Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық пен экономикалық қылмыстармен күресу органдары. Жоспар: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органдардың ұғымы, жүйесі мен міндеттері


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуге және оның алдын алу тиімділігін арттыруға бағытталған



бет2/3
Дата13.04.2023
өлшемі294,89 Kb.
#82562
1   2   3
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуге және оның алдын алу тиімділігін арттыруға бағытталған.
Элиманов
Жанат Қалдыбекұлы
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның құзырына жатқызылған экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру бойынша басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады. 

Экономикалық тергеу қызметі (бұдан әрі - Қызмет) - бұл заңнамаға сәйкес қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелері.

  • Экономикалық тергеу қызметі (бұдан әрі - Қызмет) - бұл заңнамаға сәйкес қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелері.
  • Қызмет, прокуратура, ішкі істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет секілді құқық қорғау органдарына жатады.
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Қызметке анықтау мен тергеулер жүргізуге, сондай-ақ жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға өкілеттік берілген.
  • Қызмет өз құзыреті шегінде келесі қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырады: 
  • - жалған шот-фактураларды жазып беру;
  • - салық төлеуден жалтару;
  • - заңсыз кәсіпкерлік;
  • - қасақана және жалған банкроттық;
  • - заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру;
  • - акцизделетін өнімдердің, мұнай мен мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы;
  • - жалған ақша жасау;
  • - квазимемлекеттік секторда және бюджеттік салада қаражат жымқыру;
  • - банк саласында және бағалы қағаздар нарығында;
  • - экономикалық контрабанда;
  • - есірткі және басқа да тыйым салынған заттардың контрабандасы;
  • - контрафактілі өнімнің заңсыз айналымы;
  • - ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау жөніндегі талаптардың орындалмауы және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет