Бөлшектік сан есім Заттың бөлшектік санын білдіретін сан есім, математикалық ұғымға негізделген сөздер.
Құрамы жағынан тек күрделі ғана болады.
Жұмыстың
үштен бірі
бітті.
Өнімнің
тең жартысы
жөнелтілді.
Жұмыссыздық
2,5
пайызға артып отыр.
Құрамы: 1)Сөздердің бірінші сыңары ілік септікте, екінші сыңары тәуелдік жалғауда тұрады: үштің
екісі, жүздің жиырмасы.
2)Бірінші сыңары шығыс септікте, екінші сыңары тәуелдік жалғауда болады: екіден бірі,
сегізден алтысы.
3)Бірінші сыңары шығыс септікте, екінші сыңары атау септікте болып келеді: оннан төрт,
жүзден он, мыңнан бір.
4)Бірінші сыңары шығыс септікте, екінші сыңары тәуелдік жалғаудағы бөлік сөзінің
тіркесуімен жасалады: жүзден он бөлігі.
5)Белгілі бір заттың тиісті бөлшегін атау үшін есептік сан есімдерге жарым, ширек, жарты
сөздері тіркеседі: алты жарым, үш ширек.
6)Таза математикалық бөлшектік санда бүтін сөзі қолданылады: он бүтін алтыдан екі,
отыз жеті бүтін жиырмадан тоғыз.
ОтандыҚ тауар Болжалдық сан есім
Мөлшер үстеуі