Қазақстан республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылғАН



Pdf көрінісі
бет56/69
Дата31.12.2021
өлшемі4,89 Mb.
#22064
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   69
10.2.7. БАЛАНЫҢ ҚАТЫСУЫ

• 

Заңға  өз  көзқарасын  тұжырымдай  алатын  бала 



өзіне  қатысты  барлық  мәселелер  бойынша  сол 

көзқарасын  еркін  жеткізуге  құқылы  екені,  әрі,  бұл 

ретте, осы көзқарастың баланың жасы мен өсіп-жетілу 

деңгейіне сай болуына тиісінше көңіл бөлінуі туралы 

ережені енгузіге кеңес беріледі.

• 

Кәмелетке толмаған тұлғаға сот ісін қарау/тыңдау 



жүргізілетін  уақытта  сот  залында  қалуға  рұқсат  ету 

үшін кәмелетке толмаған айыпталушыны қылмыстық 

сот өндірісі барысында сот залынан шығаруға рұқсат 

беретін құқықты қайта қараған жөн. 

• 

Қылмыстық  іс  бойынша  сотқа  дейінгі  тергеу 



жүргізуді  жүзеге  асыратын  тұлғаны  кәмелетке 

толмаған  айыпталушыға  танысып  шығу  үшін  оған 

теріс  әсер  тигізетін  іс  материалдарын  көрсетпеу  ту-

ралы  қаулы  шығару  құқығынан  айыру  қажет  және 

кәмелетке  толмаған  тұлғаны  қорғауға  дайындалу 

үшін мүмкіндік беру мақсатында кәмелетке толмаған 

айыпталушыға және оның қорғаушысына дәлелдерді 

жария ету туралы жалпы ережені енгізу қажет.



  

• 

БҚК  12  бабында  «балаға,  атап  айтқанда,  өзіне 



қатысты кез-келген сот ісін немесе әкімшілік істі қарау 

барысында тікелей өзі немесе өкілі не сәйкес орган 

арқылы  тыңдау  мүмкіндігі  берілетіні»  белгіленген. 

Бала істің өзіне тиімді нәтижемен қаралуына қатысты 

пікірін  білдіруі  үшін  жасы  жеткілікті  болып,  бірақ, 

ол  толығымен  қатысуға  және  өз  пікірін  білдіруге 

қауқарсыз  болса,  соттың  әлеуметтік  қызметкері 

дәнекер  ретінде  әрекет  етіп,  кәмелетке  толмаған 

баланың  пікірі  мен  қалауын  сотқа  жеткізіп  отыруы 

қажет.


• 

КТМАС-та  жұмыс  жасайтын  судьяларға, 

прокурорларға,  қорғаушыларға,  психологтарға  және 

әлеуметтік қызметкерлерге баланың қатысуына және 

баланың  дамуына  ықпал  ету  мәселелері  бойынша 

міндетті оқыту курсын енгізу мүмкіндігін қарастырған 

жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет