Қазақстан республикасының ауылшаруашылық министрлігі


Жобаланатын кәсіпорынның бас жоспары



бет15/19
Дата07.03.2023
өлшемі1,3 Mb.
#72307
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
КУрстык жумыс Егизбай К

3.Жобаланатын кәсіпорынның бас жоспары

Бас жоспарды жобалау кезінде


кәсіпорындар келесі негізгі мәселелер қарастырылады.
1.Кәсіпорынның барлық, негізгі ғимараттары мен құрылыстарын өндірістік процестің талаптарына сәйкес орналастыру және өзара байланыстыру.2. Кәсіпорын аумағында кіру жолдарды жүк ағындарының қозғалыс сипатына сәйкес орналастыру. Автомобиль және темір жолдардың ең аз ұзындығын қамтамасыз ету, қарама-қарсы және қиылысатын қозғалыс бағыттарын болдырмау.3.Ғимараттар мен құрылыстар арасында қажетті аралықтарды орната отырып, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау. Негізгі және қосалқы ғимараттар мен құрылыстарды орналастыру бойынша санитарлық - техникалық талаптарды орындау.
Ғимараттар мен құрылыстарды өндірістік аумақта орналастыру кезінде оларды өндіріс, энергия тұтыну, жүк айналымы сипатының біркелкілігі бойынша құрастыру принциптерін ескеру қажет. Көмекші құрылыстар негізгі өндіріске қызмет көрсетудің қолайлылығын ескере отырып орналастырылады. Кәсіпорын аумағында энергиямен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау және кәріз жүйелері орналастырылады.
Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тұрақты сумен жабдықтау көзі бар сақиналы өрт су құбыры немесе өртті сөндіру үшін үш сағаттық су қоры бар резервуарлар орнатылады. Өрт сөндіру автомобильдерінің барлық ғимараттар мен құрылыстарға өтуі үшін қажетті кірме жолдарды қарастыру қажет. Санитарлық-техникалық нормалармен элеваторларды елді мекендерге немесе тұрғын үй құрылысы алаптарына қатысты ық жағынан кемінде 100 м қашықтықта орналастыру анықталады. Барлық ғимараттар мен құрылыстар осы жер үшін желдердің бағытын ескере отырып орналастырылады.



Сурет 10. Астық өңдеу элеваторының бас жоспары
1-силос корпусы; 2 - жоғарғы және төменгі транспортерлері бар механикаландырылған астық қоймалары; 3 - реверсивті транспортерлерге арналған галерея; 4 - норийлерге арналған мұнара; 5 - темір жол көлігіне қабылдау - жіберу құрылғысы; 6 - сорғы станциясы және суға арналған резервуар; 7 - артезиан ұңғымасы; 8 - визалау алаңы және зертхана; 9 - кеңсе және лаборотория; 10 - автомобиль таразылары; 11 - аспирациялық шаңға арналған бункерлер; 12 - элеватордың жұмыс ғимараты; 13 - автомобиль көлігіне арналған қабылдау қондырғысы; 14 - шаң мен қалдықтарға арналған бункерлер; 15 - астық кептіргіштер; 16 - қосалқы корпус; 17 - сұйық отын қоймасы; 18 - көмір қоймасы; 19-цистериандық сұйық отынды қабылдау құрылғысы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет