Байланысты: аза стан республикасыны азаматты Ы Ы. О К
Отбасы заңнамасы дегеніміз отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды қамтитын нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы. Бұл нормативтік актілер өздерінің заңды күшіне орай белгілі бір иерархиялық жүйеде орналасады. Жоғары заңды күшке заңдар ие, бірақ заңдардың өзі де заңды күшіне қарай ажыратылады. Ең жоғарғы заңды күшке Конституцияда белгіленеген құқық нормалары ие. Халықаралық құқықтың жалпы таныған нормалары мен принциптері және ҚР-ның халықаралық шарттары құқық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Отбасы заңнамасы жүйесінде маңызды орынды 1998 жылдың 17 желтоқсанында қабылданған «Неке және отбасы туралы» ҚР заңы (НОТЗ) алады. Отбасы заңнамасы жүйесіне заңға негізделген актілері де жатады. Олардың ішінде:
ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы N 620 қаулысымен Бекітілген: -ҚР азаматтық хал актілері жазбаларын өзгерту, қалпына келтіру және жою туралы Ереже; -ҚР азаматтық хал актiлерiн тiркеу тәртiбi туралы Ереже;
2) Кәмелетке толмаған балаларға алимент ұстау жүргізілетін табыс және (немесе) өзге де кіріс түрлерінің тізбесін бекіту туралы ҚР Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 15 шілде N 776. ҚР ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 22, 237-құжат
3)ҚР Үкiметiнiң 1999 жылғы 9 қыркүйектегi N 1346 қаулысымен бекiтiлген: -ҚР қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы Ереже; -Патронат туралы ереже; -Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастырудың Ережесі және т.б. жатады.
Отбасы заңнамасымен қатар отбасы қатынастары сондай-ақ азаматтық заңдармен реттеледі. Егер отбасы қатынастары неке-отбасы заңдарымен реттелмеген ретте отбасы мүшелері арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарға азаматтық заңдар қолданылады, өйткені ол неке-отбасы қатынастарының мніне қайшы келмейді. Отбасылық қатынастар өаңдармен немесе тараптардың келісімімен реттелмеген ретте және оларға қолданылатын әдет-ғұрып болмаған жағдайда, бұл олардың мәніне қайшы келмейтіндіктен, мұндай қатынастарға ұқсас қатынастарды реттейтін неке-отбасы және (немесе) азаматтық заңдардың нормалары (заң ұқсастығы) қолданылады. Аталған жағдайлада заң ұқсастығын пайдалану мүмкін болмаса, неке-отбасы қатынастары субъектілерінің құқықтары мен міндеттері неке-отбасы немесе азаматтық заңдардың жалпы негіздері мен мәні және адалдық, парасаттылық пен әділеттілік талаптары (құқық ұқсастығы) негізге алынып айқындалады (НОТЗ 5-бап).
Отбасы құқығы нормаларын олардың шын мәніне сәйкес дұрыс қолдану үшін ҚР Жоғарғы Сотының қаулылары маңызды орын алады.