Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы



бет14/27
Дата15.04.2023
өлшемі141,81 Kb.
#82890
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27
Дуальды оқытуды дамыту
Дуальды оқыту, еуропалық білім беру жүйесінің тәжірибесі көрсеткендей, білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілердің тығыз өзара іс-қимылының өнімі болып табылады. Білім алушы оқытудың ерте кезеңдерінде кәсіпорын қызметкері ретінде өндірістік процеске қосылады.
Жұмысшыларды даярлаудың дуальды жүйесі негізінен англо-саксондық өндірістік кәсіпорындар жүйесіне тән, жоғары корпоративтік тәуелсіздікпен байланысты және Германиядан басқа Аустрия мен Швейцарияда белсенді дамып келеді.
Еуропа елдерінде жұмысшыларды кәсіптік даярлаудың негізгі түрлерінің бірі 15-25 жас аралығындағы адамдар үшін әртүрлі оқу мерзімдері (2-4 жыл) бар «мектеп – кәсіпорын» типіндегі ауыспалы оқыту немесе қайта даярлау болып табылады. Әдетте, оқыту кәсіптік оқыту орталықтарында жүзеге асырылады, онда студенттер теориялық курсты игереді, оны кәсіпорындағы тәжірибемен біріктіреді (Дания, Португалия, Германия, Финляндия, Швейцария, Нидерланд).
Кәсіптік даярлықты ұйымдастыру және оны қаржыландыру әлеуметтік әріптестік негізінде құрылады. Кәсіби дайындықтың дуальды жүйесінің моделі оқу процесінің барлық мүдделі тараптарының: білім алушылардың, жұмыс берушілердің, мемлекеттің мүдделерін біріктірудің нәтижесі болды. Өндірісте кәсіптік даярлауға негізгі шығындарды жұмыс берушілер көтереді. Бұл қаражаттың көп бөлігі студенттерге стипендия төлеуге, қалғаны кәсіптік өндірістік оқытуды ұйымдастыруға жұмсалады. Кәсіпорындар бастауыш және үздіксіз кәсіптік білім берудің көлемі мен сапасын белгілей алады, ал мемлекет тек түлектер үшін біліктілік стандарттарының деңгейлерін анықтайды және оқуға қаражат береді.
Қазақстанда жұмыс берушілердің қаржы қаражаты есебінен өндірісте кәсіптік даярлауды жүргізу бойынша халықаралық тәжірибе қолданылатын болады және олардың білім беру бағдарламаларының мазмұнын, оқыту траекториясы мен мерзімдерін айқындауға қатысуы жалғастырылады.
Білім алушыларға қосымша білім беру жүйесін дамытудың әлемдік үрдістері
Әртүрлі елдерде мектептен тыс уақытта ұсынылатын қызметке сілтеме жасау үшін «қосымша білім беру», «формальды емес білім беру», «мектептен тыс білім беру», «бос уақыт бағдарламалары» және т.б. терминдер қолданылады.
Еуропаның барлық дерлік елдерінде мектептен тыс жұмыстың ең икемді және инновациялық түрлерінің бірі ретінде бейресми білім берудің саясаты белсенді дамуда.
Финляндияда мектептегі білім беру шеңберінен тыс спорт клубтарында, өнер, музыка мектептерінде және т.б. балалармен жұмыс жүргізіледі. Мектепте қосымша білім тегін, мектептен тыс уақытта – ақылы (дарынды балаларды қоспағанда, олар үшін спорт клубтары немесе қорлар төлейді).
Жыл бойы балаларға кез келген үш курсты таңдау ұсынылады – спорттық немесе көркем шығармашылық, музыкалық немесе әдеби және басқалар.
Германия, Скандинавия, Франция, Канада және АҚШ-та толық күндік мектептер жұмыс істейді, онда әртүрлі білім беру мүмкіндіктері ұсынылады және баланың жан-жақты дамуына жағдай жасалады. Толық күндік мектептерде таңертеңгі оқыту стандартты бағдарлама бойынша өтіп, түстен кейін білім оқушылар таңдау бойынша кез келген қосымша білім беру қызметіне қатыса алады.
Жапонияда бейресми білім берудің кең желісі құрылған: балалар мәдени-ағарту орталықтары, спорт клубтары. Дене шынықтыру, көркем шығармашылық және ұлттық өнер түрлері бойынша мектеп бағдарламасына кірмейтін қосымша сабақтарға әр білім алушының міндетті түрде (бірақ таңдау бойынша) тегін қатысу практикасы бар. Сонымен қатар әр тұрғын ауданда білім алушылармен қосымша жұмыс ұйымдастырылады: хор сабақтары, музыкалық аспаптарда ойнау, бал билері, үй шаруашылығын жүргізу және т.б.
Қытайда адамның өмірде өзін-өзі әртүрлі бағытта жүзеге асыру мен тұлғалық қасиеттерді дамытуға басты назар аударылады; мәдени-тарихи білім беру ұлттық бірегейлікті сақтау, жедел бара-бар әрекет ету, ұтқырлықтың құралы ретінде; ұлттық салт-дәстүрмен нақты істерге араласу арқылы таныстыру.
Әлемде көрмелер, мұражайлар, ғылыми-танымдық бағдарламалар арқылы балалардың, жастардың, жұртшылықтың назарын ғылымға аударуға бағытталған ірі орталықтар құру практикасы бар. Бұл орталықтардың, саябақтардың, балалар мамандандырылған лагерлерінің мақсаты – балаларды ғылым мен техника саласында оқып, білімдерін дамыту, болашақ ғалымдар, инженерлер ұрпағын дайындау және қоғам мен ғылым арасында тығыз қарым-қатынас орнату.
Қазақстанда балалардың қосымша білім алуға деген көзқарасының сапасы отбасының мәдени капиталына тікелей байланысты, ата-ананың бала тәрбиесіне және бос уақытын тиімді өткізуге деген көзқарасымен қалыптасады. Сондықтан балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік тапсырысты орналастырумен қатар әртүрлі өзара іс-қимыл форматтары арқылы ата-аналардың балаларды қосымша білім беруге тартуға ынтасын арттыру және ақпараттандыру жұмыстарын жандандырып, мазмұны мен форматтары балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеретін қосымша білім беру бағдарламаларын әзірлеу қажет.
Осылайша, халықаралық тәжірибені ескере отырып, балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеретін үйірмелер мен секцияларға балаларды тартудың әртүрлі форматтары арқылы балаларды қосымша білімге қосуға ата-аналарды ақпараттандыру және олардың ынтасын арттыру жұмысы жандандырылатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет