Байланысты: аза стан республикасыны азаматты Ы Ы. О К
2. Ерлi-зайыптылардың мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерi Ерлi-зайыптылардың мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiне олардың меншiгiне байланысты құқықтар мен мiндеттер жатады.
Мүлiктiк құқықтардың ерекшелiктерi. Мұндай құқықтар: -заңда көзделген жағдайлардан басқа, бөгделенетiндердiң қатарына жатады, - заңға негiзделген әр түрлi мәмiлелердiң нысанасы бола алады, - ақшалай бағалауы болады .
Мыналар ерлi-зайыптылардың әрқайсысының меншігi болып табылады:
1) некеге тұрғанға дейін ерлi-зайыптылардың әрқайсысына тиесілi болған мүлiк;
2) ерлi-зайыптылардың некеде тұрған кезеңiнде сыйлыққа, мұрагерлiк тәртiбімен немесе өзге де мәміле жасау бойынша тегiн алған мүлiк;
3) қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда,некеде тұрған кезеңде ерлi-зайыптылардың ортақ қаражаты есебінен сатып алынса да, жеке пайдалану заттары (киiм-кешек, аяқкиiм және басқалар).
Некенiң iс жүзiнде тоқтатылуына байланысты бөлек тұрған кезде ерлi-зайыптылардың әрқайсысы тапқан мүлiктi сот олардың әрқайсысының меншігi деп тануы мүмкiн/34бап./.
Өз меншiгiндегi мүлiкпен ерлi-зайыптылардың әр қайсысы дербес иеленедi, пайдаланады және билiк етедi. Меншiгiндегi мүлiктi бөгделеуге не оны билiк етумен байланысты кез келген мәмiле жасауға жолдасының /ерi, әйелi/ келiсiмi талап етiлмейдi.
Ерлi-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлкi олардың бiрлескен ортақ меншгi болып табылады/32 б./.
НОТЗ 32 б. 2 т. сәйкес ерлi-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкiне немесе ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiне мыналар жатады:
ерлi-зайыптылардың әрқайсысының еңбек қызметінен , кәсiпкерлiк қызметтен тапқан табыстары
интелектуалдық қызмет нәтижелерiнен тапқан табыстары. Мұндай табыстар әдетте еңбек ақыға теңестiрiледi. Бiрақ шығармашылық процесс пен сый ақыны төлеу арасында уақыт жөнiнен үзiлiс болуы мүмкiн. Неке кезiнде берiлген сый ақы, тiптi шығармашылық жұмыс некеге тұрғанға дейiн орындалса және аяқталса да оларды ортақ мүлкiне кiредi. Керiсiнше , неке кезiнде жасалған шығармашылық туынды үшiн сыйақы ажырасудан кейiн алынса ,ол ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiне кiрмейдi. Өнер туындысы үшiн ақшалай компенсация мен iс басқаша. Өйткенi оны жасаушы бұл туындыға авторлық құқықты алады. Бiр уақытта оның картинаға, скульптураға және т.б.меншiк құқығы пайда болады. Сондықтан өнер туындылары ортақ мүлiк болмайды. Бiрақ оны сатудан түскен ақша ортақ бiрлескен меншiкте болады.
ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiнен және ерлi-зайыптылардың әрқайсысының бөлек мүлкiнен түскен кiрістер,
ерлi-зайып|р алған зейнетақылар, жәрдемақылар,арнаулы нысаналы мақсаты жоқ өзге де ақшалай төлемдер (материалдық көмек сомалары, мертiгу не денсаулығының өзге де зақымдануы салдарынан еңбек қабілетiн жоғалтуына және басқаларына байланысты залалды өтеуге төленген сомалар).
ерлi-зайыптылардың ортақ кiрістерiнiң есебiнен сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүлiктер. Мұндай ретте бұл мүлiк кiмнiң атына алынғаныны және тiркелгенi еш мәнi болмайды.
бағалы қағаздар, жарналар, салымдар, несие мекемелерiне немесе өзге де коммерциялық ұйымдарға салынған капиталдағы үлестер. Олар ерлi-зайыптылардың қайсысының атына сатып алынғанына не ақша қаражаттарын ерлi-зайыптылардың қайсысы салғанына қарамастан, ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкi болып табылады.
ерлi-зайыптылар некеде тұрған кезеңде тапқан басқа да кез келген мүлiк .
Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлікке құқығы некеде тұрған кезеңде үй шаруашылығын жүргiзудi, балаларды бағып-күтудi жүзеге асырған немесе басқа да дәлелдi себептермен жеке кiрiсі болмаған жұбайға да тиесілi/32б.3т/.
Ерлі-зайыптылардың әрқайсысының мүлкі олардың бірлескен ортақ мүлкі болып, егер некеде тұрған кезеңде ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі немесе басқа жұбайдың мүлкі не ерлі-зайыптылардың кез келгенінің еңбегі есебінен осы мүліктің құнын едәуір арттыратын салыным жүргізілгені (күрделі жөндеу, қайта жаңғырту, қайта жабдықтау және т.с.) анықталса, ерл-зайыптылардың әрқайсысының мүлкі олардың бірлескен ортақ меншігі болып танылуы мүмкін.
“Неке уақытысында алынған, бiрақ некеге тұрғанға дейiнгi өзiне тиесiлi жеке қаражаттарына алынған мүлiк ортақ бiрлескен мүлiк болып табылмайды”(РФ Жоғ. Сотының Қаулысы).
НОТЗ 33-б.1т. сәйкес ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету ерлi-зайыптылардың өзара келiсiмi бойынша жүзеге асырылады. Ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiне билiк ету жөнiнде ерлi-зайыптылардың бiрi мәмiлелер жасасқан кезде екiншi жұбайының келiсiмi керек болады. Сондықтан ерлi-зайыптылардың мүлiктiк құқықтарын қорғау үшiн бiрқатар ережелер белгiленген. Оларды үш топқа бөлуге болады. 1-сiне ортақ мүлiкпен билiк ету бойынша кез келген мәмiлелерге қатысты ережелер кiредi, 2-не - жылжымайтын мүлiктi билiк ету бойынша мәмiлелерге қатысты, 3-не - нотариалды куәландыруды және тiркеудi талап ететiндер кiредi
НОТЗ 33-б.2т. сәйкес ерлi-зайыптылардың бiреуi ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiне билiк ету жөнiнде жасасқан мәмiлесiн сот басқа біреуi жылжымайтын мүлiкке билiк ету жөнiнде мәмiле мен нотариаттық куәландыруды және (немесе) заңда белгіленген тәртiппен тiркеудi талап ететiн мәмiле жасауы үшiн басқа жұбайдың нотариат куәландырған келiсiмiн алуы қажет. Аталған мәміле жасауға нотариат куәландырған келiсiмi алынбаған жұбай осы мәмiленiң жасалғандығы туралы өзi бiлген немесе бiлуге тиiс болған күннен бастап бiр жыл iшінде мәміленi сот тәртiбімен жарамсыз деп тануды талап етуге құқылы (НОТЗ 33-бап).
Мүлiктiк құқықтар мен мiндеттер туралы, әдетте ерлі-зайыптылардың арасында келіспеушіліктер туындаған қезде, әсіресе олардың ортақ мүліктерін бөлу кезінде еске түсіруге тура келеді.
Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу ерлі-зайыптылардың кез келгенінің талап ету бойынша неке кезеңінде де, ол бұзылғаннан кейін де, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі ерлі-зайыптылардың біреуінің үлесінен өндіріп алу үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы кредит берушінің талабын мәлімдеуі жағдайында да жүргізілуі мүмкін(НОТЗ 36-б.2-т).
Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу және осы мүліктегі үлестерін айқындау кезінде, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ерлі-зайыптылардың әрқайсысының үлесі тең деп танылады. Бірақ сот кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін негізге ала отырып және (немесе) ерлі-зайыптылардың біреуінің мүдделерін негізге ала отырып, егер жұбайлардың бірі дәлелсіз себептермен табыс таппаса немесе ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін отбасының мүдделеріне залал келтіріп жұмсаса, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлестерінің теңдігі негізін ескермеуге құқылы(37-бап).
Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі ерлі-зайыптылар арасында олардың келісімі бойынша бөлінуі мүмкін. Ерлі-зайыптылардың қалауы бойынша олардың ортақ мүлікті бөлу туралы келісімі нотариат арқылы куәландырылуы мүмкін. Дау туған жағдайда ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың сол мүліктегі үлестерін анықтау сот тәртібімен жүргізіледі.
Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезінде сот ерлі-зайыптылардың талап етуі бойынша ерлі-зайыптылардың әрқайсысына қандай мүлік берілуге тиіс екендігін анықтайды. Егер ерлі-зайыптылардың біреуіне құны оған тиесілі үлестен асатын мүлік берілсе, басқа жұбайға тиісінше ақшалай немесе өзге де өтемақы берілуі мүмкін.
Кәмелетке толмаған балалардың ғана қажеттерін қанағаттандыру үшін сатып алынған заттар (киім-кешек, аяқ киім, мектеп және спорт жабдықтары, музыкалық аспаптар, балалар кітапханасы және басқалары) бөлінуге жатпайды және бала бірге тұратын жұбайға өтемақысыз беріледі. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің есебінен ерлі-зайыптылар өздерінің кәмелетке толмаған ортақ балаларының атына салған салымдары сол балаларға тиесілі болып есептеледі және ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін білген кезде есепке алынбайды.
Ерлі-зайыптылардың неке кезеңіндегі ортақ мүлкін бөлген жағдайда ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкінің бөлінбеген бөлігі, сондай-ақ ерлі- зайыптылардың одан кейінгі неке кезеңінде тапқан мүлкі олардың бірлескен ортақ меншігін құрайды.
Некесі бұзылған ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу туралы ерлі-зайыптылар талабына талап-арыз мерзімі өтуінің үш жылдық мерзімі қолданылады.
3. Ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігінің режимі олардың мүлкінің заңды режимі болып табылады. Ерлi-зайыптылар мүлкiнiң заңдық режимi, егер неке шартында өзгеше белгiленбесе, әрекет етедi (НОТЗ 31-бап). Неке шарты ерлi-зайыптылар мүлкiнiң өзге режимiн белгiлеуi мүмкiн, яғни ерлi-зайыптылар мүлкiнiң заңдық режимi туралы норма диспозитивтi сипатта болады. Неке шартын жасасу ерлi-зайыптылар мүлкiнiң заңдық режимiн шартыққа ауыстырады, яғни ол ерлi-зайыптылардың өздерiнiң ерiктерi бойынша анықталатын режим. Ерлi-зайыптылар мүлкiнiң шартық режимi неке шартына сәйкес белгiленедi.
НОТЗ ерлi-зайыптылардың мүлкінің шарттық режимін белгілейді. Отбасы құқығының нормалары : -неке шартының құқықтық табиғатын; - оны жасау нысанын; - неке шартының мазмұнын; - оны өзгерту , бұзу және жарамсыз деп тану негіздерін анықтайды.
Шарт деп екі немесе бірнеше тұлғалардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтатуы туралы келісімі. Жалпы түрде мұндай анықтама неке шартына да қатысты. Бірақ оның өзіне тән ерекшеліктері бар. НОТЗ 38-бабына сәйкес неке шарты - бұл некеге тұрушы адамдардың келісімі немесе ерлі-зайыптылардың некедегі және (немесе) ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісімі.
Неке шартының ерекшелігі сол, оның көмегімен әрекет етуші мүліктік құқықтар мен міндеттер өзгертіледі немесе жаңа мүліктік құқықтар мен міндеттер енгізіледі. Осылай ерлі-зайыптылар мүлкінің шарттық режимі пайда болады.
Неке шарты кәдімгі азаматтық-құқықтық мәміле болып табылады, және мәмілелер туралы, міндеттемелер туралы, шарттар туралы ережелерге бағынады. Бірақ оның НОТЗ-мен белгіленген ерекшеліктері бар.
Неке шарты әдетте консенсуалды, екі жақты және ақылы болып табылады. Неке шарты некеге дейінде , неке кезінде де кез келген уақытта жасалуы мүмкін. Бірақ некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге дейінгі жасалған неке шарты некеге тұру мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді (НОТЗ 39-бап). Осыған орай некеге тұру болмаса неке шарты әрекет ете алмайды. Егер де неке бұзылса, онда бұрынғы ерлі-зайыптылар неке шартын жасаса алмайды, бірақ олар ортақ мүлікті бөлу тәртібі туралы келісімді жасауға құқылы.