

Тағалаға жасалған дұға.  



14 

 

Жетім  (ميتي):  балиғат  жасына  жетпей  әкесі  қайтыс  болған  бала.  Ислам 

дінінде  балиғат  жасының  мөлшері  кәмелетке  толып,  үйленетін  жасқа 

жеткенге дейін деп саналады. 



Жәһри зікір (يرهج ركذ): Алла Тағаланы дауыстап еске алу, зікір ету. 

 

З 

 

Зәмзәм (مزمز): исламның негізгі мешіті Мәсжид әл-Харамның аймағында 

орналасқан, Қағбаға жақын жердегі қасиетті бұлақ. 



Зәмзәм құдығы: Меккедегі қасиетті құдық. Қағбадан оңтүстік-шығысқа 

қарай  20  м  жерде,  Хажар  ул-әсуадқа  қарама-қарсы  орналасқан.  Үсті 

күмбезбен  көмкерілген  бұл  қасиетті  құдықтың  тереңдігі  42  м.  Зәмзәм 

суы  –  қасиетті  су.  Қағбаны  тауап  етіп  барған  қажылар  бұл  суды  ішіп 

қана қоймай, өздерімен бірге елдеріне алып кетіп жатады. 

Зәрдушт:  мәжусиліктің  негізін  қалаушы.  Мәжусиліктің  негізін  қалаған 

Зәрдушт  б.д.  600 жыл  бұрын  Үндістанда  дүниеге  келген.  Үндістан  мен 

Иран  арасындағы  аумақта  өмір  сүрген.  Брахман  діндарлары  тарапынан 

қуғындалып,  Балхта  мәжусилік  дінін  таратты.  «Жақсылық  тәңірі  және 

жамандық  тәңірі  деген  екі  Құдай  бар»  деген  сенімді  насихаттады. 

Хазіреті  Омар  кезінде  Иран  алынғаннан  кейін  ол  жердің  халқы 

мұсылмандықты  қабылдаған.  Зәрдушт  негізін  қалаған  мәжусилік 

Үндістанда  таралды.  Қазіргі  таңда  ирандықтар  көне  ұлттық  әдет-

ғұрыптар ретінде мәжусилік мерекелерді тойлауға және кеңінен таратуға 

ат салысуда. 



Зәйдия ағымы: Хазіреті Әлиді жақсы көргендіктерін алға тартып, оның 

жағында болмаған сахабаларға дұшпандық көзбен қарап, олар жайында 

әртүрлі  пікірлер  таратқан  шииттік  ағымдардың  бірі.  Он  екі  имамның 

төртіншісі  болған  Зейнелабидиннің  баласы  Зәйдтің  артынан  ерген, 

хазіреті Әлиді сахабалардың ең жоғарғы дәрежелісі деп білген, сондай-

ақ  хазіреті  Әбубәкір,  хазіреті  Омар,  хазіреті  Османдардың  халифалығы 

дұрыс деп баға берген ағым. Шииттік ағымдардың арасында орта жолды 

ұстанатын,  кейбір  көзқарастары  жағынан  әһлі  сүннетке  жақын    ағым 

болып табылады.  

Зекет (ةاكز): «Зекет» сөзінің сөздік мағыналары  — тазалау, арту, көбею 

дегенді білдіреді.  Ислам шариғатында зекет – жылына бір рет байлығы 

нисапқа  толғандардың  Құранда  аты  аталған  адамдарға  беретін 

байлығының белгілі бірмөлшері. 



Зымми  (يمذ  ،ةمذلا  لهأ):  ислам  мемлекетінде  тұратын  мұсылман  емес 

азаматтар. 



Зікір  (ركذ):  еске  түсіру;  ғапылдықтан  аулақ  болу  үшін  әрдайым  Алла 

Тағаланы еске түсіру. Мадақ ету. 



15 

 

Зина  (انز):  ер  мен  әйелдің  шариғат  заңы  бойынша  үйленбей  тұрып, 

тыйым салған жолмен жыныстық қатынас жасауы.  

Зұлым (ملظ): әділетсіздік, әділеттіліктің шегінен шығу, біреудің құқығын 

таптау. Бір нәрсені өз орнынан басқа жерге қою. Хақсыздық жасау. 



Зұлмат (تاملظ):қараңғылық, жүректің қараюы. 

 

И 

 

Ибадиия  (يدبلأا):  адасқан  ағымдардан  болып  табылатын  харижиияның 

бір  тармағы.  Харижилер  жеті  тармаққа  бөлінеді.  Ибадиия  тармағы  – 

Абдулла  ибн  Ибадтың  соңынан  ергендер.  Абдулла  ибн  Ибад  хазіреті 

Әлидің Муғауиямен қазы тағайындау арқылы келісімге келгендігі үшін 

Әлидің  жақтасы  болудан  бас  тартқан.  Триполиге  барып,  сол  жерде 

ибадиия ағымының негізін салған. Кейін оның адамдары халифаға қарсы 

шығып,  Триполиді  хижраның  153  жылында  басып  алды.  Өздерінен 

басқа  мұсылмандарды  кәпір  санап,  соғыс  уақытында  олардың  дүние 

мүлкін алуға болады, үлкен күнә істегендер мүмин емес деп есептеген, 

хазіреті Әлимен қоса көптеген сахабаларды кәпір деп айыптаған. 



Ибахиия  (نويحابا):ислам  дінінің  харам  деп  тыйым  салған  нәрселерін 

халал,  қолдана  беруге  болады  деп  санайтын  адасқан  ағым.  Бұл  ағым 

Батыниия, Исмаилиия және Карамиийа деп те аталады. Ибадиия ағымы 

харамдарға  халал  деп,  70-80  жыл  бойы  қажылыққа  бара  жатқандарды 

тонаумен айналысып, көптеген мұсылмандарды өлтірді. Жеке мемлекет 

құрды.  Мемлекеттері  983-жылы  құлатылғанда  олар  сол  жерде 

жасырынды. Олардың ішіндегі Хасан Саббах негізін қалаған Исмаилиия 

мемлекеті  1256-жылы  жойылды.  Сахабалардың  бәрін  жақсы  көреміз 

дегенмен,  шын  мәнінде  олардың  жолынан  жүрмеген,  өздерінің  теріс 

жолдарын  сахабалардың  жолдары  деп  көрсетіп,  әһли  сүннет 

ғұламаларына тіл тигізіп, өздері сияқты әрекет етпегендерді мүшрик деп 

санаған, олардың мал-жандарын өздеріне халал деп білген ағым.  



Ибрани:  яһудилер  қолданған  тілдің  атауы.  Арабшада  «ибр»  түбірінен 

шығады, мағынасы «өзен немесе көлдің бір жағасынан екінші жағасына 

өту» дегенді білдіреді.  

Ижма (عامجا):бір ғасырда өмір сүрген барлық ғалымдардың бір мәселеге 

қатысты  бір  ауыздан  келіскен  үкімдері.  Яғни  ижма  болу  үшін  бір 

ғасырда  өмір  сүрген  барлық  ғұламалар  арасында  пікір  қайшылығы 

болмауы  қажет.  Сонымен  қатар  ижма  «Құран  мен  хадисте  келген 

үкімнің  мәні  осы,  басқаша  түсінуге  болмайды»  дегенді  де  білдіреді. 

Ижма  шариғатта  Құран  мен  сүннеттен  кейінгі  үшінші  дәлел  ретінде 

жүреді. 


16 

 

Ижтиһад  (داهتجا):  белгілі  бір  мәселенің  үкімін  білу  үшін  Құран  мен 

сүннеттен және басқа да шариғи дәлелдерден аталған мәселеге қатысты 

дәлелді табу жолында іздену, зерттеу жүргізу. 



Ифтар  (ауыз  ашар)  (راطفا):  ауыз  ашар.  Ораза  ұстаған  адамның  күн 

батқаннан кейін тамақтануы. 



Ихрам  (مارحا):миқат  деп  аталатын  мекенде,  қажылыққа  немесе  умраға 

ниет етіп, тігінсіз екі матадан тұратын киімді киіп, тәлбия айтып, бұрын 

мүбах  болған  нәрселерді  істеуден  сақтану.  Ихрам  киген  адам  мухрим 

деп  аталады.  Ихрамның  белден  төмен  оралатын  бөлімін  изар,  иықтан 

төмен қарай тасталған бөлімін рида деп атайды. Әйелдер ихрам кимейді, 

хижабтарымен қажылық және умра ғибадаттарын орындайды. 



Ихтилам (ملاتحا):ұйықтап жатқан кезде мәнидің бөлінуі (поллюция). 

Иқама (ةماقإ): 

1.

 



Қамат  айту.  Ер  кісілердің  парыз  намазды  бастамас  бұрын 

оқылуы сүннет болған азанға ұқсас сөздерді айтуы. Азаннан өзгешелігі 

«Хаииағалал-фалах»  тан  кейін  екі  рет  «қад  қаматис-салату»  деп 

айтылуында.  «Орнығу,  тұрғылықты  мекен  жайға  тіркелу»  деген 

мағыналары да бар. 

Иқрар  (رارقا):  иманын  анық,  тілмен  айту.  иман  келтіру  үшін  кәлима 

шәһадатты тілмен айтып, мағынасына жүрегімен сенуі керек. 



Иләһи діндер (ةيومسلا نايدلأا):негіздері Алла Тағала тарапынан білдірілген 

діндер.  Бұған  хақ  діндер  немесе  сәмауи  діндер  деп  те  атаған.  Қазіргі 

таңда  дүние  жүзінде  ұстанушылары  болған  үш  иләһи  дін  бар.  Олар: 

Яһудилік, христиандық және ислам. 



Илхам (

ماهلا

): аян. Алла тағаланың әулие, тақуа құлдарына беретін аяны. 

Имам (مامإ): 

1.

 



Мешіт  және  басқадай  мекендерде  жамағатқа  намаз  оқытатын 

адам. 


2.

 

Тәпсір,  хадис,  фиқһ,  кәлам  және  тасаууф  сияқты  ислами 



ілімдердің бірінде жоғарғы дәрежеге жеткен ғалым. 

3.

 



Мұсылман мемлекетіндегі елбасы. 

Имамәйн  (نيمامإ):  екі  имам.  Имам  Ағзам  Әбу  Ханифаның  әйгілі  екі 

шәкіртіне  берілген  атау.  Имам  Ағзамнан  дәріс  алған,  Имам  Әбу  Юсуф 

пен Имам Мұхаммедке берілген лақап ат. 

Имам  Ахмед  ибн  Ханбал  (لبنح  نب  دمحأ  ماملإا):әһли  сүннеттің  амалдағы 

төрт  мәзһабының  бірі  болған  ханбали  мәзһабының  негізін  салушы. 

Ахмед  ибн  Ханбал  Бағдат  қаласында  848  жылы  дүниеге  келген.  Ол  он 

бес жасынан бастап, 816 жылға дейін көп кітап оқып, мұсылмандардың 

діни орталықтарында діни білімін шыңдады. Әбу Юсуф пен әш-Шағбии 

сияқты  көптеген  ғалымдармен  қарым-қатынас  жасады.  Ахмет  ибн 

Ханбал  исламды  жаңа  сенімдер  мен  ағымдардан  қорғаушы  ретінде  көп 


17 

 

еңбек  сіңірді.  Ол  хадис  үйренуге,  жинауға  және  жазуға  көп  мән  берді. 



Имам  Шафиғиден  үкім  шығару  әдіс-тәсілдерін  үйренген.  Мәжбүр 

болмаған  жағдайда  қиясқа  (үйлестікке)  бойұсынудың  қажеті  жоқ  деген 

пікірді  қатаң  ұстанған.  Ханбали  мәзһабы  Бағдат,  Мысыр,  Сирия  және 

Хижазға  таралған.  Қазіргі  таңда  ол  Сауд  Арабиясының  ресми  мәзһабы 

саналады. 

Имам  Ағзам  Әбу  Ханифа  (ةفينح  وبأ  مظعلأا  ماملإا):  имам  Ағзам  һижраның 

80-жылында  (б.ж.с.  699  ж.)  Ирактың  Куфа  қаласында  дүниеге  келген. 

Толық  аты-жөні  –  Нұғман  ибн  Сәбит,  ұлты  парсы.  Өз  ғасырының  ірі 

ғалымы  болғандықтан  оны  «имам  ағзам»,  «ең  үлкен  имам»  деп  атаған. 

Имам 

Ағзамның 



көзқарастары 

басқа 


ғалымдарға 

қарағанда 

кеңпейілділік, жеңілдік дінінің рухына сай келгендіктен, «Әбу Ханифа» 

деп аталған. Арабша  «әбу» тек қана  «әке» мағынасында емес, сонымен 

қатар, бір нәрсеге өкілдік, иелік ету мағынасында келеді. 

Әбу Ханифа деп аталу себебіне бірнеше деректер келтіріледі. 

1.  Әбу  Ханифа  –  «Ханиф»  ислам  дініне  шынайы  беріліп,  соның 

жолымен жүрген яғни, «діннің әкесі» деген мағынаны білдіреді. 

2. Әбу Ханифа – «Ханиф» парсыларда сол кезде сия сауыттың аты 

болған  екен.  Имам  Ағзам  сол  кезде  сия  сауытын  жанынан  бір  елі 

тастамайтын  еді.  Сондықтан  оны  «сия  сауыттың»  әкесі  деп  атаған 

деседі. 


3.  Әбу  Ханифаның  «Ханифа»  атты  қызы  болған.  Соның  құрметіне 

Әбу  Ханифа  деп  аталған  дейді.Алайда  бұлардың  ішінде  ең  шындыққа 

жақыны бірінші келтірілген дерек, яғни, «діннің әкесі» деген атау болып 

табылады.  Өйткені  оның  Ханифа  атты  қызы  болмаған,  тек  қана  бір-ақ 

ұлы болған деген мәліметтер де бар. 

Имам  Малик  (سنأ  نب  كلام  ماملإا):Малики  мәзһабының  негізін  қалаушы  – 

Мәлик  ибн  Анас  (һ.  93-179  ж,  б.ж.с.  712-795ж.).  Мадинада  дүниеге 

келген.  Бұл  мәзһаб  Мадина  қаласында  пайда  болып,  Араб  елдеріне, 

Мысырға,  Солтүстік  Африка  мен  Андалусияға  дейін  таралған.  Имам 

Маликтің  ең  әйгілі  еңбегі  «Муатта»  деп  аталады.  Ол  –  фиқһ  тәртібіне 

қарай  жазылған  алғашқы  хадис  кітабы.  Малик  атақты  табиғин 

ғалымдардан  хадистер  мен  фиқһ  ілімін  үйреніп,  кейіннен  өзі  де  пәтуа 

бере  бастайды.  Имам  Малик  үкім  шығаруда  өзге  мүжтаһид  имамдар 

секілді негізгі діни қайнарларға (Құран мен сүннет) және сахабалардың 

пікірлеріне  көп  мән  берді.  Малики  мәзһабы  алдымен  Хижаз  өлкесінде, 

кейіннен имамның Асад ибн Фурат, Ибн Уәхб және Ибн Қасым сияқты 

шәкірттері  арқылы  Солтүстік  Африка  мен  Испанияның  оңтүстік 

бөлігіне,  яғни,  Андалусияға  тараған,  тіпті  бұл  Андалусияда  Умеядтар 

мемлекетінің ресми мәзһабы болды. Қазір бұл мәзһабты көбіне Мысыр, 

Тунис, Алжир, Марокко және Судан мұсылмандары ұстанады. 


18 

 

Имам Шафиғи (يعفاشلا ماملإا):Фақиһ (заңгер), мухаддис (хадисші), толық 

аты-жөні  –  Мұхаммад  ибн  Идрис  әш-Шафиғи  (767-820).  Ол 

Палестинаның  Газза  қаласында  әскери  қызметкер  отбасында  дүниеге 

келген.  Жастайынан  әкесінен  жетім  қалады.  Шешесі  тегі  бұзылмасын 

деп  оны  Меккедегі  әкесінің  абыройлы  туыстарының  қолына  береді. 

Мұнда ол Суфян ибн Уяйна (811 ж. ө.) секілді тіл ғылымын, хадис пен 

фиқһ  ілімдерін  терең  меңгерген  көрнекті  дін  ғалымдары  мен 

білімпаздардың ортасында өседі. Ер жетіп, 20 жасқа толған шағында аш-

Шафиғи Мәлик ибн Анастан дәріс алу үшін Мадинаға қоныс аударады. 

Мәлік оны қамқорлығына алып, көмекшісі міндетін жүктейді. Шамамен 

35  жасында  ол  Бағдат  пен  Меккеде  өз  бетінше  мүжтаһид  (шариғат 

білгірі,  ғалым)  ретінде  әрекет  етті.  Сол  кезде  ханафилік  пен  маликилік 

мектептердің  өзара  қарама-қайшылықтарын  біріктіруге  тырысқан 

мәзһабын  насихаттады.  Жаңа  мәзһаб  айналасына  жиналған  жақтау-

шылар  саны  өсе  берді.  Шафиғи  мәзһабы  Мысырда,  Малайзия, 

Индонезия  және  Кавказдың  кейбір  бөлігінде  кең  таралған.  Әш-

Шафиғидің  негізгі  еңбегі  –  фиқһ  негіздері  туралы  жеті  томдық  «Китаб 

әл-умм». Бұл – шәкірті Яқуб әл-Бууайти ұстазының дәрістерінен жазып 

алған,  ал  кейінірек  тағы  бір  шәкірті  ар-Рабиа  ибн  Сүлеймен 

толықтырып, түсініктемелер жазып жарыққа шығарған еңбек. Имам әш-

Шафиғи сондай-ақ хадистер жинағы «Муснад әл-имам әш-Шафиғиді» – 

«Имам  әш-Шафиғидың  муснадын»  құрастырып,  хадистерді  салыстыру 

жолдары  туралы  –  «Ихтилаф  әл-хадис»  –  «хадис  қайшылықтары»  атты 

кітабын  жазды.  Әш-Шафиғи  –  құқық  негіздерін  (усул  әл-фиқһ)  бірінші 

рет  жүйелеп,  діни  ұғымдарды  өзара  жіктеп,  олардың  өзара  қарым-

қатынасын  «Рисала  фи  илми-л  усул»  –  «Усул  ғылымы  жайлы  трактат» 

кітабында айқындап берді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет