Қазақстан республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылғАН



Pdf көрінісі
бет35/69
Дата31.12.2021
өлшемі4,89 Mb.
#22064
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   69
6.6. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН 

ЖӘБІРЛЕНУШІЛЕР МЕН КУӘГЕРЛЕР 

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР

Кәмелетке  толмаған  жәбірленушілердің  және 

куәгерлердің  қатысуына  ықпал  ету,  әрі,  олардың 

тиісінше  қорғалуын  қамтамасыз  ету  КТМАС  үшін 

ауыр  міндет  болып  табылады.  КТМАС  судьяларынан 

кәмелетке  толмаған  жәбірленушілердің  қатысы  бар 

істерде қолданылатын қағидалардың маңыздылығына 

қарай рет-ретімен орналастыру сұратылды. Олардың 

жауаптары төмендегі 19 кестеде көрнекі көрсетілген.

Кесте  19-дан  көрініп  тұрғандай,  судьялар  өздеріне 

қатысты  қылмыстық  іс  жасаған  тұлғаларға  қарсы 

куәлік ететін кәмелетке толмағандар алдында тұрған 

қиындықтардан  хабардар  екен.  Олар  «кәмелетке 

толмаған жәбірленушіні қорғауды» ең маңызды қағида 

деп бағалаған, оның артынан бірден «жәбірленушінің 

ең биік мүдделерінде әрекет ету» қағидасы ілесіп жүр. 

Алайда, олар «жәбірленушінің сот жүйесімен мейлінше 

аз жанасуын қамтамасыз етуді» «жәбірленушіге сот-

та  сөйлеу  мүмкіндігін  беруге»  қарағанда  біршама 

маңыздырақ  қағида  деп  бағалайды,  бұл  баланың 

қатысу  құқығына  нұқсан  келтіруі  мүмкін.  Осы  жайт 

2014  ж.  Қылмыстық  іс  жүргізу  кодексінің  217  бабы 

тұрғысынан  айрықша  алаңдаушылық  тудырады, 

себебі, аталған бапқа сәйкес прокурор, күдікті неме-

се оның қорғаушысы сотқа дейінгі тергеу барысында 

олардан кейінірек жауап алу объективтік себептермен 

(жәбірленушінің/куәгердің шетелде тұратыны сияқты) 

мүмкін болмай қалуы ықтимал деп санауға негіз бол-

са, сонымен қатар, психикаға зақым келтіруші әсерін 

шектеу үшін кәмелетке толмаған куәгерлерден және 

жәбірленушілерден  кейін  тағы  да  жауап  алынба-

уын  қамтамасыз  ету  мақсатында  жәбірленушіден, 

куәгерден сотқа дейінгі тергеу барысында жауап алу 

туралы өтініш хат беруге құқылы.  Мұндай жағдайда 

кәмелетке 

толмаған 

жәбірленушілерге 

және 

куәгерлерге  сот  мәжілісінде  жауап  берудің  қажеті 



жоқ

236


. Бұл ретте заң қорғаушыға кәмелетке толмаған 

тұлғадан  екі  жақтан  жауап  алу  шарасын  қолдану 

мүмкіндігін бермейді, бұл айыпталушының сот ісінің 

әділ  қаралу  құқығына  қатысты  БҚК  40  бабының  та-

лаптарын орындауға қатысты күмән тудырады.

Кәмелетке  толмаған  жәбірленушінің/куәгердің  не-

месе олардың ата-аналарының сотқа келмеуі себепті 

тоқтатылған  істер  саны  белгісіз  және  бұл  мәселеге 

қатысты  мәлімет  жинау  осы  зерттеу  міндеттеріне 

кірген жоқ. Оған қоса, осы зерттеуде куәгерлерді қорғау 

бағдарламалары  кәмелетке  толмаған  тұлғаларға 

236


 Қылмыстық іс жүргізу кодексі, 371 бап.


Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы

53



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет